«Сызық бойымен жарыс» жарысы кем дегенде екі кезеңнен тұрады (нақты саны ұйымдастырукомитетімен жарыс өтетін күні анықталады).
Әр кезең жарысқа жіберілген барлық роботтардың сайыс серияларынан тұрады. Әрбір сайыста робот 2-ден артық әрекет жасай алмайды. Роботтың толық қашықтықты немесе оның бір бөлігін (робот тоқтап немесе қашықтықтан шықты) өтуі оның әрекет мүмкіндігі болып табылады.
Екінші әрекет тек келесі жағдайларда беріледі:
− Роботтар сыртқы бөгеулерге байланысты кезеңді аяқтай алмаған жағдайда;
− Ойын алаңының нашар жағдайына байланысты түрлі ақаулықтар орын алса;
− Төрешілер алқасы тарапынан жіберілген қателіктер салдарынан болса,
− Егер төреші тарапынан «Бастау» бұйрығы берілген кезде 30 секунд ішінде робот іске қосылмаса.
Бұлжағдайдаекіншіәрекеттіорындауағымдағыраундтыңсоңынаауыстырылады.
Бұл жағдайда екінші әрекет мүмкіндігінің орындалуы сол кезеңнің соңына ауыстырылады. Қажет болған жағдайда техникалық сараптама аймағында 3 минут ішінде ақаулық жойылады (роботтың құрылымын өзгертуге тыйым салынады). Содан кейін ол техникалық сараптамадан өтіп, екінші әрекет мүмкіндігін алады. Робот «карантин» аймағына орналастырылған.
Кезеңдер арасында қатысушылар робот құрылымына (соның ішінде жөндеу, қоректендіру құрылғыларын ауыстыру, бағдарламаны таңдау түрінде) жедел өзгерістер енгізуге құқылы, егер өзгертулер роботтың құрылым талаптарына қайшы келмесе және жарыс ережелерін бұзбайтын болса. Роботты жедел құрылымдық өзгертуге берілетін уақыт – 10 минут. Уақыт техникалық комиссия төрешісімен бақыланып отырады.
Кезең бастамас бұрын қатысушылар өз роботтарын «карантин» аймағына орналастырулары керек. Техникалық комиссия төрешісі роботтардың барлық талаптарға екендігін растағаннан кейін жарыстар басталады.
Егер роботты техникалық сараптамадан өткізу кезінде роботтың құрылымында ақаулықтар орын алса, операторға ақауды жою үшін 3 минут беріледі. Егер осы уақыт ішінде ақаулықтар қалпына келтірілмесе, робот ағымдағы кезеңге қатыса алмайды.
Бастау рәсімі: оператор роботты бастау алаңына орнатады (бастау-аяқтау сызығының алдындағы қашықтыққа), және құрылымның бірде бір бөлігі (сымдармен қоса) бастау сызығынан өтпеуі керек.
«БАСТАУ» бұйрығы берілгенге дейін робот полигонның үстінде олуы керек және қозғалыссыз болуы керек. «БАСТАУ» бұйрығы берілгеннен кейін қатысушы 30 секунд ішінде роботты іске қосуы керек және алаңды тез арада тастап шығуы керек.