Жалпы ережелер робототехникадан «Төлеби ауданына 90 жыл»



бет12/19
Дата03.04.2023
өлшемі285,16 Kb.
#78730
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
«Төлеби ауданына 90 жыл» робототехника жарысы бойынша ЕРЕЖЕ

Қорытынды шығару тәртібі


    1. Раундтың соңында роботы ринг ортасына жақын тұрған команда раунд жеңімпазы деп танылады.

    2. Кезеңнің нәтижесі келесі жайдайлар бойынша анықталады:

  • ағымдағы кезеңде екі немесе одан да көп жеңіске жеткен команда келесі кезеңге көшеді. Қарсылас команда жарыстан шығарылады.

    1. Кезеңдер 4 (3) команда қалғанша жалғасады. Бұл кезең жартылай финал болып табылады.

    2. Финалдық кезеңде жеңіске жеткен команда жеңімпаз атанады. Оның соңғы қарсыласы екінші орын иеленеді. Үшінші орынды анықтау үшін жартылай финалда ұтылған екі команда арасында қосымша кезең өткізіледі.



Регламент 2. "Сызық бойымен жарыс" санатындағы роботтар жарысының ережелері


  1. Жарыс шарттары


    1. Робот жарыстары үшін қатысушылар берілген траектория бойынша басынан аяғына дейін жүріп өтуге қабілетті дербес робот дайындау керек.

    2. Қашықтықты жүріп өтудің максималды уақыты 2 минут.

    3. Жарыстарды өткізу кезінде робот қашықтықтың қара сызығымен қозғала отырып, ең аз уақыт ішінде ең көп ұпай жинауы тиіс.



  1. Полигон


    1. Робот ұстануға тиіс қашықтықтан белгіленген полигон көлемі – 2400 мм х 3800 мм.

    2. Полигон түсі – күңгірт ақ.

    3. Қашықтықты анықтайтын сызық түсі – қою қара.

    4. Сызықтың ені – 50 мм.

    5. Қисық сызықты минималды радиусы – 300 мм.

    6. Жолдардағы сары түспен қашықты өткен кезде балл есептелетін кезеңдері белгіленген



1-сурет. Трасса
  1. Робот


    1. Робот дербес болуы керек.

    2. Роботтың максималды ені 25 см.

    3. Максималды ұзындығы – 25 см.

    4. Биіктігі – 25 см.

    5. Роботтың салмағы 1 кг аспауы керек.

    6. Жарыстарға жарыс қатысушыларының кез келген құрылымдық платформалық негізде жинаған роботтар рұқсат етіледі. Барлық құрылымдық элементтер, соның ішінде қоректендіру жүйесі, роботтың өзіне тікелей орналастырылуы керек. Әртүрлі жинақтардың бөлшектерін, сонымен қатар қолдан жасалған роботтар комбинациясы рұқсат етіледі.

    7. Робот құрылымында полигонның беткі қабатына қандай да бір зақым келтіруі мүмкін кез келген компоненттерді қолдануға болмайды. Қандай ба бір жағдайда полигонның беткі қабатына зақым келтірген команданың роботы жарыстан толықтай шеттетілетін болады.

    8. Жарыс басталар алдында роботтар белгіленген параметрлерге сәйкестігі бойынша техникалық тексеруден өткізіледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет