Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 9–сыныптағы базалық білім мазмұны



Pdf көрінісі
бет52/132
Дата02.01.2017
өлшемі3,08 Mb.
#970
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   132

4. Оқу пәнінің 9–сыныптағы базалық білім мазмұны

      31. «Кинематика негіздері (10 сағат)»:

      1) қозғалыс – материяның ажырамас қасиеті;

      материалдық нүкте;

      санақ жүйесі;

      салыстырмалы механикалық қозғалыс;

      векторлар және оларға амалдар қолдану;

      вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары;

      түзусызықты теңайнымалы қозғалыс, үдеу;

      түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру;

      жылдамдықтың графигі;

      түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі дененiң бастапқы жылдамдықсыз орын ауыстыруы;

      еркiн түсу үдеуi;

      дененiң еркiн түсуi;

      аспан денелерi және тағы басқалардың жерге еркiн түсу үдеуi;

      қисықсызықты қозғалыс;

      материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы;

      сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар;

      центрге тартқыш үдеу;

      қатты дененің ілгерлемелi және айналмалы қозғалысы

      2) көрсетілімдер:

      түзу сызықты және қисық сызықты қозғалыс;

      орын ауыстыруларды қосу;

      стробоскоп;.

      дененің ауада және ауасы сиретілген кеңістікте түсуі;

      еркін түсу кезіндегі үдеуді өлшеу;

      үдеумен көтерілген және түскен кездегі дененің салмағы;

      салмақсыздық;

      спидометр, шеңбер бойымен қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың бағыты.

      айналмалы қозғалыстың берілу түрлері;

      центрден тепкіш тахометр;

      ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігі;

      3) № 1 лабораториялық жұмыс:

      бірқалыпты қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау;

      3) практикалық жұмыстар:

      денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері

      32. «Динамика негіздері (10 сағат)»:

      1) Ньютонның бiрiншi заңы;

      инерциялық санақ жүйелерi;

      күш, масса;

      Ньютонның екiншi заңы;

      Ньютонның үшінші заңы;

      салыстырмалылық принципi;

      механикадағы күштер;

      бүкiләлемдiк тартылыс заңы;

      денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы;

      жердің жасанды серiктерінің қозғалысы;

      тiреумен қозғалатын дененің салмағы;

      салмақсыздық;


      2) көрсетілімдер:

      инерцияның айқындалуы;

      денелердің массаларын салыстыру;

      Ньютонның екінші заңы;

      күштерді өлшеу;

      өзара бұрыш жасай әрекет ететін күштерді қосу;

      Ньютонның үшінші заңы;

      3) №2 лабораториялық жұмыс:

      горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу.

      практикалық жұмыстар:

      күшті өлшеудің практикалық тәсілдері;

      жердің ауырлық өрісіндегі дене қозғалысының параметрлерін есептеу;

      33. «Сақталу заңдары (4 сағат)»:

      1) дене импульсі;

      материялық нүктеде импульстiң өзгеруі;

      денелер жүйесі;

      импульстің сақталу заңы;

      реактивтi қозғалыс;

      К.Э.Циолковскийдің ғылыми еңбектерінің маңызы;

      зымыран,

      ғарыш саласының қазіргі жетістігі;

      энергия;

      энергияның сақталу және бiр түрден екiншi түрге айналу заңы;

      ғылым мен техникада практикалық есептерді шығаруда сақталу заңдарын қолдану;

      2) көрсетілімдер:

      импульстің сақталу заңы;

      реактивті қозғалыс;

      ракетаның моделі;

      дене энергиясының жұмыс орындалған кезде өзгеруі;

      потенциалдық энергияның кинетикалық энергияға және керісінше, кинетикалық энергияның

потенциалдық энергияға түрленуі;

      3) практикалық жұмыстар:

      дененің кинетикалық энергиясының өзгеруіне қатысты күштің жұмысын салыстыру.

      34. «Тербелістер және толқындар (12 сағат)»:

      1) тербелмелі қозғалыс;

      тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негiзгi шамалар (тербеліс амплитудасы, периоды, жиілігі,

фазасы);

      тербелмелі қозғалыстың теңдеуі;

      еркін және еріксіз тербелістер, өшетін тербелістер;

      математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері;

      математикалық және серіппелі маятниктердің периоды;

      тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі;

      резонанс;

      электромагниттік тербелістер;

      еркін электромагнитік тербелістер, (тербелмелі контур);

      Томсон формуласы;

      еріксіз электромагниттік тербелістер, (раманың магнит өрісіндегі айналуы);

      тербелiстердiң серпімді ортада таралуы;

      толқындық қозғалыс;

      көлденең және қума толқындар;

      толқынның ұзындығы;

      толқынның таралу жылдамдығы;

      механикалық толқынның қасиеті;

      дыбыс, дыбыстың сипаттамалары;



      акустикалық резонанс;

      дыбыстың шағылуы, жаңғырық, ультрадыбыс;

      электромагниттік толқындар, электромагниттік толқынның қасиеті, электромагниттік толқындар

шкаласы;


      2) көрсетілімдер:

      жіпке және серіппеге ілінген жүктердің еркін тербелістері;

      тербелмелі қозғалысты жазу;

      жүктің тербеліс периодының серіппенің қатаңдығы мен жүктің массасына тәуелділігі;

      жіпке ілінген жүктің тербеліс периодының жіптің ұзындығына тәуелділігі;

      еріксіз тербелістер;

      маятниктер тербелісінің резонансы;

      маятниктердің сағатта қолданылуы;

      көлденең және қума толқындардың түзілуі мен таралуы;

      толқын ұзындығының тербеліс жиілігіне тәуелділігі;

      тербеліп тұрған дене дыбыс көзі ретінде;

      дыбыс қаттылығының тербеліс амплитудасына тәуелділігі;

      тонның жоғарылығының тербеліс жиілігіне тәуелділігі;

      акустикалық резонанс;

      ультрадыбыстың қолданылуы;

      3) лабораториялық жұмыс;

      3-1) № 3 лабораториялық жұмыс:

      математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау;

      3-2) № 4 лабораториялық жұмыс:

      беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау;

      4) практикалық жұмыстар:

      әр түрлі маятниктер тербелісінің периодын есептеу.

      35. «Астрономия негіздері (6 сағат)»:

      жұлдызды аспан; әлемнің құрылымы және масштабтары;

      аспан сферасы; аспан координаталарының жүйесі;

      жұлдызды аспанның жылжымалы картасы, әртүрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының

қозғалысы;

      жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт;

      күнтізбе;

      Кеплер заңдары;

      күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты анықтау;

      Коперник әлемiнiң гелиоцентрлік жүйесi, оның әлем және дүниетанымдық маңызы;

      ғаламшарлардың көрінетiн қозғалысы;

      36. «Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар (7 сағат)»:

      1) жылулық сәулелену, (абсолют қара дене, Стефан – Больцман заңы.);

      денелердің сәуле шығару құбылысын түсіндірудегі қиындықтары;

      жарық кванттары туралы Планк гипотезасы;

      Планк формуласы;

      фотоэффект құбылысы;

      Эйнштейн формуласы;

      фотоэффект құбылысын техникада пайдалану;

      рентген сәулелері;

      радиактивтілік;

      Резерфорд тәжірибесі;

      атомның құрамы;

      атомның моделі;

      37. «Атом ядросы. (6 сағат)»:

      1) атом ядросының құрамы;

      ядролық өзара әрекеттесу;

      ядролық күштер;



      физикалық шамалардың ядролық физикада қолданылатын өлшем бірліктері;

      массалар ақауы;

      ядроның байланыс энергиясы;

      радиактивті сәулеленудің табиғаты;

      радиактивті ыдырау заңы;

      ауыр ядролардың бөлінуі;

      тізбекті реакция;

      ядролық реактордың жұмыс принципі.;

      атом электр станциялары;

      термоядролық реакциялар;

      күн мен жұлдыздардың энергиясы;

      радиактивтi изотоптар;

      радиактивтi изотоптарды қолдану;

      радиактивті сәулелерден қорғану;

      2) практикалық жұмыстар:

      радиоактивтi элементтердiң жартылай ыдырау периодын есептеу.

      38. «Жалпылау сабақтары (2 сағат)»:

      физика және астрономияның дүниетанымдық маңызы;

      элементар бөлшектер және ғаламның дамуы туралы мағлұматтар;

      ғылыми-техникалық өркениет және ноосфера;

      экологиялық мәдениет.

      39. «Лабораториялық практикум (8 сағат)»:

      1) дененiң еркiн түсу үдеуiн өлшеу;

      2) серпiмдi деформацияны зерделеу;

      3) ньютонның екiншi заңын зерделеу;

      4) механикалық энергияның сақталу заңын зерделеу;

      5) денелердiң соқтығысуы кезiндегi импульстiң сақталу заңын зерделеу;

      6) электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-iн өлшеу;

      7) еркiн және ерiксiз тербелiстердi зерделеу;

      8) күзгі; қысқы және көктемгі аспандағы жарық жұлдыздар мен негізгі шоқжұлдыздарды табу

(жылжымалы жұлдызды картаны пайдаланып).

      40. Уақыт қоры (3 сағат)



5. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      41. Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелері бойынша

бағаланады.

      42. Пәндік нәтижелер «білуі тиіс» және «меңгеруі тиіс» аспектілерімен көрсетілген.

      43. 7-сынып оқушылары білуі тиіс:

      1) ғылыми білім санаты (фактілер мен құбылыстар, ұғымдар, заңдар, теориялық қорытындылар);

      2) ғылыми таным әдістері (бақылау; эксперимент);

      3) ұғымдар (физикалық құбылыстар, физикалық заңдар, заттар, материалдық нүкте, траектория,

жол, орын ауыстыру, өзара әсерлесу);

      4) шамалар (жол, жылдамдық, масса, тығыздық, күш, қысым, жұмыс, қуат, кинетикалық энергия,

потенциалдық энергия);

      5) заңдар (Паскаль, Архимед);

      44. 7-сынып оқушылары меңгеруі тиіс:

      1) зерттеудің эксперимент әдiстерін пайдалана алуы: бақылау жүргізу, эксперименттерді

жоспарлау және орындау, физикалық құралдардың бөлік құнын және өлшеу қателіктерін анықтау;

      2) қолданыстарын білуі: физика бойынша теориялық білімдерін әр түрлі қызмет саласындағы

өмірлік есептерді шешкенде;

      3) физикалық құбылыстарды сипаттау және түсіндіру: бірқалыпты түзусызықты қозғалыс,

сұйықтар мен газдардағы қысымның берілуі, денелердің жүзуі;


      4) физикалық шамаларды өлшеу үшін физикалық құралдар мен өлшеу аспаптарын қолдану: ара

қашықтық, уақыт аралығы, масса, күш, қысым;

      5) пайдалана алуы: игерген білім, білік, дағдысын күнделікті өмірде, тұрмыста, қоршаған

ортаны қорғауда;

      6) келтіре білуі: физикалық шамалардың еселік және үлестік өлшем бірліктерін және өлшеу

нәтижелерін ХБ жүйесіне.

      45. 8-сынып оқушылары білуі тиіс:

      1) ғылыми білім санаты (фактілер мен құбылыстар, ұғымдар, заңдар, теориялық қорытындылар);

      2) ғылыми таным әдістері (бақылау, эксперимент, модельдер және болжамдарды құру,

зерттеулердің қорытындысы және оларды тексеру);

      3) ұғымдар (заттың дискреттік құрылысы; жылулық қозғалыс; молекулалар қозғалысының

жылдамдығы; температура; ішкі энергия; жұмыс ішкі энергияны өзгертудің тәсілі ретінде; жылу

өткізгіштік; конвекция; сәуле шығару; жылу мөлшері; заттың меншікті жылу сыйымдылығы;

калориметр; отынның меншікті жану жылуы; заттың агрегаттық күйлері; қатты денелер; кристалл және

аморф денелер; деформация; жылулық ұлғаю; балқу және қатаю; меншікті балқу жылуы; сұйық; булану;

конденсация; қайнау; қайнау температурасы; меншікті булану жылуы және конденсацияның меншікті

жылуы; газ; газдың көлемі және қысымы; газ және бу ұлғайғандағы жасалынатын жұмыс; іштен жану

двигателі; жылу двигателінің пайдалы әсер коэффициенті; денелердің электрленуі, электр заряды,

электр зарядтарының екі тегі, электр өрісі, электр өрісінің күш сызықтары, кернеулік, потенциал,

электр өрісінің жұмысы, электроскоп, конденсатор, электрсыйымдылығы; электр тоғы: тоқтың бағыты,

тоқ күші, электр тізбегі, электр кернеуі, электр кедергісі, меншікті кедергі, өткізгіш,

диэлектрик, жартылай өткізгіш, тұрақты ток, амперметр, вольтметр, омметр, реостат, тоқ көздері,

тоқтың жұмысы мен қуаты; газ разряды, электролиз, плазма, анод, катод);

      4) шамалар (ішкі энергия, температура, жылу мөлшері, отынның меншiктi жану жылуы, меншікті

жылу сыйымдылық, меншікті балқу жылуы, меншікті булану жылуы, ауаның ылғалдылығы, электр заряды,

электр тогының күші, электр кернеуі, электр кедергісі, электр тогының жұмысы және қуаты,

линзаның фокустық арақашықтығы).

      5) заңдар (молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары, жылулық және механикалық

процестердегі энергияның сақталу және айналу, Кулон, Ом, Джоуль-Ленц, электролиз).

      46. 8-сынып оқушылар меңгеруі тиіс:

      1) пайдалана алуы: табиғат құбылыстарын ғылыми зерттеу әдістері, бақылау жүргізу,

эксперименттерді жоспарлап және орындау, өлшеу нәтижелерді өңдеу, формулалар, кестелер,

графиктер арқылы ұсыну, физикалық шамалар арасында тәуелдiлiк орнату, алған нәтижені түсіндіру,

қорытынды жасау, өлшеу нәтижесіндегі қателіктерді бағалау;

      2) қолданыстарын білуі: жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылығы, электр құбылысы бойынша

теориялық білімдерін әр түрлi жұмыс салаларында өмірлік тәжірибеде шешу үшін;

      3) физикалық құбылыстарды сипаттау және түсіндіру: физикалық құбылыс, диффузия, заттың

агрегаттық күйлері, жылу берілудiң түрлерi, жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену, булану,

конденсациялану, қайнау, балқу, кристалдану, денелердің электрленуі, электр зарядының

әрекеттесуі, магниттердің әсерлесуі, тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері, токтың жылулық

әсері, электромагниттік индукция, шағылу, жарықтың сынуы және шағылуы, дисперсиясы.

      4) физикалық шамаларды өлшеу үшін физикалық құралдар мен өлшеу аспаптарын қолдану: қысым,

температура, ауаның ылғалдылығы, ток күші, кернеу, электр кедіргісі, электр тогының жұмысы мен

қуаты, электр тогы;

      5) өлшеу нәтижелерін кесте, сызба, графиктер көмегімен және эмпирикалық тәуелділіктер

негізінде көрсету: суыған дененің температурасының уақытқа тәуелділігі, заттың агрегаттық күйi

өзгерiсіндегі заттың температурасының уақытқа тәуелдігі, тізбектегі ток күшінің кернеуге

тәуелділігі, түсу бұрышының шағылу бұрышына, шағылу бұрышының түсу бұрышына тәуелділігі;

      6) келтіре білуі: физикалық шамалардың өлшем бірліктерін және өлшеу нәтижелерін ХБ

жүйесіне.

      47. 9-сынып білуі тиіс:

      1) ғылыми білім санаты (фактілер мен құбылыстар, түсініктер, заңдар, теориялық

қорытындылар);

      2) ғылыми таным әдістері (бақылау, эксперимент, модельдер және болжамдарды құру,



нәтижелерден қорытындысы және оларды тексеру;

      3) ұғымдар (физикалық құбылыстар, физикалық заң, материялық нүкте, орын ауыстыру, лездік

жылдамдық, үдеу, инерциялық санақ жүйесі, инерциялық емес санақ жүйесі, инерция, масса, күш,

дененің салмағы, салмақсыздық, тұйық жүйе, дене импульсі және импульс күші, реактивті қозғалыс;

гармониялық тербеліс, көлденең және қума толқын, фотон, фотоэффект, фотоэффектінің қызыл

шекарасы, ядролық реакция; байланыс энергиясы, жартылай ыдырау периоды, бөлінудің тізбекті

ядролық реакциясы, радиоактивтілік, радиоактивтік ыдырау, ядролардың бөлінуі).

      4) шамалар (жол, жылдамдық, үдеу, күш, импульс, жұмыс, қуат, кинетикалық энергия,

потенциалдық энергия, пайдалы әрекет коэффициенті, ішкі энергия, тербелістің амплитудасы,

периоды, жиілігі, толқын ұзындығы).

      5) заңдар (Ньютон, Кеплер, бүкіләлемдік тартылыс, Гук, механикалық энергияның және

импульстің сақталу, радиоактивті ыдырау).

      48. 9-сынып физика курсын оқу нәтижесінде меңгеруі тиіс:

      1) пайдалана алуы: табиғат құбылыстарын ғылыми зерттеу әдістері, бақылау жүргізу,

эксперименттерді жоспарлап және орындау, өлшеу нәтижелерін өңдеу, алған нәтижені түсіндіру,

қорытынды жасау, өлшеу нәтижесіндегі қателіктерді бағалауда;

      2) қолданыстарын білуі:: физика бойынша теориялық білімдерін әр түрлі қызмет саласында,

өмірде;


      3) физикалық құбылыстарды сипаттау және түсіндіру: кинематика заңдары негізінде тұрақты

үдеумен қозғалуы, шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалуы, еркін түсу үдеуі;

      3-1) Ньютонның динамика заңдары, импульс пен энергияның сақталу заңдарын қолдану негізінде

әр түрлі механикалық қозғалыстар, денелердің өзара әрекеттесуі;

      3-2) атомдардың энергия шығаруы және жұтуы; жылулық сәулелену және Планктың кванттық

гипотезасы, фотоэффект, кванттың энергиясы, рентген сәулелері;

      3-3) ядролық реактордың әрекет ету принципі, тіршілік иелеріне иондаушы сәулелердің әсері;

ядролық энергетиканы пайдалануға байланысты туындайтын экологиялық проблемалар; ядролық физика

саласындағы отандық және шетел ғалымдарының жетістіктері;

      3-4) -элементар бөлшектер, нанотехнологиялар, олардың адамзаттың дамуындағы рөлі туралы

мәліметтерді;

      4) физикалық шамаларды өлшеу үшін физикалық құралдар мен өлшеу аспаптарын қолдану: ара

қашықтық, уақыт аралығы, масса, күш;

      5) өлшеу нәтижелерін кесте, сызба, графиктер көмегімен және эмпирикалық тәуелділіктер

негізінде көрсету: уақыттың жүрілген жолға тәуелділігі, серпінділік күшінің серіппенің ұзаруына

тәуелділігі, үйкеліс күшінің нормаль қысым күшіне тәуелділігі, маятниктің тербеліс периодының

жіптің ұзындығына тәуелділігі, жүктің тербеліс периодының серіппеге ілінген жүктің массасына

және серіппенің қатаңдығына тәуелділігі.

      49. Тұлғалық нәтижелер:

      1) көрсете білуі қажет:

      1-1) өзіндік қалыптасуында танымдық қызығушылық, шығармашылық қабілет, сын тұрғысына

ойлау;


      1-2) табиғатты тану мүмкіндіктеріне сенімділік, адамзат қоғамын келешекте дамыту үшін

ғылым мен техника жетістігін қажеттілігіне қарай орынды қолдану, ғылым мен техниканың негізін

қалаушыларды құрметтеу;

      физикаға жалпы адамзат мәдениетінің элементі ретінде қарау;

      1-3) мәдени құндылықтар жүйесіне және қоршаған ортаға бейімделу біліктілігі;

      1-4) тұлғаға бағытталған әдіс негізінде білім алуға ынталығы;

      50. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:

      1) практикалық тапсырмаларды орындағанда (мақсат, әдістер, құрал-жабдықтар, нәтиже)

іс-әрекет теориясын қолдануы керек;

      2) өзінің және жобалаған жұмыстарының нәтижесін презентациялағанда дамыған коммуникативтік

қабілеттің, көптілділік мәдениетін меңгеру;

      3) практикалық тапсырмаларды орындауда және оларды көркемдеуде, өз білімдерін тереңдетіп,

кеңейтуде қазіргі ақпаратты-коммуникативті технологияны қолдану;

      4) функционалдық сауаттылық дағдыларын білу;



      5) жаратылыстану ғылымы мазмұнын әр түрлi ақпарат көздерін қолданып өзігінен iздестiруi

жүзеге асыру(оқу мәтіні, анықтама және белгілі ғылыми баслымдар, компьютерлік базалық мәлімет,

Интернет ресурстары), әртүрлi формаларда ұсыну және оларды өңдеу (ауызша, графиктер көмегімен,

математикалық белгіленуімен, суреттер және құрылымды сызбалармен).

Қазақстан Республикасы   

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 cәуірдегі   

№ 115 бұйрығына      

39-қосымша        

Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9 сыныптары үшін

«Химия» пәнінен типтік оқу бағдарламасы

1.Түсінік хат

      1. «Химия» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №

1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)

мемлекеттік жалпыға міндетті 

 сәйкес әзірленген..

стандартына

      2. Оқытудың мақсаты қоршаған әлем туралы химиялық білім мен жаратылыстану ғылыми

түсініктердің біртұтас жүйесін қалыптастыру, талдау қабілеті бар, химиялық тұрғыда ойлай алатын,

функционалды сауатты және шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту, өз денсаулығына, туған өлкеге және

қоршаған ортаға экологиялық-гуманистік қарым-қатынасты тәрбиелеу болып табылады.

      3. Оқыту міндеттері:

      1) әлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту және олардың

функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолдану;

      2) заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп-салдарлы

байланыстарды анықтау;

      3) химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттардың формулаларын

сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;

      4) заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;

      5) заттардың сандық және сапалық құрамын анықтауда және олардың қасиеттерін зерттеуде

реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын

сақтай отырып, химиялық тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін

дамыту;


      6) адамзаттың экологиялық, азық-түлік, өндірістік, энергетикалық мәселелерді шешудегі

химияның өскелең мәні мен гуманистік бағыттағы рөлін ашу;

      7) көпұлтты қоғамға сай кіріктірілген білім, құндылық пен қарым-қатынас жүйесін дамыту;

      8) өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде алған білімді пайдаланудың функционалдық

қабілеттіліктерін арттыру;

      9) мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану, презентация мен жобалау

жұмыстарын жасауда коммуникативті-ақпараттық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту;

      10) негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін

жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.

      4. «Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

      8-сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан;

      9-сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан.

      5. Пәнаралық байланыс келесі оқу пәндерімен жүзеге асырылады:

      1) «Биология» пәнімен:

      оттектің, атмосфералық ауаның, судың және сулы ерітінділердің тірі организмдер үшін

биологиялық рөлі және оларды ластанудан қорғау; жасушадағы судың биологиялық рөлі; фотосинтез

процесінің маңызы; тірі организмдердегі микро- және макроэлементтердің маңызы; жүйелердегі


бейорганикалық және органикалық заттардың маңызы;тұрмыста химиялық заттарды қолданудың

экологиялық қауіпсіздігі.

      «География» пәнімен:

      адамзат тіршілігіндегі судың рөлі және халық шаруашылығындағы және Қазақстан

экожүйелеріндегі су ресурстарын қорғау;Қазақстандағы металлургиялық, химиялық және қайта өңдеу

кешендері;Қазақстан территориясындағы пайдалы қазбалардың кен орындары;минералды ресурстарды

тиімді пайдалану және табиғатты экологиялық қорғау;энергияның альтернативті көздері;

      2) «Алгебра» және «Геометрия» пәндерімен:

      физикалық шамалардың сандық мәндерінің пропорционалдық тәуелділігі;заттың мөлшерлік құрамы

бойынша есептеулер;химиялық реакция теңдеулері және формулаларды қолданып есептеулер

жүргізу;кеңістіктік конфигурация; молекуланың кеңістіктегі пішіні, молекула құрамындағы атомдар

арасындағы валенттік бұрыштар;

      3) «Физика» пәнімен:

      атом, молекула және заттардың құрылысы туралы атом-молекулалық ілім;зат массасының сақталу

заңы, Авогадро заңы;ерітінділердің тығыздығы, газдардың салыстырмалы тығыздығы және

көлемі;кристалл торларының типтері және құрылысы;атом ядросының құрылысы, изотоптар;жылулық

энергия түрі;

      4) «Информатика» пәнімен:

      электронды оқулықтармен, нұсқаулықтармен, виртуальді лабораториямен, тесттік

құрылғылармен, аспаптармен жұмыс жүргізу;компьютерлік бағдарламаларды қолданып,

ақпаратты-иллюстративтік слайдтар, презентациялар, тесттер, жобалар жасау;

      5) «Тарих» пәнімен:

      химия ғылымының тарихи және ғылыми алғышарттары, ғылыми ашылулар және қазақстандық

ғалымдардың ғылым, технология және өндірістің дамуына қосқан үлестері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет