Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет105/132
Дата02.01.2017
өлшемі3,08 Mb.
#970
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   132

5. 11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      20. 11 сыныптың соңында оқушылар:

      1) ТМД елдерін, көршілес, алыс шет елдер, кедендік одақ ұғымдарын;

      2) ТМД елдерінің геосаяси және экономикалық-географиялық жағдайының өзіне тән сипаттарын;

      3) халықының, табиғат жағдайларының және ресурстарының негізгі сипатын, ТМД елдері

шаруашылығының және аумағының ішкі айырмашылықтарын;

      4) ТМД елдеріндегі экономикалық реформаларды және олардың арасындағы ықпалдастық

процестерін;

      5) Азияның, Шетелдік Еуропаның, Американың, Африканың тарихи-географиялық аймақтарын,

жетекші елдерін және олардың астаналарын;

      6) адамзаттың ілгері басуындағы Азия өркениеттінің рөлін;

      7) Азия елдерінің экономикалық-географиялық жағдайына, табиғат жағдайлары мен

ресурстарына, халқына, урбандалуына, шаруашылығына, ішкі айырмашылықтарына, экономиканың негізгі

және экспорттаушы салаларына тән сипатын;

      8) шаруашылықтың жетекші салаларының орналасуын (негізгі өнеркәсіп аудандарын,

ауылшаруашылық аудандарын);

      9) Шетелдік Еуропаның ірі елдерінің экономикалық-географиялық жағдайына, табиғат

жағдайлары мен ресурстарына, халқына, урбандалуына, шаруашылығына, ішкі айырмашылықтарына,

экономиканың негізгі және экспорттаушы салаларына тән сипатын;

      10) Аустралия және Мұхит аралдары елдерінің экономикалық-географиялық жағдайына, табиғат

жағдайлары мен ресурстарына, халқына, урбандалуына, шаруашылығына, ішкі айырмашылықтарына,

экономиканың негізгі және экспорттаушы салаларына тән сипатын;

      11) Америка елдерінің экономикалық-географиялық жағдайына, табиғат жағдайлары мен

ресурстарына, халқына, урбандалуына, АҚШ мегалополистеріне, шаруашылығына, ішкі

айырмашылықтарына, экономиканың негізгі және экспорттаушы салаларына тән сипатын;

      12) шаруашылықтың жетекші салаларының орналасуын (АҚШ негізгі өнеркәсіптік белдеулерін,

елдердің өнеркәсіп және ауылшаруашылығы аудандарын);

      13) Африканың ірі елдерінің экономикалық-географиялық жағдайының, аймақтарының табиғат

жағдайлары мен ресурстарының, халқының, урбандалуының, аймақтар бойынша шаруашылықтың ішкі

айырмашылықтарының, елдер экономикасының көпсалалы және бірсалалы мамандану салаларының, олардың

халықаралық географиялық еңбек бөлінісіндегі орнының өзіндік сипатын;

      14) Африканың дамушы елдері экономикасының артта қалуының себебін;

      15) Африканың негізгі өнеркәсіптік және ауылшаруашылықты аудандарын, көлік жүйесінің

ерекшеліктерін;

      16) Еуроодақ көлемінде елдердің ықпалдастығның негізгі сипатын;

      17) Қазақстанның Азияның, Шетелдік Еуропаның, Африканың, Аустралия және Мұхит аралдарының



жетекші елдерімен қарым-қатынасын білулері тиіс.

      21. 11 сыныптың соңында оқушылар:

      1) карталардан, сонымен қатар кескін картадан, ТМД елдерінің аумағын көрсете;

      2) ТМД елдерін, олардың аумағындағы табиғат жағдайлары мен ресурстарының, халқының және

шаруашылық ерекшеліктерінің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау мақсатында салыстыра;

      3) елдердің және аумақтардың экономикалық-географиялық сипаттамасын құра;

      4) карталардан, сонымен қатар кескін карталардан Азияның, Шетелдік Еуропаның, Американың,

Африканың тарихи-географиялық аймақтарын, жетекші елдерін және олардың астаналарын көрсете;

      5) карталардан, сонымен қатар кескін карталардан Африканың тарихи-географиялық аймақтарын,

дүниежүзі экономикасы үшін маңызы бар жетекші елдерін және олардың астаналарын көрсете;

      6) Азияның, Шетелдік Еуропаның, Американың, Африканың аймақтары мен елдеріне

экономикалық-географиялық сипаттама беру, алынған нәтижелердің презентациясын жасай;

      7) Азия, Шетелдік Еуропа елдерінің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау мақсатында

экономикалық-географиялық жағдайларын, табиғат жағдайлары мен ресурстарын, халықтарын,

шаруашылығын салыстыру;

      8) Латын Америкасы, Африка елдері экономикасының типі мен мамандануын анықтау мақсатында

табиғат жағдайлары мен ресурстарын, халықтарын, шаруашылығының дамуын тарихи тұрғыдан салыстыру;

      9) Еуроодақ елдеріндегі осы кезде болып жатқан саяси және экономикалық оқиғалары жайлы

ақпараттарды негізге ала отырып қорытындылар мен дәлелдеулер жасай;

      10) бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу, елдер мен аймақтардың даму ерекшеліктерін

таба алулары тиіс.

      22. Жеке тұлғалық нәтижелер:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуінен;

      2) белсенді азаматтық ұстаным таныту, жоғары патриоттық сезімінен, өз Отанына қызмет етуге

және оның мүддесін қорғауға дайын болуынан;

      3) өз елінің, туған өлкесінің табиғатының сұлулығын көре білуге және сақтауға ұмтылуынан,

қоршаған ортаны қорғау сұрақтарында белсенді азаматтық ұстаным танытуынан;

      4) табиғи және басқа да кездейсоқ, төтенше жағдайларда қолданылатын қажетті әрекеттерді

саналы түрде орындауынан;

      5) дүниежүзі елдерінің мәдениетіне, тарихына құрметпен қарау сезімін, олардың адамзат

өркениетінің дамуындағы рөлі, адамдармен қарым-қатынаста мәдениеттілік, толеранттық танытуынан;

      6) мамандықтар әлемімен танысу және болашақ мамандығын таңдауды саналы түрде жүзеге

асыруынан;

      7) көп ұлтты қоғамда адамдармен қарым-қатынаста мәдениеттілік, толеранттық таныту,

этикалық, моральдық-өнегелілік нормаларды сақтауынан;

      8) табиғат кешенін, оның компоненттерін, табиғат ресурстарының түрлерін (минералды,

өсімдік, жануарлар дүниесін және топырақ жамылғысын) сақтауға қажетті іс-әрекетті саналы түрде

орындауынан;

      9) Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында көрсетілген елдің

индустриалдық-инновациялық реформасы және экономиканың аралас, нарықтық түрі жағдайындағы

үдерістерді білуге ұмтылысынан;

      10) дүниежүзілік экономика салаларын, дүниежүзілік өнеркәсіптік аймақтар мен орталықтарды,

олардың дүниежүзілік, аймақтық, қазақстандық нарыққа әсері туралы оқып-үйренгенде өздігінен

білімін жетілдіруінен;

      11) ТМД елдері, бұрынғы Кеңестер Одағы республикалары халықтарының тарихына, мәдениетіне,

менталитетіне, ұлттық әдет-ғұрыптары мен құндылықтарына құрметпен қарау және дүниетанымдық

түсінікті дамытуынан;

      12) ТМД елдерінің саяси және экономикалық дамуындағы жалпы мақсаттарды, олардың еуразиялық

және дүниежүзілік өркениеттің дамуындағы рөлін түсінуінен;

      13) өздігінен білім алу, өз білімін жетілдіру және іс-әрекеттерінің нәтижесін көрсету

арқылы шығармашылық, жасампаз еңбекке қабілеттілігін арттыруынан;

      14) отарлау кезінде тайпалар, халықтар және елдер арасында болған өзара байланыстар (сол

дәуірдің мұрасы қазіргі заманда – ІЖӨ төменгі көрсеткіші, кедейлік, эпидемиялар, ішкі

шиеленістер, елдерге халықаралық нақты көмектің қажеттілігі) туралы дүниетанымдық түсінік және



көзқарасты одан әрі дамытуынан;

      15) шығармашылық, практикалық іс-әрекет түрлерін орындау барысында экологиялық тәрбиені

қалыптастыруынан;

      16) этикалық нормаларды сақтай білу, әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай білу,

қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни және заң бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуінен;

      17) экологиялық акциялар арқылы экологиялық бағыттағы мінез-құлықты қалыптастыруынан

көрініс табады.

      23. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың әр түрлі практикалық іс-әрекеттері арқылы

жүзеге асады:

      1) дүниежүзінің саяси картасына талдау жасау (қабырға картасынан мемлекеттік формасына

және әкімшілік-аумақтық құрылымына қарай әр түрлі елдерді, тәуелсіз мемлекеттерді және тәуелді

аумақтарды, елдердің типтерін, халықаралық ұйымдарды көрсету);

      2) елдердің геосаяси жағдайына баға беру (таңдауы бойынша бір елдің геосаяси жағдайына

баға беру және әлемдегі оқиғаларға байланысты болуы мүмкін өзгерістерді болжау);

      3) геосаяси жағдайы қолайлы және қолайсыз елдерді анықтау және себебін түсіндіру;

      4) әр түрлі деректерді пайдалана отырып ел халқына сипаттама беру;

      5) жастық-жыныстық пирамидаға және атластың тақырыптық карталарының деректеріне талдау

жасау;


      6) жекелеген елдердің минералдық ресурстармен қамтамасыз етілуін анықтау;

      7) өз өлкесінің және аймағының рекреациялық әлеуетін анықтау және дәлелдеу;

      8) ҒТР жағдайындағы Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық реформаларын және

экономиканың ғылыми-техникалық жаңаруы сұрақтары бойынша мерзімді басылымдарды, ғылыми әдебиетті

және нақты мысалдарды талдау;

      9) мерзімді басылымдардың дүниежүзі шаруашылығының, оның салаларының жағдайы туралы

материалдарын талдау және нәтижеге презентация жасау;

      10) географиялық карталарды, кестелерді, диаграммаларды және басқа деректердің көмегімен

дүние жүзі шаруашылығының салаларына сипаттама беру (саланың құрылымы, өндірілетін өнім; негізгі

елдер, орналастыру орталықтары; орналастырудың негізгі факторлары (шикізаттық, су,

энергетикалық, еңбек, көліктік, тұтынушылық немесе импорт); өнімді негізгі тұтынушылар; ҒТР

саланың технологиялық жағдайына, еңбек ресурстарының санатына талаптары туралы қорытындылар);

      11) шикізат пен отын, металлургия өнімдерінің, автомобиль, су көлігі, электронды техника,

роботтар, өнеркәсіп станоктарын жасаудың, ауыл шаруашылығы (бидай, күріш, май, талшық,

сергіткіш, қой, ірі қара, шошқа, балық) өнімдерінің негізгі түрлерін шығаратын көшбасшы елдерді

кескін картаға белгілеу;

      12) ғаламдық проблемалар, оларды мәні және шешу жолдары жайлы оқулықтың, әр түрлі

басылымдардың, интернеттің материалдарына талдау жасау;

      13) «Ресейдің экономикалық ауданына қысқаша экономикалық-географиялық сипаттама жасау»,

үлгі жоспар бойынша (экономикалық-географиялық жағдайы; табиғат жағдайлары мен ресурстарын

бағалау; халқы; шаруашылығына сипаттама; экономикалық ауданның Ресейдің экономикасы үшін маңызы,

Қазақстанмен экономикалық байланыстары);

      14) Азияның, Шетелдік Еуропаның, Африканың, Аустралияның, Мұхит аралдарының, Антарктиканың

тарихи-географиялық аймақтарының шекараларын және жетекші елдерін кескін картаға түсіру;

      15) баяндама дайындау, тақырып үлгілері («Азия елдерінің ірі қалалары», «Азия елдері

халықтарының ежелгі мәдениеті», «Адамзаттың дамуындағы Азия өркениеттінің рөлі», «Азияның

демографиялық рекордтары», «Елдің дамуындағы жеке тұлғаның рөлі» (Кемаль Ататүрік – Түркия, Дэн

Сяо Пин – Қытай, Махатма Ганди, Джавахарлал Неру – Үндістан, Ли Куан Ю – Сингапур, Махатхира

Мохамада – Малайзия);

      16) жоспар бойынша Батыс Еуропаның екі шағын капиталистік еліне салыстырмалы сипаттама

беру;

      17) мамандану салаларын және экспорттық өнімдерін көрсете отырып, Еуропаның ірі



өнеркәсіптік орталықтарына талдау жасау;

      18) «Еуропа елдерінің ірі қалалары», «Латын Америкасы елдерінің ірі қалалары»,

«Бразилияның, Мексиканың урбандалу ерекшеліктері», «Африка елдерінің ірі қалалары», «Мысыр

пирамидаларының құпиялары», «Сахельдің «қанттануы» – себеп-салдарлық байланысы» үлгі



тақырыптарына баяндамалар дайындау;

      19) ауызша саяхат жасау арқылы АҚШ сипаттама беру (картаның, оқулық мәтінінің және басқа

да ақпарат құралдарының көмегімен, елдің экономикасы үшін ең маңызды штаттарды атап көрсету,

экономикалық-географиялық негіздеме беру, дәлелдемелер келтіру, олардың ерекше өзгешеліктерін

атап көрсету, қорытындыда Қазақстанда қолдануға болатын экономикалық даму тәжірибесін көрсету);

      20) аймақтар бойынша ресурстардың негізгі, маңызды және тапшы түрлерін анықтау мақсатында,

негізгі, ерекше қорғалатын аймақтарды көрсете отырып «Африканың бес аймағының табиғат

ресурстарының ерекшеліктері» құрама кестесін толтыру;

      21) елдің экономикалық-географиялық сипаттамасын жасау;

      22) Аустралия Одағы, басқа елдермен табиғи және экологиялық-экономикалық проблемалардағы

ұқсастықтарын табу.

Қазақстан Республикасы    

Білім және ғылым министрінің  

2013 жылғы 3 сәуердегі     

№ 115 бұйрығына 73-қосымша 

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11 сыныптары үшін

«Физика» пәнінен типтік оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат

      1. «Физика» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №

1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)

мемлекеттік жалпыға міндетті 

 сәйкес әзірленген.

стандартына

      2. Физика – әлемде материяның неғұрлым қарапайым және жалпылама қасиеттерін зерттейтін

табиғат туралы ғылым. Физиканың ғылыми, техникалық және гуманитарлық әлеуеті бар, адамзат

мәдениеттiң маңызды құраушасы болып табылады

      3. Жалпы білім берудің құрамды бөлігі ретіндегі физиканың гуманитарлық мәні, ол оқушыны

қоршаған дүние туралы объективті білім алуға мүмкіндік беретін ғылыми таным әдістерімен

қаруландырады.

      4. Қазіргі қоғамға бейімделу үшін әрбір адамның тәжірибесіне қажетті базалық деңгей

негізіндегі физикалық ұғымдар мен мен заңдарды меңгеру білім беретін мектептің оқу жоспарындағы

«Физика» пәнінің ерекшелігі болып табылады.

      5. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Физика» оқу пәнін оқытудың

басты мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық бейнесін

біртұтас қабылдай алуды қалыптастыруға, құндылық бағдарларды тәрбиелеуге ықпал ету.

      6. Бұл мақсатқа жету келесі міндеттерді жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі:

      1) қазіргі «Жаратылыстану» білім саласындағы «Физика» оқу пәнінің маңызын түсіндіру және

физика ғылымының әдістерін меңгерту негізінде ғылыми дүниетаным білімдерін меңгерту;

      2) оқушылардың ғылыми түсініктер жүйесі негізінде сын тұрғысынан ойлауын дамыту;

      3) оқуға жауапкершілікпен қарауға, қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларын ұтымды

пайдаланауға дағдыландыруға;

      қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дағдыларды қалыптастыруға;

      базалық білім негізінде экономикалық және саяси, әлеуметтік, мәдени қызметтерге ат салысу

дағдысына тәрбиелеу.

      7. 10-11 сыныптарына арналған «Физика» пәнінің білім мазмұны іргелілік, жүйелілік,

біртұтастық, мәдени үйлесімділік, түсініктілік, сабақтастық сияқты принциптер негізінде таңдалып

алынған.


      8. 10-11 сыныптарына арналған «Физика» оқу пәнінің бағдарламасы ана тілі және әдебиетпен,

математикамен, химиямен, биологиямен, географиямен, информатикамен және технологиямен пәнаралық

байланысты ескереді.


      1) ана тілі (қазақ, орыс):

      тіл лексикасы;

      ауызша және жазбаша коммуникация (әңгіме, эссе, шығарма, реферат, шығармашылық жоба);

      коммуникативті мәдениет;

      физиканың негізгі терминологиясын білу;

      физикалық терминдерді қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту;

      2) алгебра:

      гармониялық тербелістер;

      тригонометриялық функциялар;

      туынды және оны қолдану.

      3) геометрия:

      түзудің, жазықтықтың теңдеуі;

      нормаль векторы

      4) химия:

      заттың атомдық-молекулалық құрылысы;

      Менделеев элементтерінің периодтық жүйесі;

      атомның құрылысы, изотоптар;

      5) биология:

      заттардың айналуы және биосферадағы энергия ағыны;

      ультракүлгін және инфрақызыл, рентген сәулелерінің өсімдік және тірі оргнизмдерге әсері.

      6) информатика:

      ақпараттық процестер;

      компьютердің аппараттық және програмалық құралдары;

      электрондық кесте, графиктік редактор ортасында модельдеу;

      белгілі бір тапсырманы орындаудың алгоритмін құру;

      «Интернет» желісіндегі жұмыс: браузердің және іздеу программаларының көмегімен ақпаратты

іздеу және оны қарау;

      электронды тасымалдаушыда мәліметті сақтау;

      электрондық почтамен хабарлама жіберу;

      слайдтар құрастыру.

      9. «Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:

      1) 10 сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты,

      2) 11 сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды

2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны

      10. «Кiрiспе (2 сағ)» бөлімі:

      әлемдi танып-бiлудiң ғылыми әдiстері;

      физика – табиғаттың қарапайым және iргелi қасиеттерi туралы ғылым.

      11. « Механика» бөлімі:

      1) кинематиканың негiзгi ұғымдары (5 сағ);

      1-1) механикалық қозғалыс және оның түрлері;

      денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері;

      бірқалыпты түзусызықты қозғалыс;

      түзусызықты теңүдемелi қозғалыс және шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалыс;

      галилейдің салыстырмалылық принципі;

      механикадағы салыстырмалы және инвариантты шамалар;

      1-2) лабораториялық жұмыстар:

      тең үдемелi қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау;

      1-3) көрсетілімдер

      қозғалыстың салыстырмалылығы;

      механикалық қозғалыстың түрлерi;

      стробоскоп;



      спидометр;

      денелердiң ауада және сиретiлген ортада (Ньютон түтiкшесiнде) түсу;.

      2) «Қозғалыс заңдары (5 сағат)»:

      2-1) Исаак Ньютон және қозғалыс заңдары;

      табиғаттағы күштер;

      жердiң жасанды серiктерi;

      2-2) лабораториялық жұмыстар:

      сырғанау үйкелiс коэффициентiн анықтау;

      2-3) көрсетілімдер:

      инерцияның байқалуы;

      күштердi өлшеу;

      3) сақталу заңдары (5 сағат).

      3-1) дене импульсi;

      импульстiң сақталу заңы;

      реактивтi қозғалыс;

      энергия және жұмыс;

      энергияның сақталу заңы;

      аспан денелерiнiң қозғалысының түсiндiру және ғарыштық зерттеулердi дамытуы үшiн

классикалық механиканың заңдарын қолдану;

      3-2) көрсетілімдер

      импульстiң сақталу заңы.

      реактивтi қозғалыс.

      зымыранның моделi

      12. «Молекулалық физика» бөлімі:

      1) молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi қағидалары және оларды тәжiрибелiк негiздеу

(3 сағ);


      1-1) зат құрылысы туралы көзқарас;

      молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi қағидалары;

      молекуланың мөлшерi мен массасы;

      молекулалардың өзара әрекеттесуi;

      молекулалардың қозғалысы;

      газ молекулаларының қозғалыс жылдамдығы;

      2) «Идеал газдың молекулалық-кинетикалық теориясы (5 сағат)»:

      2-1) идеал газ;

      идеал газдың кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi;

      температура зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі

ретінде;

      идеал газ күйiнiң теңдеуi; газ заңдары;

      2-2) лабораториялық жұмыстар:

      Бойль-Мариотт заңын тәжiрибелiк тексеру

      3-2) көрсетілімдер

      броундық қозғалыстың механикалық моделi;

      диффузияны бақылау;

      газ заңдары;

      3) «термодинамика негiздерi (5 сағ)»:

      3-1) жылудың табиғаты;

      термодинамиканың бiрiншi заңы және оны термодинамикалық процестерге қолдану;

      табиғаттағы жылу процестерiнiң қайтымсыздығы;

      термодинамиканың екiншi заңы;

      жылу қозғалтқыштары және қоршаған ортаны қорғау;

      13. Қорытынды қайталау (2 сағ).

      14. Уақыт қоры (2 сағ).



3. Оқу пәнінің 11–сыныптағы базалық білім мазмұны

      15. «Электродинамика» бөлімі

      1) электростатика (4 сағ):

      1-1) электр өрiсi туралы iлiмнiң дамуы;

      электрлiк өзара әрекеттесу;

      электр зарядының сақталу заңы;

      кулон заңы;

      электр өрiсiнiң кернеулiгi және потенциал; өрістердің суперпозиция принципі;

      электр сыйымдылық; электр өрiсiнiң энергиясы;

      1-2) көрсетілімдер

      электрленген денелердiң өзара әрекеттесуi;

      зарядталған шариктердiң электр өрiсi;

      2) тұрақты электр тогы (3 сағ)

      электр тогы туралы түсiнiктердiң даму тарихы;

      токтың бар болу шарттары;

      тiзбектiң бөлiгi және толық тiзбек үшiн Ом заңы;

      электр тогының жұмысы; джоуль-ленц заңы;

      металдар өткiзгiштiгiнiң электрондық теориясының негiздерi;

      Джоуль-Ленц және Ом заңдарын электрондық теория тұрғысынан түсiндiру;

      2-2) лабораториялық жұмыстар:

      өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу заңдарын тексеру;

      3) электромагнетизм (4 сағ)

      3-1) магнетизм туралы iлiмнiң тарихы;

      магнит өрiсi;

      токтардың өзара әрекеттесуі;

      Ампер күшi;

      магнит индукциясы;

      Лоренц күшi;

      Ампер және Лоренц күштерiн қолдану;

      заттардың магниттiк қасиеттерi және оларды қолдану;

      аспан денелерiнiң магниттiк өрiстерi;

      3-2) лабораториялық жұмыстар:

      магнит өрiсiнiң спектрлерi;

      магнит өрiсiнiң токқа әсерiн бақылау;

      3-3) көрсетілімдер

      параллель токтардың өзара әрекеттесуi;

      магнит өрiсiнiң токқа әсерi;

      электрон шоғының магнит өрiсiнде ауытқуы;

      4) электромагниттiк тербелiстер мен толқындар (5 сағ)

      4-1) электромагниттiк өрiс бейнесi қалай туындады;

      электромагниттiк индукция заңы;

      индукциялық ток;

      айнымалы ток туралы ұғым;

      электромагниттiк индукция құбылысын пайдалану;

      электромагниттiк өрiс;

      электромагниттiк өрiстiң энергиясы;

      электромагниттiк толқын;

      жарықтың электромагниттiк табиғаты;

      электромагниттiк толқындар шкаласы;

      жарықтың толқындық қасиеттерi және олардың байқалуы;

      электромагниттiк толқындарды пайдалану: радиобайланыс және теледидар;

      радиолокация;

      желілі технологиялар және интернет;


      әлемнiң электродинамикалық бейнесі;

      4-2) лабораториялық жұмыстар:

      электромагниттiк индукция құбылысын зерделеу;

      жарықтың интерференция және дифракция құбылыстарын бақылау 4-3) көрсетілімдер

      электромагниттiк индукция;

      Ленц ережесi;

      интерференциялық жолақтарды алу;

      жiңiшке жiптегi жарықтың дифракциясы;

      жарықтың поляризациялануы;

      электромагниттiк сәуле шығару шкаласы;

      16. «Қазiргi заманғы физика» бөлімі

      1) салыстырмалылықтың арнайы теориясының элементтерi (2 сағ);

      1-1) жарық жылдамдығы;

      салыстырмалылықтың арнайы теориясының постулаттары;

      масса мен энергияның өзара байланыс заңы;

      релятивтiк және классикалық механика;

      2) жарықтың кванттық теориясының негiздерi (3 сағ)

      2-1) жарық табиғаты туралы түсiнiктердiң дамуы;

      жарықтың корпускулалық және толқындық теориясы;

      кванттық теория туралы ұғым;

      фотоэлектрлiк эффект;

      фотоэффект үшiн Эйнштейн теңдеуi;

      жарықтың кванттық теориясы негiзiнде фотоэффект заңдарын түсiндiру;

      фотон және оның сипаттамасы;

      электромагниттiк сәуле шығарудың толқындық және корпускулалық қасиеттерiнiң диалектикалық

бiрлiгi;


      2-2) көрсетілімдер:

      фотоэффект;

      сыртқы фотоэффект заңдары;

      жарықтың химиялық әсерi;

      3) атом және атом ядросы (5 сағ)

      3-1) электронның ашылуы;

      Дж. Томсон жасаған моделi;

      атом құрылысын анықтаудағы резерфорд тәжiрибелерi;

      атомның планетарлық моделi;

      лазер әрекетiнiң физикалық негiзi;

      рентген және беккерель ашқан жаңалықтар;

      радиактивтi элементтер;

      резерфордтың радиактивтi сәуле шығарудың табиғатын анықтайтын тәжiрибелерi;

      радиактивтi ыдырау заңы; ядролардың түрленуi;

      нейтронның ашылуы; ядроның протон-нейтрондық моделi;

      ядролық күштер;

      бөлiну және синтезделудiң ядролық реакциялары;

      атом энергиясының болашағы;

      термоядролық синтез проблемалары;

      3-2) лабораториялық жұмыстар:

      сәуле шығару және жұтылу спектрлерi;

      3-3) көрсетілімдер:

      Вильсон камерасы;

      бөлшектер тiркегiшi;

      4) Әлем; элементар бөлшектер - әлем кеңiстiгiнiң кiрпiштерi (3 сағат)

      4-1) әлемнiң құрылысы туралы тарихи түсiнiктер;

      әлемнің геоцентрлік жүйесінің ақыры;

      элементар бөлшектер - әлемдi құраушы кiрпiштер;



      күннiң құрылысы;

      жұлдыздар эволюциясы немесе әлем кеңiстiгiнiң тарихы туралы;

      галактика, тұмандықтар және қара құрдымдар;

      галактикаларды жiктеу;

      әлемнiң қазiргi заманғы ғылыми бейнесi;

      17. Қорытынды қайталау (2 сағ)

      18. Уақыт қоры (3 сағ).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет