Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны



Pdf көрінісі
бет50/132
Дата02.01.2017
өлшемі3,08 Mb.
#970
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   132

5. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны

      35. 9 – сыныпқа арналған биология пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімдер мен

тараулардан тұрады. 

      36. «Биологияға кіріспе» (1 сағат). «Жалпы биология негіздері» пәнінің

жаратылыстану-ғылыми пәндер жүйесіндегі орны. «Жалпы биология негіздері»-нің мақсаты мен

міндеттері. Жалпы биология биологиялық заңдылықтарды зерттейтін және диалектико-материалистік

көзқарастарды қолдайтын ғылым салаларының бірі. Тіршілік әлемінің көптүрлілігі. Тірі материяның

құрылым деңгейлері. Бүкіл тірі табиғатты түсініп білудегі пәнінің маңызы. Топсеруен. Тіршілік

әлемінің көптүрлілігімен танысу мақсатында табиғатқа топсеруен жасау.

      37.Жасуша— тіршіліктің бірлігі (14 сағат):

      1) «Жасушаның химиялық құрамы» (5 сағат). Цитология пәні және міндеттері. Зерттеу әдістері

және олардың басқа биологиялық ғылым салалары, медицина, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін маңызы.

Жасушаның ашылу тарихы. Жасушалық теория — ХІХ ғасырдың ең үлкен жаңалығы. Жасушалық теорияның

негізгі қағидалары. Жасуша барлық тірі организмдердің құрылымдық-функциялық бірлігі. Тірі

материя химиялық құрамының бірлігі. Өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактерия

жасушаларының химиялық құрамы. Химиялық элементтер, су және басқа бейорганикалық қосылыстар,

олардың жасуша тіршілігіндегі рөлі. Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, нуклеин

қышқылдары, АТФ, липидтер, олардың элементарлық құрылысы, жасушадағы рөлі. Ферменттер, тіршілік

процестерін реттеудегі олардың рөлі. Зертханалық жұмыс: «Тірі ұлпаларда ферменттердің катализдік

белсенділігі»; 

      2) «Жасушаның құрылымы мен қызметі» (3 сағат). Жасушалық құрылымдар: цитоплазмалық

мембрана, цитоплазма. Эндоплазмалық тор, гольджи жиынтығы және лизосомалар, митохондриялар

пластидтер, қозғалу органоидтері, олардың құрылысы мен атқаратын қызметтері; жасушалық

қосындылар. Ядро, оның құрылысы және қызметі. Ядроның жетекші рөлі. Прокариоттық және

эукариоттық жасушалар, олардың құрылыс ерекшеліктері. Зертханалық жұмыс: «Пияз қабықшасының

жасушасындағы плазмолиз және деплазмолиз». «Өсімдік, жануар және бактерия жасушаларының

құрылысы».Олардың құрылысындағы айырмашылықтарды табу; 

      3) «Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі» (2 сағат). Биологиялық жүйелердегі зат алмасу

және өздігінен реттелу. Фотосинтез - күн энергиясының органикалық заттар энергиясына өзгеруі.

Биологиялық «аккумуляторларда» жарық энергиясының қорлануы. Фотосинтездің жарық және қараңғылық

сатылары. Судың фотолизі. Органикалық заттардың тотығуы есебінен жасушаның энергиямен қамтамасыз

етілуі. Биологиялық тотығу және жану. Анаэробтық гликолиз. Аэробтық гликолиз — оттектің

қатысуымен биологиялық тотығу. Электронды тасымалдау тізбегі. Тотықтыра фосфорлану.

Митохондриялар — жасушаның энергиялық стансасы. Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі тарауы

бойынша алған білімді қорыту және жүйелеу; 

      4) «Тұқым қуалау ақпараты және оның жасушада жүзеге асырылуы (4 сағат). Генетикалық

ақпарат. Н.К. Кольцов.ДНҚ — нәруыз синтезделу үшін матрица (қалып) болып табылады. ДНҚ-ның екі

еселенуі (редупликациясы). ДНҚ тізбегіне сәйкес ақпараттың РНҚ-ның түзілуі. Генетикалық код.

Генетикалық кодтың қасиеттері. Нәруыздың синтезі. Транскрипцияның реттелуі. Гендік және

жасушалық инженерия. Бактерияларда транскрипция мен трансляцияның реттелуі. Бұл процестердің

жоғары сатыдағы организмдерде реттелуі. 

      38. «Организмдердің көбейуі және жеке дамуы» (6 сағат):

      1) «Өзін-өзі ұдайы өндіру - тіріге тән жалпылама қасиет» (4 сағат). Митоз жыныссыз

көбеюдің негізі екендігі, оның фазалары. Митоздың биологиялық мәні. Организмдердің көбею

формалары. Жыныссыз көбеюдің түрлері. Жынысты көбею. Мейоз және биологиялық мәні. Мейоздың

фазалары. Сперматогенез. Овогенез. Жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану. Ұрықтанудың

биологиялық маңызы; 

      2) «Организмдердің жеке дамуы» (2 сағат). Организмдердің жеке дамуының элементарлық

түсінігі. Жасушалардың бөлінуі, өсуі, жіктелуі, органогенез, даму, қартаю, даралардың өлуі.


Ұрықтардың ұқсастығы. Организмнің біртұтастығы. Қоршаған орта өзгерістеріне организмнің

бейімделу деңгейлері. Өзін-өзі реттеу. Организм дамуының бастапқы кезеңдерінде сыртқы орта

жағдайларының әсері. Биологиялық сағат. Анабиоз. 

      39. «Генетика және селекция регіздері» (13 cағат): 

      1) «Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары» (5 сағат). Генетиканың қысқаша даму тарихы.

Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары. Мендель ашқан белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары.

Тұқымқуалаушылықты зерттеудің гибриодологиялық әдісі. Моногибридтік будандастыру. Бірінші ұрпақ

будандарының біркелкілігі. Басымдылық көрсету заңдылығы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы.

Ажырау заңы. Гомозиготалы және гетерозиготалы даралар. Генотип және фенотип. Аллельді гендер.

Талдаушы шағылыстыру. Толық және толық емес доминаттылық. Тәуелсіз тұқым қуалау. Гендердің

тіркесіп тұқым қуалауы.Жыныстық генетикалық анықталуы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Гендердің

өзара әрекеттесуі. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық. «Ген — белгі» қатынасы. Генотип біртұтас

жүйе екендігі. Хромосомалық (ядролық) және цитоплазмалық тұқымқуалаушылық. Сандық және сапалық

белгілердің тұқым қуалауына орта жағдайларының әсері. Реакция нормасы. Жыныс генетикасы. Адамның

генетикалық әртүрлілігі. Денсаулықтың генетикалық негіздері. Адамның генетикалық денсаулығына

ортаның әсері. Адамның генетикалық аурулары. Сарамандық жұмыс: «Қарапайым генетикалық есептер

шығару, Өз ататегіңе шежіре құрастыру»; 

      2) «Өзгергіштіктің заңдылықтары» (4 сағат). Модификациялық және тұқым қуалайтын

өзгергіштік. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің типтері. Гендік мутациялар. Хромосомалық мутациялар.

Геномдық мутациялар. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомологтік қатарлар заңы. Мутацияларды

экспериментальдық жолмен алу. Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі. Генетика және медицина.

Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның кейбір тұқым қуалайтын ауруларының алдын

алу және емдеу. Резус-фактор. Туыстық некенің жағымсыздығы. Медико-генетикалық кеңес беру.

Зертханалық жұмыс:«Модификациялық өзгергіштіктің вариациялық қатарын және вариациялық қисық

сызығын құрастыру». «Организмдердің өзгергіштігі»; 

      3) «Генетика және селекция» (4 сағат). Жануарларды қолға үйрету селекцияның бастапқы

кезеңі екендігі. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Жануарларды қолға үйрету аймақтары. Үй

жануарларының шығу тегі. Заманауи селекцияның әдістері. Сұрыптау үшін өзгергіштіктің маңызы.

Сұрыптау және оның шығармашылық рөлі, тұқым-қуалаушылық сапасын бағалау. Туыстық будандастыру

және оның селекциядағы маңызы. Гетерозис, оны ауыл шаруашылығында қолдану. Полиплоидия. Әріден

будандастыру. Жасанды мутагенез, оның селекциядағы маңызы. Селекция жетістіктері. Зертханалық

жұмыс: «Жергілікті өсімдік іріктемелерінің фенотиптері». 

      40.«Эволюция» (23 сағат):

      1) «Эволюциялық көзқарастардың дамуы. Эволюцияның дәлелдемелері» (4 сағат). Эволюциялық

ұғымның шығуы және дамуы. Эволюционизмнің алғышарттары. Ламарктың эволюциялық теориясы. Ч.Дарвин

және оның түрлердің пайда болу теориясы. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі

ұстанымдары. Эволюцияның синтетикалық теориясының шығуы. Эволюцияның дәлелдемелері.

Эмбриологиялық дәлелдемелер. Морфологиялық дәлелдемелер. Палеонтологиялық дәлелдемелер.

Эволюцияның биогеографиялық дәлелдемелері. Түр. Түрдің критерийлері. Популация. Зертханалық

жұмыс: «Әр түрге жататын өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері»; 

      2) «Эволюциялық процестің механизмдері» (7 сағат). Өзгергіштіктің эволюциялық процестегі

рөлі. Мутациялық өзгергіштік. Үйлесімдік өзгергіштік. Табиғи сұрыпталу-эволюцияның бағыттаушы

факторы. Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес. Түраралық күрес. Сұрыптаудың тиімділігі.

Популяциялар ішіндегі табиғи сұрыпталудың формалары. Қозғаушы сұрыптау. Тұрақтандырушы сұрыптау.

Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Оқшаулану. Бейімділік. Қорғаушы рең. Жасырушы рең.

Мимикрия (еліктеуші рең). Сақтандырушы рең. Бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы

сипаты. Түртүзілу. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары. Эволюция бағыттарының арақатынасы.

Зертханалық жұмыс: «Организмдердің мекен ортасына бейімделуі», «Өсімдіктердегі ароморфоздар және

бунақденелілердегі идиоадаптациялар»; 

      3) «Жерде тіршіліктің пайда болуы» (2 сағат). Тіршіліктің пайда болуы туралы

көзқарастардың дамуы. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар Л.Пастердің тәжірибесі.

Органикалық молекулалардың абиогендік синтезі. Тіршіліктің пайда болуы жайлы қазіргі

көзқарастар. Қазіргі кезде Жерде тіршіліктің пайда болуы мүмкін бе? 

      4) «Жерде тіршіліктің дамуы» (6 сағат). Криптозойда тіршіліктің дамуы. Архей. Протерозой.



Жануарлардың алуантүрлілігінің жоғарылауы. Палеозой заманында тіршіліктің дамуы. Кембрий.

Ордовик. Силур. Девон. Тас көмір. Пермь. Мезозой заманында тіршіліктің дамуы. Триас. Юра. Бор.

Кайнозой заманында тіршіліктің дамуы. Палеоген. Неоген. Антропоген. Органикалық дүниенің

алуантүрлілігі. Жүйелеудің ұстанымдары. Жүйелеудің шығуы. Жасанды және табиғи жүйелер.

Организмдерді жіктеу. Тіршіліктің жасушалық емес формалары — вирустар, фагтар. Тіршіліктің

жасушалық формалары. Прокариоттар. Эукариоттар; 

      5) «Адамның шығу тегі» (4 сағат). Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді

маймылдардың ұқсастығы мен айырмашылықтары. Еңбек және адамның пайда болуы. Антропогенездің

алғышарттары. Алғашқы адамдар. Ежелгі адамдар. Ертедегі адамдар. Осы заманғы алғашқы адамдар.

Адам нәсілдері. Нәсілшілдіктің дәрменсіздігі, керітартпалығы. 

      41. «Экология негіздері» (11 сағат):

      1) «Экожүйелер» (7 сағат). Экология пәні. Ортаның экологиялық факторлары.Биотикалық

оптимум. Организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі.Әртүрлі түр популяцияларының

өзараәрекеттесулері. Бірлестіктер. Экожүйелер. Бірлестіктердегі организмдердің қызмет атқаратын

топтары. Экожүйелердің мысалдары. Энергия ағымы және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида.

Экожүйелердің өнімдері. Экожүйелердің алмасуы. Адамның әрекетіне байланысты экожүйелердің

алмасуы. Агроценоздар. Адамның практикалық әрекетінде экологиялық білімді пайдалану; 

      2) «Биосфера. Адам әрекетінің биосфераға әсері. Биосфераны қорғау» (4 сағат). Биосфера

туралы В.И.Вернадскийдің ілімі. Биосфераның құрамы: тірі зат,түрлік құрамы. Табиғатта көміртек

пен азот айналымы. Биосферадағы биохимиялық процесстер. Тірі организмдердің шөгінді жыныстар

түзудегі рөлі. Тірі организмдердің топырақ түзудегі рөлі. Адамның биосферадағы рөлі. Ауқымды

экологиялық проблемалар. Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның ластануы. Су жүйелерінің ластануы.

Ормандардың жойылуы. Топырақтың жағдайлары. Шөлге айналу. Биоәртүрліліктің жойылуы. Энергиялық

проблемалар. Қоғам және қоршаған орта. Халық санының артуы. Индустриялық тұтынушылар қоғамы.

Халықаралық ынтымақтастық және кедейлікпен күрес. Қазақстанның экологиялық проблемалары. Тұрақты

даму.


6. 6-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      42.6-сынып оқушылары:

      1) тірі организмдердің жалпы ортақ белгілерін;

      2) өсімдік жасушасының құрылысын;

      3) өсімдіктер бірлестіктеріне адам әрекетінің әсерін;

      4) өсімдік жасушасының құрылысы мен қызметін;

      5) өсімдік жасушасының бөлінуін;

      6) өсімдіктегі заттардың қозғалысын,тыныс алуын;

      7) өсімдік организмінің көбеюін, өсуін және дамуын;

      8) өсімдіктердің тіршілік ортасын;

      9) табиғи бірлестіктерді;

      10) өсімдіктердің бірлестіктегі тіршілікке бейімділігін;

      11) табиғи бірлестіктегі адамның рөлін;

      12) бактериялар, саңырауқұлақтар және өсімдік жасушаларының құрылысы мен қызметін;

      13) жабықтұқымды өсімдіктердің Тұқымдастарын;

      14) бактериялардың, саңырауқұлақтар мен өсімдіктердің және симбоздық (селбесіп) тіршілік

ететін организм ретінде қыналардың құрылысы мен тіршілік әрекеттерін;

      15) автотрофты және гетеротрофты организмдердің қоректену ерекшеліктерін (сапрофиттердің,

паразиттердің,симбионттардың);

      16) бактериялардың, саңырауқұлақтардың,өсімдіктердің көбеюі, өсуі және дамуын;

      17) вирустар тіршіліктің жасушалы емес формалары екендігін;

      18) организмдердің тіршілік орталарын;

      19) жасанды бірлестіктерді (агроценоз), жасанды бірлестіктердің өнімділігіндегі адамның

рөлінбілуі тиіс:

      43. 6-сынып оқушылары:


      1) тірі организм ұлпалары мен мүшелерінің құрылысы және қызметінің өзара байланысын;

      2) өсімдік организмі мен ортаның өзара байланысын;

      3) адам әрекетінің өсімдік түрлерінің көптүрлілігіне, олардың мекен ету ортасына әсерін

және осы әрекеттерінің нәтижелерін;

      4) өсімдіктер алуан түрлілігінің, табиғи бірлестіктерді қорғаудың биосфера тепе-теңдігін

сақтаудағы рөлін;

      5) организмнің құрылысы мен қызметінің, организм мен тіршілік ортасының өзара байланысын;

      6) биологиялық әртүрліліктің, түрлер саны реттелуінің, табиғи бірлестіктерді қорғаудың

биосфера тепе-теңдігін сақтаудағы рөлін;

      7) адам әрекетінің өсімдік және жануар түрлерінің көптүрлілігіне, олардың мекен ету

ортасына әсерін; ол әрекеттің нәтижесін және мәдени өсімдіктерді шығаруын негіздей алуы тиіс.

      44. 6-сынып оқушылары:

      1) өсімдік организмдерін; 

      2) өсімдік жасушаларын, ұлпаларын, мүшелерін; 

      3) өсімдіктер мен жануарлардың ең көп тараған түрлерін; 

      4) бактериялар, саңырауқұлақтар, қыналар мен өсімдік организмдерін;

      5) өзің тұратын аймақта ең көп таралған өсімдік түрлерін, Тұқымдастың, Кластың, Бөлімнің

өсімдіктерін; 

      6) жеуге жарайтын, улы және зең саңырауқұлақтарын анықтай алуы тиіс: 

      45. 6-сынып оқушылары:

      1) тірі организмдердің жалпы белгілерін; 

      2) негізгі жүйелік ерекшеліктерді, түрлердің белгілерін, тірі табиғат Дүниелерін,

Бөлімдерді және гүлді өсімдіктердің Кластарын, Тұқымдастарын; 

      3) элементарлық деңгейде өсімдіктер эволюциясының процестерін атай алуы тиіс: 

      46. 6-сынып оқушылары:

      1) өсімдіктер жасушаларының құрылысы мен қызметiн; 

      2) өсімдіктердің ұлпалары мен мүшелерінiң құрылысы мен қызметiн; 

      3) прокариоттар мен эукариоттарды, автотрофты және гетеротрофты организмдерді

      4) жабық тұқымды өсімдіктердің Тұқымдастарын, Кластарын; 

      5) тірі табиғат бөлімдерін салыстыра білуі тиіс.



7. 7-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      47. 7-сынып оқушылары:

      1) ірі организмдердің жалпы белгілерін; 

      2) негізгі жүйелік категорияларды,түрлердің белгілерін, тірі табиғат Дүниелерін,

Бөлімдерді, Кластарды, жануарлардың Тұқымдастарын; 

      3) элементарлық деңгейде жануарлар эволюциясының барысын; 

      4) эволюция процесінде жануарлардың күрделенуін; 

      5) табиғи және жасанды бірлестіктерді; 

      6) жануарлардың оқып танысқан Тұқымдастарының өкілдерін; 

      7) жануарлардың кең тараған түрлерін және үй жануарларының қолтұқымдарын; 

      8) гетеротрофты организмдердің қоректену ерекшеліктерін (сарофиттер, паразиттер); 

      9) жануарлардың көбеюін, өсуін, дамуын; 

      10) организмдердің тіршілік орталарын; 

      11) жасанды бірлестіктер (агроценоз), жасанды бірлестіктердің өнімділігіндегі адамның

рөлін білуі тиіс. 

      48. 7-сынып оқушылары:

      1) -жануар организмдерінің құрылысы мен қызметінің өзара байланысын және организм мен

тіршілік ортасының өзара байланысын; 

      2) -биологиялық әртүрліліктің рөлін, түрлердің сан мөлшерінің реттелуін, биосферадағы

тепе-теңдікті сақтау мақсатында табиғи бірлестіктерді қорғауды; 

      3) -жануар түрлерінің көптүрлілігіне және олардың тіршілік орталарына адам әрекетінің


әсерін, бұл әрекеттің нәтижелерін және үй жануарларының қолтұқымдарын шығаруды негіздей алуы

тиіс. 


      49. 7-сынып оқушылары:

      1) өзің тұратын аймақта кең таралған жануарлардың жиі кездесетін түрлерін және әртүрлі

Тұқымдас, Класс, Типтің жануарларын; 

      2) адам ауруларының қоздырғыштары мен тасымалдаушыларын тани алуы тиіс. 

      50. 7-сынып оқушылары:

      1) прокриоттық және эукариоттық, автотрофты және гетеротрофты организмдерді; 

      2) сүтқоректі жануарлардың Тұқымдастарын, Кластарын; 

      3) тірі табиғат бөлімдерін салыстыра білуі тиіс.



8. 8-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      51. 8-сынып оқушылары:

      1) адам организмінің құрылыс ерекшеліктерін; 

      2) денсаулықты сақтау үшін гигиеналық талаптарды

      3) адамның өмір сүру ұзақтығы мен денсаулығына жағымсыз экологиялық факторлардың әсерін; 

      4) адам денсаулығына зиянды әдет-дағдылардың қауіпті әсері туралы; 

      5) кемтар ұрпақтың дүниеге келу қатерінің факторларын білуі тиіс. 

      52. 8-сынып оқушылары:

      1) сабаққа даярлануда авторлық ұсыныстарды ескере отырып оқулықтың мазмұнын пайдалануы; 

      2) сабаққа даярлану кезінде оқулықтағы суреттерді, кестелер, сызбанұсқалармен

қосарбеттерін кеңінен пайдалану; 

      3) зертханалық жұмыстарды орындауда ұлғайтқыш аппаратураны қолдану; 

      4) денсаулықты сақтау мақсатында жеке бастың және қоғамдық гигиеналық ережелерін сақтау

орындай алуы тиіс. 

      53. 8-сынып оқушылары:

      1) мүшелер және мүшелер жүйесінің құрылысы мен қызметінің, организм мен ортаның өзара

байланысын; 

      2) адамның тік жүруі мен еңбек әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан ерекшеліктерін; 

      3) адам организмінде тіршілік әрекеттерінің нейрогуморальдық реттелуінің рөлін; 

      4) жоғары жүйке әрекеттерінің ерекшеліктерін; 

      5) адам денсаулығына экологиялық және әлеуметтік факторлардың, ақыл-ой және дене

еңбегінің, денешынықтыру мен спорттың әсерін; 

      6) адам организміне және оның ұрпағына алкогольдің және темекі шегудің зиянды әсерін; 

      7) зиянды әдет дағдыларға әуестенудің (темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық) дене бітімі

бұзылудың, жалпақтабандылықтың алдын-алу шараларын; 

      8) жеке адамның (тұлға) қалыптасуында қоршаған ортаның рөлін; 

      9) әлеуметтік мәніндегі адамның қалыптасуына қоғамның әсерін; 

      10) адамның биологиялық табиғатын негіздей алуы тиіс.



9. 9-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      54. 9-сынып оқушылары:

      1) жалпы биология пәні және міндеттері; 

      2) тірі организмдерге тән жалпы белгілер; 

      3) тіршіліктің құрылым деңгейлері; 

      4) жасушалық теорияның негізгі қағидалары 

      5) прокариоттар және эукариоттар жасушаларының құрылысындағы ұқсастықтар мен

айырмашылықтар; 

      6) жасуша тіршілік әрекеттерінің негізгі принциптері 

      7) органикалық және бейорганикалық заттардың жасушадағы рөлі



      8) жасушаның негізгі бөліну әдістері; 

      9) жеке дамудың заңдылықтары; 

      10) генетика пәні және міндеті; 

      11) өзгергіштік,тұқым қуалаушылық, ген, генотип, мутациялар түсініктерінің маңызы; 

      12) организмдердің тұқым қуалаушылығында хромосомалардың рөлі; 

      13) қоршаған ортаның қолайсыз факторларының адамның тұқым қуалаушылығына жағымсыз әсері; 

      14) тұқым қуалайтын өзгергіштіктің формалары; 

      15) эволюциялық ілімнің негіздері; 

      16) организмдердің бейімділігі; 

      17) түр және оның критерийлері; 

      18) популяция- түрдің элементарлық құрылымы; 

      19) экология пәні оның міндеттер, экологиялық факторлар; 

      20) түр, экожүйе,биоценоз, биосфера түсініктерінің мәні; 

      21) экожүйелер қызметінің құрылымы мен принциптері; 

      22) адам әрекетінің экожүйелерге әсері; 

      23) қазақ халқының табиғатты қорғаудағы әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері; 

      24) Қазақстанда табиғатты қорғаубілуі тиіс.

      55. 9-сынып оқушылары:

      1) биология пәні мен оның міндеттерін,негізгі зерттеу әдістерін; 

      2) биологияның зерттеу объекттерін; 

      3) биологияның дамуына айтарлықтай үлес қосқан шетелдік және отандық ғалымдар,олардың

еңбектері; 

      4) тіріге тән жалпы белгілер; 

      5) биологияны зерттеу нысандары; 

      6) биологиялық көп түрліліктің рөлі; 

      7) биосферадағы тепе теңдікті сақтау үшін табиғи бірлестіктерді сақтаудың маңызын; 

      8) табиғи экожүйелерге адам әрекетінің нәтижелері (зиянды әсері); 

      9) қоршаған ортаның мутагендік факторларының маңызы атай білуі тиіс. 

      56. 9-сынып оқушылары:

      1) организмдер өзгергіштігінің формалары; 

      2) өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ортасына бейімділігіне мысал келтіре білу тиіс. 

      57. 9-сынып оқушылары:

      1) организмдердің жасушалық құрылысы туралы; 

      2)органикалық дүниенің бірлігі туралы қорытынды жасай білуі тиіс.



10. 6-9 сыныптары оқушыларының тұлғалық деңгейі нәтижелері

      58. Оқушылар:

      1) жануарлардың құрылысы мен тіршілік әрекеттері туралы білімдерін оларды өсіру және

қорғау тәсілдерін негіздеу үшін; 

      2) жануарлардың құрылысы мен тіршілік әрекеттері туралы білімдерін жұқпалы аурулардың

алдын алу жолдарын негіздеу үшін; 

      3) организм түрлері және табиғи бірлестіктер туралы білімдерін, оларды қорғау шараларын

негіздеу үшінбілімін көрсете білуі тиіс. 

      59.Оқушылар:

      1) тірі табиғаттың шығу тегінің бірлігі туралы

      2) органикалық дүниенің туыстығы және бірлігі туралы

      3) жануарлар дүниесінің күрделенуі туралы қортынды жасай білуі тиіс. 

      60. 6-9 сынып оқушылары:

      1) жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді; 

      2) жануарлар Тұқымдастарының белгілі өкілдерін зерттеу тәжірибелерінің нәтижелерін; 

      3) жануарлардың үй жағдайында және табиғи жағдайда өсуі мен дамуын бақылап дағдылану тиіс.



      61.Оқушылар:

      1) микропрепараттар даярлау және оларды микроскоп астында қарауда; 

      2) өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді, адам әрекетінің әсерінен болатын

тіршілік ортасындағы өзгерістерді бақылауда; 

      3) өсімдіктердің тіршілік әрекетін зерттеуге қарапайым тәжірибелер жүргізуде; 

      4) организмдерге, түрлерге, табиғи бірлестіктерге ұқыптылықпен қарау, 

      5) оқушының табиғаттағы мінез-құлқы, өзін дұрыс ұстау; 

      6) оқып танысқан өсімдік тұқымдастары өкілдерінде маусымдық және адам әрекетінің әсерінен

болған өзгерістерді бақылау; 

      өсімдік организмдеріне,түрлеріне,мәдени өсімдіктердің іріктемелеріне ұқыптылықпен қарауда;

      8) улы саңырауқұлақтармен, өсімдіктермен уланудың алдын-алуда; 

      9) вирустар және бактериялар тудыратын жұқпалы аурулармен жаппай ауыру кезінде жеке бастың

және қоғамдық гигиеналық шаралардың ережелерін сақтауда қабілеттілігін байқатуы тиіс. 

      62. Оқушылар:

      1) зат алмасу процестерінің өзара байланысын; 

      2) радиацияның,есірткі заттарының адамның тұқым қуалаушылығына жағымсыз әсерінің

себептерін; 

      3) қоршаған ортаның жағымсыз факторларының тірі организмдерге зиянды әсерін; 

      4) табиғатты,қоршаған ортаны қорғаудың тірі организмдер үшін маңызын; 

      5) тірі организмдердің тіршілік жағдайларына бейімділігін; 

      6) қоректік тізбектердің сызбанұсқасын; 

      7) адам әрекетінің табиғатқа әсерін түсіндіру қабілетін байқатуы тиіс. 

      63. Оқушылар:

      1) организмдердің өзгергіштік формаларына; 

      2) өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ортасына бейімділігіне; 

      3) эволюция процесінде адам организмінің күрделенуіне; 

      4) адамның ең кең таралған ауруларына; 

      5) адамның жиі кездесетін зиянды әдеттеріне мысалдар келтіре білуі тиіс.

      64. Оқушылар:

      1) организмдердің жасушалық құрылысы туралы; 

      2) органикалық дүниенің бірлігі туралы; 

      3) жасушалар мен ұлпалардың құрылысы мен қызметін; 

      4) жасушалардың бөлінуін; 

      5)и адам организмінің құрылысы мен тіршілік әрекеттерін; 

      6) зат алмасу және энергия айналымын; 

      7)и организмде ферменттер мен витаминдердің рөлін; 

      8) тамақтанудың ерекшеліктерін; 

      9) тыныс алуды, заттар қозғалысын, тіршілік әрекеттерінің соңғы өнімдерін шығаруды; 

      10) иммунитет және оның адам өміріндегі маңызын; ЖИТС (жүре пайда болған иммундық тапшылық

синдромы)-тің алдын алуды; 

      11) адамның жай-күйіне және қасиеттеріне әсер ететін экологиялық факторлардықортынды жасай

білуі тиіс. 

      65. Оқушылар:

      1) тірі организмнің жалпы белгілерін

      2) адамның биологиялық және әлеуметтік факторларын;

      3) адам эволюциясының себептері мен нәтижелерін атай білуі тиіс.

      66. Оқушылар:

      1) адамның жасушаларын, ұлпаларын, мүшелері мен мүшелер жүйесін;

      2) сүйек сынған, буын шыққан, сіңір созылған жағдайда алғашқы көмек көрсету үшін сүйектің

типтерін және олардың байланыстарын;

      3) зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету үшін қан кетудің түрлерін анықтап ажырата

білуі тиіс.

      67. Оқушылар:


      1) адам организмінің жасушалары мен ұлпаларының құрылысын және қызметін;

      2) қаңқа бөліктерін, сүйек типтерін және олардың байланысу түрлерін салыстыра білуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет