1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн немесе жазасын өтеу уақытында өзінің әрекеттерi үшiн өзiне есеп беру немесе оларға ие болу мүмкiндiгiнен айыратын психикалық аурумен ауырған адамға, егер ескіру мерзімі өтіп кетпесе немесе оны қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату үшін негiздер болмаса, ол сауыққаннан кейiн сот оған жаза қолдана алады.
2. Психикасының бұзылуы қылмыс жасағаннан кейiн басталған адам емделген жағдайда, жаза тағайындау немесе оны орындауды қайта бастау кезiнде адамға психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу қолданылған уақыт бас бостандығынан айырудың бiр күнi үшін не қамаққа алудың бір күні үшін психиатриялық стационарда болған бiр күн есебiмен жаза мерзiмiне есептеледi.
98-бап. Жазаны орындаумен біріктірілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
1. Осы Кодекстiң 91-бабы бiрiншi бөлiгiнің 3) және 5) тармақтарында көзделген жағдайда, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары – бас бостандығынан айыруды өтеу орнында, ал өзге де жаза түрлерiне сотталғандарға қатысты амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында орындалады.
2. Осы Кодекстiң 91-бабы бiрiншi бөлiгiнің 4) тармағында көзделген жағдайда, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары – бас бостандығынан айыруды өтеу орнында, ал өзге де жаза түрлеріне сотталғандарға қатысты денсаулық сақтау ұйымдарында орындалады.
3. Сотталған адамның стационарлық емдеудi талап ететiн психикалық жай-күйi өзгерген кезде сотталған адамды психиатриялық стационарға немесе өзге де емдеу мекемесiне орналастыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен және негiздер бойынша жүргiзiледі.
4. Аталған мекемелерде болған уақыт жазаны өтеу мерзiмiне есептеледi. Сотталған адамның көрсетілген мекемелерде одан әрi емделуiне қажеттілік болмай қалған кезде оны шығару Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен жасалады.
5. Жазаны орындаумен біріктірілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасының қолданылуын тоқтатуды жазаны орындаушы органның ұсынуы бойынша, психиатр-дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы негiзiнде сот жүргiзедi.
Ескерту. 98-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
98-1-бап. Мәжбүрлі төлем Жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамнан осы Кодекстің 98-2-бабында белгіленген тіркелген ақшалай сома түріндегі мәжбүрлі төлемді сот Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген тәртіппен өндіріп алады.
Ескерту. 7-бөлім 98-1-баппен толықтырылды - ҚР 10.01.2018 № 132-VI Заңымен (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
98-2-бап. Мәжбүрлі төлем мөлшері Мәжбүрлі төлемді сот Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген тәртіппен:
1) қылмыстық теріс қылықтар үшін – бес айлық есептік көрсеткіш;
2) онша ауыр емес қылмыстар үшін – он айлық есептік көрсеткіш;
3) ауырлығы орташа қылмыстар үшін – он бес айлық есептік көрсеткіш;
4) ауыр қылмыстар үшін – жиырма айлық есептік көрсеткіш;
5) аса ауыр қылмыстар үшін – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алады.
Ескерту. 7-бөлім 98-2-баппен толықтырылды - ҚР 10.01.2018 № 132-VI Заңымен (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).