81
ықпал ететінін ашуға көмектесетін қарапайым эксперименттер мен бақылаулар
жүргізу;
5) өзіндік қарапайым зерттеулердің қорытындыларын түрлі формада
ұсыну;
6) жаратылыстану ғылымы саласындағы маңызды жетістіктердің
қолданбалы мәнін түсіндіру.
«
Жаратылыстану» пәні бойынша
оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта –
аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 33 сағатты, 2-сыныпта –
аптасына
1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағатты, 3-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу
жылында – 68 сағатты, 4-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында –
68 сағатты құрайды.
Ұзақ мерзімді жоспардың «Жанды табиғат», «Заттар
және олардың
қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» бөлімдерінің
әрқайсысының оқу мақсаттары «Мен – зерттеушімін» бөлімінің оқу
мақсаттарымен кіріктірілген, ол білім алушылардың
зерттеушілік білік және
дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
Пән бойынша жиынтық бағалау тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ)
және бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты санын
жүргізуді көздейді. 1-сыныпта пән бойынша жиынтық бағалау үшінші
тоқсаннан басталады. Төменде бөлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау
саны көрсетілген (33-кесте).
33-
кесте – «Жаратылыстану» пәні бөлім бойынша жиынтық
бағалау саны
Сыныптар
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан
2-
тоқсан
3-
тоқсан
4-
тоқсан
1-
сынып
-
-
2
1
2-
сынып
1
2
2
1
3-
сынып
2
2
3
1
4-
сынып
2
2
2
2
Достарыңызбен бөлісу: