Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет46/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   244
 

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу әрекетінің 
екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және 
жазылым). 
Мұғалім пән аясында білім алушының сөздік қорын кеңейту үшін үлгілік 
оқу бағдарламасында берілген лексикалық-грамматикалық минимумды негізге 
алады. Әр сабақта 2 лексикалық минимумды меңгерту ұсынылады. Лексикалық 
минимумда ортақ тақырыптар бойынша сонымен қатар күнделікті тұрмыс-
тіршілікте, әлеуметтік ортада жиі қолданылатын сөздер, қазақ тілін меңгерудің 
әрбір деңгейіне сәйкес келетін (1-4-сыныптар үшін А 1 қарапайым деңгей) 
шектеулі сөздер мен сөз тіркестері қамтылған. 1-4-сынып білім алушылары 
үшін лексикалық минимумдар саны: 752 сөз, оның ішінде:1-сыныпта – 120 сөз, 
2-
сыныпта – 188 сөз, 3-сыныпта – 188 сөз, 4-сыныпта – 256 сөз. 
Пән бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін «НЗМ» ДББҰ 
әзірлеген «КазLinguа» электронды қосымшасын сабақтан тыс уақытта қолдану 
ұсынылады. Бұл қосымша кез келген Android ұялы телефондарына және 
компьютерге ақысыз жүктеліп, offline режімде қолданылады.
Оқушы ойын түрінде берілген тапсырмаларды орындау арқылы қазақ 
тілінде қарым-қатынас жасауға, суретті сөздіктер арқылы сөздік қорларын 
көбейте отырып, синтаксистік конструкциялар құруға дағдыланады.
Сонымен қатар оқушы өзінің тілді меңгеру деңгейін әр тақырыптың 
соңында берілген тест сұрақтары арқылы үнемі қадағалап, бағалап отырады. 
Бір сабақта 10 ұпай жинауға болады.
Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда «Қазақ тілі» пәні 
бойынша сынып екі топқа бөлінеді. Инклюзивті білім беруді іске асыру 
кезінде сыныпты бөлу әр ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланы білім 
алушылардың жалпы санынан үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады. 
Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын, шығармашылық 
қабілетін, қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында
төмендегідей әдебиеттер тізімі ұсынылады. 


69 
25-
кесте. Қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет