4. Оқу пәнінің 10 сыныптағы базалық білім мазмұны
Технология қыз балаларға арналған
тақырыптық жоспар: кесте 1
№
Бөлімдердің атауы
Сағат саны
барлығы
теория
практика
1
Тағам әзірлеу технологиясы
9
2
7
2
Иық бұйымдарын жобалау, конструкциялау,
модельдеу және дайындау
16
3
13
3
Жоба
9
1
8
Барлығы:
34
6
28
27. Тағам әзірлеу технологиясы – 9 сағат:
1) тамақтану мәдениеті, дұрыс (тиімді) тамақтану, мектеп жасындағы балаларға арналған
азық-түліктің тәуліктік жиынтығы, кондитерлік өнімдер дайындауға арналған ыдыстар мен азық-түлік
тізімі, еңбекті қорғау, санитарлық-гигиеналық талаптар және қауіпсіздік ережелері, бисквит және
қайнатпалы қамыр дайындау технологиясы;
2) бисквитті жылы, салқын және жылдамдатылған сақын тәсілмен дайындау. Өнім мөлшері,
технологиялық реттілігі, бисквит қамыры мен дайын бисквит сапасына қойылатын талаптар,
қайнатпалы қамыр (профитрол және эклер);
3) крем әзірлеу, азық-түлік мөлшері, әзірлеу реттілігі және технологиясы. Қайнатпалы крем,
қаймақ кремі, жұмыртқаның ақ уызынан жасалған крем, глазурь. Кондитерлік өнімдерді безендіру
(кремдер: қайнатпалы, қаймақ, жұмыртқаның ақ уызынан жасалған, сонымен бірге бетіне себетін
ұнтақтар мен глазурь, далап, жеміс-жидектер), крем дайындау;
4) марципан дайындаудың суық және ыстық тәсілі, кондитер өнімдерін безендіруге арналған
кондитер қалтасы және кондитер қалтасына арналған қондырмалар, тортты әшекейлеу негіздері, қазақ
халқының десерттік (тәтті) тағамдары;
5) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): марципан, далап дайындау, бисквит торты, бисквит
рулеті, қайнатылған ұсақ профитрольдер, шәрбат (сироп) дайындау.
28. Киімді жобалау және дайындау – 16 сағат:
1) иық бұйымдарын конструкциялау, модельдеу және дайындау (көйлек, әйел жейдесі (блузка),
халат, көкірекше (жилет, жекет) – таңдау бойынша. Тігін бұйымдарының: эскизін, сызбасын,
дайындау реттілігін, дайындау тәсілдерін үйрену;
2) эскиз, костюм композициясы, силуэт, түсі, пропорция туралы түсінік. Өлшем алу және
иықты бұйым сызба негiзiнің құрылымы, еркін қонымдылыққа арналған қосымшалар, тұтаспішім
негізіндегі тігін бұйымдарын (халат) модельдеу, спорттық типтегі көйлекті модельдеу және
конструкциялау, дайындау технологиясы;
3) қондырма жеңді модельдеу (фасондық сызық жүргізу арқылы), негізгі бүкпе орнын ауыстыру,
жағалар және түймелеу, өңір түрлері, жаға сызбасының құрылымы, бұйым бөлшектерін қатырмалау
(өңірасты, жаға, қаттама);
4) іскерлік костюмдермен танысу, жекет, көкірекше (жилет) және белдемшені нұсқау карта
бойынша дайындау, біктемесіз және тіктемесі бар жағаларды түйіндік өңдеу, иықты бұйымды дайындау
технологиясы (аналитикалық, технологиялық және бақылау), киімді көркемдеп әрлеу;
5) сарамандық жұмыс: өлшем алу, иық бұйымының сызбасын құрастыру (тор, артқы бой, алдыңғы
бой), жаға, қондырма жең құрылымы. Жеңді, бұйымды модельдеу, бел сызығы бойындағы бүкпенің
есеп-құрылымы (қынамалы және жартылай қынамалы бұйымның силуэті, әйел жейдесі және белдемшені
модельдеу).
29. Жоба – 9 сағат:
1) бұйымды таңдау бойынша жобалау және дайындау;
2) жобалық жұмыстар (дизайн-папкасы);
3) берілген модельді дайындаудың техникалық паспорты, жобаны қорғау.
5. Оқу пәнінің 11 сыныптағы базалық білім мазмұны
тақырыптық жоспар: кесте 2
№
Бөлімдердің атауы
Сағат саны
барлығы
теория
практика
1
Қазақ халқының ұлттық костюмін
конструкциялау, модельдеу және дайындау
32
4
28
2
Жобаны қорғау
2
2
Барлығы:
34
4
30
30. Қазақ халқының ұлттық костюмін конструкциялау, модельдеу және дайындау (көйлек,
қамзол, бас киім) – 32 сағат:
1) дизайн туралы түсінік, қазіргі кездегі киім дизайны, дизайнер шығармашылығы, ұлттық
костюм және қазіргі киім;
2) көркем ансамбль ретіндегі қазақтың ұлттық костюмі, ұлттық отив бойынша қазіргі стильді
киім үлгісін жасау, ұлттық колориттегі қазіргі заманауи көйлек;
3) костюмдегі стильдік шешім, киімді көркем безендіру принциптері, түрлі қолданыстағы
киімдерді көркем безендіру ерекшеліктері;
4) сәндік әрлеу түрлері: ызба, таспа, бау, бисер, страза, кесте, кристал.
5) ұлттық костюмнің сәнін келтіретін қосымша зергерлік бұйымдар мен аксессуарлар;
6) эскиз, сызба (иық бұйымының базистік сызбасы, модельдеу жолымен), әшекей, өңдеу түрі,
материалды іріктеу, дайындау технологиясы. Камзол және бас киім тігу кезінде бөлшектерді
қатырмалауға арналған аралық төсем материалдарын таңдау;
7) бұйымды пішу, дайындау реттілігі және ою-өрнек түрлері;
8) сарамандық жұмыс: нұсқау карта бойынша костюмді жобалау және дайындау. Түйіндік өңдеу,
пішім, сызба, эскиз жасау. Иық және бүйір тігістерін, бүкпені өңдеу. Белдемше етегін желбіреуіш,
желбіршек, желбірмен өңдеу (моделіне қарай). Мойын ойындысын өңдеу (жаға, жиек немесе әдіппен),
жеңді қондыра көктеу және қондырып тігу. Белдемшені нымшамен біріктіру, қамзол тігу, тақия тігу,
киімді әшекейлеу.
31. Жоба – 2 сағат:
1) ұлттық костюмді жобалау және дайындау;
2) жобалық жұмыстар (дизайн-папкасы);
3) берілген модельді дайындаудың техникалық паспорты, жобаны қорғау.
6. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
32. Оқушылардың дайындығы пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелеріне қарай
бағаланады.
33. Пәндік нәтижелері екі аспектен қарастырылады: білу керек және орындай алу керек.
34. Технология (ер балаларға арналған) 10 сыныптың соңында оқушылар
1) қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария талаптарын;
2) Қазақстанның ауылшаруашылық өндірісі туралы жалпы мәліметтерін;
3) ауыл шаруашылығының дамуындағы инновациялық технологияларының рөлін;
4) органикалық және минерал тыңайтқыштардың негізгі түрлерін;
5) ағаш шеберлік және ағаш ұсталық жұмыстарына арналған қазіргі заманғы табиғи және
жасанды материалдарын;
6) есік және терезе қораптарын жасау және орнату технологияларын;
7) механизмдер мен машиналардың даму тарихын ғылыми пән ретінде;
8) машиналардың негізгі механизмдері мен бөлшектерін;
9) материалдарды көркем өңдеу ерекшеліктерін;
10) электр машиналарындағы қуаттың қайта құрылуын;
11) бір фазалы және үш фазалы қозғалтқыштардың құрылысы мен жұмыс істеу принцибін;
12) негізгі жартылай өткізгіш құрылғыларын;
13) тұрмыстағы жөндеу жұмыстарының негіздерін
білу/түсіну тиіс.
1) жұмыс орнын ұйымдастыруды;
2) бидай, қызылша және картоп тұқымдарын егуге дайындауды;
3) конус тәрізді және қалыпқа келтірілген беттерді токарлық-бұранда кесу станогында өңдеу
жұмыстарын орындауды;
4) ағаш пен металл өңдеуге арналған құралдарын, еңбек құрылғылары мен аспаптарын сызбасы
және эскизі бойынша таңдауды;
5) графикалық құжаттарды оқу және дайындау, технологиялық құжаттаманы жетілдіруді;
6) технологиялық іс-әрекеті кезінде шығармашылық мақсаттарды орындау әдістерін қолдануды;
7) әр-түрлі материалдардан сәндік-қолданбалы өнері бұйымдарын жасауды меңгеруі тиіс.
36. 11 сыныптың соңында оқушылар:
1) еңбекті қорғауға байланысты негізгі құқықтық, нормативтік және заңнамалық актілерін;
2) металл және ағаш өңдеу станоктарында жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін;
3) құрылымдық және жасанды материалдардың негізгі түрлері мен қасиеттерін, оларды өңдеу
технологияларын;
4) қайта құру іс-әрекетіндегі технологиялық құжаттарын;
5) құрылымдық, табиғи және жасанды материалдарын көркем өңдеу туралы жалпы мәліметтерін;
6) шығармашылық жобаны орындау кезіндегі құрылымдау және моделдеу негіздерін;
7) кәсіптік білім алу және жұмысқа орналасу жолдары туралы мәлімет алу көздерін;
8) өндірістің негізгі салаларын, құрылымдық материалдарын өңдеумен, олардан бұйымдар
жасаумен, өнім алумен және агротехнологиямен байланысты мамандықтарын
білу/түсіну тиіс.
1) жұмыс орнын ұйымдастыруды;
2) материалды технологиялық, экономикалық және пайдалану қасиеттерін ескере отырып ажырату
және таңдау, нұсқасы, суреті, эскизі, сызбасы бойынша оларды өңдеуге арналған құралдарын, еңбек
құрылғылары мен аспаптарын іріктеп алуды;
3) материалдарды өңдеудің заманауи әдістерін, бұйымдар жасаудың инновациялық
технологияларын қолдануды;
4) технологиялық операцияларды анықтау және орындауды;
5) графикалық құжаттарды оқу және дайындау, технологиялық құжаттаманы жетілдіруді;
6) құрылымдау мен моделдеу қағидаттары мен әдістерін анықтау, бұйым композициясы
қасиеттерін ажырату және пайдалануды;
7) тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық сапасын бағалауды;
8) еңбек өнімін жасау және тарату іс-әрекеті бойынша жоспар құруды;
9) технологиялық іс-әрекеті кезінде шығармашылық мақсаттарды шешу әдістерін қолдануды;
10) әр-түрлі материалдардан сәндік-қолданбалы өнері бұйымдарын жасау меңгеруі тиіс.
38. Технология (қыз балаларға арналған) 10 сыныптың соңында оқушылар:
1) азық-түліктерді өңдеудегі температуралық режімін;
2) тағамды өңдеудің ұзақтығын сақтаудың санитарлық талаптары мен маңызын;
3) бисквит және қайнатпалы қамыр дайындау технологиясы және өнімді безендіруді;
4) санитарлық-гигиеналық талаптар мен қауіпсіздік техникасын;
5) өлшем алу ережесін және олардың шартты белгілерін жазуды
білу/түсіну тиіс.
1) асүй жабдықтары, құралдар және құрылғылармен жұмыс істеуді;
2) бисквит және қайнатылған қамыр дайындауды;
3) кондитерлік өнімдерді безендіруді;
4) киімді жобалау және модельдеуді;
5) өлшем алуды және есептеп жазуды;
6) сызбаны түсінуді және сызуды;
7) бұйым бөлшектерін калькаға немесе қағазға көшіруді;
8) матаның үстіне пішімді тиімді орналастыруды;
9) пішім бөлшектерін өңдеуге дайындауды меңгеруі тиіс.
40. 11 сыныптың соңында оқушылар:
1) бұйым дайындау кезінде қолданылатын маталарды;
2) бұйымды өңдеудің негізгі технологиялық тәсілдерін;
3) бұйымды өңдеудің технологиялық реттілігін;
4) дизайн туралы;
5) костюмнің түстік шешімі және принциптерін;
6) бұйым дайындау кезінде қолданылатын маталар мен әшекейлерді;
7) бұйымды өңдеудің технологиялық реттілігін;
8) дайын бұйымның сапасына қойылатын талаптарды
білу/түсіну тиіс.
1) дайын бұйымның өлшемін жүргізуді және кездескен ақауды түзетуді;
2) бұйымды тігу кезінде технологиялық операцияларды дұрыс орындауды;
3) матаны және әрлеудің түрлерін таңдауды;
4) бұйымды түйіндік өңдеуді;
5) бас киім, ұлттық киімді жобалау, кострукциялау және модельдеуді;
6) матаның үстіне пішімді тиімді орналастыруды;
7) пішім бөлшектерін өңдеуге дайындауды;
8) дайын бұйымның өлшемін жүргізуді және кездескен ақауды түзетуді;
9) бұйымды тігу кезінде технологиялық операцияларды дұрыс орындауды;
10) матаны таңдауды және киімді әшекейлеуді;
11) бұйымды дайындау үшін техникалық құжаттама жасауды меңгеруі тиіс.
42. Жеке тұлға нәтижелері, 10-11 сынып оқушылары
1) мемлекеттік және ана тілін білу, қазақ халқының және Қазақстан территориясында тұратын
басқа этностар тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрлері мен басқа құндылықтарына құрметпен қарау;
2) оқуға деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыру, мамандықтар әлемінде хабардар болу;
3) қоршаған ортаны қорғау мәселесінде белсенді ұстанымын таныту;
4) адами қарым-қатынаста жоғары мәдениетін, еңбек ету іс-әрекеті процесінде этикалық
нормаларын сақтауын көрсету;
5) өзідігінен білім алуға, өз мақсаттарын жүзеге асыруға және жасампаз еңбек
етугеқабілетті болу;
6) ғылымның, технологиялардың және қоғамдық іс-тәжірибесінің қазіргі заманғы даму
деңгейіне сәйкес болатын біртұтас дүниетанымын басқара алуын көрсете білу керек.
43. Жүйелілік-әрекеттік нәтижелері, 10-11 сынып оқушылары
1) өндіріс саласындағы кеңінен пайдаланатын технологиялары негіздері бойынша білім жүйесін
игергенін;
2) ғылыми мәліметтерді талдауға, өңдеуге, синтез жасауға және қолдануға икемділігін;
3) танымдық, жобалау, құрылымдау және зерттеу, шығармашылық тұрғыдан қолдану әдістерін
игергенін;
4) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларын игергенін;
5) дамыған коммуникациялық қабілеттерін, көптілді мәдениетін игергенін;
6) мұғаліммен және жолдастарымен оқу қызметтестіктерін және бірлескен іс-әрекеттерін
ұйымдастыра білуін;
7) өз сезімдерін, ойларын және қажеттіліктерін білдіру үшін, өз іс-әрекеттерін жоспарлау
және реттеу үшін, коммуникация мақсатына сәйкес, саналы түрде сөйлеу құралдарын пайдалана
білуін; ауызша және жазбаша тілдерді, монологтық мәнмәтіндік тілді игергенін;
8) экологиялық ой-пікірін қалыптастыру және дамытуын, оны практикалық еңбек ету
іс-әрекетінде және кәсіптік бейімделуде қолдана білуін көрсете білу керек.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 76-қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11 сыныптары үшін
«Дене шынықтыру» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №
1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
мемлекеттік жалпыға міндетті
сәйкес әзірленген.
стандартына
2. Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, адамның танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған.
3. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя сұраныстарын ескере, қазіргі
педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды.
4. Оқыту мақсаты:
1) қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;
2) физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;
3) салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен
қолдану.
5. Оқыту міндеттері:
1) денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық
(дене) қасиеттерін дамыту;
2) базалық спорт түрлерінің техника-тактикалық іс-қимыл әдістерін жетілдіру;
3) өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін
қалыптастырып тәрбиелеу;
4) дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір
салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;
5) тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен
ынтымақтастықтың межелерін сақтау.
6. Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық
компонент), «Денені жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент).
7. Мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрі:
1) дене шынықтыру сабақтары;
2) оқу күндерінде ұйымдастырылатын және сауықтыру іс-шаралары;
3) спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар;
4) спорттық үйірмелерде шұғылдану;
5) дене жаттығуларымен өздігімен шұғылдану (үй тапсырмалары) болып табылады.
8. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына сәйкес, бағдарламада оқушыларды гендерлік қағида (сынып толымдылығына
қарамастан ұл және қыз балалар топтары) бойынша бөліп оқыту қарастырылған. Оқу процесін
ұйымдастыруда аталған жағдайды ескерген дұрыс.
9. Дене шынықтыру бойынша сабақ өткізу барысында келесі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс
орнатылады:
1) «Орыс тілі», «Қазақ тілі»: дене шынықтыру сабақтарында қолданылатын терминдер бойынша
сөз қорын толықтыру;
2) «Физика»: «механикалық жұмыс», «ауаның қарсылығы», «дененің массасы», «бірқалыпты және
бірқалыпты емес сырғу», «қуат» туралы түсініктерді оқу-жаттығу үдерісінде қолдану;
3) «Алгебра, Геометрия»: биіктік, ұзындық, жылдамдық, арақашықтық және уақытты өлшеу;
ұзындыққа және биіктікке секіру кезіндегі жүгіруді есептеу;
4) «Биология»: адамның тірек-қимыл аппараты, қанайналым және тыныс алу жүйесі, бұлшықет
жұмыстары мен қажудың пайда болуы туралы түсінік;
- жүктеме кезіндегі жүректің қысқару жиілігі туралы;
- шылым шегі мен алкогольдік ішімдіктер ішудің адам ағзасына тигізетін теріс әсері туралы
материалдарды қолдану;
5) «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы»: олимпиадалық қозғалыстың пайда болу тарихы;
- қазақтың ұлттық спорт түрлерінің пайда болу тарихы;
6) «География»: бағыт тұстарын білу, жергілікті жерлердегі түрлі белгілер және карта
бойынша бағдар алу біліктілігі;
7) «Алғашқы әскери дайындық»: саптық жаттығуларды қолдану; кедергілерден өту;
отансүйгіштікті және өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбилеу;
8) «Технология»: еңбексүйгіштікті және ұзақ мерзім жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу.
10. Типтік оқу бағдарламасына сәйкес «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
аптасына 2 сағат (барлығы 68 сағат).
11. Оқушылардың дене шынықтыру дайындық деңгейіне қойылатын талаптар бөлімімен аяқталады,
оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, білім беру курсын аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде
меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді.
12. Бағдарламалық талаптар үш түрлі аспектімен бағаланады: пәндік, тұлғалық,
жүйелік-әректтер нәтижелерімен.
2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны
13. Төмендегі бөлімнен тұрады:
1) тақырыптық жоспар:
кесте 1
Бағдарлама
түрлері
Бағдарлама бөлімдері
Оқу тоқсандары
1
2
3
4
Базалық
1. Жеңіл атлетика
6
-
-
6
12
2. Спорт ойындары
8
-
10
6
24
3. Гимнастика
-
10
-
-
10
4. Шаңғы
(қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер)
шаңғы дайындығының орнына таза ауада
қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады)
-
-
8
-
8
5. Жүзу (жүзу сабағын өткізу мүмкін
болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика
сабағын өткізу ұсынылады)
-
-
-
4
4
Базалық компонент бойынша сағаттар саны:
14
10
18
16
58
1. Аймақтың климаттық деңгейіне
байланысты
4
4
2
-
10
Вариативті
2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық
спорт түрлерін қолдану)
Вариативті компонент бойынша сағаттар
саны:
4
4
2
-
10
Оқу жылы бойынша сағаттар саны ( ):
18
14
20
16
68
14. Білім негіздері:
1) дене жаттығуларымен шұғылданудың жұмыс істеу қабілетіне тигізетін әсері, дене
шынықтырудың заманауи сауықтыру жүйелері және олардың түрлері.
15. Жеңіл атлетика:
1) жоғары және төмен қалыпта орындалатын сөре (старт), төменгі сөре қалыптан үдей жүгіру.
30-40 м қашықтықты жүгіріп өту, мәрелік қимыл, 100 м жүгіру, 4Ч100 м эстафеталық жүгіру,
кедергілер арқылы жүгіру, 800 м жүгіру, 3000 м (жігіттер) және 2000 м (қыз балалар) жүгіру;
2) секіру: жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, жүгіріп келіп биіктікке секіру (жүгірудің
дербес тәсілін таңдау);
3) 18-20 м (жігіттер) және 12-14 м (қыз балалар) қашықтықтан нысанаға түрлі снарядтарды
лақтыру, жүгіріп келіп 700 г (жігіттер) және 500 г (қыз балалар) гранатаны алысқа лақтыру.
16. Спорт ойындары:
1) баскетбол, қозғалу техникаларының игерілген қимыл-қозғалыстарынан құрылған
комбинациялар, допты қағып алу мен беруді қорғаушының қарсылығынсыз және қарсылық көрсету
кезінде орындау нұсқалары, қорғаушының қарсылығынсыз және қарсылық көрсету кезінде доппен
қозғалу;
2) доппен және допсыз әрекет етуші ойыншыға қарсы әрекет (жұлып алу, соғып жіберу, қақшып
кету, жабу), шабуыл мен қорғаныстағы жекелеген, топтық және командалық тактикалық әрекеттер,
оқу-үйрену ойыны;
3) волейбол: қозғалу техникаларының игерілген қимыл-қозғалыстарынан құрылған
комбинациялар, допты беру және қабылдау техникаларының нұсқалары, допты жоғарыдан тік қолмен
ойынға қосу, ойынға қосылған допты қабылдау, тігінен шабуылдау соққысын тордан асыра орындау,
шабуыл соққысына тосқауыл қою нұсқалары (жалғыз және жұптасып);
4) сақтандыру, шабуыл мен қорғаныстағы жекелеген, топтық және командалық тактикалық
әрекеттер, оқу-үйрену ойыны;
5) футбол: қозғалу техникаларының игерілген қимыл-қозғалыстарынан құрылған комбинациялар,
баспен соққы жасау және пас беру нұсқалары, допты аяқпен, кеудемен тоқтатудың түрлері,
қорғаушының қарсылығынсыз және қарсылық көрсету кезінде доппен қозғалу, допты игеру техникасының
қимыл-қозғалыстарынан құрылған комбинациялар;
6) доппен және допсыз әрекет етуші ойыншыға қарсы әрекет, допты қағып жіберу және қақшып
кету, шабуыл мен қорғаныстағы жекелеген, топтық және командалық тактикалық әрекеттер, оқу-үйрену
ойыны;
7) гандбол: ойын техникасының тәсілдерін жетілдіру, ойыншының алаңда қозғалуы, доппен
қозғалуы және допты беруі секілді тұрақты дағдыларды шыңдауға бағытталған арнайы дене
жаттығулары, қорғаушының қарсылығынсыз және қарсылық көрсету кезінде доппен қозғалу, қорғаушының
қарсылығынсыз және қарсылық көрсету кезінде пас беру нұсқалары, допты қақпаға лақтыру нұсқалары;
8) доппен және допсыз әрекет етуші ойыншыға қарсы әрекет (жұлып алу, соғып жіберу, қақшып
кету), аумақтық қорғаныс, оқу-үйрену ойыны.
17. Гимнастика:
1) саптық жаттығулар, төменгі сыныптарда үйретілген жаттығуларды қайталау: қозғалыстағы
бұрылу тәсілдері, бір колоннадан екі, төрт және сегіз колоннаға қайта сап құру, жалпы дамыту
жаттығулары, дененің негізгі бұлшықеттерін дамытуға арналған жаттығулар;
2) тепе-теңдік жаттығулары: төменгі сыныптарда үйретілген жаттығулардан құрылған
комбинация;
3) таянып секіру (жігіттер): жүгіріп келіп серіппеден итеріліп, ұзынынан қойылған
гимнастикалық ағаш аттан аяқты ашып секіру (шеткі бұрышынан қолмен итеріліп), ағаш аттың
биіктігі 130 см., қыздар: секіру: гимнастикалық кіші аттан аяқты ашып секіру (кіші аттың
биіктігі 120 см);
4) кермеде орындалатын жаттығулар (жігіттер): асылып тұрған қалыптан күшпен көтеріліп
таяну, аяқты сермеп орындалатын жаттығулар, асылып тұрып аяқты сермеп шалқая көтеріліп таяну,
таянып тұрып артқа құлау – кермеге жанаса айналу, таянып тұрған қалыптан аяқты доға бойынша
сермеп, аяқты артқа сермеген сәтте секіріп түсу;
5) қоссырықта орындалатын жаттығулар (жігіттер): қолмен таянып тұрып тербелу, қолмен
таянып тұрып тербеліп, қолды бүге көтерілу, аяқты ашып отыру, аяқты ашып отырған қалыптан алға
аунап, аяқты ашып отыру, таянып тұрып тербеліп, артқа сермелген сәтте шалқая секіріп түсу;
6) бөренеде орындалатын тепе-теңдік жаттығулары (қыз балалар): жүрелей таянып отыру, сол
аяқпен жүрелеп отыру – оң аяқ қапталда, бөрене бағытымен жүрелей таянып отыру, көлденең жүрелей
таянып отыру – қол қапталда, жүру түрлері: аяқ ұшымен, тізені биік көтеріп, алға ұмтыла,
секірулер мен бұрылулар: аяқты жартылай және толығымен сермеп бұрылу, шалқая секіріп түсу;
7) түрлі биіктіктегі сырықта орындалатын жаттығулар (қыз балалар): асылып тұрып тербелу;
төменгі сырыққа жүрелей асылып тұрған қалыптан бір аяқты сермеп, екіншісімен итеріліп, алға
аунап жоғарғы сырықта таяну, жоғарғы сырықта таянып тұрған қалыптан алға түсіп, төменгі сырыққа
жатып асылу, төменгі сырықта асылып жатып оңға бұрылу, оң қолмен жоғарғы сырықтан ұстап, оң
жамбаспен төменгі сырықта отыру, сол қолмен төменгі сырыққа тіреліп (оң қолмен жоғарғы сырықтан
ұстау) бұрыш ұстап отыру – оң қолды сырықтан босатып, бұрылу (сол қолдың бойымен) және секіріп
түсу.
18. Акробатика:
1) (жігіттер) биіктігі 80-90 см кедергіден алға аунап секіріп өту, қолды тіреп артқа
аунау;
2) өрмелеу: биіктігі 4 м арқанға аяқтың көмегінсіз өрмелеу (жігіттер);
3) қыз балалар: қазіргі заманғы би және ұлттық би элементтері.
19. Шаңғы:
1) төменгі сыныптарда үйретілген шаңғы жүрістерін жергілікті жер бедері және қардың
жағдайына қарай қолданып шаңғымен жүру, шаңғы жолындағы табиғи кедергілерден аттап, секіріп және
астынан еңкейіп өту;
2) шаңғымен 3-5 шқ жүгіру, шаңғымен көтерілу түрлері: сырғи адымдап, «шырша» тәсілдерімен,
биік және төмен тұру қалпымен еңіске түсу, шаңғымен бұрылу түрлері: адымдап, соқаша, тіреліп.
20. Жүзу:
1) үйретілген тәсілдермен жүзу, таңдап алған тәсілмен 2х50 м жүзу;
2) суға батушыны құтқару тәсілдері, суда өткізілетін ойындар мен эстафеталық жарыстар.
21. 10-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу
нормативтері:
кесте 2
№
Қорытынды жаттығулар
ұлдар
қыздар
«5»
«4»
«3»
«5»
«4»
«3»
1
100 м жүгіру (с)
14,5
14,9
15,5
16,5
17,0
17,8
2
3000м жүгіру (мин, с)
15,00
16,00
17,00
-
-
-
3
800 м жүгіру (мин, с)
2,37
2,47
3,00
-
-
-
4
2000м жүгіру (мин, с)
-
-
-
10,10
11,40
12,40
5
Ұзындыққа секіру (см)
440
400
340
375
340
300
6
Биіктікке секіру (см)
135
130
115
120
115
105
7
Граната лақтыру
32
26
22
18
13
11
8
Биік кермеде тартылу (рет)
11
9
8
-
-
-
9
Арқада жатып (қол желкеде) денені
көтеру (рет)
-
-
-
22
17
13
10 Аяқты «бұрыш» қалпында ұстау (с)
5
4
3
-
-
-
11
Кермеде асылып тұрған қалыптан
күшпен аунап көтеріліп таяну. (рет)
3
2
1
-
-
-
12
Бөренеде таянып тұрып қолды
бүгіп-жазу (рет)
10
7
4
-
-
-
13 50 м жүзу (мин, с)
0,42
у/е-мейді
25 м
1,03
у/е-мейді
25 м
14 Шаңғымен 3 шқ жүгіру (мин, с)
-
-
-
19,00
20,00
21,00
15 Шаңғымен 5 шқ жүгіру (мин, с)
27,00
29,00
31,00
-
-
-
16
2000м жазық далада жүгіру (мин, с)
қарсыз аудандарда
-
-
-
11,00
12,20
13,20
17
3000 м жазық далада жүгіру (мин, с)
қарсыз аудандарда
15,30
16,30
17,30
-
-
-
18
Аяқтың көмегімен биіктігі 4 м
арқанға жылдам өрмелеу (с)
12
14
17
-
-
-
ескерту: қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығы сабақтарын кростық дайындық,
жүзу немесе ұлттық спорт түрлерімен (бағдарламаның өзгермелі бөлігіне жататын) ауыстыру
ұсынылады;
22. 10-сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
кесте 3
жігіттер
Сынақ түрлері
Дене дайындығының деңгейі
Х
төмен
орташадан
төмен
орташа
орташадан
жоғары
жоғары
30 м жүгіру
4,9
5,6
5,5 – 5,3
5,2 – 4,6
4,5 -4,3
4,2
Бір орынына ұзындыққа
секіру
213
190
191 - 201
202-224
225 - 235
236
Нығыздалған допты екі
қолмен бастан асыра
лақтыру
611
434
435-522
523-699
700-785
786
3х10 м қайталап
жүгіру
8,3
9,1
9,0 – 8,7
8,6 – 7,8
7,7 -7,4
7,3
Қолдың білезік
буынының
динамометриясы (оң
қолмен)
42
33
34 – 37
38-46
47-50
51
23. 10-сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі кесте 4 қыз балалар
Дене дайындығының деңгейі
Сынақ түрлері
Х
төмен
орташадан
төмен
орташа
орташадан
жоғары
жоғары
30 м жүгіру
5,4
6,3
6,2 – 5,9
5,8 – 5,0
4,9 - 4,6
4,5
Бір орынна ұзындыққа
секіру
170
146
147 -160
161 – 181
182 – 194
195
Нығыздалған допты екі
қолмен бастан асыра
лақтыру
497
372
373-434
435-559
560-621
622
3х10 м қайталап
жүгіру
9,1
10,0
9,9 – 9,6
9,5 – 8,6
8,5 – 8,1
8,0
Қолдың білезік
буынының
динамометриясы (оң
қолмен)
26
19,5
20 – 22,5
23 - 29
29,5-32
32,5
Достарыңызбен бөлісу: |