352
ретінде ғылыми-танымдық әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының
хабарламалары, Интернет және т.б. қолданылады.
Таңдау курстарының айрықша ерекшеліктері олардың стандартты
еместігі, вариативтілігі (түрленуі) және қысқа мерзімділігі болып табылады.
Таңдау бойынша курстың вариативтілігінің ерекшелігі бейін алды даярлық
алдында нақты бір бейінді таңдаған немесе керісінше әлі таңдау үстіндегі
оқушы мазмұны мен саны жағынан ӛте кӛп түрлі таңдау бойынша курстарды
меңгеруде ӛз күшін сынап кӛруі тиіс. Мазмұны, ұйымдастырылуы және
ӛткізілу технологиясы бойынша бір-бірінен ерекшеленетін кӛптеген
курстардың болуы алдын-ала тиімді оқытудың маңызды педагогикалық
шарттарының бірі болып табылады.
Таңдау бойынша курстар келесі талаптарға сай болуы керек:
- оқушыға нақты таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін санымен
ұсынылуы тиіс;
- білім беру перспективасы тұрғысынан оқушыға әлеуетін бағалауға
кӛмек беруі тиіс («Әлеуметтік-гуманитарлық бағытқа математикадан үштік
алуыма байланысты емес болашақта юрист немесе журналист мамандығын
таңдағандықтан барамын»);
- таңдауды жоспарлап отырған бейін бойынша оқуда оң мотивацияны
құруға ықпал ету, «Мен осымен айналыса алам ба, маған осы керек пе?» деген
сұраққа жауап бере алуы керек. Ал курстың жаңа мазмұнмен шектен тыс
жүктеуі осы сұрақтарға жауап беруіне қиындық туғызуы мүмкін.
Мазмұнды таңдай отырып, мұғалім келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:
- жоғары сыныпта дұрыс бейіндік таңдау жасау үшін, осы курс оқушыға
несімен пайдалы?;
- орта мектептің үшінші сатысында бейіндік оқу барысында рӛлі арта
түсетін заманауи білім технологияларын қолдану тиімді болып табылады;
- осы немесе оған жақын пәндер бойынша базалық курсты жүзеге
асыратын басқа мұғалімнің бейіналды курстарын оқыту мүмкіндігін
пайдаланған жӛн;
- курстар оқушыны белгілі бір таңдау жасаған жағдайда (тарихшы,
филолог, физик және т.б.), яғни оқушының кәсіби қызмет саласын таңдауына
әсер ететін жетекші болатын қызмет түрлерінің ерекшеліктерімен таныстыруы
тиіс. Олар осы бейін үшін жетекші қызмет түрлері бойынша сынамаларды
қамтуы тиіс (осы бейіннің ерекшелігін қызмет арқылы кӛрсету үшін –
мәтіндермен жұмыс істеу, дереккӛздерді талдау, құқықтық құжаттарды
пайдалану және т. б.
Таңдау бойынша курстар мүмкін болса, бір әдістемеге негізделуі керек.
Бұл мұғалімнің ақпаратқа монополиясын жояды.
Бейін алды дайындық үшін таңдау курстары базалық курсты қайталамауы
тиіс.
Олар оқушыны емтихан тапсыруы ҥшін емес, жоғары сыныпта
Достарыңызбен бөлісу: