Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сынып үшін
«Сауат ашу (оқу, жазу)» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
(оқыту ұйғыр тілінде)
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Типтік оқу Бағдарламасының ұйғыр тіліндегі мәтіні берілген.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
18-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сынып үшін
«Сауат ашу (оқу, жазу)» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
(оқыту өзбек тілінде)
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Типтік оқу Бағдарламаcының өзбек тіліндегі мәтіні берілген.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
19-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сынып үшін
«Сауат ашу (оқу, жазу)» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
(оқыту тәжік тілінде)
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Типтік оқу Бағдарламаcының тәжік тіліндегі мәтіні берілген.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
20-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 2–4-сыныптары үшін
«Әдебиеттік оқу» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
(оқыту ұйғыр тілінде)
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Типтік оқу Бағдарламаcының ұйғыр тіліндегі мәтіні берілген.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
21-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 2–4-сыныптары үшін
«Әдебиеттік оқу» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
(оқыту өзбек тілінде)
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Типтік оқу Бағдарламаcының өзбек тіліндегі мәтіні берілген.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
22-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 2–4-сыныптары үшін
«Әдебиеттік оқу» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
(оқыту тәжік тілінде)
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Типтік оқу Бағдарламаcының тәжік тіліндегі мәтіні берілген.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
23-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 2–4-сыныптары үшін
«Ана (ұйғыр) тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
(оқыту ұйғыр тілінде)
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Типтік оқу Бағдарламаcының ұйғыр тіліндегі мәтіні берілген.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
24-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 2–4-сыныптары үшін
«Ана (өзбек) тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
(оқыту өзбек тілінде)
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Типтік оқу Бағдарламаcының өзбек тіліндегі мәтіні берілген.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
25-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 2–4-сыныптары үшін
«Ана (тәжік) тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
(оқыту тәжік тілінде)
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Типтік оқу Бағдарламаcының тәжік тіліндегі мәтіні берілген.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
26-қосымша
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін
«Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде)
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
мемлекеттік жалпыға міндетті
сәйкес әзірленді.
стандартына
2. Бағдарлама негізгі орта мектеп оқушысына тілді қатынас және таным құралы ретінде
оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің
табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құраудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда
ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық
тәсілдерін игертуді көздейді.
3. Білім мазмұны оқушылардың танымдық қабілетін арттыратын, сыни ойлау қабілеті мен
шығармашылық әлеуетін дамытатын, әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік
беретін мәтіндер бойынша түзілді.
4. Қазақ тілін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту тілдің өз өміріндегі және қоғамдағы
рөлін саналы түрде түсінуге, тілдің табиғатын халықтық таным тұрғысынан пайымдауға үйретеді,
тілдесім әрекетінде іске асырылатын тілдік бірліктердің табиғи және функционалдық қасиеттерін
тануға, оның ішкі мағыналық иірімдерін түсініп қолдануға мүмкіндік туғызады.
5. Сөз бен сөйлемді, мәтінді әрі тілдік, әрі қатысымдық бірлік ретінде оқыту тілдің
мәдени-танымдық, қатысымдық, әлеуметтік, кумулятивтік қызметтерін меңгеруіне жол ашады.
6. Пәнді оқыту мақсаты:
оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы
адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрететін, оны тұлға ретінде әлеуметтендіруге мүмкіндік
беретін қазақ тілінің танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгерту.
7. Пәнді оқыту міндеттері:
1) тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру;
2) тілдің танымдық, қатысымдық, кумулятивтік қызметтерін таныту;
3) тілдік бірліктердің түрлі деңгейлердегі сипатын меңгерту;
4) тілдің мәтін ішіндегі қолданысын игерту;
5) мәтіннің тілдік және танымдық қызметтерін меңгерту;
6) тілдік бірліктердің қолданыстағы мағыналық реңктерін ажырату;
7) тілдік бірліктердің ақпараттық мәнін ұғындыру;
8) дыбыстың, сөздің, сөйлемнің, мәтіннің қолдану барысындағы табиғатын түсіндіру;
9) оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру;
10) оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;
11) әдеби тіл нормаларын меңгерту;
12) тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету;
13) оқушылардың тілдік бірліктерді жұмсаудағы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;
14) шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру;
15) мәтін табиғатына талдау жасай білу.
8. Пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымын молайтып, қазақ тілін басқа ғылым негіздерімен
ұштастыра меңгеруіне жол ашады. Жалпы білім беретін мектептің негізгі орта деңгейінде «Қазақ
тілі» пәнін төменде көрсетілген пәндермен байланыстыру көзделеді:
1) «Қазақ әдебиетімен»: қазақ тілі қазақ әдебиетімен тығыз байланысты. Тіл – әдебиеттің
бірінші элементі. Қазақ тілін оқытып үйретуде кез келген көркем туынды, әдеби шығарма тіл үшін
құнды материал болып саналады; көркем шығармаларды оқу барысында стиль түрлерінің авторлық
қолданысын ажырата білу. Әдеби шығармалар арқылы оқушының көңіл күйін, сезімін ояту, көркемдік
тәрбие беру. Әдеби шығармаларды талдау арқылы сөз мәдениетіне үйрету;
2) «Қазақстан тарихымен»: тілді тарихпен байланыстыра оқыту ұлттық дүниетанымға
негізделген білім қорын тілдік деректер арқылы дәйектеуге мүмкіндік береді. Қазақ тілінің пайда
болуы, дамып жетілуі оның тарихымен тығыз байланыста болғандықтан, оқушылар тарихи деректерді
пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай біледі;
3) Жаратылыстану циклі пәндерімен:
тілдік материалдардың мазмұны жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста
болады. Бұл пәндермен, әсіресе, биологиямен байланыстыру тілді жанды құбылыс ретінде тануға
мүмкіндік береді. Басқа пәндермен сабақтастыра оқыту қазақ тілінің терминдер жүйесімен тығыз
байланысты;
тіл дыбыстары физикалық құбылыс ретінде танылады. Дыбыстау мүшелерінің қатысы тұрғысынан
физиологиямен, компьютермен, қазіргі радио, теледидар тілімен де байланысты;
танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей
байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады.
9. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
4) 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
5) 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.
2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
10. Пәнді оқытуға аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат берілген.
11. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
12. «Кіріспе»: Ана тілінің қызметі (1 сағат).
13. «Әдеби тіл және мәтін» (8 сағат):
1) қазақ тілінде «әдеби» сөзі «әдебиет» деген сөздің негізінде жасалып, қалыптасқандығы.
Әдеби тілдің сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл екендігі, халықтың бәріне бірдей ортақ әрі
бәріне бірдей түсінікті болып келетіндігі. Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді, олар: ауызша
және жазбаша тіл;
2) «Мәтін». Мәтіннің «байланысу, бірігу» деген мағынаны білдіруі. Мәтіндер бойынша жазба
әдеби тіл мен ауызша әдеби тілдің ерекшеліктерін аңғарту. Мәтіннің түрлері. Ауызекі сөйлеуге
қатысты мәтіндер, ондағы тақырыптық ерекшеліктер. Оның берілу формалары, сөйлем құрау жүйесі.
Мәтіннің құрылысы;
3) «Жазбаша мәтіндер». Тақырыбы, негізгі идеясы. Ойдың берілу тәсілдері: әңгімелеу,
баяндау, сипаттау, талқылау, мінездеу және т.б. Мәтіннің құрылысы. Абзац. Сөйлем. Сөйлемдердің
байланысы. Әр абзацтағы, әр сөйлемдегі тірек сөздер.
14. «Лексика» (48 сағат).
1) «Сөз және оның мағынасы» (28 сағат):
2) сөз мағыналары мен тіл байлығы – лексиканың қарастыратын мәселелері. Дыбысталу – сөздің
сыртқы қабығы, мағына – сөздің ішкі мазмұны болатындығы. Сөздің негізі мағынасы – лексикалық
мағына. Сөздің бір мағыналы және көп мағыналы болатындығы. Сөздің негізгі қызметі – атау, яғни
зат, құбылыс, әрекетті, олардың белгілерін атап білдіруі. Сөздің қосымша мағынасы –
грамматикалық мағына. Сөздің грамматикалық мағынасының сөйлемдегі сөздердің өзара қатынасынан
туындайтындығы;
2) «Сөздің тура және ауыспалы мағынасы». Сөздің атауыш мағынасы тура мағына деп
аталатындығы. Сөздің тура мағыналары толық мағыналы дербес сөздердің бәріне де қатысты
болатындығы. Бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздердің алғашқы, бастапқы мағыналары тура
мағыналары болса, кейінгі мағыналары ауыспалы мағыналары болып табылатындығы;
3) «Ауыспалы мағына» деген ұғымның екі түрлі ұғынылатындығы: жүре келе пайда болған
кейінгі атауыш мағынаны да білдіретіндігі және сөздің көркемдеп қолданудан сөйлеу үстінде туатын
«жаңа» мағынасын да білдіретіндігі;
4) «Сөздің ауыспалы мағынасы». Сөздің ауыспалы мағынасыда қолданылуы көп мағыналы
сөздердің тууына себепші болатындығы;
5) «Көп мағыналық». Тіліміздегі байырғы сөздер жаңа мағыналар жасауға ұйтқы болатындығы.
Олар бұрынғы тура мағынаның үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни туынды мағыналарға ие
екендігі. Көп мағыналы сөздердің екі я одан да көп мағынасы болатындығы. Бұлардың бір сөз
табына қатысты екендігі. Көп мағыналы сөздердің бір негізден шығатындығы;
6) «Сөздердің мағыналық топтары. Омонимдер». Омоним сөздердің анықтамасы. Омоним сөздердің
көп мағыналы сөздермен ұқсастығы және айырмашылығы. Омонимдердің бір сөз табынан да, әртүрлі сөз
табынан да болатындығы. Омонимдер сөздігі;
7) «Синонимдер». Синонимдердің анықтамасы. Синонимдердің тіл байлығы мен сөз
оралымдылығының көрсеткіші екендігі. Синонимдік қатар, ондағы сөздердің мағыналық, реңктік
ерекшеліктері, оларды мақсатқа сай талғап, саралап қолданудың мәні. Синонимдік қатарлардың әр
сөз табының құрамында кездесуі. Синонимдер мәтінде бірін-бірі алмастырған жағдайда бір ғана
сөйлем мүшесі қызметін атқаратындығы. Синонимдік қатарға енетін сөздердің бәрі бірдей бірінің
орнына бірі жұмсала бермейтіндігі. Кейбіреуінің басқа сөздермен тіркесу қабілеті шектеулі
болатындығы. Синонимдердің мағыналық айырмашылығын ажыратудың жолдары. Синоним сөздердің бір
ғана сөз табына қатыстылығы. Синонимдер сөздігі;
8) «Антонимдер». Антонимдердің жұпталған қарсы мәндес сөздерден тұратындығы. Антонимдердің
ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің оңтайлы құралы екендігі. Мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың
құрамында антоним сөздердің жарыса қолданылуы. Антонимдердің ойды анықтап, көркемдеп, әсерлі
жеткізудегі мәні. Антонимдер сөздігі;
9) «Табу». Халықтың наным-сенімі мен салт-дәстүріне байланысты кейбір зат-құбылыстардың
атауын тура айтуға тыйым салынған сөздер екендігі. Қазақ тіліндегі табу сөздердің туу себептері;
10) «Эвфемизмдер мен дисфемизмдер». Эвфемизмдер ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің тәсілі
екендігі. Эвфемизмнің табу сөздерден айырмашылығы, қолданылу жағдайлары. Дисфемизмнің
анықтамасы, оның эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс екендігі. Қолданылу жағдайлары, әдеби тілге
жатпайтындығы. Дисфемизмдердің көркем шығармада ұнамсыз кейіпкерлердің тілінде ұшырасуы;
11) «Фразеологизмдер (тұрақты тіркестер)». Тұрақты тіркестердің өзіндік ерекшеліктері: екі
не одан да көп сөздерден құралатындығы, бір ғана мағына білдіруі, құрамындағы сөздердің орын
тәртібінің тұрақты болуы, даяр қалпында жұмсалып, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін
атқаратындығы. Фразеологизмдердің ойды әсерлі берудегі мәні. Тұрақты тіркестердің синонимдік
баламалары болатындығы. Тұрақты тіркестердің ойды көркемдеп, әсерлі жеткізудің құралы екендігі.
Фразеологизмдердің емлесі. Фразеологиялық сөздік;
12) «Мақал-мәтелдер». Мақал-мәтелдердің халықтық рухани қазына екендігі, тіл байлығының
көрсеткіші болатындығы. Мақал-мәтелдердің тақырыптық жағынан алуан түрлі болып келетіндігі және
олардың қолданыстағы ерекшеліктері. Мақал мен мәтелдердің өзара ұқсастығы мен өзгешелігі.
Мақал-мәтелдердің тағылымдық, тәрбиелік мәні. Мақалдардың құрылысына қарай сөйлемге ұқсастығы.
Мәтелдің ишара, меңзеу тұрғысында қолданылатындығы. Мәтелдердің фразеологизмдермен ұқсастығы.
15. «Тілдің сөздік құрамы» (20 сағат):
1) «Сөздік қор және сөздік құрам». Тілдің сөз байлығын құрайтын сөздік қор және сөздік
құрам жөнінде түсінік. Сөздік құрамның қоғаммен бірге дамып, өзгеріп отыратындығы. Қазақ тілінің
сөздік құрамы байырғы сөздер, кірме сөздер, жаңа сөздер, термин сөздер, ауызекі тілге тән
қарапайым сөздер және диалектизмдер мен кәсіби сөздерден тұратындығы. Сөздік құрамдағы сөздер
қолданылу жиілігіне қарай актив (жиі қолданылатын сөздер) және пассив (сирек қолданылатын
сөздер) болып бөлінетіндігі;
2) «Қазақтың байырғы төл сөздері және басқа тілден енген сөздер». Тілдің негізгі сөздік
қорын байырғы сөздер құрайтындығы, оның тіл дамуының қайнар көзі екендігі;
3) «Басқа тілден енген сөздердің тілге сіңісу жолдары (сол қалпында және дыбыстық
өзгеріске ұшырап енуі)». Олардың сөздік құрамнан алатын орны. Басқа тілден енген сөздердің
емлесі, орфоэпиялық нормасы;
4) «Көнерген сөздер мен жаңа сөздер». Көнерген сөздердің тарихи сөздер және архаизмдер
болып бөлінетіндігі. Тарихи сөздердің қоғамдық-әлеуметтік атауларға, ал архаизмдердің халықтық
салт-дәстүр, әдет-ғұрыптық атауларға қатыстылығы. Қазіргі қазақ тіліндегі кейбір көнерген
сөздердің «жаңғыру» үрдісі, этнолингвистикалық атаулардың қайта жандануы;
5) «Жаңа сөздердің жасалуы». Жаңа сөздердің тууының себептері. Қоғамның дамуымен бірге
енген жаңа ұғымдарға сай жаңа сөздердің пайда болуы. Тілдің қолданыс аясының кеңеюіне байланысты
тілімізде бұрыннан қалыптасқан кірме сөздердің орнына жаңа аталымдардың қолданылуы. Жаңа
сөздердің ең әуелі баспасөз, ақпарат құралдары арқылы таралып, тілге сіңісетіндігі, бірте-бірте
жалпылама лексикаға ауысатыны. Жаңа сөздердің емлесі;
6) «Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері». Жалпылама лексика. Жалпылама
лексикаға жататын сөздердің жалпы халыққа түсініктілігімен, анықтығымен, қарапайымдылығымен
ерекшеленетіндігі. Жалпы халықтық лексикаға қолданылу жағынан шек қойылмайтындығы, барлық
стильге бірдей ортақ қызмет атқаратындығы. Жалпылама лексика әдеби тілдің негізгі қоры болып
табылатындығы;
7) «Диалект сөздер». Диалект сөздердің өзіндік белгілері. Диалектінің аймақтық
ерекшеліктермен байланысы. Диалект сөздердің тіл мәдениетіне қатысы. Диалект сөздердің қолданылу
өрісі. Диалект сөздердің әдеби тілде баламаларының болуы. Диалект сөздердің әдеби тілге еніп,
жалпыхалықтық сипат алатындығы. Диалектологиялық сөздік;
8) «Кәсіби сөздер және терминдер». Кәсіби сөздердің өзіндік белгілері: белгілі бір кәсіпке
байланысты қолданылатындығы, сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсініктілігі. Кәсіби сөздердің
екі үлкен салаға бөлінетіндігі: қолөнер кәсібіне, ауыл шаруашылығына байланыстылығы. Кәсіби
сөздердің термин сөздерге ұқсастығы. Диалект сөздерден айырмашылығы;
9) «Термин сөздердің ғылым, техника саласымен байланыстылығы». Терминнің қолдану аясының
тарлығы, бір ғана ұғымды білдіретіндігі. Терминдердің жасалу жолдары. Басқа тілден қазақ тіліне
аударылған терминдердің төл терминдер деп аталатындығы. Басқа тілден өзгертілмей, сол қалпында
алынған терминдердің интернационалдық терминдер деп аталатындығы. Терминдер сөздігі.
16. «Фонетика» (28 сағат):
1) «Фонетика». Фонетиканың қарастыратын мәселелері. Тіл дыбыстары туралы жалпы ұғым. Тіл
дыбыстарының сөз мағынасымен арақатынасы. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары;
2) «Қазақ әліпбиі». Қазақ әліпбиінің құрамы және әріптер ретін білудің мәні. Әліпбидегі
әріптер атауының тілдік жүйеге сәйкес аталу ерекшелігі (әріп атауы – ты, сы, ый, ұу, ыл және
т.б.);
3) «Дауысты дыбыстар». Дауысты дыбыстардың өзіндік белгілері: үннен тұратындығы, созылып
айтылатындығы, буын құрайтындығы. Орфоэпиясы бойынша бір сөздің ішінде дауысты дыбыстардың қатар
тұра алмайтындығы;
4) «Дауысты дыбыстардың жіктелуі». Дауысты дыбыстардың сөйлеу мүшелерінің қатысына қарай
жіктелуі: а) тіл қатынасына қарай: жуан, жіңішке; ә) ерін қатынасы қарай: еріндік, езулік; б)
жақ қатынасы қарай: ашық, қысаң болып бөлінетіндігі. Қазақтың төл сөздеріндегі дауысты
дыбыстардың негізінен не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болатындығы. Дауысты дыбыстардың
емлесі. Ашық дауысты дыбыстардың жазылуы. Қысаң дауысты дыбыстардың жазылуы. Еріндік және езулік
дауысты дыбыстардың жазылуы;
5) «Дауыссыз дыбыстар». Дауыссыз дыбыстардың өзіндік белгілері: үн мен салдырдан
тұратындығы, созуға келмейтіндігі, дербес тұрып буын құрай алмайтындығы. Оларды тек дауысты
дыбыстарды селбестіріп немесе тіркестіріп барып қана дыбыстауға болатындығы. Дауыссыз
дыбыстардағы үн мен салдыр мөлшерінің қатынасына қарай жіктелуі: а) қатаң дауыссыз дыбыстар (тек
салдырдан тұратыны); ә) ұяң дауыссыз дыбыстар (салдыр басым, үн аз қатысатыны); б) үнді дауыссыз
дыбыстар (үн басым, салдыр аз қатысатыны);
6) «Дауыссыз дыбыстардың емлесі». Қазақтың төл сөздеріндегі дауыссыз дыбыстардың
қолданысы, сөздің басы мен соңында қолданылу ерекшеліктері;
7) «Басқа тілден енген сөздердің жазылуы». б, в, г, д әріптерінің емлесі; қосарлы дауыссыз
дыбыстарға аяқталған сөздердің емлесі;
8) «Үндестік заңы». Буын және дыбыс үндестігінің мәні. Сингармонизм заңының қазақ тілінің
халықтық сипатын танытатындығы. Қазақ сөздерінде буын үндестігінің сақталуы тілдік заңдылық
екендігі. Сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып келетіндігі
(мысалы: балалар (балалер емес); үйлер (үйлар емес). Еріндік, езулік дауыстылар арасындағы
үндестік: о-ы, ө-і, ұ-ы, ү-і әріптерінің емлесі. Тіл және ерін үндестігінің орфоэпиялық
нормаларды сақтаудағы маңызы;
9) басқа тілден енген сөздердің құрамындағы дауысты дыбыстардың аралас келе беретіндігі,
буын үндестігінің сақталмайтындығы. Кейбір кірме сөздердің айтылуы бойынша буын үндестігіне
бағынатындығы;
10) буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар, олардың емлесі;
11) «Дыбыс үндестігі». Дыбыс үндестігі – қазақ тілінің тұрақты сипаты. Сөз қолданысындағы
дауыссыз дыбыстардың өзара үндесетіндігі, дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстарға әсер
ететіндігі;
12) «Ілгерінді ықпал». Оның ерекшелігі, қолданылатын орындары;
13) «Кейінді ықпал». Оның ерекшелігі, қолданылатын орындары;
14) «Тоғыспалы ықпал». Оның ерекшелігі, қолданылатын орындары;
15) сөз құрамындағы, сөз тіркестеріндегі дыбыстардың үндестігін сақтап айтудың тіл
мәдениетімен байланысы;
16) «Орфоэпия және орфография». Сөйлем құрамындағы сөздерді, сөз тіркестерін, мағыналы
бөлшектерін дұрыс айту мен дұрыс жазудың нормалары. Олардың тіл мәдениетіне қатысы, қолданылатын
орындары. Орфоэпиялық және орфографиялық нормалардың арнаулы сөздіктерде берілуі. Оларды
пайдалану тетіктері;
17) «Буын». Буынның анықтамасы. Буынның түрлері: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын;
18) «Тасымал». Сөздерді тасымалдау тәсілдері. Қазақ тілінде сөздер айтылуы бойынша буынға
бөлінетіндігі, ал жазылуы бойынша тасымалданатындығы;
19) «Екпін». Қазақ тіліндегі екпіннің тиянақтылығы. Екпіннің түрлері: сөз екпіні, тіркес
екпіні, логикалық екпін және олардың қолданылатын орындары;
20) «Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәні». Олардың тілдік
этикетпен байланысты болатындығы. Сөйлемдегі ойдың дұрыс берілуіндегі интонация мен дауыс
кідірісінің, екпіннің атқаратын рөлі, сөйлеу мақсатымен бірлігі;
21) «Интонация және оның құрамдас бөліктері». Сөйлеу ағымындағы әуен, әуез, тембрі,
қарқын, кідіріс. Сөйлеу мәнері.
17. «Сөзжасам» (10 сағат):
1) Сөздің жасалуы туралы: сөздердің түрлі жолдармен жасалатындығы. Жұрнақ арқылы,
мағыналарының өзгеруі, тіркесуі арқылы жасалуы;
2) «Сөздердің лексикалық тәсіл арқылы жасалуы». Сөздердің морфологиялық тәсіл арқылы
жасалуы. Сөздердің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы;
3) қазақ тіліндегі негізгі сөздер түбір сөз және туынды сөз болып бөлінетіндігі;
4) түбір күйінде тұрып жаңа лексикалық мағынаға ие болған сөздер. Олардың көп мағыналық
пен омонимге қатыстылығы;
5) «Туынды сөздер». Жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздер. Туынды сөздер заттың атын,
сынын, қимыл-қозғалысын білдіретін сөздер табына қатыстылығы;
6) «Бірігу арқылы жасалған жаңа сөздер. Түбірлердің қосарлануы арқылы жасалған жаңа
сөздер. Түбірлердің тіркесуі арқылы жасалған жаңа сөздер». Бірігу, қосарлану, тіркесу жолымен
жасалған сөздердің де туынды сөздердің қатарына жататындығы: мағыналық тұтастығы, сұрақтары,
қолданылуы.
18. «Тіл мәдениеті» (7 сағат):
1) тіл мәдениеті екі үлкен саланы - ауызша сөйлеу мәдениеті мен жазба тіл мәдениетін
қамтитындығы, осы екі бағытқа дағдыландыратын жұмыстар жүргізу;
2) ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін мұғалімнің және оқушылардың өзара сөйлесуіне
көңіл бөлгізіп талдату. Ауызша сөйлеу және ауызекі сөйлеу тілі болып бөлінетіндігіне мысал
келтіру. Сөз сазы заңдылықтарының қолданылатын орындарын меңгерту. Оқушылардың айналасындағы
адамдардың, үй-ішінің ауызекі сөйлеуіндегі қателерді тапқызып, әдеби тілде сөйлеудің үлгісін
келтіру. Ауызекі сөйлеу тілі мен әдеби тілдің аражігін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
Ауызша сөйлеу мәдениеті орфоэпия қағидаларын сақтап, мәнерлеп сөйлеумен де байланысты екендігін
түсіндіру мақсатында ауыз әдебиеті үлгілерін, шешендік сөздерді әуезді, мәнерлі, құлаққа жағымды
етіп айтқызу. Әсіресе, дыбыстарды сындырып айтуға төселдіру. Үнтаспадан немесе арнайы
дискілерден, электронды тасымалдағыштардан әртістер мен дикторлардың көркем оқыған үзінділерін
тыңдатқызып, салыстыра талдау жасату;
3) сөз қолдану мәдениеті, ең алдымен, сөздің емле ережесіне сай жазылуымен байланысты
екендігіне бағытталған жазба жұмыстарын жүргізу;
4) жазба жұмыстарында терминдердің, аң-құс, жан-жануар, өсімдік атауларының, шаруашылық,
тұрмыс, мәдениет, өнер салаларына қатысты құрал-жабдық, ұғым атауларының, мамандық, кәсіп
атауларының бірде бөлек, бірде бірге жазылуына көңіл бөлгізу;
5) жыл бойы өткен тілдік тақырыптар мен пайдаланған оқу материалдары бойынша әртүрлі топқа
жататын сөздердің мағыналық реңктерін ескеріп, әңгімелеу, баяндау, сипаттау, мінездеу, талқылау
бағытында мәтіндер құрату. Балалардың жас ерекшелігі, қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес мынадай
тақырыптар ұсынылады: отбасы, сынып, дос-жаран, табиғат, ауыл, қала тұрмысы, өнер, тұрмыс-салт,
әдет-ғұрып және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |