Жалпы ережелер робототехникадан «Төлеби ауданына 90 жыл»



бет17/19
Дата03.04.2023
өлшемі285,16 Kb.
#78730
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Бұл жағдайда екінші әрекет мүмкіндігінің орындалуы сол кезеңнің соңына ауыстырылады.

Қажет болған жағдайда техникалық сараптама аймағында 3 минут ішінде ақаулық жойылады (роботтың құрылымын өзгертуге тыйым салынады). Содан кейін ол техникалық сараптамадан өтіп, екінші әрекет мүмкіндігін алады. Робот «карантин» аймағына орналастырылған.


    1. Кезеңдер арасында қатысушылар робот құрылымына (соның ішінде жөндеу, қоректендіру құрылғыларын ауыстыру, бағдарламаны таңдау түрінде) жедел өзгерістер енгізуге құқылы, егер өзгертулер роботтың құрылым талаптарына қайшы келмесе және жарыс ережелерін бұзбайтын болса. Роботты жедел құрылымдық өзгертуге берілетін уақыт – 10 минут. Уақыт техникалық комиссия төрешісімен бақыланып отырады.

    2. Кезең бастамас бұрын қатысушылар өз роботтарын «карантин» аймағына орналастырулары керек. Техникалық комиссия төрешісі роботтардың барлық талаптарға екендігін растағаннан кейін жарыстар басталады.

    3. Егер роботты техникалық сараптамадан өткізу кезінде роботтың құрылымында ақаулықтар орын алса, операторға ақауды жою үшін 3 минут беріледі. Егер осы уақыт ішінде ақаулықтар қалпына келтірілмесе, робот ағымдағы кезеңге қатыса алмайды.

    4. Бастауға рингті дайындығы:

      1. Жарыс басталмас бұрын төреші жеребе арқылы барлық кезеңдер бойынша өзгермейтін лақтырылатын кегельдердің түсін анықтайды.

      2. Кегельді рингке орналастыру әрбір кезең алдында жеребе арқылы анықталады.

      3. Әрекет басталар алдында оператор ринг шеңберінің ішінде 8 кегельді біркелкі орнатады

      4. Шеңбердің әрбір төрттен біріне 2 кегельден артық келмеуі керек. Кегельдер қара шектеу сызығына 12 см-ден жақын және 15 см-ден әрі емес қойылады. Кегельдерді нақты орналастыруды "Кегельринг" жарысының төрешісі қабылдайды.

    5. Бастау тәртібі:

Роботтың барлық бөліктері бастау аймағының ішінде орналасқандықтан және құрылымның (оның ішінде сымдардың) бір бөлігі оның шекарасынан тыс жерге шықпауы үшін қатаң түрде рингтің ортасына орналастырылады.
«БАСТАУ» бұйрығы берілмес бұрын робот рингтің үстінде болуы және қозғалыссыз болуы керек.
«БАСТАУ» бұйрығынан кейін оператор роботты 30 секунд ішінде қосып, бастапқы алаңды тастап кетуі керек.
Егер осы уақыт ішінде робот іске қосылмаса, операторға екінші әрекет мүмкіндігі беріледі. (5.3. тармақты қараңыз).
Әрекет уақытын есептеудің басталуы роботтың қозғалысын бастау сәті.
Роботтың мақсаты – сызықпен шектелген шеңберден белгілі бір түстердің кегельдерін ығыстыру болып табылады.
Егер оның ешқандай бөлігі ақ шеңбердің ішінде немесе қара шектеу сызығында болмаса, кегель ығыстырылған болып саналады.
Бір кезде ингтен шыққан кегель ығыстырылған болып саналады және рингтен оператормен немесе төрешімен кері домалаған жағдайда алынуы мүмкін.

    1. Әрекеттер кезінде жарыс қатысушылары роботтарды немесе рингті ұстамауға тиіс. Қашықтан басқару немесе роботтарға қандай да бір бұйрықтар беруге тыйым салынады.

    2. Әрекет уақытын аяқтауды есептеу:

Келесі жағдайлардың бірі орын алған кезде әрекет аяқталды деп саналады:

  • робот белгілі бір түсті кегельді шеңбердің және шектеліген қара сызықтан шетке ығыстырып шығарса,

  • әрекет кезінде оператор роботты, кегельді немесе рингты ұстаған жағдайда,

  • әрекет кезінде роботтың рингпен жанасатын барлық дөңгелектері немесе басқа да бөлшектері шеңбердің шектеу сызығынан тыс қалса,

  • берілген уақыт аяқталғанда (2 минут).

Робот бұған дейін жиналған ұпай сандары (берілген түсті әрбір толық соғылған кегельге бір ұпайдан) есептеледі, және уақыт бекітіледі (егер робот берілген түсті барлық кегельдерді соқпаса, максималды 2 минут беріледі).
Робот белгіленген жерден жылжыған, аударылған немесе толық соғылған қарама-қарсы түсті кегельге бір ұпайдан айып ұпайы есептеледі.

    1. Егер робот әрекет кезінде робот қозғалысты 10 секунд ішінде жалғастыра алмаса, онда осы кезге дейін жинаған ұпайларын алады, ал әрекет ету уақыты 2 минутқа тең деп есептеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет