құрастырылған роботтар рұқсат етіледі (әртүрлі жинақтардың бөлшектерін, сондай-ақ өздері жасаған роботтарды біріктіруге рұқсат етіледі). Барлық құрылымдық элементтер, соның ішінде қоректендіру жүйесі, роботтың өзіне тікелей орналастырылуы керек.
Робот құрылымында полигонның беткі қабатына қандай да бір зақым келтіруі мүмкін кез келген компоненттерді қолдануға болмайды. Қандай ба бір жағдайда полигонның беткі
қабатына зақым келтірген команданың роботы жарыстан толықтай шеттетілетін болады.
Робот кегельді өз корпусымен ғана ығыстырып қозғау керек.
Робот кегельді ысыру үшін арнайы құралдарды қолданбауы тиіс (механикалық, пневматикалық, дірілді, акустикалық және т.б.).
Кегельді құрастыру барысында роботтың корпусында қандай да бір жабысқақ құрылғыларды пайдалануға тыйым салынады.
Жарыс басталар алдында роботтар жоғарыда көрсетілген параметрлерге сәйкестігі бойынша техникалық сараптамадан өткізіледі.
Жарысты өткізу
«Кегельринг» роботтар жарысы полигонындағы жарыс кем дегенде екі кезеңнен тұрады (кезеңді өткізудің нақты саны ұйымдастыру комитетімен жарыс күні анықталады).
Әр кезең жарысқа жіберілген барлық роботтардың сайыс серияларынан тұрады. Әрбір сайыста робот 2-ден артық әрекет жасай алмайды. Әрекет рингты барлық кегельден немесе оның бөліктерінен шектеулі уақыт көлемінде тазалау болып табылады.
5.3. Екінші әрекет мүмкіндігі тек мына жағдайларда ғана беріледі:
Роботтар сыртқы бөгеулерге байланысты раундты аяқтай алмаған жағдайда;