Байқау басталғанға дейін барлық роботтар «карантиндік» аймақта орналасуы керек. Жарыс техникалық комиссияның роботтарды барлық талаптарға сай екендігін растағаннан кейін басталады.
Егер роботты техникалық сараптамадан өткізу кезінде роботтың құрылымында ақаулықтар орын алса, операторға ақауды жою үшін 3 минут беріледі. Егер осы уақыт ішінде ақаулықтар қалпына келтірілмесе, робот ағымдағы турға қатыса алмайды. Тексерілген және жарысқа рұқсат етілгеннен кейін роботтар техникалық комиссия төрешісімен фотофиксацияланады.
3 раундтың әрқайсысы басқаларынан роботтарды бастау кезінде орналастыру тәсілмен ерекшеленеді:
ші раунд – «бетпе-бет» орналастыру (1-сурет),
ші раунд – роботтардың бүйірлік жағдайы (2-сурет), 3-ші раунд – роботтардың кері жағдайы (3-сурет)
1-сурет.
2-сурет.
3-сурет.
Раундтыөткізуүшінроботтаржұпболыпбөлінеді(4.8тармақтажазылғандай).Раунджұптан ең "күшті" роботты анықтайды, яғни, белгіленген уақытта қарсыласын қарасызықпеншектелгеншеңбердентыс,ығыстырыпшығарғанроботты анықтайды. Әрбір раундта екі робот та 2-ден артық емес әрекет жасай алады. Қарсылас роботты ринг шегінен шығару мақсатында рингтегі роботтың қозғалысы әрекеті болып табылады (қара шектеу сызығының сыртына).
Екінші әрекет мүмкіндігі тек мына жағдайларда ғана беріледі:
− Роботтар сыртқы бөгеулерге байланысты раундты аяқтай алмаған жағдайда,
− Ойын алаңының нашар жағдайына байланысты түрлі ақаулықтар орын алса,
− Төрешілер алқасы тарапынан жіберілген қателіктер салдарынан болса,
− Егер Бастауға бұйрық берілген кезде 10 секунд ішінде екі роботта белсенділік танытпаса.