Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және



Pdf көрінісі
бет92/132
Дата02.01.2017
өлшемі3,08 Mb.
#970
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   132

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және

жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін

«Қазақстан тарихы» пәнінен типтік оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №

1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)

мемлекеттік жалпыға міндетті 

 сәйкес әзірленді.

стандартына

      2. Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың өз елінің тарихын оқып білу арқылы белсенді

азаматтық позициясын қалыптастыру.

      3. Пәнді оқытудың міндеттері:

      1) әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанда адамзат қоғамының даму

тарихы туралы білімін қалыптастыру;

      2) оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық байланыс орнатып, тарихи

оқиғалар, құбылыстарды дербес талдай білу, қоғамдық құбылыстарға өзіндік көзқарастарын білдіру,

күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;

      3) тарихи деректермен жұмыс жасай білу және тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану

дағдыларын қалыптастыру, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен

өткізуге дағдыландыру;

      4) жас жеткіншектердің Отаны мен халық алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық

позициясын қалыптастыру;

      5) еліне қызмет етуге дайын отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін және

Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат

тәрбиелеу;

      6) қазақстандық діл (менталитет) негізінде тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал ету.

      4. Қазақстан тарихын оқыту барысында төмендегі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге

асырылады:

      1) «Дүние жүзі тарихымен»: Қазақстан тарихы дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі, біртұтас

тарихи үдеріс ретіндегі адамзат тарихы туралы білу;

      2. «Географиямен»: қазіргі Қазақстан Республикасы территориясы мен шекарасының анықталуы,

Қазақстанда әкімшілік-аумақтық реформалардың жүргізілуі, Қазақстан Республикасының қазіргі

экономикалық дамуы.

      3) «Қазақ әдебиетімен»: Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының шығармаларының тарихы,

қазақстандық әдебиетшілер, ақындар және драматургтердің шығармалары, шығармашыл зиялы қауым



өкілдері туралы білім.

      5. Оқу жүктемесінің көлемі

      қоғамдық-гуманитарлық бағыт

      1) 10 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

      2) 11 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат

      жаратылыстану-математикалық бағыт

      3) 10 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

      4) 11 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.



2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны

      6. Кiрiспе (1 сағат).

      7. «Қазақстан тас ғасырында» (4 сағат):

      тас ғасырын дәуiрлерге бөлу, адамның пайда болуы және оның даму эволюциясы, төменгi, орта

және кейiнгi палеолит, алғашқы адамдардың еңбек құралдары, әлеуметтiк ұйым;

      мезолит дәуiрi, Қазақстан неолит кезеңінде, неолиттік төңкеріс, тоқымашылық, қыш ыдыс

жасау өнері, энеолит, бтай мәдениеті, тас дәуіріндегі Қазақстанның археологиялық ескерткіштері.

      8. «Қазақстан қола дәуiрiнде» (3 сағат):

      Андронов мәдениеті (жалпы сипаттамасы және оның кезеңдері), қола дәуіріндегі Орталық

Қазақстан аумағы, Орталық Қазақстан – ертедегi металлургия орталығы, қола дәуіріндегі Шығыс

Қазақстан, Солтүстік және Батыс Қазақстан қола дәуірінде, қола дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан

және Жетісу, кейiнгi қола дәуiрiндегi Беғазы-Дәндiбай мәдениетi;

      өндірістік шаруашылықтың дамуы, мал шаруашылығы мен егiншiлiк;

      қола дәуіріндегі қоныстар, обалар және жерлеу дәстүрi, қола дәуіріндегі әлеуметтiк

дифференциация.

      9. «Жазба деректердегі ежелгі Қазақстан тарихы» (3 сағат):

      тайпа одақтары мен ежелгi мемлекеттiк бiрлестiктер туралы негізгі тарихи деректер,

археологиялық деректер;

      сақ тайпалары туралы антикалық деректер, Геродоттың «Тарихы». ертедегi парсы (ирандық),

қытай деректерi.

      10. «Қазақстан тарихындағы сақ тайпалары» (4 сағат):

      Қазақстан ерте темір дәуірінде, сақ тайпалары (хаомаварга, тиграхауда, парадарайя,

аримаспылар және т.б.), сармат тайпалары, ежелгі Қазақстанның металлургиялық орталықтары,

шаруашылық түрлері, ертедегі металл өндірісі, зергерлік өнер, қыш өндірісі, әлеуметтік құрылымы;

      сақтардың мәдениеті, скиф үштағаны (триадасы), «Аң стилінің» таралуы, қоғамдық ұйымдасуы

мен идеологиясы, археологиялық ескерткiштері.

      11. «Қазақстан территориясындағы ертедегi мемлекеттер» (4 сағат):

      Үйсiн мемлекетi, шаруашылығы, әлеуметтiк-саяси ұйымдасуы, үйсiндердiң басқа елдермен

қарым-қатынасы, мәдениеті;

      Қаңлылар, саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті, Сырдария бойындағы археологиялық

ескерткіштер;

      ғұндар, б.з.б. III-I ғасырлардағы ғұндар мемлекеті, көршiлермен қарым-қатынасы, ғұндардың

Мөде тұсында өрлеуi, ғұндардың Қазақстанға қоныс аударуы, көшпелi мал шаруашылығы, егiншілік,

әлеуметтiк құрылысы, материалдық мәдениетi;

      ғұндар және халықтардың ұлы қоныс аударуы, батысқа қарай аттануы, ғұндар Еуропада, Аттила.

      12. Қайталау (1 сағат).

      13. «Көшпелiлер немесе дала өркениетi» (3 сағат):

      көшпелілер және номадизм, көшпелi қоғамның өзiне тән шаруашылық жүргiзу әдiстерi, әскери

өнерi, әскери-демократиялық басқару жүйесi;

      көшпелi және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс, қалалар –көшпелi және отырықшы

өркениеттердi жалғастыратын, жақындастыратын көпiр;

      Ұлы Жібек жолы.

      14. «Қазақстан жеріндегі VI – XV ғасырлардағы мемлекеттер: этникалық және саяси тарихы» (9


сағат):

      түркi халықтарының түп төркiнi, көне түркiлер, түрік қағанаты (құрылуы, дамуы, ыдырауы),

Қазақстан аумағындағы батыс-түрiк, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ мемлекеттерi, қыпшақтардың шығу

тегi және ежелгі тарихы, Дештi-Қыпшақтағы Қыпшақ мемлекеті;

      Моңғол шапқыншылығы, Қазақстан аумағында XIV-XV ғасырлардағы жеке хандықтардың дамуының

ерекшелiгi, аумағы және рулық құрамы, ұлыстық жүйе, Алтын Орда және Ақ Орда, Ноғай Ордасы

(Маңғыт жұрты), Моғолстан, көшпелі өзбектер мемлекеті (Әбілхайыр хандығы).

      15. Қазақ халқының және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы (7 сағат):

      «Этнос», «этногенез», «этноним» ұғымдарының мазмұны, қазақ халқының қалыптасуының негізгі

кезеңдері, қазақ халқының қалыптасуының басталуы, қазақ жүздері, ру-тайпалық құрамы, «қазақ»

этнонимi туралы, қазақ халқының антропологиялық типi және тiлдiк сипаты;

      қазақ хандығының құрылуы – қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы, саяси тарихы,

қазақ хандары ұстаған саясаттың негiзгi бағыттары, хандық мемлекеттегi басқару жүйесi, хандық

билiк, әлеуметтiк құрылымы, «ақсүйек» және «қарасүйек» институттары, салықтар мен

мiндеткерлiктер түрлерi, әдеп құқығы және «Жетi Жарғы».

      16. Қайталау (1 сағат).

      17. «Көшпелiлердiң рухани мәдениетi. Қазақ даласының даналары» (12 сағат):

      рухани мәдениеттiң даму ерекшелiгi, негiзгi бағыттары;

      Қазақстан аумағында ислам дінінің таралуы;

      тiл мен жазу, ежелгi жазба ескерткiштерi (түрiк, соғда, араб), ғылым мен әдебиет

(әл-Фараби, Жүсiп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри);

      халық ауыз әдебиеті, ақындар мен жыраулар (Асан-қайғы, Қазтуған, Сыпыра, Доспамбет,

Ақтамберді, Бұқар жыраулар), эпикалық жырлар;

      музыка өнерi, қолданбалы өнер, ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ұлттық ойындар, дiн,

наным-сенiмдер;

      «Ұлы Жiбек жолының мәдениет дамуындағы алатын орны.

      18. «Қазақстан Ресей империясының құрамында» (14 сағат):

      Ресейдің XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі шығыстағы саясаты, XVIII ғасырдың басындағы

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы, 1731 жылғы жарлық және А.И.Тевкелев елшiлiгi,

Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы, Әбiлқайыр хан саясаты және оның жүзеге асуы, кiшi жүз

бен Орта жүздiң Ресейге қосылуы, қазақ жерлерiн бiрiктiру мақсатындағы Абылай хан саясаты,

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы, қосылудың салдары;

      XVIII-ХІХ ғасырлардағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары, 1822 және 1824

жылдардағы Жарғылар, Қазақстанда хандық жүйенің жойылуы, 1867-1868 жылдардағы «Уақытша

ережелер», 1886, 1891 жылдардағы «Басқару туралы Ережелер», Ресейдің Қазақстандағы отарлық

саясаты және реформалардың салдары;

      Ресейдiң Қазақстанда жүргiзген көшiп-қондыру саясатының негізгі кезеңдері, казак әскерi

мен орыс шаруаларының Қазақстанға жаппай қоныс аударуы, Столыпиннің аграрлық реформасы және

қоныстандырудың жаңа кезеңі, қазақтардың шұрайлы жерлерiн тартып алу, қоныстандыру саясатының

зардаптары;

      Қазақстанға ХІХ ғасырдың екінші жартысында ресейлік және ХХ ғасырдың басында шетелдік

капиталдың ене бастауы, Қазақстанның бүкілресейлік нарыққа ықпалдасуы, сауданың дамуы,

жәрмеңкелер, темір жолдардың салынуы.

      19. Қорытынды қайталау (2 сағат).



3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны

      20. Қазақ халқының ХVII–ХVIIІ ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресi (3

сағат):

      XVI ғасырдың басы XVII ғасырларда қазақтардың ойраттарға қарсы соғыстары, Жоңғар



хандығының құрылуы және XVII ғасырлардағы қазақ-жоңғар қатынастары, жоңғарлардың қазақ жерiне

басып кiруi, Орбұлақ шайқасы, «Ақтабан шұбырынды», жоңғар шапқыншылығына қарсы бүкiлхалықтық

Отан соғысы, Бұланты, Аңырақай шайқастары, азаттық соғыстың жеңіспен аяқталуына үлес қосқан


ұйымдастырушылар (Тәуке, Әбiлқайыр, Абылай хандар, батырлар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы

Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай; билер – Төле Әлiбекұлы, Қазыбек Келдiбекұлы, Әйтеке Бәйбекұлы

және Бұқар жырау), қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің тарихи маңызы.

      21. «Қазақ халқының ХVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдiң отаршылдық үстемдiгiне

қарсы ұлт-азаттық қозғалысы» (2 сағат):

      Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар (жалпы сипаттамасы, ерекшелiктерi);

      Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс, Сырым Датұлы көрнектi қайраткер, көтерiлiс

басшысы, көтерiлiстiң себептерi және әлеуметтік негізі, көтерiлiстiң негiзгi кезеңдері және

оқиғалары, жеңiлу себептерi және қорытындылары, тарихи маңызы.

      22. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар (3 сағат):

      Кіші жүзде Жоламан Тіленшіұлы жетекшілігімен болған қозғалыс, көтерiлiстiң себептерi және

әлеуметтік негізі, қорытындылары;

      Бөкей Ордасында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басшылығымен болған көтеріліс,

көтерiлiстiң себептерi және әлеуметтік негізі, Исатай мен Махамбет – көтерiлiс басшылары,

көтерiлiстiң басталуы, кезеңдері және барысы, көтерiлiстiң жеңiлу себептерi, тарихи маңызы.

      23. «Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған халық-азаттық қозғалыс» (2 сағат):

      халық-азаттық қозғалыстың алғышарттары және себептерi, Саржан Қасымұлы бастаған қозғалыс,

азаттық қозғалысының мақсаты, сипаты және қозғаушы күштерi, Кенесары Қасымұлы, көтерiлiстiң

кезеңдері, басталуы, етек алуы, Кенесары хандығы, көтерiлiстiң негiзгi оқиғалары, патша

өкiметiнiң көтерiлiстi басып-жаншуға жасаған әрекетi, азаттық жолындағы қозғалыстың жеңiлу

себептерi, К.Қасымұлы бастаған халық-азаттық қозғалысының тарихи маңызы.

      24. ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар (2 сағат):

      Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерiлiсi;

      1867-1868 жылдардағы Орал және Торғай облыстарындағы көтерiлiстер, 1870 жылғы

Маңғыстаудағы көтерiлiс.

      25. «ХХ ғасыр басындағы ұлттық-демократиялық қозғалыс» (2 сағат):

      ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар, ХХ ғасыр басындағы

Қазақстандағы ұлттық зиялылар тобы және ұлттық-демократиялық қозғалыстар, зиялылар қауымы саяси

қызметінің негізгі түрі және мазмұны.

      26. «1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс» (3 сағат):

      1916 жылғы көтерiлiстiң алғышарттары, себептерi. Көтерiлiстiң қозғаушы күштерi, сипаты,

кезеңдері, көрнектi басшылары (Әбдiғафар Жанбосынов, Амангелдi Иманов, Бекболат Әшекеев, Жәмеңке

Мәмбетов, Ұзақ Саурықов, Кейкi Көкiмбайұлы т.б);

      көтерiлiстiң барысы, негiзгi ошақтары, көтерiлiстiң жеңiлу себептерi, жеңiлiстiң

зардаптары, патша өкiметiнiң жазалаушы әскерiнiң бейбiт халыққа көрсеткен зорлық-зомбылықтары,

көтерiлiстiң тарихи маңызы.

      27. Қайталау (1 сағат).

      28. «Қазақстандағы ХХ ғасыр басындағы саяси партиялар мен ағымдар. Ұлттық автономиялардың

құрылуы» (4 сағат):

      Ресейде әртүрлі партиялардың құрылуы және олардың Қазақстандағы филиалдары, Қазақстандағы

РСДЖП-ның социал-демократиялық ұйымдары, мұсылман партиялары, Қазақстандағы ұлттық саяси

партиялар, «Алаш» партиясының құрылуы, саяси бағдарламасы және тарихи кезеңдері;

      Ресей мен Қазақстандағы 1917 жылғы қазан социалистік революциясы, Қазақстанда Кеңес

өкіметінің орнауы («Үш жүз» партиясының құрылуы және оның тарихы»);

      Қоқан автономиясының құрылуы және «Түркестани мухтариат» үкіметі;

      Екінші Жалпықазақ съезі, Алаш үкіметінің құрылуы, «Алаш» автономиясы және «Алаш Орда Халық

Кеңесі.

      29. «1918-1920 жылдардағы Кеңес үкіметінің Қазақстандағы экономикалық саясаты» (3 сағат):



      Қазақстан (1918-1920) азамат соғысы және шетел интервенциясы жылдарында, «әскери

коммунизм» саясаты және оның Қазақстанда жүзеге асырылуы, жер мен өнеркәсіп кәсіпорындарын

мемлекеттік меншікке алу, Кеңес үкіметінің күш қолдану шаралары (азық-түлік салғырты, еңбек

міндеткерлігі, азық-түлікті реквизициялау т.б);

      «Әскери коммунизм» саясатының экономикалық салдары, 1921 жылғы жұт пен аштық;

      «Жаңа экономикалық саясат» және оның Қазақстанда жүзеге асырылу тәжірибесі, ЖЭС-ты тоқтату



және оның қорытындылары.

      30. «1920-1930 жылдардағы Қазақстан өнеркәсiбi» (3 сағат):

      1920 жылдардың басындағы өнеркәсіптерді қалпына келтіру шаралары, Қазақстан өнеркәсiбiн

дамытудың жаңа кезеңi, Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асырудағы туындаған қиындықтар мен

мәселелер, жетістіктер мен қателіктері, негізгі қорытындылары;

      Қазақстанда жұмысшы табының қалыптасуы, өнеркәсiп саласының озаттары мен жаңашылдары.

      31. «Қазақстанның ауыл шаруашылығын ұжымдастыру» (2 сағат):

      ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ ауылының жағдайы, Қазақстандағы ауыл шаруашылығын

ұжымдастыру (іс-шаралардың жаппай және күш қолдану сипаты), көшпелі қазақтарды күштеп

отырықшыландыру (седентаризация), 1931-1933 жылдардағы ашаршылық;

      Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың әлеуметтік-экономикалық зардаптары.

      32. «1920-1931 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстар» (5 сағат):

      Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы толқулар, көтерілістер және азаттық қозғалыстардың

алғышарттары, себептері, 1921-1922 жылдардағы шаруалар толқулары;

      1929-1931 жж. шаруалар толқуларының себептері, қозғалыстың сипаты, негізгі ошақтары;

      1929 жылғы көтерілістер, негізгі оқиғалары, олардың басшылары, 1930 жылғы көтерiлiстер,

олардың iрi орталықтары, басшылары, 1931 жылғы көтерiлiстер, олардың қамтыған аймақтары,

басшылары;

      Кеңес өкiметiнiң жазалаушы әскерлерiнiң 1929-1931 жылдардағы азаттық жолындағы

халық-азаттық қозғалысты қатыгездiкпен басып-жаншуы, қарапайым халықтың көрші республикаларға

және шетелдерге қоныс аударуы.

      33. Қайталау (1 сағат).

      34. «1920-1930 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмiрi» (3 сағат):

      1920 жылдардағы қоғамдық-саяси өмiрдiң сипаты, Республиканың партиялық және мемлекеттік

басшылары, Ф.И.Голощекин және «Кіші Қазан», алдыңғы қатарлы қазақ зиялы қауымының «Кіші Қазан»

саясатына қарсы күресі, Л.Мирзоян және оның Қазақстандағы қызметі;

      Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның құрылуы және Қазақ КСР-сы болып өзгеруі.

      35. «1920-1930 жж. Қазақстандағы мәдениеттің дамуы» (3 сағат):

      сауатсыздықты жою, халыққа білім беру жүйесінің дамуы және саяси ағартушылық, Қазақстанның

жоғарғы оқу орындары, ғылымның қалыптаса бастауы, Қазақстандық алғашқы ғылыми мекемелер;

      ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы әдебиет пен өнер;

      Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы, бейнелеу өнері, музыка өнері, театр, кинематография.

      36. «Қазақстан Коммунистiк партиясы мен Комсомолы тарихынан» (1 сағат):

      Кеңес Одағы Коммунистiк партиясының құрылуы, оның мақсаты мен мiндеттерi. Қазақстан

Коммунистiк партиясының басқару жүйесiндегi тоқыраудың көріністері, Қазақстан Коммунистiк Жастар

Одағы ұйымының құрылуы, оның мақсаты мен мiндеттерi, атқарған қызметi, Қазақстандағы пионер

ұйымы және оның қызметi.

      37. «Саяси қуғын-сүргiн және халықтар депортациясы» (5 сағат):

      қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері, 1920-1930 жылдардағы ұлттық зиялы қауымға қарсы

қуғын-сүргін, оппозицияны қырып-жою;

      1920-1930 жылдардағы шаруаларға қарсы жаппай қуғын-сүргін және кулактардың жойылуы,

1937-1938 жж. жаппай қуғын-сүргін;

      ГУЛАГ жүйесіндегі Қазақстан, Қазақстан аумағындағы «еңбекпен түзеу» лагерлері (Степлаг,

Қарлаг, АЛЖИР және т.б.);

      Қазақстанға халықтарды депортациялаудың негізгі кезеңдері, 1930 жылдары депортациялаудың

басталуы, 1940-жылдары Қазақстанға басқа халықтарды депортациялау;

      1940-1950 жылдардағы ұлттық зиялы қауымға қарсы қуғын-сүргін, «Хрущев кезеңіндегі» және

«тоқырау» жылдарындағы ғылым мен шығармашылық зиялы қауым өкілдерін қудалау;

      38. Қайталау (1 сағат).

      39. «Қазақстандағы әскери-өндірістік кешен» (1 сағат):

      атом полигонының құрылысы және Семей жеріндегі ядролық сынақтар, «Байқоңыр» ғарыш айлағы.

      40. «Тың игеру эпопеясы» (2 сағат):

      Н.Хрущевтің аграрлық саясаттағы «жаңа бағыты» және оның Қазақ КСР-нда жүзеге асырылуы,

Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру;



      тың игерудің экономикалық, экологиялық және демографиялық салдары.

      41. «ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы толқулар, қозғалыстар және көтерiлiстер» (3 сағат):

      1959 жылғы Темiртау қаласында болған оқиғалар, 1979 жылы Ақмола және тағы басқа қалаларда

болған ереуiлдер мен толқулар;

      1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары, Алматы қаласындағы басталған Желтоқсан оқиғаларының

себептерi, басталуға түрткi болған сылтау, оқиғалардың сипаты, қозғаушы күштерi, 17-18

желтоқсанда Алматыда болған оқиғалар, олардың басқа қалаларға әсерi, жастардың бейбiт шеруiн

қарудың күшiмен басып-жаншуы, желтоқсан оқиғаларының салдары, желтоқсан оқиғаларының жас

батырлары (Қайрат Рысқұлбеков және тағы басқалар), 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының тарихи

маңызы;


      1989 жылғы Жаңаөзен қаласындағы наразылық.

      42. «Тәуелсiз Қазақстан Республикасы: саяси үдерістер» (2 сағат):

      Қазақстан Коммунистік партиясының өзін-өзі таратуы, тәуелсiз Қазақстанның саяси жүйесi,

Мемлекеттiк рәміздері, мемлекеттік егемендік пен президент институтының нығаюы, Қазақстан

Республикасының басқару формасы және билік тармақтары, елдегі саяси тұрақтылықтың негіздері;

      1995 жылғы Қазақстан Республикасының Ата заңы, 1990 жылдардың екінші жартысындағы және

2007 жылғы конституциялық реформалар, қазіргі Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар.

      43. «Тәуелсiз Қазақстанның экономикасы» (2 сағат):

      Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының негізгі кезеңдері, ғасырлар тоғысында

(1998-2001 жж.) экономиканың тұрақталуы, инвестициялық саясат және Қазақстандағы шетелдік

инвестициялар, кәсіпкерліктің дамуы, шағын және орта бизнес;

      қазіргі кезеңдегі Қазақстанның өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, экономикалық дамудың

қорытындылары (жетістіктер мен мәселелер), Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалдасуы, әлемдік

қаржы дағдарысы және Қазақстан экономикасын тұрақтандыру шаралары.

      44. «Қазақ диаспорасы» (2 сағат):

      диаспора, ирредент, оралман ұғымдары, қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы, 1920-1930

жылдардағы қазақ диаспорасының ұлғаюы;

      ТМД елдерiндегi қазақтар, олардың Тәуелсiз Қазақстан Республикасымен қарым-қатынасы, дүние

жүзi қазақтарының құрылтайлары, шетелдегi қазақтардың өз Отанына оралу мәселесі.

      45. «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық жағдайы» (2 сағат):

      Қазақстан Республикасының халықаралық деңгейде танылуы, Қазақстанның сыртқы саясатының

негiзгi сипатты белгiлерi;

      Қазақстан және әлемнің жетекші мемлекеттері, көпвекторлы сыртқы саясат;

      Қазақстан – дүниежүзiлiк беделдi ұйымдардың мүшесi, Қазақстан – бүкіл әлемдік қоғамдастық

төрағасы (ЕЫҚҰ), (ИКҰ).

      46. «Қазақстан – 2030» – Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді бағдарламасы және

«Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (2 сағат):

      «Қазақстан – 2030» стратегиясы: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі

және әл-ауқатының артуы. «Қазақстан – 2030» және «Қазақстан – 2050» бағдарламалық

стратегияларының тарихи маңызы, ұзақ жылдарға арналған басым мақсаттар және жүзеге асыру

стратегиялары.

      47. Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті (1 сағат):

      Н.Ә.Назарбаев – Ұлт көшбасшысы, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен

дамуындағы Елбасының рөлі, Н.Ә. Назарбаев және Еуразия идеясы.

      48. «Астана – Қазақстан Республикасының жаңа Елордасы» (1 сағат):

      жаңа астананы ауыстырудың тарихи маңызы, жаңа Астананың дамуы –Қазақстанның өрлеуінің

нышаны, Астана – менің бас қалам.

      49. Қорытынды қайталау (1 сағат).



4. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны

      Кiрiспе. Курстың міндеті, мазмұны және құрылымы.

      50. «Қазақстан тас ғасырында» (4 сағат):


      тас ғасырын дәуiрлерге бөлу, адамның пайда болуы және оның даму эволюциясы, төменгi, орта

және кейiнгi палеолит, алғашқы адамдардың еңбек құралдары, әлеуметтiк ұйым, мезолит дәуiрi,

Қазақстан неолит кезеңінде;

      неолиттік төңкеріс, энеолит, Ботай мәдениеті, тас дәуіріндегі Қазақстанның археологиялық

ескерткіштері.

      51. «Қазақстан қола дәуiрiнде» (3 сағат):

      Андронов мәдениеті (жалпы сипаттамасы және оның кезеңдері), қола дәуіріндегі Орталық

Қазақстан аумағы;

      кейiнгi қола дәуiрiндегi Беғазы-Дәндiбай мәдениетi;

      өндірістік шаруашылықтың дамуы, мал шаруашылығы мен егiншiлiк.

      52. «Жазба деректердегі ежелгі Қазақстан тарихы» (3 сағат):

      тайпа одақтары мен ежелгi мемлекеттiк бiрлестiктер туралы негізгі тарихи деректер,

археологиялық деректер;

      сақ тайпалары туралы антикалық деректер, Геродоттың «Тарихы»;

      ертедегi парсы (ирандық), қытай деректерi.

      53. «Қазақстан тарихындағы сақ тайпалары» (4 сағат):

      Қазақстан ерте темір дәуірінде, сақ тайпалары (хаомаварга, тиграхауда, парадарайя,

аримаспылар және тағы басқалары);

      Ежелгі Қазақстанның металлургиялық орталықтары, шаруашылық түрлері, әлеуметтік ұйым;

      сақтардың мәдениеті, скиф үштағаны (триадасы), «Аң стилінің» таралуы, қоғамдық ұйымдар

және идеология, археологиялық ескерткiштері.

      54. «Қазақстан территориясындағы ертедегi мемлекеттер» (4 сағат):

      Үйсiн мемлекетi, шаруашылығы, әлеуметтiк-саяси ұйымдар, үйсiндердiң басқа мемлекеттермен

қарым-қатынасы, мәдениеті;

      қаңлылар, саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті;

      ғұндар, б.з.б. III-I ғасырлардағы ғұндар мемлекеті, көршiлермен қарым-қатынасы,

шаруашылығы, әлеуметтiк құрылымы, материалдық мәдениетi;

      ғұндар және халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұндар Еуропада, Аттила.

      55. Қайталау (1 сағат).

      56. «Көшпелiлер немесе дала өркениетi» (3 сағат):

      көшпелілер және номадизм, көшпелi қоғамның өзiне тән шаруашылық жүргiзу әдiстерi, әскери

өнерi, әскери-демократиялық басқару жүйесi;

      көшпелi және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс, қалалар – көшпелi және отырықшы

өркениеттердi жалғастыратын, жақындастыратын көпiр;

      Ұлы Жібек жолы.

      57. «Қазақстан жеріндегі VI – XV ғасырлардағы мемлекеттер:

      этникалық және саяси тарихы» (9 сағат):

      көне түркiлер, түрік қағанаты (құрылуы, дамуы, ыдырауы), Қазақстан аумағындағы

Батыс-түрiк, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ мемлекеттерi, қыпшақ мемлекеті;

      моңғол шапқыншылығы, Қазақстан аумағында XIV-XV ғасырлардағы жеке хандықтардың дамуының

ерекшелiгi, аумағы және рулық құрамы, ұлыстық жүйе, Алтын Орда және Ақ Орда, Ноғай Ордасы

(Маңғыт жұрты), Моғолстан, көшпелі өзбектер мемлекеті (Әбілхайыр хандығы).

      58. «Қазақ халқының және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы» (7 сағат):

      «этнос», «этногенез», «этноним» ұғымдарының мазмұны, қазақ халқының қалыптасуының негізгі

кезеңдері, қазақ халқының қалыптасуының басталуы, қазақ жүздері, ру-тайпалық құрамы, «қазақ»

этнонимi туралы, қазақ халқының антропологиялық типi және тiлдiк сипаты;

      қазақ хандығының құрылуы – қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы, саяси тарихы,

қазақ хандары саясатының негiзгi бағыттары, хандық мемлекеттегi басқару жүйесi, хандық билiк,

әлеуметтiк құрылымы, «ақсүйек» және «қарасүйек» институттары, салықтар мен мiндеткерлiктер

түрлерi, әдеп құқығы және «Жетi Жарғы».

      59. Қайталау (1 сағат).

      60. «Көшпелiлердiң рухани мәдениетi. Қазақ даласының даналары» (12 сағат):

      рухани мәдениеттiң даму ерекшелiгi, негiзгi бағыттары;

      Қазақстан аумағында ислам дінінің таралуы;



      тiл мен жазу, ежелгi жазба ескерткiштерi (түрiк, соғда, араб);

      ғылым мен әдебиет (әл-Фараби, Жүсiп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Мұхамед Хайдар Дулати,

Қадырғали Жалайыри);

      халық ауыз әдебиеті, ақындар мен жыраулар (Асан-қайғы, Қазтуған, Сыпыра, Доспамбет,

Ақтамберді, Бұқар жыраулар), эпикалық жырлар;

      музыка өнерi, қолданбалы өнер, ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ұлттық ойындар, дiн,

наным-сенiмдер, Ұлы Жiбек жолының мәдениеттің дамуындағы алатын орны.

      61. Қайталау (1 сағат).

      62. «Қазақстан Ресей империясының құрамында» (14 сағат):

      Ресейдің XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі шығыстағы саясаты, XVIII ғасырдың басындағы

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы, 1731 жылғы жарлық және А.И.Тевкелев елшiлiгi,

Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы, Әбiлқайыр хан жоспары және оны жүзеге асыру, Кiшi жүз

бен Орта жүздiң Ресейге қосылуы, қазақ жерлерiн бiрiктiру мақсатындағы Абылай хан саясаты,

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы, қосылудың салдары;

      XVIII-ХІХ ғасырлардағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары, 1822, 1824 жылдардағы

«Жарғылар», 1867-68 жылдардағы «Уақытша ережелер», 1886, 1891 жылдардағы «Басқару туралы

Ережелер», Ресейдің Қазақстандағы отарлық саясаты мен реформалардың салдары;

      Ресейдiң Қазақстанда жүргiзген көшiп-қондыру саясаты негізгі кезеңдері, казак әскерi мен

орыс шаруаларының Қазақстанға жаппай қоныс аударуы, Столыпиннің аграрлық реформасы және жаппай

қоныстандырудың жаңа кезеңі, қазақтардың шұрайлы жерлерiн тартып алу, қоныстандыру саясатының

зардаптары;

      ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға ресейлік және ХХ ғасырдың басында шетелдік

капиталдың ене бастауы, Қазақстанның бүкілресейлік нарыққа ықпалдасуы, сауданың дамуы,

жәрмеңкелер, темір жолдардың салынуы.

      63. Қайталау (1 сағат).

      64. Қорытынды қайталау (2 сағат).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет