Жалпы генетика негiздерi Тақырып Моно- жӘне полигенді



бет62/72
Дата02.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#132427
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72
Байланысты:
2 и 3 раздел каз

Мутациялық процесс. Мутацияның эволюциядағы ролін, табиғи популяцияларда үздіксіз жаңа мутациялар пайда болатынын көрсеткен, С. С. Четвериков ашқан. Мутациялар жаңа аллельдердің пайда болуына, олардың комбинациясына және популяцияның популяцияның гетерозиготалы күйге ауысуына алып келеді, бұл генетикалық әртүрліліктің себебі болып табылады. Адамның тұқым қуалайтын көптүрлілігі - тірі материяның ұзақ эволюциясының нәтижесі. Алайда мұнда биологиялық және әлеуметтік жан ретінде адам эволюциясының ерекшеліктерін естен шығармау керек. Адамда, әлеуметтік тұлға ретінде, табиғи сұрыптау уақыт өте арнайы формада өтті, бүл популяцияның тұүқым қуалайтын әртүрлілігін кеңеюіне алып келді. Мысалы, адамның өзін -өзі азықпен құнды қамтамасыз етуіне, С витаминге қажеттілікті өтей алу мүмкіндігі оның эволюция процесінде жануарларда С витаминін синтезін анықтайтын геннің жойылуына мүмкіндік берді. Эволюция процесінде адам, сонымен бірге, адам ауруларына қатынасы бар жағымсыз белгілерге де ие болды.
Миграция. Жаңа гендер популяция генофондына мутация нәтижесiнде ғана емес, басқа популяциялардан иммигранттар алып келген гаметалар түрінде қосылып отырады. Бұл жаңа гендердің қосылу процессі гендер ағымы деп аталады. Миграция ұлтаралық және нәсіларалық некелердің үлесінің жоғарлауына, нәсілдік айырмашылықтың жойылуына, популяциялардың гетерогендігіне (әртүрлілігіне) алып алып келеді. Бұл жағдайда тұрғындар көшкен популяцияның да, сонымен бірге көшіп келген популяцияның да гендік құрамы өзгереді.
Изоляция (оқшаулану). Адам популяцияларында изоляция географиялық, нәсілдік, діни, ұлттық, экономикалық және т.б. себептерден пайда болуы мүмкін. Изоляция кіші популяциялардың –демдер мен изоляттардың пайда болуына қкеледі.
Жоғарыда көрсетілгендей, кіші популяцияларда туыстық некелер жиілігі жоғарлайды, еркін некелесу шектеледі, бұл өз кезегінде жасырын зиянды рецессивті гендердің гомозиготалы күйде жарыққа шығуына алып келеді. Кіші популяцияларда тұқым қуалайтын аурулар, туа пайда болған ақаулықтары бар балалардың туылу жиілігі, өлі туылу, т.б. жоғарлайды. Қазіргі кезде изоляциялық барьерлердің бұзылуы, кіші популяциялардың санының азаюы байқалады.
Гендер дрейфi. Кіші популяцияларда гендер жиілігі кездейсоқ өзгереді. Табиғи сұрыптаудың әсерінен және олардың селекциялық құндылығынан тәуелсіз кіші популяцияларда аллельдер жиілігінің кездейсоқ өзгерістері гендер дрейфі деп аталады. Гендер дрейфінің нәтижесінде кейбір адаптивті аллельдер популяцияларда жойылып, ал аз бейімделген және тіпті патологиялық аллельдер кездейсоқ себептерге байланысты популяцияда жоғары концентрацияда жиналуы мүмкін. Егер популяцияның генофонды тез “көбейетін” жанұялардың шектелген санды аллельдерінің әсерінен қалыптасатын болса, онда мұны бастамашы әсер деп атайды. Мұндай популяцияларда кездейсоқ дрейф нәтижесінде тараған патологиялық аллельдердің жоғары дәрежесін байқауға болады. Бұл ауытқулар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, соңында осы аллельдің популяцияда тұрақталып қалуына, не жойылуына әкеледі. Сонымен, медицинада маңызды гендер дрейфі кейбір тұқым қуалайтын аурулардың жер шарында біркелкі емес таралуына алып келеді. Мысалы, изоляция және гендер дрейфімен еврей-ашкеназиларда фенилкетонурияның аз және Тея –Сакс ауруының жиі кездесуін түсіндіруге болады. Сонымен, гендер дрейфі гомозиготалықтың артуына, гетерозиготалықтың төмендеуіне алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет