Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны



Pdf көрінісі
бет40/132
Дата02.01.2017
өлшемі3,08 Mb.
#970
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   132

2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

      12. 5-сыныпқа арналған математика пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:

      1) «Натурал сандар және нөл саны (48 сағ)». Натурал сандарды жазу. Жұп және тақ цифрлар.

Кесінді. Кесіндінің ұзындығы. Координаталық сәуле. Бірлік кесінді. Координаталар басы. Нүктенің

координатасы. Натурал сандарды салыстыру. Қостеңсіздік. Натурал сандарды қосу. Натурал сандарды

азайту. Натурал сандарды көбейту. Натурал сандарды бөлу. Арифметикалық амалдардың қасиеттері.

Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Санды және әріпті өрнектер, олардың мәндері.

Өрнектерді ықшамдау. Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару. Теңдеу. Теңдеудің түбірі.

Тендеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару. Бұрыш. Бұрыштың шамасы. Шеңбер. Дөңгелек. Дөңгелек

сектор. Толық бұрыш; 

      2) «Натурал сандардың бөлінгіштігі (24 сағ)». Натурал сандардың бөлгіші мен еселігі. Жай

және құрама сандар. Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері. 2; 3; 5; 9; 10 сандарына бөлінгіштік

белгілері. Жұп және тақ сандар. Дәреже. Дәреженің негізі. Дәреженің көрсеткіші. Натурал сандарды

жай көбейткіштерге жіктеу. Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай саңдар. Ең кіші ортақ еселік; 

      3) «Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану (51 сағ)». Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу

және жазу. Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Бөлшектердің теңдігі. Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер.

Аралас сан. Аралас санның бүтін және бөлшек бөліктері. Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру.

Аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазу. Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе

кескіндеу. Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Жай бөлшектерді және аралас сандарды


салыстыру. Жай бөлшектерді косу және азайту. Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту. Жай

бөлшектерді және аралас сандарды көбейту. Өзара кері сандар. Жай бөлшектерді және аралас

сандарды бөлу. Жай бөлшектер мен аралас сандарға арифметикалық амалдар колдану. Санның бөлігін

және бөлігі бойынша санды табу. Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына берілген есептер;

      4) «Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану (49 сағ)». Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді

оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе

кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру. Ондық бөлшектерді қосу және азайту. Ондық бөлшекті

натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту. Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық

бөлшекті ондық бөлшекке бөлу. Ондық бөлшекті 10; 100; 1000;... және 0,1; 0,01; 0,001;...

сандарына көбейту және бөлу. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану. Ондық

бөлшектерді дөңгелектеу. Берілгендер қатары. Берілгендер қатарының ең үлкен және ең кіші мәні.

Сандардың арифметикалық ортасы. Мода. Медиана. Берілгендер қатарының ауытқуы; 

      5) «Пайыз (14 сағ)». Пайыз. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу. Диаграмма.

Бағанды, сызықтық және дөңгелек диаграммалар. Формула. Формула бойынша есептеу; 

      6) «5-сыныптағы математика курсын қайталау (18 сағ)». Натурал сандардың бөлінгіштігі.

Арифметикалық амалдардың қасиеттері. Жай және ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану.

Құрамында жай және ондық бөлшектері бар өрнектердің мәндерін табу. Теңдеу. Мәтінді есептерді

шығару. Пайыз. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу. Сандарды дөңгелектеу.



3. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны

      13. 6-сыныпқа арналған математика пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:

      1) «5-сыныптағы математика курсын қайталау (12 сағ)». Натурал сандардың бөлінгіштігі.

Арифметикалық амалдардың қасиеттері. Ондық бөлшектер мен жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды

қолдану. Ондық бөлшектері және жай бөлшектері бар өрнектердің мәндерін табу. Теңдеу. Мәтінді

есептерді шығару. Пайыз. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу. Сандарды дөңгелектеу; 

      2) «Қатынас және пропорция (24 сағ)». Қатынас. Екі санның пайыздық қатынасы. Пропорция.

Пропорцияның негізгі қасиеті. Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік.

Мәтінді есептерді пропорция көмегімен шығару. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табуды

пропорция арқылы шығару. Диаграмманы салуда пропорцияны қолдану. Масштаб. Шеңбердің ұзындығы.

Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера; 

      3) «Рационал сандар және оларға амалдар қолдану (50 сағ)». Оң сандар. Теріс сандар.

Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар. Санның модулі.

Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген қарапайым теңдеулер. Рационал сандарды салыстыру.

Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу. Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары

әртүрлі рационал сандарды қосу. Рационал сандарды қосудың қасиеттері. Рационал сандарды азайту.

Координаталық түзу нүктелерінің арақашықтығы. Рационал сандарды көбейту. Рационал сандарды қосу

мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері. Рационал сандарды бөлу. Рационал

сандарға арифметикалық амалдар қолдану; 

      4) «Өрнектер мен тепе-теңдіктер (15 сағ)». Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек. Рационал

сандарды көбейтудің үлестірімділік қасиеті. Жақшаны ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас

қосылғыштарды біріктіру. Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдік; 

      5) «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер (16 сағ)». Санды теңдіктер және олардың

қасиеттері. Теңдеуді шешу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеулер. Қосылғыштарды

теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіруді және жақшаны ашу ережелерін қолдану арқылы

теңдеулерді шешу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару.

Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер; 

      6) «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері (20 сағ)». Санды

теңсіздіктер және олардың қасиеттері. Сан аралықтары. Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Мәндес теңсіздіктер. Бір айнымалысы бар сызықтық

теңсіздіктерді шешу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар


сызықтық теңсіздіктер жүйесін шығару. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір

айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы

бар сызықтық теңсіздіктерді шығару; 

      7) «Координаталық жазықтық (13 сағ)». Жазықтық. Перпендикуляр түзулер және кесінділер.

Параллель түзулер мен кесінділер. Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі.

Центрлік симметрия. Осьтік симметрия; 

      8) «Функция. Сызықтық функция (15 сағ)». Функция. Функцияның аргумент және мәні.

Функцияның берілу тәсілдері: аналитикалық тәсіл (формула арқылы беру), кесте арқылы беру тәсілі,

графиктік тәсіл. Функцияның анықталу облысы. Функцияның өсуі және кемуі. Сызықтық функция және

оның графигі. Сызықтық функцияның қасиеттері. Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы.

      9) «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері (21 сағ)». Екі айнымалысы

бар сызықтық теңдеу және оның графигі. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі. Екі

айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен, алмастыру тәсілімен, графиктік

тәсілмен шығару. Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі арқылы шешу; 

      10) «6-сыныптағы математика курсын қайталау (18 сағ)». Рационал сандарға арифметикалық

амалдар қолдану. Санның модулі. Теңдеуді шешу. Тура және кері пропорционалдық тәуелділіктер.

Координаталық жазықтық. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Бір айнымалысы бар сызықтық

теңсіздіктер және олардың жүйелері. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы

бар сызықтық теңдеу мен теңсіздік. Функция. Сызықтық функция және оның графигі. Екі айнымалысы

бар сызықтық теңдеулер жүйесі.



4. 5-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      14. 5-сынып оқушылары: 

      1) сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші; 

      2) сандардың ең кіші ортақ еселігі; 

      3) жай бөлшек; 

      4) ондық бөлшек ұғымының мағынасын түсінуі керек. 

      15. 5-сынып оқушылары:

      1) сан бөлгішінің анықтамасын; 

      2) екі және бірнеше сандардың ортақ бөлгішінің анықтамасын; 

      3) екі және бірнеше сандардың ең үлкен ортақ бөлгішінің анықтамасын; 

      4) сан еселігінің анықтамасын; 

      5) екі және бірнеше сандардың ортақ еселігінің анықтамасын; 

      6) екі және бірнеше сандардың ең үлкен ортақ еселігінің анықтамасын; 

      7) жай санның анықтамасын; 

      8) құрама санның анықтамасын; 

      9) натурал сандардың 2; 3; 5; 9; 10 сандарына бөлінгіштік белгілерін; 

      10) бөлшектің негізгі қасиетін; 

      11) натурал, бөлшек және аралас сандармен орындалатын арифметикалық амалдардың

қасиеттерін; 

      12) екі немесе одан көп арифметикалық амалдары бар санды өрнектерде арифметикалық

амалдардың орындау ретін; 

      13) жай бөлшектерге қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдарын қолдану алгоритмдерін; 

      14) ондық бөлшектерге қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдарын қолдану алгоритмдерін; 

      15) сандарды дөңгелектеу ережесін; 

      16) пайыз ұғымының анықтамасын; 

      17) пайызы бойынша санды және саны бойынша пайызын табу тәсілдерін; 

      18) шеңбер мен дөңгелек элементтерін; 

      19) диаграмма түрлерін (сызықтық, бағанды,дөңгелек) білуі қажет. 

      16. 5-сынып оқушыларында:

      1) бөлшек және аралас сандарды оқу, жазу және салыстыру; 



      2) координаталары берілген нүктелерді координаталық (санды) сәуледе кескіндеу; 

      3) координаталық (санды) сәуледе кескінделген нүктелердің координаталарын табу; 

      4) санды және әріпті өрнектердің мәндерін табу; 

      5) арифметикалық амалдардың компоненттерінің арасындағы тәуелділіктерді қолданып,

теңдеулерді шығару; 

      6) мәтінді есептерді арифметикалық тәсілдермен және теңдеудің көмегімен шығару; 

      7) транспортирдің көмегімен бұрыштың шамасын өлшеу; 

      8) шамасы берілген бұрышты салу; 

      9) натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу; 

      10) натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табу; 

      11) натурал сандардың ең кіші ортақ еселігін табу; 

      12) бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру; 

      13) аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазу; 

      14) жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу; 

      15) жай бөлшектерді қысқарту; 

      16) жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру; 

      17) жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды қолдану

      18) санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға есептер шығару; 

      19) ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу; 

      20) ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру; 

      21) ондық бөлшектерге арифметикалық амалдарды қолдану; 

      22) ондық бөлшектерді дөңгелектеуді орындау; 

      23) берілгендер қатарының ең үлкен және ең кіші мәндерін табу; 

      24) сандардың арифметикалық ортасын, мода мен медианасын, ауытқуын табу; 

      25) пайызы бойынша санды және саны бойынша пайызын табу; 

      26) формулалар бойынша есептеу; 

      27) сызықтық, бағанды, дөңгелек диаграмманы салу біліктігі болуы қажет.

5. 6-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      17. 6-сынып оқушыларда:

      1) айнымалысы бар өрнек; 

      2) айнымалысы бар теңсіздік; 

      3) бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі; 

      4) функцияның анықталу облысы; 

      5) екі айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі; 

      6) жиын және бос жиын; 

      7) жазықтық, сфера және шар туралы түсініктері болуы керек.

      18. 6-сынып оқушылары:

      1) қатынас; 

      2) пропорция; 

      3) координаталық (сандық) түзу (ось); 

      4) оң сан; 

      5) теріс сан; 

      6) санның модулі; 

      7) санның абсолют шамасы;

      8) берілген санға қарама-қарсы сан; 

      9) бүтін сан; 

      10) рационал сан; 

      11) шексіз периодты ондық бөлшек; 

      12) коэффициент; 

      13) ұқсас қосылғыштар; 

      14) перпендикуляр кесінділер; 



      15) параллель кесінділер; 

      16) түзуге жүргізілген перпендикуляр; 

      17) координаталық жазықтық; 

      18) координаталық ширек; 

      19) тікбұрышты координаталар жүйесі; 

      20) центрлік симметрия; 

      21) осьтік симметрия; 

      22) масштаб ұғымдарының мағынасын түсінуі қажет. 

      19. 6-сынып оқушылары:

      1) пропорцияның қасиетін; 

      2) тура және кері пропорционалдық тәуелділіктердің қасиеттерін; 

      3) қарама-қарсы сандар қасиетін;

      4) модульдің (санның абсолют шамасының) белгісін; 

      5) рационал сандарға қолданылатын арифметикалық амалдардың қасиеттерін; 

      6) жұп санның анықтамасын; 

      7) тақ санның анықтамасын; 

      8) a   0, а   0 теңсіздіктерінің мағынасын; 

>

<

      9) ақиқат санды теңдіктердің қасиеттерін; 

      10) ақиқат санды теңсіздіктердің қасиеттерін; 

      11) айнымалы мәнінің анықтамасын; 

      12) мағынасы болмайтын санды өрнектің анықтамасын; 

      13) айнымалының мүмкін мәндерінің анықтамасын

      14) айнымалының мүмкін емес мәндерінің анықтамасын; 

      15) тепе-тең өрнектердің анықтамасын; 

      16) тепе-тең түрлендірудің анықтамасын; 

      17) тепе-теңдіктің анықтамасын;

      18) тепе-теңдікті дәлелдеу тәсілдерін; 

      19) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын; 

      20) мәндес теңдеулердің анықтамасын; 

      21) қосылғыштарды теңдеудің бір жақ бөлігінен екінші жақ бөлігіне көшіру арқылы теңдеуді

шешу тәсілін; 

      22) сан аралықтарының атауларын мен белгілеулерін; 

      23) бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің анықтамасын; 

      24) бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік шешімінің анықтамасын; 

      25) мәндес теңсіздіктердің анықтамасын; 

      26) бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесінің шешімінің анықтамасын; 

      27) функцияның анықтамасын; 

      28) функция аргументінің анықтамасын; 

      29) функция мәндер жиынының анықтамасын; 

      30) функцияның берілу тәсілдерін; 

      31) өспелі функцияның анықтамасын; 

      32) кемімелі функцияның анықтамасын; 

      33) сызықтық функцияның анықтамасын; 

      34) сызықтық функцияның қасиеттерін; 

      35) екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын; 

      36) екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шығару тәсілдерін білуі тиіс. 

      20. 6-сынып оқушыларының:

      1) санның модулін табу; 

      2) рационал сандарды салыстыру; 

      3) рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану; 

      4) шексіз периодты ондық бөлшектерді оқу мен жазу; 

      5) өрнектің коэффициентін табу; 

      6) ұқсас қосылғыштарды біріктіру мен жақшаны ашу; 

      7) тепе-тең түрлендірулерді орындау; 


      8) тепе-теңдіктерді дәлелдеу; 

      9) құрамында жақша мен ұқсас қосылғыштары бар теңдеулерді шешу; 

      10) айнымалысы бар өрнекті, теңдікті және теңсіздіктерді, тепе-теңдіктерді ажырату; 

      11) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шығару; 

      12) айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді

шығару; 


      13) сан аралықтарын кескіндеу; 

      14) сан аралықтарының бірігуін табу; 

      15) сан аралықтарының қиылысуын табу; 

      16) бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шығару; 

      17) бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шығару; 

      18) айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті

шығару; 

      19) шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданын есептеу; 

      20) координаталық түзу және координаталық жазықтықта координатасы рационал сан болатын

нүктелерді салу; 

      21) координаталық түзуде және координаталық жазықтықта нүктенің  координаталарын табу; 

      22) координаталық түзу нүктелерінің арақашықтығын табу; 

      23) нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты табу; 

      24) центрлік-симметриялы және оське қарағанда симметриялы фигураларды салу; 

      25) формула, кесте және график бойынша берілген аргументке сәйкес функцияның мәнін және

берілген функцияның мәніне сәйкес аргументтің мәнін табу; 

      26) у = kx+b функциясының графигін салу; 

      27) сызықтық функцияның қасиеттерін анықтай білу; 

      28) графигі бойынша сызықтық функцияны формуламен беру

      29) формулалармен берілген сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуларын

анықтай білу; 

      30) екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигін салу; 

      31) екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелерін қосу және алмастыру тәсілдерімен,

графиктік тәсілмен шығару; 

      32) мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шешу біліктігі

болуы қажет.



6. 5-6-сыныптары оқушыларының дайындық деңгейінің тұлғалық және

жүйелі-әрекеттік нәтижелері

      21. Тұлғалық нәтижелер. 5-6-сыныптарының оқушылары:

      1) қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне,

әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет; 

      2) әлемдік дамуда өз елінің рөлін түсіну; жанұялық құндылыққа сыйластықпен қарауды; 

      3) өз елінің табиғатын сақтау және көркейтуге ұмтылатынын; 

      4) салауатты өмір салтын сақтауға ұмтылуын; шығармашылық жұмысқа, жұмыстың нәтижесіне

деген ынтасын; 

      5) қарым-қатынас мәдениетін, этикалық нормаларды сақтауын; 

      6) өзіндік жұмыстарды орындау біліктігін

      7) өздігінен білім алу қабілетін; 

      8) білім мен қызмет түрлерін игеру мен кеңейтуге қызығушылығын; 

      9) тапсырманы орындауда шығармашылықпен қарауын; 

      10) үлкендерге құрмет және кішілерге қамқорлық, басқаларға деген мейірімділік пен

кішіпейілділікті көрсете білуі тиіс. 

      22. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. 5-6-сыныптарының оқушылары:

      1) математикалық материал бойынша берілген алгоритмді; 

      2) анықтамалықтарды қолдану; оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден



анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу біліктігін; 

      3) әртүрлі жағдайларда математикалық білімін, біліктігін, есептеу, өлшеу және графиктік

дағдыларын; 

      4) ауызша және жазбаша есептеулерді тиімді пайдалана отырып, практикалық есептеу

техникасын; 

      5) санды өрнектердің мәндерін есептеуде калькуляторды қолдану біліктігін; 

      6) математикаға тән ойлау стилін, оның абстрактылығын, дәлелденуін, қатаңдығын; 

      7) дәлелдемелі пайымдау жүргізу, логикалық негізделген қорытындылар жасау біліктігін; 

      8) тану, жобалау, құрастыру және зерттеу әдістерін; 

      9) математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық

терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты

түсіндіру біліктігін; 

      10) математикалық формулаларды қолдану біліктігін, дербес жағдайларды жалпылау негізінде

шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру біліктігін; 

      11) оқу қызметінің әртүрлі формаларында коммуникативтік қабілеттерін қолдана білуі тиіс.

Қазақстан Республикасы     

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі    

№ 115 бұйрығына       

32-қосымша        



Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптары үшін

«Алгебра» пәнінен типтік оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080

қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)

мемлекеттік жалпыға міндетті 

 сәйкес әзірленген.

стандартына

      2. Алгебра – математиканың негізгі бөлімдерінің бірі. Ол ғылым мен техниканың тілі болып

табылады. Алгебраның көмегімен табиғат пен қоғамда болып жатқан құбылыстар мен процестер

меңгеріліп, оларға болжау жасалады және бейнеленеді. Алгебра пәні мектепте оқытылатын көптеген

пәндерді, ең алдымен жаратылыстану-математика циклінің барлық пәндерін, әсіресе физика,

информатика және геометрия пәндерін игеруді қамтамасыз етеді. 

      3. Оқыту мақсаты - оқушыларға алгебраның базистік негізін меңгерту, оларда тұлғааралық

және этносаралық мәдениетті, өз тағдырына жайбарақат қарамайтын тұлғаны және тұлғаның кәсіптік

бағдарын қалыптастыру.

      4. Оқыту міндеттері: 

      1) тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерін: логикалық ойлау, интуиция, танымдық

қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару, жігерлілік және т.б. қасиеттерін дамытуға бағытталған

алгебраның базистік негізін сапалы меңгертуді қамтамасыз ету; 

      2) оқушылардың математика ғылымының түрлі даму кезеңдерінде жинақталған құндылықтарға

қатыстыру арқылы оқушының тұлғасын, рухани өрісін дамыту; 

      3) индукция және дедукция, жалпылау және нақтылау, талдау және дәлелдеулер, абстракциялау

және ұқсастық арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту; тұжырымдарды негіздеу және дәлелдеу

біліктігі арқылы логикалық ойлауын дамыту; 

      4) өзіндік жұмыс, өздігінен білім алу қабілетін, топта жұмыс істеу және жеке тапсырмаларды

орындаудағы өзіндік бағалау дағдыларын дамыту; келіп түскен ақпараттар ағынында бағдарлау

білігін дамыту; 

      5) әлеуметтік ұтқырлықты, өзіндік шешімді қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұлғалық

қасиеттерін тәрбиелеу; 



      6) қарым-қатынас мәдениетін, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың

тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет көрсетуді, үлкендерге құрмет

көрсету мен кішілерге қамқор болуды, патриоттық сезімді тәрбиелеу; 

      7) оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарына, болашақ мамандығына және әрбір оқушының

жеке білімге деген қызығушылығына, сұранысына және бейімділігіне сәйкес

жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша оқытуға оқушыларды бейіндік дайындығын қамтамасыз ету.

      5. 7-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының құрылымдық компоненттері түсінік хат, оқу

пәнінің базалық мазмұны, оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптардан тұрады.

      6. 7-сыныптағы алгебра пәнінің базалық мазмұны «Натурал және бүтін көрсеткіштік дәреже»,

«Бірмүше мен көпмүше», «Қысқаша көбейту формулалары», «Рационал бөлшектер және оларға амалдар

қолдану», «Жуықтап есептеу элементтері» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады.

Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 5-6-сыныптардағы математика курсын және

соңында 7-сыныптағы алгебра курсын қайталау кіреді.

      7. 7-сыныпта оқытудың міндеттері: 

      1) рационал сандарға арифметикалық амалдарды қолдану біліктігі мен дағдысын пысықтау,

координаталық түзу мен координаталық жазықтықта нүктенің координаталарын табу, координаталары

бойынша нүктелерді салу біліктерін пысықтау; 

      2) қосылғыштарды теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіру, жақшаны ашу ережелерін

қолдану арқылы теңдеулерді шешу біліктігін пысықтау, бір айнымалысы бар теңсіздіктерді және

олардың жүйелерін; айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық

теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін бекіту, сызықтық функцияның графигін салу, графигі

бойынша функцияның қасиеттерін атау біліктілігін жетілдіру, екі айнымалысы бар сызықтық

теңдеулер жүйесін шығару біліктілігін жетілдіру, мәтінді есептерді шығару біліктілігін

жетілдіру; 

      3) натурал көрсеткішті дәреже, көрсеткіші нөлге тең дәреже ұғымын қалыптастыру, бүтін

көрсеткішті дәреже ұғымын қалыптастыру, рационал бөлшек, бөлшек-рационал өрнек ұғымдарын

қалыптастыру; 

      4) «бірмүше» және «көпмүше» ұғымдарымен, олардың дәрежелері және стандарт түрлерімен

таныстыру, жуықтап есептеулермен таныстыру; 

      5) натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін, бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін,

қысқаша көбейту формулаларын, рационал бөлшектің негізгі қасиетін игеру; 

      6) көпмүшелерге арифметикалық амалдарды қолдану, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу, қысқаша

көбейту формулаларын қолдану, рационал бөлшектерге амалдар қолдану, бөлшек-рационал өрнектерді

тепе-тең түрлендірулерді орындау, тепе-теңдіктерді дәлелдеу, абсолют және салыстырмалы

қателіктерді табу біліктігін қалыптастыру. 

      8. 8-сыныптағы алгебра пәнінің базалық мазмұны «Квадрат түбір», «Квадрат теңдеулер»,

«Квадраттық функция», «Теңсіздіктер», «Ықтималдықтар теориясы туралы алғашқы мағлұматтар және

математикалық статистика» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар

базалық мазмұнға оқу жылының басында 5-6-сыныптардағы математика курсы мен 7-сыныптағы алгебра

курсын және соңында 8-сыныптағы алгебра курсын қайталау кіреді.

      9. 8-сыныпта оқытудың міндеттері: 

      1) рационал сандармен арифметикалық амалдар орындауда есептеу біліктігін пысықтау; натурал

көрсеткішті дәреже мен бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану біліктілігін пысықтау;

рационал бөлшектерге арифметикалық амалдарды қолдану білікігін пысықтау; рационал өрнектерді

тепе-тең түрлендіруді орындау білікігін пысықтау; мәтінді есептерді шығару біліктілігін

пысықтау; 

      2) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін жетілдіру;

сызықтық функцияның графигін салу біліктігін жетілдіру; графигі бойынша функцияның қасиеттерін

атау біліктілігін жетілдіру; екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығару біліктігін

жетілдіру; 

      3) айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымаласы бар сызықтық теңдеулер мен

теңсіздіктерді шешу біліктігін бекіту; өрнектерді түрлендіру, тепе-теңдіктерді дәлелдеу

біліктігін бекіту; көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу, өрнектерді түрлендіруде қысқаша көбейту


формулаларын қолдану біліктігін бекіту; 

      4) иррационал және нақты сандар, квадрат түбір ұғымдарын қалыптастыру; 

      5) 

функциясымен, квадраттық функциямен, олардың қасиеттері және графиктерімен

таныстыру; 

      6) интервалдар әдісімен таныстыру; оқиғаның жиілігі мен ықтималдығымен таныстыру; 

      7) құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру біліктігін қалыптастыру;

квадрат және рационал теңдеулерді шығару біліктігін қалыптастыру; квадрат теңсіздіктерді

квадраттық функцияның графигі арқылы шығару біліктігін қалыптастыру; рационал теңсіздіктерді

интервалдар әдісімен шығару біліктілігін қалыптастыру. 

      10. 9-сыныптағы алгебра пәнінің базалық мазмұны «Теңдеулер, теңсіздіктер және олардың

жүйелері», «Сандар тізбегі», «Тригонометрия элементтері», «Ықтималдықтар теориясы және

математикалық статистиканың элементтері» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады.

Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 7-8-сыныптардағы алгебра курсын және соңында

5-9-сыныптардағы математика курсын қайталау кіреді.

      11. 9-сыныпта оқытудың міндеттері: 

      1) нақты сандармен амалдарды орындау біліктігін жетілдіру; бүтін көрсеткішті дәреженің

қасиеттерін қолдану біліктігін жетілдіру; көпмүшені көбейткіштерге жіктеу және жіктеу кезінде

қысқаша көбейту формулаларын да қолдану біліктігін жетілдіру; рационал өрнектерді түрлендіру;

тепе-теңдіктерді дәлелдеу біліктігін жетілдіру; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді, оның

ішінде айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді

шығару біліктігін жетілдіру; бір айнымалысы бар теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шығару

біліктігін жетілдіру; айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық

теңсіздіктерді шығару біліктігін жетілдіру; екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шығару

біліктігін жетілдіру; квадрат теңдеулерді шығару біліктігін жетілдіру; рационал теңдеулерді

шығару біліктігін жетілдіру; y=kx+b, y=ax +bx+c (а

0), y=ax , 

(k

0), 



түріндегі

2

3



функциялардың графигін салу және графиктері бойынша функциялардың қасиеттерін атау біліктігін

жетілдіру; квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы және интервалдар әдісімен

шығару біліктігін жетілдіру; интервалдар әдісімен рационал теңсіздіктерді шығару біліктігін

жетілдіру; мәтінді есептерді шығару біліктігін жетілдіру; 

      2) екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың жүйелері

ұғымдарын қалыптастыру; тізбек пен арифметикалық және геометриялық прогрессиялар; шексіз

кемімелі геометриялық прогрессия; бұрыш пен доғаның радиандық өлшемдері ұғымдарын қалыптастыру;

кез келген бұрыштың тригонометриялық функциялары (у = sinх, у = cosх, у = tgх, у = ctgх)

ұғымдарын қалыптастыру; статистикалық, классикалық және геометриялық ықтималдықтар ұғымдарын

қалыптастыру; 

      3) сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелерімен таныстыру; сандар тізбегі және

оның берілу тәсілдерімен таныстыру; арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың n-ші

мүшесінің формулаларымен таныстыру; арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың алғашқы n

мүшесінің қосындысының мәнін есептеу формулаларымен таныстыру; шексіз кемімелі геометриялық

прогрессияның мүшелерінің қосындысының мәнін табу формуласымен таныстыру; математикалық индукция

әдісімен таныстыру; негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктермен таныстыру; келтіру формулаларымен

таныстыру; екі бұрыштың қосындысы мен айырымының синусы, косинусы, тангенсы және котангенсының

формулаларымен таныстыру; тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге

және тригонометриялық функциялардың көбейтіндісін қосынды немесе айырымға түрлендіру

формулаларымен таныстыру; қосбұрыш пен жартыбұрыштардың формулаларымен таныстыру; ықтималдықтар

теориясы және математикалық статистиканың элементтерімен таныстыру; 

      4) арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесінің формулаларын игеру;

арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың алғашқы n мүшесінің қосындысының мәнін есептеу

формулаларын игеру; шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның мүшелерінің қосындысының мәнін

табу формуласын игеру; тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттерін игеру; негізгі

тригонометриялық тепе-теңдіктерді игеру; келтіру формулаларын игеру; синустың, косинустың,

тангенстің және котангенстің екі бұрышының қосындысы мен айырымының формулаларын игеру;


тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге және тригонометриялық

функциялардың көбейтіндісін қосынды немесе айырымға түрлендіру формулаларын игеру; қосбұрыш пен

жартыбұрыштың формулаларын игеру; 

      5) екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың жүйелерін

шығару біліктігін қалыптастыру; екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулердің жүйелерінің

көмегімен мәтінді есептерді шығару біліктігін қалыптастыру; арифметикалық және геометриялық

прогрессиялардың n-ші мүшесін табу біліктігін қалыптастыру; арифметикалық және геометриялық

прогрессиялардың алғашқы п мүшесінің қосындысының мәнін есептеу біліктігін қалыптастыру; шексіз

кемімелі геометриялық прогрессияның мүшелерінің қосындысының мәнін табу біліктігін қалыптастыру;

математикалық тұжырымдарды дәлелдеуде математикалық индукция әдісін қолдану біліктігін

қалыптастыру; бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері арасындағы байланысты беретін

формуланы қолдану біліктігін қалыптастыру; тригонометриялық функциялардың мәндерін табу

біліктігін қалыптастыру; тригонометриялық өрнектерді түрлендіру біліктігін қалыптастыру;

оқиғаның классикалық және геометриялық ықтималдығын табу біліктігін қалыптастыру. 

      12. «Алгебра» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

      1) 7-сыныпта аптасына 3 сағ, барлығы 102 сағ;

      2) 8-сыныпта аптасына 3 сағ, барлығы 102 сағ; 

      3) 9-сыныпта аптасына 3 сағ, барлығы 102 сағ. 

      13.Алгебраны оқыту процесінде пәнаралық байланыс:

      1) «Қазақ тілі» пәнімен алгебралық терминологиялармен сөздік қорын байыту; теоремаларды

дәлелдеу, қорытындыларды тұжырымдау барысында сөйлеу қабілетін дамыту; 

      2) «Геометрия» пәнімен графиктерді салу, кестелерді құру, теңсіздіктер мен олардың жүйесін

шешу барысында сызу құралдарымен жұмыс атқару тәсілдерін қолдану; теңсіздіктер және олардың

жүйесін шешу барысында геометриялық фигуралардың бірігуі мен қиылысуын табу біліктігін қолдану;

жаңа алгебралық ұғымдарды енгізу кезінде анықтама түсінігін, натурал көрсеткішті дәрежелердің

қасиеттерін игеру мен функцияның өсуі немесе кемуін анықтау және тепе-теңдіктерді дәлелдеу

кезінде дәлелдеу түсінігін қолдану; 

      3) «Физика» пәнімен функцияның берілу тәсілдері мен қасиеттерін игеру барысында денелерді

қыздыру мен суыту, қайнау және балқу мен қатаю процестерінің графикалық түсініктерін

қолдану;мәтін есептерді шығару кезінде масса, қоспа, температура және т.б. ұғымдар мен

шамалардың физикалық мағынасы туралы білімдерін қолдану; 

      4) «Химия» пәнімен мәтінді есептерді шығару барысында оқушылардың қорытпа, ертінділер,

ертіндінің қоюлануы туралы білімдерін қолдану; 

      5) «Информатика» пәнімен формуланы теру, кестені форматтау тәсілдерін, объектінің

параметрлерін реттей білу және т.с.с. компьютермен жұмыс атқару дағдыларын қолдану; 

      6) «Технология» пәнімен өзіндік құн, кіші бизнеске жіберілетін шығынның түрлері; тауар мен

қызмет көрсетудің бағасын есептеп шығаруды жасау бойынша білімдерін қолдану арқылы жүзеге

асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет