3.Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны
40. 11 сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт), (барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан).
Кіріспе – (1 сағат).
1) ХХ ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері – (31 сағат).
2) ХХ ғ. екінші жартысы – ХХI ғ.басындағы Батыс елдері дамуының негізгі бағыттары) – (31
сағат);
3) Маршалл жоспары және оның соғыстан кейінгі Еуропа экономикасын қалпына келтірудегі
рөлі. ХХ ғ. екінші жартысындағы Батыс елдері экономикасының даму ерекшеліктері. Батыс қоғамы
өндіргіш күштерінің ғылыми-техникалық революция кезеңіндегі өзгерістері);
4) Өндірістің кешенді түрде автоматтандырылуы және механикаландырылуы. ХХ ғасырдың соңы
мен ХХІ ғасырдың басындағы Батыс экономикасы. Компьютерлік техника. Ақпараттық технологиялар.
Батыс қоғамын демократияландыру үдерісінің тереңдеуі. Демократиялық мемлекеттің жаңа модельдерін
жасау. Әлеуметтік мемлекет. «Жақсы тұрмыс» мемлекеті).
41. Ұлыбритания - (3 сағат).
1) Ұлыбритания. ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 60-жылдарында. Екінші дүниежүзілік
соғыстың зардаптары. К. Эттли үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. 1951 ж. сайлау және
консерваторлардың жеңісі. Консервативтік үкіметтердің ішкі және сыртқы саясаты. Англияның
Еуропалық Экономикалық Қауымдастыққа қосылуы туралы мәселе. Ұлыбританияның ҒТР жағдайындағы
дамуы. Г. Вильсон үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Солтүстік Ирландиядағы жағдайдың
шиеленісуі;
2) Ұлыбритания 70-90-шы жылдарда. Консервативтік үкіметтің әлеуметтік-экономикалық
саясаты. ЕЭҚ мүше болуы. Экономикалық дағдарыс. Лейбористердің «әлеуметтік байланыс» саясаты.
Британдық ұлттар ынтымақтастығының даму мәселелері. М. Тэтчер үкіметінің әлеуметтік-экономикалық
саясаты. Сыртқы саясат. Аргентинамен соғыс. Ольстер мәселесі. М.Тэтчердің қызметтен кетуінің
себептері. Дж. Мейджор үкіметінің саясаты;
3) Ұлыбритания XX ғ.соңы – ХХI ғ. басында. Т. Блэр үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты.
Жаңа лейборизм. Конституциялық реформа. Батысеуропалық интеграциядағы Ұлыбританияның рөлі. Дж.
Г. Браун үкіметі. 2010 ж. парламенттік сайлау. Д. Камеронның отарлық үкіметі.
42. Франция – 3 с.
1) Франция ХХ ғ».(40-жылдарының екінші жартысы – 70-жылдарында. Уақытша режим. Экономиканы
қалпына келтіру. Төртінші республиканың Конституциясы. Францияның Төртінші республика кезіндегі
дамуы. Саяси тұрақсыздық. Отарлық мәселенің шиеленісуі. Алжирдегі соғыс және оның елдегі саяси
ахуалға әсері. IV республиканың дағдарысы және құлауы. 1958 ж. Конституция және Бесінші
республиканың құрылуы. Президент Ш. де Голль кезіндегі Францияның ішкі және сыртқы саясаты. ГТР
және экономикадағы құрылымдық өзгерістер. 1968 ж. жағдай. Алжир мәселесін шешу. Сыртқы саясат.
Францияның соғыстан кейін дамуындағы Ш. де Голль мен голлизмнің рөлі. Президент Ж. Помпидудің
саясаты. 1974 ж. сайлау және билік басына центристердің келуі. В. Жискар д Эстен;
2) Франция ХХ ғ. 80-90-шы жылдарында. Солшыл күштердің 1981 ж. президенттік және
парламенттік сайлаулардағы жеңісі. «Миттеран дәуірі». Елді «социалистік жаңарту» тұжырымдамасы.
1981-1984 жж. реформалар. Миттеранизмнің 80-ші жылдардың ортасындағы дамуы. Сыртқы саясат.
Еуропалық интеграцияның тереңдеуі. 1986 ж. парламенттік сайлау. Ж. Ширактың
әлеуметтік-экономикалық саясаты;
3) «Францияның ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ.» (басындағы дамуы. 1995 ж. президенттік сайлаудағы Ж.
Ширактың жеңісі. Франциядағы қазіргі заманғы саяси партиялар. 1997 ж. парламенттік сайлау және
солшыл күштердің жеңісі. Л. Жоспен кабинетінің қызметі. 2007 ж. президенттік сайлау және Н.
Саркозидің жеңісі. 2008 жылғы Конституциялық реформа. Президенттік институттағы өзгерістер. Ф.
Фийон үкіметі. Қоғамдық қозғалыстар. Ереуілдер.
43. Германия – 3 с.
1) Елді бөлшектеу және екі герман мемлекетінің пайда болуы. Потсдам конференциясы және
оның герман мәселесі туралы шешімдері. Германиядағы оккупациялық режим. Батыс және Шығыс
Германиядағы саяси үдерістер. Экономиканы қалпына келтіру мәселесі. Батыс белдеулердегі ақша
реформасы. Берлин дағдарысы. Елді жіктеу. Екі герман мемлекетінің пайда болуы: ГФР және ГДР;
2) ХХ ғ. 50-80-жылдардың басындағы Германия Федеративтік Республикасы. Германия
Федеративтік Республикасының Конституциясы. Германия Федеративтік Республикасының
саяси-партиялық жүйесі. К. Аденауэр үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Неміс
«экономикалық ғажайыбы». 60-шы жылдардағы Германия Федеративтік Республикасының экономикалық
және саяси дамуы. ГФР сыртқы саясаты. ГФР және батысеуропалық интеграция мәселесі. ЕЭС құрылуы.
1969 ж. сайлау және «кіші коалицияның» жеңісі. В. Брандт үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты.
70-жылдардың ортасындағы дағдарыс және оның зардаптары;
3) ГФР ХХ ғ. 80-жылдарының екінші жартысы – XXI ғ. басында. Христиандық демократтардың
билік басына келуі. Г.Коль үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Неоконсерватизмнің германдық
нұсқасы. Берлин қабырғасының құлатылуы. Германияның бірігуі. Біріккеннен кейінгі ГФР дамуы.
Шығыс жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәселе. Г.Коль үкіметінің 90-шы жылдардағы
ішкі және сыртқы саясаты. ГФР ХХ – XXI ғғ. тоғысында. Г. Шредер және А. Меркель үкіметтерінің
ішкі және сыртқы саясаты.
44. «Италия» – 2 с.
1) Италия ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 80-жылдарында. Экономиканы қалпына келтіре
бастау. Монархияны жою. Республиканың жариялануы. 1947 ж. Конституция. Аграрлық реформа. 60-шы
жылдардағы елдің экономикалық дамуы. Коалициялық үкіметтің ішкі және сыртқы саясаты. 60-шы
жылдардағы жаппай қозғалыс. 70-ші жылдардың ортасындағы экономикалық дағдарыс және оның
зардаптары. А. Мороның өлтірілуі. Лаңкестік және неофашизм. 1979 ж. парламенттік сайлау.
Италияндық неоконсерватизмнің ерекшеліктері. Италиядағы саяси тұрақсыздықтың себептері.
Коррупциямен күрес;
2) Италия ХХ ғ. 90-жылдары – XXI ғасырдың басында. Италиядағы екінші республика. 1996 ж.
сайлау. «Олива» солшылцентристік одағының жеңісі. Р. Проди және М. Д’Алем үкіметтерінің қызметі.
2001 ж. парламенттік сайлау. С. Берлусконидің оңшылцентристік кабинетінің саясаты. Оңшылдар мен
солшылдардың күресі. Үкіметтік дағдарыс. «Босси-Фини» заңы. С. Берлусконидің қызметтен кетуі
және М. Монти үкіметінің құрылуы.
45. Испания – 1 с.
1) Франко диктатурасы кезіндегі елдің дамуы. Тоталитарлық режимнің ішкі саясаты.
60-жылдардағы экономикалық саясаттағы өзгерістер. Диктатурадан демократияға өту. Саяси
реформалар. Партиялар қызметінің жандануы. Жаңа конституцияның қабылдануы. Демократиялық
құрылыстың нығаюы және дамуы. Испания XX-XXI ғғ. тоғысында. Испанияның сыртқы саясаты.
2) Қайталау - 1 с.
46. КСРО және кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттері – 4 с.
1) КСРО 1945-1964 жж. Соғыстың зардаптары. Экономиканы қалпына келтіру мәселесі.
Карточкалық жүйені жою. Жазалаулардың жаңа толқыны. И.В. Сталиннің қайтыс болуы. Н.С. Хрущев.
«Жеке басқа табынушылықтың» зардаптарын жоюға бағыт алу. Елдің әлеуметтік-экономикалық және
саяси дамуындағы жаңа нышандар. Экономиканың дамуының экстенсивті сипаты. Тың жерлерді игеру
бағдарламасы. 50-ші жылдардың соңындағы экономикалық қайта құрулар. Экономикалық саясатты
қалыптастырудағы қайшылықтар. Экономикалық авантюризмнің зардаптары. Халықтың тұрмысының
нашарлауы;
2) Л.И. Брежневтің билігі кезеңіндегі КСРО. А.Н.Косыгиннің экономикалық реформасы. Кеңес
экономикасын реформалаудың сәтсіздігінің себептері. 1977 ж. Конституция. Кеңестік жүйенің
дағдарысы. Коррупцияның күшеюі. Диссиденттік қозғалыс;
3) КСРО 1982-1991 жж. КСРО-да 80-ші жылдарда басшылықтың ауысуы». М.С. Горбачев және қайта
құру бағдарламасы. КСРО халық депутаттарының съездері. 1991 ж. тамыз оқиғалары. КСРО-ның
ыдырауы;
4) ХХ ғ. екінші жартысындағы КСРО-ның сыртқы саясаты. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа
елдерінде социализмнің кеңестік үлгісінің қалыптасуы. Халықаралық аумақтағы кеңес-американ
бақталастығы. Дамушы елдердің ішкі істеріне араласу. Ауғанстан мәселесі;
5) Кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттері ХХ ғ. аяғы – ХХI ғ. басында. Кеңестен кейінгі
кеңістіктегі жаңа тәуелсіз мемлекеттер. ТМД құрылуы. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі егеменді
мемлекеттердің өзара қарым-қатынастары.
47. «Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері» - 6 с.
1) Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы –
60-жылдарында. «Халықтық демократия» кезеңі. 1944-1947 жж. әлеуметтік-экономикалық қайта
құрулардың сипаты мен мәні. Аймақтағы елдердің достық және өзара көмектесу туралы келісімдері.
«Қырғи-қабақ соғыс» және КСРО-ның Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріне қысым жасауы.
Кеңестік социалистік үлгіні алуға мәжбүр болу. ЮКП-мен қақтығыс. Аймақ елдерінде кеңестік үлгі
бойынша социализм орнату. Экономиканы түбірінен қайта құру. Аграрлық қайта құрулар. Жедел
индустрияландыру. Аймақтағы кеңестік социализм үлгісінің алғашқы дағдарыстары. Герман
Демократиялық Республикасындағы 1953 ж. оқиғалар. Варшава Шарты Ұйымының құрылуы және кеңестік
бақылаудың күшеюі. Венгриядағы 1956 ж. қазан оқиғалары. Имре Надь. Бірпартиялық билікті жою және
коалициялық үкімет құру туралы жариялау. Будапештке кеңес әскерлерінің енгізілуі. И. Надьты
тұтқындау;
2) Аймақ елдердінде социализмнің кеңестік үлгісі дағдарысының тереңдеуі. Чехословакиядағы
1968-1969 жж. дағдарыс. Чехословакияға ВШҰ әскерлерін енгізу. 1968 және 1970 жж. Польшадағы
дағдарыс. «Шектеулі егемендік» доктринасы. Югославиядағы «өзін-өзі басқару социализмі» және
экономикалық реформалар. 1980-1981 жж. Польшадағы қоғамдық-саяси және экономикалық дағдарыс.
Ереуілдер және «Ынтымақ» ұйымының құрылуы. Польша шекарасына жақын жерде кеңес әскерлерінің
шоғырландырылуы. Польшада әскери жағдайдың енгізілуі. «Ынтымақ» қызметіне тиым салу);
3) Шығыс Еуропаның тоталитаризмді жоюға бағыт алуы. КСРО-дағы қайта құру саясаты және
Шығыс Еуропа елдері. Социализмді «жаңарту» саясатының күйреуі. Саяси оппозицияның қалыптасуы.
80-жылдардың аяғы – 90-жылдардың басындағы революциялар. Польша мен Венгриядағы саяси жағдай.
Чехословакиядағы «мақпал революция». Румыниядағы Чаушеску режимінің күйреуі. Шығыс Германиядағы
саяси өзгерістер. Югославия федерациясының ыдырауы және Балканда қарулы қақтығыстың басталуы;
4) Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері XX ғ. аяғы – XXI ғ. басында. Орталық және
Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі қоғамдық-экономикалық жүйенің өзгерісі» (ХХІ ғ. Орталық және
Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің дамуындағы жетістіктер. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа
елдерінің еуропалық интеграцияға қатысуы. Аймақ елдері және НАТО.
48. Америка Құрама Штаттары – 3 с.
1) АҚШ ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 60-жылдарында. Елдің соғыстан кейінгі алғашқы
жылдардағы экономикалық және саяси дамуы. Г. Труменнің «Әділетті бағыты». Реконверсия.
Тафта-Хартли заңы. «Қырғи-қабақ соғыстың» демократиялық және республикандық әкімшіліктердің
40-50-жылдардағы ішкі саясатына әсері. Маккартизм. Афро-американдарды кемсіту мәселесі. Американ
қоғамы ҒТР жағдайында. Дж. Кеннедидің «жаңа шептер» саясаты. Кариб дағдарысы. Дж. Кеннедидің
өлтірілуі. Л. Джонсон әкімшілігінің ішкі саясаты. Азаматтық құқықтар туралы заң. Вьетнамда соғыс
бастау. Республикандық әкімшіліктердің ішкі және сыртқы саясаты. Уотергейт ісі;
2) АҚШ 70–90-шы жылдарда» (Сайлаудағы демократтардың жеңісі. Дж. Картер. Р. Рейган және
«рейганомика». Неоконсерватизм. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінің жаңа нұсқасы.
Экономиканың дамуы. Дж. Буштың «байсалды» бағыты;
3) АҚШ-тың ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Екіпартиялы саяси жүйенің дамуындағы жаңа
нышандар. Б. Клинтон әкімшілігінің ішкі саясаты. Кіші-Джордж Буштың республикандық әкімшілігі.
2008 ж. сайлау және демократтардың билікке келуі. Б. Обама.
49. Канада – 1 с.
1) Канада азаматтығы туралы заң. ХХ ғ. 50-60-жылдарындағы саяси және экономикалық даму. В.
Месси. Екіпартиялық жүйенің құрылуы. Либералдар (1945-1957, 1963-1979) және консерваторлар
үкіметтерінің (1957-1963) ішкі және сыртқы саясаты. Квебек мәселесі. 70-80-ші жылдардағы
Канаданың дамуы. 1982 ж. конституциялық реформа. ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басындағы Канада.
50. «Латын Америкасы елдері» – 2 ч.
1) Латын Америкасы елдерінің ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. Басындағы негізгі даму бағыттары.
Ұлтшыл-реформизм. Аргентинадағы Х. Перон реформалары және Бразилияда Ж. Варгастің билігі. Әскери
режимдер және оларды жою. Латын Америкасында интеграциялық үдерістердің дамуы. Латын Америкасы
елдерінің ХХ-ХІХ ғғ. тоғысындағы дамуының басты мәселелері. Сыртқы қарыздың өсуі. Коррупция.
Солшыл лаңкестік;
2) Куба. 50-ші жылдардың басындағы Кубаның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы»
(Батиста диктатурасын жою. 1959-1960 жж. әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құрулар.
1960-шы жылдардағы революциялық диктатура режимі. Биліктің Ф. Кастро қолына шоғырлануы. Куба
экономикасының 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басындағы қиыншылықтары.
Мемлекеттік-бюрократиялық социализмнің дағдарысы;
3) Чили. Латын Америкасы елдерінің 70-жылдардағы экономикалық және саяси дамуы. Чилидегі
демократиялық қайта құрулар үдерісі. Халықтық бірлік үкіметі. Демократиялық қайта құрулар
үдерісі. Мемлекеттік төңкеріс. Билік басына А. Пиночет бастаған әскери хунтаның келуі. Саяси
жазалаулар. Пиночет режиміне қарсы күрес. Либералдану үдерісінің басталуы. 1989 ж. президенттік
сайлау жүргізу. Демократиялық қайта құруларды іске асыру;
4) Қайталау - 1 с.
51. ХХ ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы Азия және Африка елдері – 27 с.
1) Отарлық жүйенің күйреуі. Азия және Африка елдерінде тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы» –
1 с.;
2) Ұлттық тәуелсіздік үшін күрес. Британ және француз отарлық империяларының ыдырауы»
(Азия және Африкадағы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси жүйесі және экономикалық жағдайы.
Азаттық алған елдердің отаршылдықтан кейінгі кездегі дамуының ерекшеліктері. Ғаламдық саяси
үдерістердегі Шығыс елдері орнының өзгеруі.
52. «Жапония» – 2 с.
1) Американ оккупациясы және Жапонияны демилитарландыру мен демократияландыру шаралары.
Жаңа конституцияның қабылдануы. Партиялар. Аграрлық реформа. Жапон экономикасының қалпына
келтірілуі. Сан-Франциско бітім шарты және қауіпсіздік келісімі. ХХ ғ. 60-жылдардағы жапон
«экономикалық ғажайыбы». Мемлекеттің рөлі;
2) Ғылыми-техникалық прогресс және оның жапон қоғамы мен экономикасына әсері.
80-жылдардағы экономиканы қайта құрудың негізгі кезеңдері. 1993 ж. парламенттік сайлау және
альтернативті партиялар рөлінің өсуі. 1990 ж. экономикалық депрессия және оның себептері.
Жапония – әлемдік экономиканың басты орталықтарының бірі. Жапонияның Азия-Тынық мұхит
аймағындағы ықпалының күшеюі. Жапонияның ХХ ғ. соңғы онжылдықтары – XXI ғ. басындағы ішкі және
сыртқы саясаты.
53. «Түркия» – 2 с.
1) Соғыстан кейінгі кезеңде елдің дамуының тұжырымдамасын қайта қарау. Демократиялық
партияның билікке келуі. Кемализмнің қағидаларын жаңаша түсіндіру және Түркияның АҚШ-пен
жақындасуы. Елдің нарықтық экономикаға өту үдерісі. Партиялар арасындағы күрес. 1960 ж. әскери
төңкеріс. Ұлттық бірлік комитеті және оның қызметі. Екінші республика (1960-1980 жж.). Азаматтық
басқаруды қалпына келтіру. Көппартиялық жүйенің дамуы. Саяси либералдандырудың басталуы және
әлеуметтік-экономикалық дамуды жылдамдату шаралары.Түркия және Қазақстан;
2) Үшінші республика кезеңіндегі елдің дамуы Жаңа конституция қабылдау. Т. Озал. Ауқымды
либералдық реформалардың іске асырылуы. Түркияның заманауи индустриялдық елге айналуы. ХХ
ғасырдың соңғы он жылы – ХХІ ғасырдың басындағы елдің дамуы. ХХ ғ. екінші жартысы XXI ғ.
басындағы Түркияның ішкі саясаты.
54. «Кеңестен кейінгі Орталық Азия мемлекеттері» – 2 с.
1) Қазіргі Өзбекстанның мемлекеттік құрылысы. Өзбекстанның экономикалық және әлеуметтік
даму ерекшеліктері. Экономикалық жүйенің тұйықтылығы. Қазіргі Өзбекстанның сыртқы саясаты.
Тәжікстанда азамат соғысының басталуы. «Тәжікаралық диалог» және бейбіт бітімге қол қою.
Қырғызстан республикасының экономикалық және әлеуметтік даму ерекшеліктері. Қырғызстан
парламентіндегі саяси партиялар. Республиканың ДСҰ кіруі. Қырғызстандағы «қызғалдақ
революциясы». Кеңестен кейінгі Түркіменстанның дамуы. ТМД және ШЫҰ құрамындағы интеграция.
Орталық Азия мемлекеттері қазіргі әлемдегі әлеуметтік-экономикалық құрылымда.
55. «Ауғанстан» – 1 с.
1) «Ауғанстан екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда» (ХХ ғ. 40-жылдарының аяғында
либералдық-конституциялық ұйымдардың пайда болуы. Ауғанстанның ХХ ғ. 60-жылдарындағы
әлеуметтік-саяси дамуы. Жаңа конституцияның қабылдануы (1964 ж.). 1978 жылғы әскери төңкеріс
және оның зардаптары. Кеңес әскерлерінің енгізілуі және Ауғанстандағы азамат соғысы).
56. «Иран» – 1 с.
1) Ирандағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық қайта
құрулар» (Ұлттық майданның құрылуы және оның қызметі. Мосаддык үкіметі және мұнай мәселесі.
60-жылдардың басында шах билігінің күшеюі. 1978-1979 жж. ислам революциясы. Хомейни билігі
кезіндегі Иран. 1980-1988 жж. иран-ирак соғысы. Иран ХХ-ХХI ғғ. тоғысында.
57. «Қытай» – 2 с.
1) Соғыстан кейінгі елдің жіктелуі» (1946–1949 жж. азамат соғысы. Компартияның жеңісі және
гоминьданның жеңілу себептері. ҚХР құрылуы. Қытай коммунистерінің әлеуметтік-экономикалық
эксперименттері. Мао Цзэдунның жеке басына табынушылық. Коммуналар. Қытайда социализм құру ісін
жылдамдату әрекеті. Ұлы секіріс. Халықтық коммуналар. Пролетарлық мәдени революция. КХР мен КСРО
арасындағы қатынастардың шиеленісуі. Мао Цзэдунның қайтыс болуы және билік үшін күрес.
58. «Моңғолия» – 1 с.
1) Моңғолияның капиталистік емес даму жолының қайшылықтары. Жедел индустрияландыру мен
ұжымдастырудың зардаптары. 80-жылдардағы экономикалық және саяси дағдарыс. Моңғолия ХХ ғ. аяғы
–XXI ғ. Басында.
2) Қайталау – 1 с.
59. «Корея» – 1 с.
1) Потсдам конференциясы және КСРО мен АҚШ әскерлері арасындағы шекаралық межені белгілеу»
(КХДР мен Корея Республикасының құрылуы. 1950-1953 жж. соғыс және оның зардаптары. Елдің
Оңтүстігі мен Солтүстігіндегі экономикалық және саяси өзгерістердің ерекшеліктері. Ким Ир Сен
және «социализмнің корейлік нұсқасы». «Чучхе» идеологиясы.
2) Корея Республикасының ХХ ғ. екінші жартысындағы дамуы. Оңтүстіккореялық авторитаризм.
Экономикалық өрлеудің себептері. Халықтың тұрмыс тіршілігінің жоғарылауы. 1987 ж. Конституция.
ХХ ғ. соңы – XXI ғ. басындағы Корея Республикасы. 2007 ж. сайлау. Ли Мен Бак. Екі корей
мемлекеті арасындағы өзара қарым-қатынас.
60. «Үндіқытай елдері» – 1 с.
1) Үндіқытайдағы француз отарлары халықтарының азаттық жолындағы күресі» (ВДР жариялануы.
1954 ж. Женева келісімі. Вьетнамның қарама-қарсы әскери-саяси жүйелердің күресіне тартылуы.
Елдің бірігуі және Вьетнам Социалистік Республикасының құрылуы. Оңтүстіктегі социалистік қайта
құрулар және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың өршуі. «Жаңару» саясаты. Экономикалық даму.
Лаос пен Камбоджада ұлттық мемлекеттердің қалыптасуының ерекшеліктері. Үндіқытай елдерінің өзара
қарым-қатынастары және олардың халықаралық аренадағы орны.
61. Индонезия. Малайзия. Сингапур – 1 с.
1) Индонезиядағы жапондықтарға қарсы қарсыласу қозғалысы. Республиканың жариялануы.
Сукарно. Индонезияның тәуелсіздігін мойындау.Экономикалық даму. Ұлттық өнеркәсіп. Аграрлық
реформа. 1965 ж. жағдай. Сухарто. Малайзиядағы тәуелсіздік үшін қозғалыс. Малайзия Тәуелсіз
Федерациясының құрылуы. Тәуелсіз Сингапурдың дамуы. Экономиканың жоғарғы қарқынмен дамуы.
Шетелдік салымдар. Аймақтағы елдер және АСЕАН.
62. Үндістан – 2 с.
1) Британдық Үндістанның бөлінісі және екі доминионның – Үндістан Одағы мен Пакистанның
құрылуы. Үндістанның республика болып жариялануы және жаңа конституция қабылдау. Дж. Неру. ҮҰК
Үндістанның партиялық-саяси өміріндегі орны. Саясаттағы касталық фактор. И. Ганди және оның
«Нерудің бағытын» жалғастыру жолындағы күресі. 1975 ж. қоғамдық-саяси дағдарыс және елде төтенше
жағдай енгізу.
2) 1980-1990-шы жылдардағы экономикалық бағыттағы өзгерістер. Жекешелендіру бағыттары және
нарықтық экономиканың дамуы. Қуатты индустриалдық база құру. Кашмир мәселесі. Дүниежүзіндегі
және Оңтүстік Азия аймағындағы Үндістанның рөлі. Үндістан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. 2004 ж. және
2009 ж. сайлаулар. М. Сингх.
3) Үндістанның сыртқы саясаты. Панча шила» қағидасы. Индия – Қосылмау қозғалысының
жетекшісі.
63. «Пакистан» – 1 с.
1) «Пакистан республикасының жариялануы» (1956 ж. Конституция. Азаматтық үкіметтердің
тұрақсыздығы және әскери биліктің орнауы. Партиялық-саяси өмірдегі ислам факторы. Шығыс
Пакистандағы бенгалдықтардың ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздік үшін күресі. Бірінші парламенттік
сайлау. 1973 ж. Конституция және парламенттік билік түрінің бекітілуі. З.А. Бхуттоның
реформалары. Пакистан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында.
64. Израиль – 1 с.
1) «БҰҰ-ның Палестинадағы ағылшын мандатын жою туралы шешімі» (Тәуелсіздік декларациясының
қабылдануы және Израиль мемлекетінің құрылуы. Израильдің экономикалық және саяси дамуы.
Парламенттік республика. Көппартиялық жүйе. 1949 ж. парламенттік сайлау. Д. Бен-Гурион.
Репатриация туралы заң. 80-жылдың соңындағы экономикалық дамуды күшейту. 2009 парламенттік
сайлау. Б.Нетаньяху. Израиль ХХ-ХХI ғғ. тоғысында.
65. «Азияның араб елдері» – 2 с.
1) Араб елдерінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуының негізгі бағыттары.
Шығыс-жерортатеңіздік және аравиялық елдер. Сирия, Ирак, Ливан, Иордания. Араб елдерінде
тәуелсіздіктің жариялануы. Арабтық социалистік өркендеу партиясы (Баас). Ирактағы Саддам
Хусейннің диктаторлық билігі. Араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. «Араб көктемі» (2010-2011 жж).
66. «Африканың араб елдері» – 2 с.
1) Египеттегі 1952 ж. революция және оның араб әлемі үшін маңызы» (Суэц каналын
национализациялау. Г.А. Насердің бағыты. Магриб елдеріндегі (Алжир, Тунис, Ливия, Марокко)
ұлт-азаттық күрес. Алжирдегі соғыс және оның француз отарлық империясының тағдырына әсері.
Африкадағы араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. «Араб көктемі» (2010-2011 жж.);
67. Араб-израиль қайшылықтары және Палестина мәселесі – 1 с. 1948-1949 жж. Палестина
соғысы» (1967, 1973 жж. араб-израиль соғысы. Кэмп-Дэвид келісімі және Таяу Шығыста бейбітшілік
үдерісінің басталуы. ПАҰ дағдарысы және дағдарыстан шығу мәселесі. Палестина жерлеріндегі
«интифада». Израиль және ПАҰ: бейбіт келіссөздердің басталуы. Палестинадағы Араб мемлекетінің
болашақ нышандары. Қазіргі кездегі Палестина мәселесі.
68. «Тропикалық және Оңтүстік Африка елдері» – 1 с.
1) Африканың екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі капиталистік дүние экономикасындағы
рөлі» (Бесінші панафрикандық конгресс және саяси тәуелсіздік ұранының көтерілуі. Тропикалық
Африканың отарлық бұғаудан азат етілуі. Гана мен Гвинеяның тәуелсіздігін жариялау. «Африка жылы»
(1960 ж.). Шығыс Африка елдерінің тәуелсіздік алуы. Апартеид доктринасы және Оңтүстік Африканың
азаттық жолындағы күресі;
2) Африка мемлекеттерінің саяси жүйесінің тұрақсыздығы. Мемлекеттік төңкерістер және
олардағы әскердің рөлі. Африкалық бірлік ұйымы және мемлекетаралық саяси одақтар;
3) Қайталау – 1 с.
69. Халықаралық қатынастар – 5 с.
1) Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы халықаралық қатынастар.
Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы және оның қызметі. «Қырғи-қабақ соғыс», оның бастаулары және
негізгі кезеңдері. НАТО мен ВШҰ құрылуы. Жанталаса қарулану. Жаппай қыру қарулары. Халықаралық
қатынастардың екіполюсті жүйесінің қалыптаса бастауы. Кореядағы халықаралық қақтығыс;
2) ХХ ғ. 60-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар. 1961 ж. Берлин дағдарысы және Берлин
қабырғасының салынуы. Кариб дағдарысы және оның халықаралық қатынастар сипатының өзгеруіне
әсері. Индонезия мен Үндіқытайдағы отарлық соғыстар. Алжирдегі ұлт-азаттық соғысы. Таяу Шығыс
дағдарысы. Қосылмау қозғалысы;
3) ХХ ғ. екінші жартысындағы халықаралық шиеленістің бәсеңдеу және өрлеу кезеңдері»
(Кеңес-американ қатынастары. Халықаралық қатынастардағы Ауғанстан мәселесі. Парсы шығанағындағы
соғыс және Ирак мәселесі.
4) Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес» (ЕҚЫК қорытынды актісі. ЕҚЫҰ
құрылуы;
5) «Еуропалық интеграция» («Шуман жоспары». «Еуропадағы көмір және болат бірлестігі».
Еуропалық экономикалық қауымдастық және Еуратом. 60-80-жылдардағы интеграцияның дамуы. Маастрихт
келісімі. Еуропалық Одақ. Еуропалық Одақтың одан әрі даму перспективалары. Валюталық одақтың
құрылуы);
6) «ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басындағы халықаралық қатынастар» (Көпполюсті әлемнің қалыптасуы.
БҰҰ халықаралық қатынастар жүйесінің өзгерісі жағдайындағы қызметі. Халықаралық лаңкестік
мәселесі).
70. ХХ ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы – 3 с.
1) Ғылым мен техниканың дамуы. ҒТР. Ғылыми-техникалық революцияның басталуы. Атом
энергиясының ашылуы және бейбіт мақсатта қолданылуы. Ғарышты меңгеру. Жаңа технологиялардың
пайда болуы. Ғылымның тікелей өндіргіш күшке айналуы. Қоғамдық ғылымдардың дамуы. ҒТР қайшылықты
сипаты. Ақпараттық революция. Интернет. ҒТР және қазіргі заманның ғаламдық мәселелері. ҒТР
әлеуметтік зардаптары;
2) ХХ ғ. екінші жартысы – XXI ғ. басындағы мәдениеттің дамуы. Әлем халықтарының әдебиеті.
Сыни және «социалистік» реализм. Бұқаралық мәдениет. ХХ ғ. соңғы онжылдықтарындағы көркем
өнердің дамуы. Мәдениеттің ғаламдану жағдайындағы дамуы;
3) Қорытынды қайталау – 1 с.
Достарыңызбен бөлісу: |