Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны



Pdf көрінісі
бет102/132
Дата02.01.2017
өлшемі3,08 Mb.
#970
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   132

2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны

      21. 9-сынып геометрия курсын қайталау (2 сағ.).

      22. Түзулер мен жазықтықтардың параллельдігі (9 сағ.):

      1) стереометрияның негізгі ұғымдары мен аксиомалары, стереометрия аксиомаларының

салдарлары;

      2) кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы;

      3) кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттері;

      4) айқас түзулердің белгісі;

      5) түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы;

      6) түзу мен жазықтықтың параллельдігі, түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісі;

      7) екі жазықтықтың өзара орналасуы;

      8) жазықтықтардың параллельдігі, жазықтықтардың параллельдік белгісі, параллель

жазықтықтардың қасиеттері.

      23. Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығы (10 сағ.):

      1) кеңістіктегі түзулердің арасындағы бұрыш;

      2) түзулердің перпендикулярлығы;

      3) түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы, түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық белгісі;

      4) перпендикуляр түзу мен жазықтықтың қасиеттері;

      5) жазықтыққа түсірілген перпендикуляр және көлбеу, көлбеудің жазықтықтағы проекциясы;

      6) үш перпендикуляр туралы теорема;

      7) нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық, түзулер мен жазықтықтардың арақашықтығы;

      8) түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш, екіжақты бұрыш, екі жазықтықтың арасындағы

бұрыш;

      9) перпендикуляр жазықтықтар, екі жазықтықтың перпендикулярлық белгісі;



      10) түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуына арналған практикалық мазмұнды есептер.

      24. Кеңістіктегі координаталар және векторлар (9 сағ.):

      1) кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі, кесіндінің ортасының координаталары, екі

нүктенің арақашықтығы;

      2) кеңістіктегі векторлар;

      3) компланар және компланар емес векторлар, векторды үш компланар емес векторлар бойынша

жіктеу;

      4) кеңістіктегі вектордың координаталары, координаталары берілген векторларға амалдар



қолдану;

      5) координаталары берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісі;

      6) есептерді шешуде векторларды қолдану.

      25. «Қайталау. Есептер шығару (4 сағ.)».

3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны

      26. 10-сынып геометрия курсын қайталау (2 сағ.).

      27. Көпжақтар (9 сағ.):

      1) көпжақтар туралы түсінік;

      2) призма, оның элементтері;

      3) тік және дұрыс призмалар;

      4) параллелепипед: тік, тікбұрышты, куб;

      5) пирамида, оның элементтері;

      6) дұрыс пирамида, пирамиданың жазбасы, қиық пирамида;

      7) призмалар мен пирамидалардың жазықтықпен кейбір қималары;

      8) дұрыс көпжақтар;

      9) бізді қоршаған әлемдегі көпжақтар;

      10) көпжақтардың бүйір және толық беттерінің аудандары.

      28. Айналу денелері (10 сағ.):

      1) айналу фигуралары;

      2) тік дөңгелек цилиндр, оның элементтері;

      3) цилиндрдің осьтік қималары, цилиндрдің жазбасы;

      4) тік дөңгелек конус, оның элементтері;

      5) конустың осьтік қимасы;

      6) конустың табанына параллель жазықтықпен қимасы;

      7) конустың жазбасы, қиық конус;

      8) цилиндр мен конустың бүйір және толық беттерінің аудандары;

      9) сфера және шар;

      10) шардың қимасы;

      11) сфераға жанама жазықтық, оның қасиеттері;

      12) шарға іштей және сырттай сызылған призмалар мен пирамидалар;

      13) цилиндрдің, конустың бетінің ауданын табуға арналған практикалық мазмұнды есептер.

      29. Денелердің көлемдері (9 сағ.):

      1) денелердің көлемдерінің жалпы қасиеттері;

      2) кубтың және тікбұрышты параллелепипедтің көлемі;

      3) призманың және пирамиданың көлемдері;

      4) цилиндрдің, конустың және қиық конустың көлемдері;

      5) шардың көлемі және сфераның ауданы;

      6) кеңістіктік денелердің көлемдерін табуға арналған практикалық мазмұнды есептер.

      30. «Қайталау. Есептер шығару (4 сағ.)».

4. Оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар

      31. Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелері бойынша

бағаланады.

      32. Пәндік нәтижелер «білуі тиіс» және «меңгеруі тиіс» аспектілерімен көрсетілген.

      33. 10-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар білуі тиіс:

      1) стереометрияның аксиомаларын және олардың қарапайым салдарларын;

      2) кеңістіктегі түзулердің параллельдігінің анықтамасын;

      3) кеңістіктегі айқас түзулердің анықтамасын;

      4) айқас түзулердің белгісін;

      5) параллель түзулердің қасиеттерін;



      6) түзу мен жазықтықтың параллельдігінің анықтамасын;

      7) түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісін;

      8) екі жазықтықтың параллельдігінің анықтамасын;

      9) жазықтықтардың параллельдік белгісін;

      10) параллель жазықтықтардың қасиеттерін;

      11) кеңістіктегі түзулердің арасындағы бұрыштың анықтамасын;

      12) кеңістіктегі түзулердің перпендикулярлығының анықтамасын;

      13) түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының анықтамасын;

      14) түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық белгісін;

      15) жазықтыққа перпендикулярдың анықтамасын;

      16) жазықтыққа көлбеудің анықтамасын;

      17) үш перпендикуляр туралы теореманы және оған кері теореманы;

      18) түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыштың анықтамасын;

      19) нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты;

      20) параллель түзулердің және жазықтықтардың арақашықтығын;

      21) екіжақты бұрыштың және екі қиылысқан жазықтықтың арасындағы бұрыштың анықтамасын;

      22) екі жазықтықтың перпендикулярлық белгісін;

      23) кеңістіктегі вектордың анықтамасын;

      24) компланар және компланар емес векторлардың анықтамасын;

      25) векторды үш компланар емес векторлар бойынша жіктеу туралы теореманы;

      26) кеңістіктегі нүктелердің және векторлардың координаталарының анықтамасын;

      27) кеңістіктегі екі нүктенің арақашықтығын өрнектейтін формуланы;

      28) кесіндінің ортасының координаталарын табу формуласын;

      29) векторлардың скалярлық көбейтіндісінің анықтамасын және қасиеттерін;

      30) екі вектордың перпендикулярлық белгісін;

      31) координаталары берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісін;

      32) векторлардың арасындағы бұрыштың косинусының формуласын.

      34. 10-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар келесі біліктерді меңгеруі тиіс:

      1) есептерді шешу кезінде дедукциялық пайымдаулар жүргізу;

      2) суретте түзулер мен жазықтықтарды кескіндеуді және олардың өзара орналасуын бейнелеу;

      3) моделдер мен суреттерден қиылысқан, параллель және айқас түзулерді табу;

      4) суреттерде түзу мен жазықтықтың қиылысуын, түзу мен жазықтықтың параллельдігін,

перпендикулярлығын кескіндеу;

      5) қиылысқан және параллель жазықтықтарды моделдерден табу және оларды суреттерде

кескіндеу;

      6) нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты табу;

      7) суретте екіжақты бұрышты кескіндеу;

      8) түзулердің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың арасындағы бұрыштың шамасын табу;

      9) нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты, параллель түзулер мен жазықтықтардың, айқас

түзулердің арақашықтығын табу үшін метрикалық теоремаларды қолдану;

      10) кесіндінің ортасының координаталарын оның ұштарының координаталары бойынша табу;

      11) координаталары бойынша нүктелердің арақашықтығын (кесіндінің ұзындығын) табу;

      12) кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесіндегі екі нүктенің арақашықтығын табу

формуласын пайдаланып есептерді шешу;

      13) кеңістіктегі вектордың координаталарын табу;

      14) координаталары бойынша вектордың ұзындығын және векторлардың арасындағы бұрышты табу;

      15) векторды үш компланар емес векторлар бойынша жіктеуге арналған есептерді шешу;

      16) координаталары берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісін табу;

      17) векторлардың арасындағы бұрыштың косинусын табу;

      18) геометриялық есептерді шешуде векторларды қолдану.

      35. 11-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар білуі тиіс:

      1) көпжақ және дұрыс көпжақ ұғымын;

      2) призманың анықтамасын және оның элементтерін;

      3) параллелепипедтің анықтамасын және қасиеттерін;



      4) тік және дұрыс призманың анықтамаларын және қасиеттерін;

      5) пирамиданың, дұрыс пирамиданың және қиық пирамиданың анықтамаларын және олардың

элементтерін;

      6) призманың, пирамиданың, қиық пирамиданың бүйір және толық беттерінің аудандарын табу

формулаларын;

      7) дұрыс көпжақтардың түрлерін;

      8) цилиндрдің анықтамасын және оның элементтерін;

      9) конустың, қиық конустың анықтамаларын және олардың элементтерін;

      10) шар мен сфераның анықтамаларын және олардың элементтерін;

      11) сфераға жанама жазықтықтың анықтамасын және қасиеттерін;

      12) цилиндрдің, конустың, қиық конустың бүйір және толық беттерінің аудандарын табу

формулаларын;

      13) сфераның ауданын табу формуласын;

      14) көпжаққа іштей және сырттай сызылған шар (сфера) ұғымын;

      15) көлемдердің өлшем бірліктерін;

      16) тікбұрышты параллелепипедтің, призманың, пирамиданың, цилиндрдің, конустың, қиық

конустың және шардың көлемдерін табу формулаларын.

      36. 11-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар келесі біліктерді меңгеруі тиіс:

      1) тік және дұрыс призманы, тікбұрышты параллелепипедті, кубты, пирамиданы, дұрыс

пирамиданы, цилиндрді, конусты ажырата білу және модельдерде көрсете білу, олардың негізгі

элементтерін суретте көрсете білу;

      2) суреттерде призмаларды, пирамидаларды және олардың элементтерін кескіндеу;

      3) суреттерде цилиндрді, конусты және шарды (сфераны) кескіндеу;

      4) есептің шарты бойынша сызбаларды орындау;

      5) кеңістіктік конфигурацияларда сызықтық элементтер мен бұрыштарды есептеу;

      6) геометриялық шамаларды (ұзындықтар, бұрыштар, аудандар, көлемдер) табуға арналған

есептерді шешу;

      7) планиметриялық және стереометриялық фигуралардың оқып игерілген қасиеттеріне және

олардың арасындағы қатынастарға сүйеніп, алгебралық және тригонометриялық аппаратты қолдана

отырып, геометриялық есептерді шешу;

      8) призманың, пирамиданың, қиық пирамиданың бүйір және толық беттерінің аудандарын табу;

      9) цилиндрдің, конустың, қиық конустың бүйір және толық беттерінің аудандарын табу;

      10) сфераның ауданын табу;

      11) шарға іштей және сырттай сызылған призманы және пирамиданы кескіндеу;

      12) тікбұрышты параллелепипедтің, призманың, пирамиданың, цилиндрдің, конустың, қиық

конустың және шардың көлемдерін табу.

      37. Тұлғалық нәтижелер:

      1) мемлекеттік тілді және өз ана тілін білуі, қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп

жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына

құрметпен қарауы тиіс;

      2) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуы, этикалық нормаларды сақтай

білуі тиіс;

      3) өздігінен білім алу, өзін-өзі дамыту және өзінің іс-әрекетіне рефлексивтік талдау жасау

қабілеттілігінің болуы тиіс;

      4) оқу және танып білу ынтасының қалыптасуы тиіс;

      5) геометриялық білім жүйесі мен табиғат туралы түсініктері, белгілеулер және ақпараттық

жүйелер негізінде практикалық есептерді шешу қабілеттілігінің болуы тиіс;

      6) математикалық оқу қызметінің үдерісіне және нәтижесіне бақылау жасай білуі тиіс;

      7) білім беру, қоғамдық пайдалы, оқу-зерттеушілік, шығармашылық және басқа да қызмет

түрлерінде құрдастарымен, үлкен және кіші жастағылармен қарым-қатынас жасауда коммуникативтік

дағдыларды меңгеруі тиіс;

      8) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуы, қоғамға жат құбылыстарға,

идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуі тиіс.

      38. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:



      1) оқып игерілген формулалар мен фигуралардың қасиеттері негізінде қарапайым практикалық

жағдайларды зерттеу (моделдеу) біліктігі мен дағдыларының болуы тиіс;

      2) ақпараттарды іздеу және өңдеу үшін қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық

технологиялар мен көптілділік мәдениетті меңгеруі тиіс;

      3) жүргізілген зерттеулерді безендіру, түсіндіру және дәлелдеу үшін геометриялық

моделдерді және көрнекілік құралдарды түсіне және пайдалана білуі тиіс;

      4) дедукциялық ойлау әдістерін меңгеруі және оларды адам қызметінің әртүрлі салаларында

қолдануы тиіс.

Қазақстан Республикасы  

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі  

№ 115 бұйрығына     

70-қосымша        

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық

бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Информатика» пәнінен

типтік оқу бағдарламасы

Түсінік хат

      1. 10-11 сыныптарға арналған «Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш,

негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті 

 сәйкес әзірленген.

стандартына

      2. Жалпы білім беру мектептің профильді сыныптарында информатика курсын оқыту қоршаған

орта туралы ақпаратты алуға; іздеуге, талдауға, сын тұрғыдан бағалауға, ақпаратты таңдап алуға;

ақпаратты жіберуге; объектілер мен үдерістерді жобалауға, өз іс-әрекеттерін жоспарлауға;

жоспарларды құруға, түзетуге және іске асыруға бағытталған.

      3. Профильді 10-11 сыныптарда информатиканы оқыту мақсаты қазіргі кездегі ақпараттық

технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, оқушыларды

ақпараттық мәдениетке қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс

істеу дағдысын қалыптастыру, оқушылар жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үнемі

пайдалануға дағдыландыру, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту болып табылады.

      4. Оқыту міндеттері:

      1) қазіргі заманауи ақпараттық қоғам, жеке тұлғаның және мемлекеттің ақпараттық

қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру;

      2) мәтінді және бейнені сканерден өткізу, танып алу дағдыларын қалыптастыру;

      3) ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеуде қауіпсіздік

техника ережелерін сақтау;

      4) жобалық іс-әрекетте ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану;

      5) мәтіндік, сандық, графиктік және дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық

технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

      6) оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

      5. Информатиканы оқытуда жобалау әдісіне ерекше назар аударған жөн, өйткені ол информатика

курсына тікелей қызығушылықты көтеруді тудырады. Жобалау технологияларын қолдану тек информатика

пәнінің оқу сапасын көтермейді, сонымен қатар пәнаралық байланысты жасайды және жоба даярланып

жатқан оқу пәндерінің оқыту тиімділігін жоғарылатады.

      6. «Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

      10 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

      11 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

      7. Информатика курсын оқыту үдерісінде әртүрлі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүреді.

      8. «Алгебра және анализ бастамалары» пәнімен пәнаралық байланыс:



      графикалық және анимациялық объектілерді, web-беттерді, мәтіндік құжаттар мен полиграфия

басылымдарын қалыптастыруға арналған негізгі операциялардың алгоритмдерінің орындалуы;

      9. «Геометрия» пәнмен пәнаралық байланыс:

      1) координаталық жүйелері және олардың компьютерлік графика мен анимацияда қолданылуы;

      2) негізінде симметрия мен алтын қима ережесіне сәйкес жатқан графикалық объектілерді

қалыптастыру.

      10. «Қазақ, орыс және шетел тілдері» пәндерімен пәнаралық байланыс:

      1) оқушылардың сөз қорының жаңа терминдермен толығуы;

      2) мәтіндік процессор мен баспа жүйесінде жұмыс істеуде орфографиялық және сөйлеу дағдысын

жақсарту;

      3) компьютерлік терминологияны меңгеру;

      4) шетел тілін оқу құралы ретінде телекоммуникациялық ресурстарды пайдалану.

      11. «Әдебиеті» пәнімен пәнаралық байланыс:

      1) әртүрлі стилистикалық типтер мен жанрлардағы мәтіндермен өз бетімен жұмыс іскерлігін

дамыту;

      2) оқушының жария сөз жоспары мен уақыт межелеуді жоспарлау іскерлігін дамыту.



      12. «География» пәнімен пәнаралық байланыс:

      графикалық бейнелерді визуальды өнімдерге: Web-беттерге, анимациялық роликтерге,

полиграфиялық басылымдарға орналастыру үшін қалыптастыру.

      13. «Биология» пәнімен пәнаралық байланыс:

      1) табиғаттың «жанды» және «жансыз» графикалық бейнелерін визуальды өнімге, Web-беттерге,

анимациялық роликтерге, полиграфиялық басылымдарға орналастыру үшін қалыптастыру;

      2) компьютерлік және биолгоиялық вирустар арасында салыстыру жүргізу.

      14. «Адам. Қоғам. Құқық» пәнімен пәнаралық байланыс:

      1) ақпараттық кеңістіктің ауқымдығы және ұлттық қауіпсіздігі;

      2) ақпараттық нарық, ақпараттық ресурстар аймағындағы мемлекеттік саясат пен құқықтық

реттеу.

      15. «Тарих» пәнімен пәнаралық байланыс:



      1) әлемде және Қазақстан Республикасының болып жатқан тарихи жағдайларды программалау

тілдерін дамытудың үдерісімен салыстыру;

      2) анимация және мультипликацияның алғы шарттары; 

      3) HTML-дедакторының, Web-беттер және сайттардың шығу тарихы.



2.10-сыныптың оқу пәнінің базалық мазмұны

      16. Кіріспе (1 сағат):

      техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

      17. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат):

      әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар, білім беру ақпараттық

ресурстары.

      18. Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (2 сағат):

      аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы, компьютердің қосымша

құрылғыларын баптау және орнату (веб-камера, сканер, принтер, желілік принтер).

      19. Ақпараттық технологиялар (24 сағат):

      мәтіндерді танып алу, мәтіндерді сканерлеу;

      мәтінді танып алу технологиясы, мәтіндерді танып алу программасы, сканерлеген мәтіндерді

редакциялау, құжаттарды мәтіндік процессорға экспорттау;

      мәтіндік процессор, құжаттың терезе түрін баптау, құжатты қарау тәртіптері, терезелерді

бөлу, ретке келтіру;

      стильдер, стильдерді өзгерту, жаңа стиль құру;

      кеңейтілген алмастыру буфері;

      беттің белгіленуі, бет түсі, беттерді бір-бірінен бөлу;

      бөлу арқылы мәтіндерді бірнеше бағанда орналастыру;


      құжаттың құрылымы, беттердің нөмірлеуі, колонтитулдер, құжатта сілтемелерді ұйымдастыру,

атауы, иллюстрация тізімі, қиылыс сілтемелер, мазмұнды баптау, рецензиялау, емле ережесі,

ескерту, құжатты қорғау, құжатқа диаграммаларды және математикалық формулаларды кірістіру;

      макростар;

      анимация және мультипликация, анимацияға кіріспе, программамен және оның интерфейсімен

танысу;


      анимациялық фильмдерді сақтау;

      геометриялық анайылықтарды салу, өзгерту және орнын ауыстыру, фигураның түсін орнату,

қарапайым анимациялар жасау, анимация реттері;

      компьютерлік анимацияда қабаттар рөлі;

      бірнеше қабаттардан тұратын объектілердің орнын ауыстыру;

      бірнеше объектілер анимациясы, дыбыстық эффектілер, дыбыстық файлдарды құру, жариялау;

      HTML – редакторы;

      Интернет үшін ақпараттық объектілерді құру құралдары;

      Web-беттер және сайттар, визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі;

      сайттың қарапайым алғашқы бетін құру, кестеде орналасқан ақпараттары бар беттерді құру,

сайттың гиперсілтемелері мен навигациясы, веб-бетке gif-анимация және баннерлерді кірістіру;

      сайтты жариялау.

      20. Жобалық іс-әрекет (7 сағат).

3.11-сыныптың оқу пәнінің базалық мазмұны

      21.Кіріспе (1 сағат):

      техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

      22. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат):

      ақпаратты құқықты қорғау;

      компьютерлік құқық бұзушылықтар түрі;

      ақпараттарды тираждауда авторлық ақпараттарды қорғау.

      23. Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (4 сағат):

      программалық қамтамасыз ету түрлері (лицензияланған, шартты тегін, тегін) және оларды

қолдану ережелері;

      ақпараттық қауіпсіздікті операциялық жүйелер құралдары:

      файлдарды қорғаумен, компьютерлерді қорғаумен жабдықтау;

      компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерге ену

жолдары;


      вирустардан сақтау шаралары, антивирустық программалары;

      қауіпсіздік параметрлері, қолжетімділікті басқару, пароль қою.

      24. Ақпараттық технологиялар (20 сағат):

      суретпен сипаттауларды, яғни иллюстрацияларды қалыптастыру, векторлық графиканы өңдеу

редакторы;

      объектілерді импорттау және экспорттау;

      дайын кітапханалардағы графикалық объектілерді өңдеу, қисықтармен жұмыс, әсерлер;

      монтаждау және бейнелерді жақсарту, растрлық графика редакторы;

      сурет салу және бояу, фотомонтаж, фотосуреттерді өңдеу мен баспаға даярлау, коллаж,

әсерлерді пайдалану;

      басылым жүйелерінің жіктелуі;

      электронды басылымдар, басылымның міндетті атрибуттары;

      рәсімдеу ережелері (буклет, кітапша, кітап, журнал, жарнамалық бет), редакциялаудың

техникалық ережелері, терминология. беттің пішімі, мәтінді пішімдеу, қаріптермен жұмыс, құжат

стилі, басылымды макеттеу (жобаны құру);

      мәтінді дайындау, иллюстрацияларды дайындау, қаріптерді таңдау, беттеу, макетті баспадан



шығару.

      25. Жобалық іс-әрекет (7 сағат).



3.Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      26. Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспекті бойынша бағаланады (пәндік нәтижелер, тұлғалық

нәтижелер және жүйелі-әрекеттік нәтижелер).

      27. Пәндік нәтижелер екі аспектімен көрсетіледі (оқушылардың білуі тиіс және меңгеруі

тиіс).

      28. 10-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:



      1) ақпараттық жүйелер және ресурстар ұғымын;

      2) қазіргі заманғы аппараттық және программалық қамтамасыз ету ұғымын;

      3) құжатты сканерлеу технологиясын;

      4) мәтіндерді танып алуға арналған программаларын;

      5) мәтіндік процессордың негізгі мүмкіндіктерін;

      6) құжатты рәсімдеудің негізгі түрлері мен стандарттарын;

      7) мәтіндік процессорда құжатты қарау тәртіптерін;

      8) құжат құрылымын;

      9) құжатты рәсімдеу стилін;

      10) кеңейтілген алмасу буферін қолдану технологиясын;

      11) рецензиялау, емле ережсі мен құжатқа ескерту ұғымын;

      12) макрос ұғымын;

      13) құжатты қорғау тәсілдерін;

      14) анимация мен мультипликацияны ұйымдастыру негіздерін;

      15) анимациялық объектілерді құруға арналған графикалық орта негіздерін;

      16) анимациялық объектілерді құруға арналған құрал-саймандар қабықшасының құрылымын;

      17) қабаттар және қойылыммен жұмыс істеу мүмкіндігін;

      18) анимация түрлерін;

      19) векторлық анимацияны қалыптастыру тәсілдерін;

      20) web-дизайнның негізгі қағидаларын;

      21) web-сайт моделін жүйе ретінде жобалаудың негізгі кезеңдері мен міндеттерін;

      22) редактордағы сайттың сыртқы түрін өзгерту ережелерін;

      23) оқу жобасына қойылатын талаптарын;

      24) авторлық объектілерді қолдану қағидаларын;

      25) «жоба тақырыбы», «жоба идеясы», «гипотеза», «өзекті сұрақ», «жоба міндеттері»

ұғымдарының мәнін;

      26) жобаны қорғау мен бағалау процедурасын.

      29. 10-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:

      1) компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнатуды;

      1) құжатты мәтіндік процессорда құруды, сақтауды, редакциялауды, баспаға шығаруды;

      3) мәтіндік процессор терезесінің түрін баптауды;

      4) құжатты рәсімдеу үшін жаңа стильді қалыптастыруды;

      5) кеңейтілген алмасу буфері бар операцияларды орындауды;

      6) мәтіндер арасында бөлуді орнатуды;

      7) беттерді нөмірлеуді, тізімдерді, сілтемелерді, тақырып қоюды қолданып мәтінді

құрылымдауды;

      8) емле ережесімен мәтінді тексеруді;

      9) мәтінге кестені, бейнені, диаграмманы кірістіруді;

      10) макростарды құруды;

      11) құжатқа қорғауды орнатуды;

      12) графикалық бейнелер мен анимацияны құруды және редакциялауды;

      13) сызықты және радиалды градиентті құруды;

      14) бір объектіні екіншісіне түрлендіруді;


      15) объектіні символға түрлендіруді;

      16) мөлдірлігі өзгерген объектіге анимация құруды;

      17) түсі өзгертілген объектіге анимация құруды;

      18) объектілерді туралауды;

      19) анимацияны сүйемелдеу үшін дыбыстық файлды қолдануды;

      20) Web- редакторында жаңа сайт жобасын құруды;

      21) Web-беттердің көркемдеу стилін қолдануды;

      22) иллюстрациялар мен Gif- анимацияны қосуды;

      23) Web-бетте фотоальбом құруды;

      24) өзекті сұрақты тұжырымдауға, зерттеу тақырыбы бойынша гипотеза ұсынуды;

      25) әртүрлі сұрақтарға жауап алу үшін өзінің өздік зерттеу және шығармашылық жұмыстарын

жоспарлауды;

      26) кішігірім топтар мен бірлестіктерде жұмыс істеуді;

      27) рефлекссия жүргізуге, жобаны қорғауды.

      30. 11-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:

      1) ақпараттық қауіпсіздік ұғымы мен қауіптілігін;

      2) ақпаратты қорғау аймағындағы Қазақстан Респбуликасының заңнамасын;

      3) ақпаратты қорғау бойынша шараларын;

      4) құқықтық актілер және ақпаратты қорғау мен авторлық құқық бойынша нормаларын;

      5) компьютерлік вирус пен вирусқа қарсы әрекет ұғымдарын;

      6) компьютерлік вирустан қорғану шараларын;

      7) компьютерлік графика түрлерін (векторлық және растрлық графика);

      8) векторлық графика редакторының программа терезесінің интерфейсінің негізгі

элементтерін;

      9) графикалық есептерді векторлық графика редакторы көмегімен шешудің негізгі тәсілдерін;

      10) объектілерді даяр топтамалардан немесе қосымшалардан импорттау және экспорттау

жолдарын;

      11) қисықтарды салудың ерекшеліктерін;

      12) растрлық графика редакторы программасы терезесі интерфейсінің негізгі элементтерін;

      13) бейне үзінділеріне орындалатын амалдарын;

      14) контурлар, маскалар, қабаттар түрлерін;

      15) «баспа жүйесі» программасының міндеті мен интерфейсін;

      16) баспа ісі ұғымының базалық ұғымдарын;

      17) кітапша, кітап, журналдар, жарнама беттерін рәсімдеу ережелерін;

      18) макет ұғымын;

      19) беттеудің негізгі ұғымдарын.

      31. 11-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:

      1) кез келген мектеп пәнінде және өзін-өзі дамыту мақсатында мәтіндік процессорды,

графикалық редакторды, баспа жүйелерін қолдануды;

      2) операциялық жүйе мүмкіндіктерін ақпаратты қорғау үшін пайдалануды;

      3) вирусқа қарсы программаларды қолдануды;

      4) іс жүзінде ақпаратты сақтандыру мен қорғау шараларын қолдануды;

      5) векторлық графикалық редакторда файлдарды ашуды сақтауды, файл құруды;

      6) қарапайым объектілерден (сызықтардан, доғадан, шеңберден және т.б.) құюдың алуан

түрлерін қолданып суреттер салуды;

      7) объект контурларымен жұмыс істеуді;

      8) қисықтардан суреттер салуды;

      9) даяр топтамалардан жасалынған объектілерді импорттауды және экспорттауды;

      10) растрлық графика редакторын іске қосу және оның құралдарын қолдануды;

      11) фотобейнелерді түзетуді және көркемсуреттік өңдеу жүргізуді;

      12) коллаждар құруды;

      13) «баспа жүйелері» программасын іске қосуды;

      14) баспа жүйелерінің мәзір программаларындағы пункттарын білуді;

      15) кез келген баспа өнімдерін беттеуді;



      16) бетте әртүрлі типтегі объектілер үзінділерін дұрыс орналастыруды.

      32. Жеке тұлғалық нәтижелер оқушылар көрсетуі тиіс:

      1) ақпаратқа оның таралуының құқықтық пен этикалық қырларын және оны сезіну талғамын

ескере отырып жауапты қатынас жасай алу;

      2) оқу мазмұнын өз өмірлік тәжірибесімен байланыстыруға қабілеттілік, информатика мен

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар аймағында ақпараттық қоғамның даму жағдайында

даярлықтың мәнін түсінуге икемділік;

      3) өз білім деңгейін жоғарылатуға және оқуды информатика мен ақпараттық-коммуникациялық

технологиялар құралдарын қолданып жалғастыруға даяр болу;

      4) өзін кәсіби анықтаудың басталуы, ақпараттық және коммуникациялық технологиялармен

байланысқан кәсіп әлемімен танысу;

      5) үлкен адамдармен және қатарластарымен әртүрлі әлеуметтік жағдайларда бірлесу дағдысын

дамыту;

      6) қақтығыстық жағдай жасамауға және дау болған жағдайдан шығуға жол таба алу;



      7) жеке өмір ақпаратына және басқа адамдардың ақпараттық нәтижелеріне құрметпен қарау;

      8) салауатты өмір салты құндылығын негізгі гигиеналық, эргономиялық және

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын техникалық қауіпсіз пайдалану жағдайында

қабылдауға икемділікті және даярлықты.

      33. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылар алған білім мен біліктіліктерді күнделік өмірде

және тәжірибеде қолдануы тиіс:

      1) коммуникациялық еңбекті автоматтандыра алу;

      2) ақпараттық білім қорларын оқуда тиімді пайдалана алу;

      3) Интернет желісінде қолдануға болатын қарапайым ақпараттық өнімдерді (Web-беттерді,

анимациялық объектілерді және т.б.) өзгерту мен қалыптастыра алу;

      4) ақпаратты мультимедиа объектілері, мәтіндік құжаттар түрінде (баяндамаларды,

мақалаларды, рефераттарды) бере алу;

      5) өз ақпараттық кеңістігін тиімді ұйымдастыра алу;

      6) оқу және практикалық есептерді компьютер мүмкіндігін қолданып шеше алу;

      7) ақпараттық кеңістіктегі бағдарлай алу, іс жүзінде қажетті, оның ішінде өзін-өзі танумен

және кәсіби бағдармен байланысқан жеке танымдық қызығушылыққа қатысты ақпаратты іздеу мен

іріктеудің кең таралған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу;

      8) қарапайым ақпараттық объектілерді графикалық бейне және полиграфиялық басылым түрінде,

оның ішінде оқу жұмыстарын көркемдеу үшін қалыптастыру;

      9) өзінің жеке ақпараттық кеңістігін тиімді ұйымдастыруға арналған ақпараттық

объектілердің жеке топтамаларын қалыптастыру;

      10) оқуда және жеке хат алмасуда телекоммуникациялық арналар бойынша ақпарат тарату,

қоғамның ақпараттық ресурстарын сәйкес құқықтық және этикалық нормаларды сақтай отырып қолдану.

Қазақстан Республикасы   

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі    

№ 115 бұйрығына      

71-қосымша         




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет