Есептеуді бастау уақыты роботтың алдыңғы бөлігі бастау сызығын кесіп өтетін уақыт болып табылады.
Есептеууақытыныңаяқталуы бұл роботтың алдыңғы бөлігі аяқтау сызығына енген сәт болып табылады.
Бастау кезінде төрешінің бұйрығымен оператордың көмегі арқылы робот қосулы немесе қолмен инициалдануы керек. Әрекетті жүзеге асыру барысында оператор роботқа тиіп кетпеуі керек. Роботқа қашықтан басқару немесе кез келген бұйрықтарды беруге тыйым салынады.
Робот қашықтықта сағат тілімен қозғалады.
Келесі жағдайлардың бірі орын алған кезде әрекет аяқталды деп саналады:
әрекет кезінде роботтың қара сызықтан шығып кету әрекеті кезінде, яғни, полигонның сыртында 5 секундтан астам уақыт бойы барлық дөңгелектер немесе басқа бөліктер аймақпен жапсарлас болғанда;
робот қашықтықты «қиып» өтсе;
жүріп өту кезеңі аяқталғанда (2 минут).
Робот жоғарыда көрсетілген мезеттердің басталуына дейін алынған ұпайларды алады және уақыт белгіленеді (егер робот жолдан толық өтпесе, максималды 2 минут орнатылады).
Егер сызықты жоғалтқан робот 5 секунд аралығында қашықтыққа өзі шығып кеткен қашықтықтан 3 робот ұзындығынан әрі аспай қайта келсе (қашықтық тікелей қара сызық бойымен өлшенеді), онда уақыт тоқтатылмайды және әрекет жалғасады. Роботтың ұзындығы дөңгелек базасы болып есептеледі.
Егер әрекет кезінде робот дұрыс қозғалмаса (сағат тіліне қарсы жүрсе, орнында айналып жүрсе және т.б.) немесе 10 секунд бойы қозғалыс жасай алмаса, онда осы сәтке дейінгі жинаған ұпайларын алады, және оған максималды 2 минут уақыт есептеледі.
Төрелік
Ұйымдастыру комитеті егер бұл өзгерістер командалардың біріне артықшылық бермесе, жарыс ережелеріне өзгерістер енгізуге құқылы.
Бақылау және қорытындылау ережеге сәйкес төрешілер тобы жүзеге асырады.
Төрешілер барлық жарыстар кезеңдерінде барлық өкілеттіктерге толық ие болады, барлық қатысушылар олардың шешімдеріне бағынулары керек.
Төреші дау-дамай жағдайларын анықтау үшін қосымша әрекет мүмкіндіктерін белгілей алады.
Төрешінің шешімі бойынша ережелерді нақтылау үшін раундты тоқтатыла тұруы мүмкін.
Егер төрешіге қатысты қандай да бір қарсылықтар орын алса, топ жетекшісі Ұйымдастыру комитетіндегі төрешілердің шешіміне ағымдағы раундтан кейін 10 минуттан кешіктірмей жазбаша түрде шағымдануға құқылы.