73
моральдық және сӛйлеу әдебінің нормалары туралы түсінік қалыптастыруға
ықпал етеді.
Шетел тілі бағдарламалары білім алушыларға тӛмендегі тәсілдер арқылы
тілді меңгертуге бағытталған:
- талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларының дамуына
ықпал ететін әртүрлі тапсырмалар;
- ауқымды жазбаша және ауызша дереккӛздермен жұмыс жасау.
Пән
бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:
1) 1-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 66 сағатты;
2) 2-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты;
3) 3-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты;
4) 4-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.
Бастауыш білім беруді аяқтағаннан кейін білім алушылар шетел тілін
тілді меңгерудің жалпыеуропалық жүйесіне (Common European Framework of
Reference, CEFR) сәйкес А1 тілдік деңгейінде меңгеруі тиіс.
Білім алушылар сандар, түстер, уақыт, ауа райы, тағам, киім, жануарлар,
ӛсімдіктер, дене мүшелері, жеке ақпараттар, отбасы, достар, мектеп, ойындар,
саяхат, транспорт, спорт, мерекелер, салт-дәстүрлер, ғимараттар, ӛнер, музыка,
аңыздар, зерттеушілер мен ӛнертапқыштар тақырыптарына байланысты
лексиканы меңгереді.
Бастауыш мектеп бағдарламасында тілдік дағдыларды дамыту үш тілде
ортақ тақырыптарды оқу арқылы жүзеге асырылады: қазақ тілі (Т1, Т2), орыс
тілі (Я1, Я2) және шет тілі (L3). Бастауыш мектептің оқу жоспарларында
(1-4-сыныптар) пәнаралық байланыс (Cross Curricular Links) әр тақырыпта
кӛрсетілген.
Тӛмендегі кестеде 1-4-сыныптардың оқу
бағдарламасындағы пәнаралық
байланыс кӛрсетілген.
28-кесте. 1-4-сыныптардың оқу бағдарламасындағы пәнаралық байланыс
«Ағылшын тілі» оқу пәні
бойынша тақырыптар
«Француз тілі» оқу пәні
бойынша тақырыптар
«Неміс тілі» оқу пәні
бойынша тақырыптар
1-сынып
All about me
Tout sur moi
Alles über mich
My school
Mon école
Meine Schule
My family and friends
Ma famille et mes amis
Meine Familie und meine
Freunde
The world around us
L’environnement
Umgebung
Travel
Voyage
Reise
Tradition and folklore
Les fêtes et les traditions
Traditionen und Folklore
Food and drink
Repas
Essen und Getränke
Health and body
Un esprit sain dans un corps
sain
Ein gesunder Geist in einem
gesunden Körper!
2-сынып
All about me
Se présenter, parler de soi
Alles über mich
74
My family and friends
Ma famille et mes amis
Meine Familie und meine
Freunde
My school
Mon école
Meine Schule
The world around us
L’environnement
Umweltbedingungen
Health and body
Un esprit sain dans un corps
sain
Ein gesunder Geist in einem
gesunden Körper!
Tradition and customs
Les traditions et les coutumes
Sitten und Bräuche
The natural environment
L’environnement. Les saisons Umwelt
Travel
Vacances et voyage
Reisen
3-сынып
Animals
Vive la nature!
Belebte Natur
Light & Dark
La ville
Licht und Schatten
Time
Ma journeé de travail
Zeit
Buildings
Nous faisons des courses
Architektur
Art & Music
L’art
Kunst
Explorers & Inventors
Les Grands Hommes
Berühmte Persönlichkeiten
Water, water everywhere
Culture et repos
Wasser – Quelle vom Leben
Having fun
Bientôt les vacances!
Erholungskultur, Feier
4-сынып
Kazakhstan in the World of
Sport
Sport
Sport in Kasachstan
Values in Myths and Legends
La Francophonie
Werte in den Mythen und
Legenden
Treasure and Heritage
Un ami étranger
Kulturerbe
Professions and ways of
Communication
Le monde des métiers
Berufswelt und
Kommunikationen
Hot and Cold
Phénomènes naturels
Naturerscheinungen
Healthy World
Un esprit sain dans un corps
sain
Ein gesunder Geist in einem
gesunden Körper!
Journey into Space
Mes loisirs
Weltraumreise
Machines
Les transports
Autos
Шетел тілі бойынша сабақтарды жоспарлауға тӛмендегі ұсынымдар
беріледі:
1) 1-сыныпта оқу және жазу дағдыларын дамыту қарастырылмайды,
«Оқу» бӛлімі бойынша оқу мақсаттары таныс сӛздер мен сӛз тіркестерін танып
білуге ғана бағытталған;
2) сабақта ұсақ моториканы дамытуға байланысты іс-әрекеттер, ойындар,
әндер, санамақтар, ұйқастырмаларды қолдану;
3) оқу тапсырмаларын орындауда білім алушылардың жұмыстарын
ынталандыру, білім алушыларды ынталандыру мен қолдаудың әртүрлі
нысандарын қолдану арқылы білім алуға қолайлы
және жайлы атмосфера
жасау, жарыс сипатындағы тапсырмаларды қосу;
75
4) бастауыш сынып білім алушыларының психологиялық және жас
ерекшеліктерін (жоғары эмоционалдылық, қозғалғыштық, сезімталдық,
шаршағыштық) ескере отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін,
формаларын
ойластыру;
5) бастапқы кезеңде қателесу білім беру процесінің бір бӛлігі болып
табылатындықтан, білім алушылардың қателерін түзетпеу. Коммуникативті
құзыреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі білім алушының білім беру
процесіне белсенді қатысуы болып табылады;
6) сабақта білім алушыларға таныс ағылшын тіліндегі сӛздерді,
фразаларды және нұсқауларды жиі қолдану қажет, бұл білім алушылардың
тапсырмаларды орындаған кезінде сӛздер мен фразаларды тиімді есте сақтауға
және тануына мүмкіндік береді;
7) мұғалімнің ӛз сӛзін модельдеуі,
тиісті интонацияны, дауысты,
айтылуын және ым- ишараларды пайдалана отырып, сӛздер мен фразаларды
баяу және анық айту;
8) мимиканы, эмоцияны, ым-ишараны, түрлі-түсті кӛрнекі құралдарды
(суреттер, ойыншықтар, постерлер)
белсенді пайдалану, бұл білім
алушылардың назарын неғұрлым тиімді шоғырландыруға және оларды жаңа
сӛздерді меңгеру процесіне тартуға ықпал етеді;
9) білім
алушылардың
қызығушылығын
ынталандыру,
жұмыс
нәтижелерін кӛрсету, ӛткен материалды бекіту мақсатында сыныптағы арнайы
бӛлінген орындарда («сӛйлейтін қабырғалар», кӛрмелер және т.б.)
оқушылардың жұмыстарын орналастыру және жаңартып отыру;
10) іздестіру, ӛңдеу, тазарту, ақпарат жасау және ұсыну, ақпарат және
идея алмасу сияқты АКТ-ға негізделген дағдыларды қолдануға ықпал ету;
11) әр сабақта қысқа
аудио және бейне материалдарды, логикалық
ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды және флэш карталар мен басқа да
кӛрнекі құралдарды қолдана отырып, ӛткен тақырыптар бойынша қысқаша
театрландырылған кӛрсетілімдерді үнемі қолдану.
Пән бойынша жиынтық бағалау тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ)
және бӛлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты санын
жүргізуді кӛздейді. 1-сыныпта пән бойынша жиынтық бағалау үшінші
тоқсаннан басталады. Тӛменде бӛлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау
саны кӛрсетілген.
29-кесте. «Шетел тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сыныптар
Бӛлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
1-сынып
-
-
2*
2*
2-сынып
2*
2*
2*
2*
3-сынып
2*
2*
2*
2*
4-сынып
2*
2*
2*
2*
* Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сӛйлеу қызметінің екі түрі
біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)