13
Жалпы білім беретін мектептердің 7-9-сыныптарына арналған ҮОЖ-да
ескертпе берілген, онда инвариантты компоненттен таңдау бойынша бейінді
оқу пәндерінің комбинациялары жазылған.
Бейінді оқу пәндерінің қиыстырылуы (комбинация) ҰБТ аясында
пәндерді таңдауға бағытталған.
Гимназиялар/лицейлерде де жүктеме ӛзгерді. Бастауыш сыныптарда
гимназия компонентін 8,5 сағаттан 4 сағатқа дейін, 5-11-сыныптарда 5 сағатқа
қысқарту ұсынылады.
Дарынды
балаларға
арналған
мамандандырылған
білім
беру
ұйымдарында мектеп бағытына байланысты білім беру ұйымының ӛзі
айқындайтын мамандандырылған компонент енгізілді.
Осылайша,
еліміздің
білім
беру
ұйымдары,
соның
ішінде
гимназиялар/лицейлер, мамандандырылған лицейлер/гимназиялар да жүктемесі
қысқартылған ҮОЖ-ды таңдауға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: