Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-9-сыныптары оқушыларының дайындық деңгейінің



Pdf көрінісі
бет51/132
Дата02.01.2017
өлшемі3,08 Mb.
#970
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   132

11. 6-9-сыныптары оқушыларының дайындық деңгейінің

жүйелі-әрекеттік нәтижелері

      68. Оқушылар:

      1) бірлестіктердің алмасуын түсіндіру үшін экологиялық білімдерін; 

      2) биологиялық зерттеулердің қарапайым әдістері мен құрал-жабдықтарын; 

      3) биологиялық объектілер мен саймандарды, құрал-жабдықтарды; 

      4) биологиялық объектілермен құралдармен,саймандармен техникалық қауіпсіздік ережелеріне; 

      5) анықтамалық материалдар,айырғыштар, қосымша әдебиеттерге; 

      6) микропрепараттар даярлауда және оларды микроскоп астында қарауда

      7) жануарлардың оқып танысқан тұқымдастарының белгілі өкілдеріндегі адам әрекетіне

байланысты өзгерістерді және маусымдық өзгерістерді бақылауда; 

      8) жануарлардың тіршілігін зерттеу үшін қарапайым тәжірибелер жүргізуде; 

      9) үй жануарларының қолтұқымдарына, түр өкілдеріне ұқыптылықпен қарау; 

      10) жануарлардан түрлі аурулар жұқтырудың алдын алу; 

      11) жануарларды күтіп-баптауда жеке бастың және қоғамдық гигиеналық шараларды қолдануда; 

      12) өсімдіктердің тіршілік әрекеттері мен құрылысы туралы білімін оларды өсіру әдістері,

қорғау шаралары үшін; 

      13) табиғи бірлестіктер туралы білімін оларды қорғау шараларын негіздеу үшін; 

      14) өсімдіктердің тіршілік әрекеттері мен құрылысы туралы білімін оларды өсіру әдістері,

қорғау шараларын негіздеу үшін; 

      15) бактериялар,саңырауқұлақтардың құрылысы және тіршілік әрекеттері және вирустар туралы

білімдерін азық-түлік өнімдерін сақтау әдістерін, уланудың және ауру жұқтырудың алдын алу

шараларын негіздеу үшін; 

      16) түрлер, табиғи бірлестіктер туралы білімін оларды қорғау шараларын негіздеу үшін

білімдерін қолдана білуі тиіс. 

      69. Оқушылар:

      1) өсімдіктің жасушалы құрылысы туралы; 

      2) органикалық дүниенің туыстығы және бірлігі туралы; 

      3) өсімдіктер әлемінің күрделенулері туралы; 

      4) тірі табиғаттың шығу тегінің бірлігі туралы; 

      5) адам организмінің жасушалық құрылысы туралы; 

      6) адамның жануарлардан шығуы туралы қорытынды жасай білуі тиіс. 

      70. Оқушылар:

      1) өсімдіктердің эволюция процесінде күрделенуі; 

      2) табиғи және жасанды бірлестіктерге; 

      3) өсімдіктердің ең көп таралған түрлері мен іріктемелеріне;

      4) өсімдіктердің оқып-танысқан Тұқымдастарының белгілі өкілдеріне;

      5) мәдени өсімдіктердің ең көп таралған түрлері мен іріктемелеріне;

      6) вирустық және бактериялық жұқпалы ауруларға; 

      7) бірлестіктердің алмасуын түсіндіру үшін экологиялық білімге;

      8) биологиялық зерттеулердің қарапайым әдістері мен саймандарына; 

      9) салауатты өмірсалтын негіздеу үшін адам организмінің құрылысы мен тіршілігіне; 

      10) мінез-құлықтың гигиеналық нормаларын сақтауға; 

      11) жарақаттардың және аурулардың алдын алуға мысалдар келтіре білуі тиіс. 

      71. Оқушылар:

      1) адамның тіршілік-әрекеттерін зерттеу бойынша жүргізілген зертханалық жұмыстардың

нәтижесін; 

      2) өз организміңнің анатомиялық-физиологиялық өзгерістерін; 

      3) өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерін; 



      4) тәжірибе нәтижесін; 

      5. мәдени өсімдіктердің тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерін; 

      6) өсімдік Тұқымдастарының белгілі өкілдерін зерттеп білу үшін тәжірибелер нәтижесін; 

      7) мектептің оқу-тәжірибе учаскесіндегі және күнделікті өмірде кездесетін түрлі жүйелік

категорияларға жататын өсімдіктерінің өсуі мен дамуын бақылай білу тиіс. 

      72. Оқушылар:

      1) микропрепараттар даярлау және оларды микроскоп астында қарауда;

      2) адам әрекетінің әсерінен тіршілік ортасын өзгертуде;

      3) адамның салауатты өмір салтының, оның жеке басының және қоғамдық гигиеналық ережелерін;

      4) улы саңырауқұлақтармен, өсімдіктермен уланудың алдын алуда ережелерді сақтай білуі

тиіс.

Қазақстан Республикасы   



Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі   

№ 115 бұйрығына      

38-қосымша        



Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптары үшін «Физика» пәнінен типтік оқу

бағдарламасы

1. Түсінік хат

      1. «Физика» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №

1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)

мемлекеттік жалпыға міндетті 

 сәйкес әзірленген.

стандартына

      2. Физика – оқушыға білім беретін және өзіндік тәрбиелік ықпалы бар, оның ақыл - ойын және

логикалық ойлау қабілетін дамытатын, ерік-жігерін тәрбиелейтін өзіндік мазмұны және зерттеудің

ғылыми әдістері бар жетекші ғылымдардың бірі болып табылады.

      3. Бүгін мектептегі «Физика» оқу пәнінің курсы ғылыми түрде ойлауды қалыптастыруға

бағытталған, оқушының шығармашылық, коммуникативтік қабiлетін, абстрактiлi-теориялық және

практикалық ойлауын, сыни ойлау және талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

      4. «Физика» курсын 7-9 сыныптарда оқытудың мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымының

негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік және шығармашылық

қабілетін қалыптастыру, физиканың негiзгi заңдарымен танысудан, табиғаттың құбылысын зерттеуден

меңгерген білімі және білігін техникада және күнделiктi өмiрде пайдалана білу.

      5. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу қамтамасыз етедi:

      1) қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесінің негізін беретін физикалық құбылыстар,

ұғымдар, заңдылықтар және теориялық қорытынды туралы білімдерді, табиғаттың ғылыми таным

әдістері туралы білімдерді, құбылыстарды бақылау, эксперименттік тапсырмаларды орындау, болжау

және жобалауды жүзеге асыру біліктілігін меңгерту;

      2) физикалық экспериментті орындау дағдысын, зерттеушілік қабiлетін, өмірлік, тәжірибеде

мәні бар есептерді шешу үшін игерген білім және білігін қолдану үдерісінде танымдық

қызығушылығын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      3) оқу және зерттеу жұмысына жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны қорғау және табиғат

құндылықтарын тиімді пайдалану, қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету,

      базалық білім негізінде экономикалық және саяси, әлеуметтік, мәдени қызметтерге ат салысу

дағдысына тәрбиелеу.

      6. 7-9 сыныптарға арналған «Физика» оқулығының базалық оқу материалының мазмұны іс жүзінде

сақталды, ерекшелігі оқушылардың негізгі игерген білімдерін тәжірибеде көбірек қолдануға

бағытталған және қазіргі қоғамда өмірлік жағдаяттарға бейімделуге негізделеді.

      7. Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалынған, олардың жаңа



контексте игерген білімдерін қолдануға және даму үдерісінің жаһандануы, табиғаттың физикалық

заңдылықтарының мәнiн аша отырып практикалық жұмыстарды орындауына кеңінен мүмкiндiк туғызады.

      8. 7-9 сыныптарына арналған «Физика» пәнінің білім мазмұны іргелілік, жүйелілік,

біртұтастық, мәдени үйлесімділік, түсініктілік, сабақтастық сияқты принциптер негізінде

құрастырылған.

      9. Пәнаралық байланыс ана тілі пәнімен (қазақ, орыс):

      тіл лексикасы;

      ауызша және жазбаша коммуникация (әңгіме, эссе, шығарма, реферат, шығармашылық жоба);

      коммуникативті мәдениет;

      физиканың негізгі терминологиясын білу білімі, физикалық терминдерді қолдану арқылы

оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

      10. Пәнаралық байланыс алгебра пәнімен:

      рационал сандармен есептер шығару;

      формулалар арқылы есептеу, пропорцияны шешу;

      тікбұрышты координат жүйесінде сызбалар салу;

      y= kx және y=kx, y=kx  y=1/х функция түрлері және оның графиктері;

2

      квадраттық теңдеулер және теңсіздіктер;



      негізгі тригонометриялық формулалар;

      сызықтық теңдеулер жүйесі және оларды шешу.

      11. Пәнаралық байланыс геометрия пәнімен:

      векторлар және амалдар қолдану;

      геометриялық фигуралардың ауданы;

      бұрыштар туралы мәлімет (градустық өлшеу) бұрыштарды өлшеу және салу;

      центрлік және іштей сызылған бұрыш;

      үшбұрыштардың теңдігі және ұқсастығы;

      косинус, синус, Пифагор теоремасы.

      12. Пәнаралық байланыс химия пәнімен:

      заттардың молекулалық құрылысы;

      жану;

      энергияның сақталу және айналу заңдары;

      кристалл торлардың құрылысы;

      Менделеев элементтерінің периодтық жүйесі;

      изотоптар және атом ядросының құрылысы;

      массаның сақталу заңы;

      спектралдық анализ;

      химиялық элементтердің радиоактивтi изотоптарын алу.

      13. Пәнаралық байланыс биология пәнімен:

      биосферадағы энергияның айналуы және заттардың айналымы;

      ультракүлгін және инфрақызыл, рентген сәулелерінің өсімдік және тірі оргнизмдерге әсері.

      14. Пәнаралық байланыс география пәнімен:

      жауын-шашын, ауа, су буы туралы, заттардың меншікті жылу сыйымдылығын қолдана білуі;

      механикалық энергия туралы білімі (өзен және жел энергиялары);

      компас көмегімен бағытты айыра білу біліктілігі;

      гидроэнергетикалық ресурстар қоры және оларды еліміздің барлық өңірінде пайдалану туралы

мәлiметтер;

      жергілікті және ауқымды экологиялық мәселелер;

      Жер ғаламшары, Жердің магнит өрісі туралы мәлімет, магнит өрісіндегі зарядталған

бөлшектердің қозғалысы, Күн жүйесіндегі денелердің физикалық табиғаты;

      электрэнергияны пайдалана білу білімі.

      15. Пәнаралық байланыс информатика пәнімен:

      электрондық кестеде, графикалық редактордың ортасында модельдеу;

      белгілі бір тапсырманы орындаудың алгоритмін құру;

      «Интернет» желісіндегі жұмыс: браузердің және іздеу программаларының көмегімен ақпаратты

іздеу және оны қарау;


      электронды тасымалдаушыда мәліметті сақтау;

      электрондық почтамен хабарлама жіберу;

      слайдтарды құрастыру.

      16. Пәнаралық байланыс технология пәнімен::

      механикалық өңдеуде дененің қызуы, материалдың серпінділігі;

      электр тізбегі және олардың элементтері, электр тізбегі және оның шартты түрде белгіленуі,

қыздыру шамының, патронның, сөндіргіш штепсель шанышқылардың құрылысы, электромагниттер және

олардың қолданылуы, автоматты құрылымдардың элементтері;

      жылу қозғалтқыштардың құрылысы.

      17. Оқыту нәтижелері оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптарда көрсетілген және

ол оқытудың қорытынды нәтижелерінің жүйесін береді. Оған жету оқушының негізгі мектеп курсы

бойынша оң нәтижелі аттестациясының міндетті шарты болып табылады.

      18. «Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:

      1) 7 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

      2) 8 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

      3) 9 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды



2. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны

      19. «Физика – табиғат туралы ғылым (9 сағат)»:

      1) табиғат және адам;

      физика – табиғат туралы ғылым;

      физикалық терминдар мен ұғымдар;

      физика және техника;

      аспан денелері туралы ғылым;

      орталық Азия ғалымдарының ғылымды дамытудағы рөлі;

      ежелгі дүниедегі халық астрономиясы;

      қазiргi әлемдегi физика;

      табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері;

      физикалық эксперимент;

      физикалық теория;

      физикалық шама;

      шамаларды өлшеу;

      өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі;

      өлшемдердің метрлік жүйесі;

      бірліктердің халықаралық жүйесі;

      өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі;

      үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу;

      2) № 1-лабораториялық жұмыс:

      өлшеуiш цилиндр (мензурка) бөлiктерiнiң құнын анықтау, дененiң көлемiн өлшеу;

      3) көрсетілімдер:

      демонстрациялық өлшеуіш аспаптар (мензурка, амперметр, вольтметр т.б.;

      4) практикалық жұмыстар:

      аспап шкаласындағы бөліктің құнын анықтау.

      20. «Заттың құрылысы (5 сағат)»:

      1) атомдар және молекулалар;

      заттың молекулалық құрылысы;

      молекулалардың қозғалысы;

      диффузия құбылысы;

      дене температурасының оның молекулаларының жылдамдығына тәуелділігі;

      заттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде

түсіндіру;

      масса және заттың тығыздығы;


      қазіргі әлемдегі нанотехнология

      2) лабораториялық жұмыс;

      1-1) № 2-лабораториялық жұмыс:

      кішкентай денелердің өлшемін анықтау;

      2-2) №3 лабораториялық жұмыс:

      қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау;

      3) көрсетілімдер:

      газдардың сығылуы;

      қыздырған денелердің ұлғаюы;

      бояудың суда еруі;

      газдардың, сұйықтықтардың араласуы;

      молекулалардың ретсіз қозғалысының үлгісі;

      қорғасын цилиндрлер, пластилин кесектерінің жабысуы.

      21. «Қозғалыс (10 сағат)»:

      1) механикалық қозғалыс;

      қоршаған орта және механикалық қозғалыс;

      санақ денесі;

      қозғалыстың салыстырмалылығы;

      планеталардың қозғалысы;

      Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі;

      материялық нүкте;

      қозғалыс траекториясы;

      жол;

      бiрқалыпты және бiрқалыпты емес қозғалыстар;

      жылдамдық;

      жылдамдық бірліктері;

      бiрқалыпты емес қозғалыс кезiндегi орташа жылдамдық;

      бiрқалыпты түзу сызықты қозғалыстың графигi;

      2) көрсетілімдер:

      қозғалыстың салыстырмалылығы (ойыншық автомобильді, көрсеткіштер мен «жолаушыны» пайдалану

арқылы);

      жіпке ілінген шардың қозғалыс траекториясы;

      бордың тақтада жүрген (сызған) жолын өлшеу;

      суы бар шыны түтіктегі ауа көпіршігінің бірқалыпты қозғалысы;

      стробоскоп;

      спидометр;

      3) практикалық жұмыстар:

      қозғалыстың салыстырмалылығы;

      жол, орын ауыстыру және бiрқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы дененің координатасы.

      22. «Денелердің өзара әрекеттесуі (12 сағат)»:

      1) инерция;

      күш – денелердiң өзара әрекеттесуiн сипаттайтын шама;

      тартылыс құбылысы;

      бүкiл әлемдiк тартылыс заңы;

      ауырлық күші;

      басқа планеталардағы ауырлық күші;

      дененің салмағы, салмақсыздық;

      деформация;

      Гук заңы;

      динамометр;

      денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу;

      үйкеліс күші;

      үйкеліс әрекетін техникада ескеру;

      2) №4 лабораториялық жұмыс:



      серпімді деформацияларды зерделеу;

      3) көрсетілімдер:

      инерцияның көрінісі (балғаны саптау);

      әр түрлі салмақтағы гирлер, таразының түрлері;

      демонстрациялық таразымен дененің салмағын өлшеу (таразымен жұмыс істеу ережесі);

      көлемдері бірдей денелердің массаларын салыстыру (жүктер жиынтығы); динамометрдің құрылысы

мен жұмыс қағидасы;

      әртүрлі динамометрмен көрсетілім жасау;

      бір түзудің бойымен бағытталған күштерді қосу;

      интерактивті үлгілер;

      4) практикалық жұмыстар:

      сапалық және мәтінді есептер шығару;

      механикадағы күштер.

      23. «Қысым (17 сағат)»:

      1) қысым;

      қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі;

      Паскаль заңы;

      гидравликалық пресс;

      газдың қысымы;

      ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым;

      қатынас ыдыстар, су құбыры;

      атмосфералық қысым;

      Торричелли тәжірибесі;

      барометр;

      атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі;

      манометрлер;

      сорғылар;

      Архимед күші;

      денелердің жүзу шарттары;

      ареометрлер;

      су көлiгi;

      ауада ұшу;

      2) лабораториялық жұмыс:

      2-1) № 5 лабораториялық жұмыс:

      Архимед заңын тексеру;

      2-2) № 6 лабораториялық жұмыс:

      дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау;

      3) көрсетілімдер:

      қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі;

      қатынас ыдыстар;

      ыдыстардағы сұйықтың еркін бетіне түсіретін қысымы;

      Торричелли тәжірибесі.

      сұйыққа батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күш;

      4) практикалық жұмыстар:

      сапалық және мәтінді есептер шығару

      Архимет заңы.

      24. «Жұмыс, қуат, энергия (12 сағат)»:

      1) дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы;

      қуат;

      энергия;

      денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары;

      ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы;

      деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы;

      механикалық энергия;



      механикалық энергияның сақталу заңы;

      күш моменті;

      тепе-теңдiк шарттары;

      иінді таразылар;

      жай механизмдер;

      көлбеу жазықтық;

      механиканың «Алтын ережесі»;

      механизмдердің пайдалы әрекет коэффициенті;

      ең қуатты машиналар;

      тiрi табиғаттағы қуат және жұмыс;

      2) лабораториялық жұмыс.

      2-1) № 7 лабораториялық жұмыс:

      денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау, көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтау;

      2-2) № 8 лабораториялық жұмыс:

      иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау;

      3) көрсетілімдер:

      жай механизмдер;

      көлбеу жазықтықтағы дененің кинетикалық энергиясының массасына және оның жылдамдығына,

дененің потенциялдық энергиясының биіктігіне байланыстығын көрсететін тәжірибелер;

      4) практикалық жұмыстар:

      сапалық және мәтінді есептер шығару;

      механизмдердің пайдалы әрекет коэффициенті;

      25. Уақыт қоры (3 сағат).

3. Оқу пәнінің 8–сыныптағы базалық білім мазмұны

      26 «Жылу құбылыстары (24 сағат)»:

      1) температура, оны өлшеу тәсілдері;

      термометрлердiң түрлерi;

      температураның шкаласы;

      жылулық қозғалыс;

      броундық қозғалыс;

      диффузия;

      ішкi энергия.;

      ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi;

      жылу құбылысының тірі организмдегі ролі;

      суық кездегі адам;

      жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару;

      табиғаттағы және техникадағы жылу берілу;

      жылу берудегі конвекцияның орны;

      жылу мөлшері;

      заттың меншікті жылу сыйымдылығы;

      отынның меншікті жану жылуы;

      отынның энергиясы;

      механикалық және жылу процестеріндегi энергияның сақталу және айналу заңы;

      заттың агрегаттық күйлері;

      қатты денелердiң балқуы және қатаюы;

      балқу температурасы;

      меншiктi балқу жылуы;

      будың пайда болуы;

      булану және конденсация;

      қаныққан және қанықпаған булар;

      ауаның ылғалдылығы;



      ылғалдылықты өлшеуге арналған құралдар;

      қайнау;

      меншiктi булану жылуы;

      қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау;

      термодинамика негiздерi;

      термодинамиканың бiрiншi заңы;

      газдың және будың жұмысы;

      жылу процестерiнiң қайтымсыздығы;

      термодинамиканың екінші заңы;

      қазiргi физикадағы термодинамиканың рөлi;

      жылу қозғалтқыштары;

      жылу қозғалтқыштарының п.ә.к.-ті;

      жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдары;

      жылу қозғалтқыштарының энергетиканың дамуындағы рөлi;

      тоңазытқыш;

      жылу қозғалтқыштары және оның адам өміріндегі маңызы;

      жылу машиналары және табиғатты қорғау;

      жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер;

      айдағы, Марстағы, Шолпандағы термодинамикалық жағдайлар;

      2) көрсетілімдер:

      түрлі денелердің жылу өткізгіштігі;

      металдардың жылу өткізгіштігіндегі айырмашылықтар;

      сұйықтар мен газдардағы конвекция;

      әртүрлі сұйықтардың булануы;

      будың конденсациясы кезіндегі энергияның бөлінуі;

      қаныққан булардың қасиеттері;

      судың қайнауы;

      судың төменгі қысымда қайнауы;

      жұмыс атқарғанда және жылу берілу кезінде дененің ішкі энергиясының түрленуі;

      әртүрлі металдардың жылу сыйымдылықтарын салыстыру.

      колориметр және онымен жұмыс істеу;

      термостың құрылысы;

      будың жұмысы;

      бу турбинасының құрылысы (моделі);

      төрт тактілі іштен жану қозғалтқышының құрылысы мен жұмысы (моделі).

      2) лабораториялық жұмыс;

      2-1) № 1 лабораториялық жұмыс:

      температуралары әртүрлi суды араластырып жылу мөлшерін салыстыру;

      2-2) № 2 лабораториялық жұмыс:

      мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау.;

      2-3) № 3 лабораториялық жұмыс:

      ауаның ылғалдылығын анықтау;

      3) Практикалық жұмыстар:

      денені қыздыру үшін қажетті немесе оны суытқанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу;

      заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау;

      заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу.

      27.«Электр құбылыстары (22 сағат)»:

      1) денелердің электрленуі;

      электр зарядының сақталу заңы;

      электроскоп;

      өткізгіштер мен диэлектриктер;

      қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi;

      Кулон заңы;

      элементар электр заряды;



      электр өрiсi;

      электр өрісінің кернеулігі;

      потенциал және потенциалдар айырымы;

      конденсаторлар;

      табиғаттағы электр құбылысы;

      өндірісте және тұрмыста электрлендіруді есепке алу және қолдану;

      электр тогы,

      электр тогы көздері;

      электр тізбегі және оның құрамды бөлігі;

      ток күшi;

      Амперметр.;

      кернеу;

      Вольтметр;

      тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы;

      өткiзгiштiң электр кедергiсi;

      өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi;

      электр кедергісінің температураға тәуелділігі;

      асқын өткізгіштік, резистор және реостат;

      өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу;

      электр тогының жұмысы мен қуаты;

      электр тогының жылулық әсері;

      Джоуль-Ленц заңы;

      кыздыру шамдары;

      электрқыздырғыш құралдар;

      қысқа тұйықталу;

      балқымалы сақтандырғыштар;

      электр тогының химиялық әсерi, (Фарадейдiң заңы);

      2) көрсетілімдер:

      әртүрлі денелердің электрленуі, электрленген денелердің өзара әрекеттесуі;

      электрометрдің құрылысы мен жұмыс істеуі;

      электр зарядының бөлінгіштігі;

      кулон заңының дұрыстығын суреттеу;

      ток көздері;

      амперметрдің жұмыс істеу принципі;

      ток күшін амперметрмен өлшеу;

      вольтметрдің жұмыс істеу принципі;

      кернеуді вольтметрмен өлшеу;

      электр тізбегін құрастыру;

      3) лабораториялық жұмыс

      3-1) № 4 лабораториялық жұмыс:

      электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшiн өлшеу;

      3-2) № 5 лабораториялық жұмыс:

      тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңын тексеру;

      3-3) № 6 лабораториялық жұмыс:

      өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосуды зерделеу;

      3-4) № 7 лабораториялық жұмыс:

      электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау;

      4) практикалық жұмыстар:

      ток күші мен кернеуді есептеу;

      Электр тізбегін есептеу.

      28. «Электромагниттік құбылыстар (8 сағат)»:

      1) тұрақты магнит;

      магнит өрiсi;

      тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi;



      тогы бар шарғының магнит өрiсi;

      электромагниттер және оларды қолдану;

      магнит өрiсiнiң тогы бар өткiзгiшке әрекеті;

      электроқозғалтқыш;

      электр өлшеуіш құралдар;

      электромагниттiк индукция;

      генераторлар;

      2) көрсетілімдер:

      тогы бар өткізгіштің магнит өрісін бақылау;

      тогы бар түзу өткізгіш пен раманың магнит өрісіндегі қозғалысы;

      тұрақты ток электр қозғалтқышының құрылысы мен жұмысы;

      3) лабораториялық жұмыс:

      3-1) № 8 лабораториялық жұмыс:

      тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу;

      3-2) № 9 лабораториялық жұмыс:

      электрмагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау.

      4) практикалық жұмыстар:

      магниттердің өзара әрекеттесуі..

      29. «Жарық құбылыстары (10 сағат)»:

      1) жарық6;

      жарық көздері;

      күн – жұлдыз;

      жарықтың түзу сызықты таралу заңы;

      көлеңке және жартылай көлеңке;

      күннің және Айдың тұтылуы;

      жарықтың шағылуы;

      шағылу заңдары;

      толық шағылу;

      жазық және сфералық айналар;

      сфералық айна көмегімен кескін алу;

      жарықтың сынуы;

      жарықтың сыну заңы;

      линзалар;

      линзаның оптикалық күшi;

      жұқа линзаның формуласы;

      линзаның көмегімен кескiн алу;

      көз - оптикалық жүйе;

      көздiң көру кемістігі және олардың түзету әдiстері;

      оптикалық аспаптар;

      жарықтың дисперсиясы;

      түс және жарық;

      2) көрсетілімдер:

      жарықтың шағылу заңы;

      жазық айнадағы кескін;

      жарықтың сыну заңы;

      линзаның көмегімен кескін алу;

      3) лабораториялық жұмыс:

      3-1) № 10 лабораториялық жұмыс:

      шынының сыну көрсеткiшiн анықтау;

      3-2) № 11 лабораториялық жұмыс:

      линзаның көмегiмен кескiн алу;

      4) практикалық жұмыстар:



      жарық құбылыстары.

      30. Уақыт қоры (4 сағат)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет