Жалпы генетика негiздерi Тақырып Моно- жӘне полигенді



бет58/72
Дата02.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#132427
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72
Байланысты:
2 и 3 раздел каз

Тақырып 16. ПОПУЛЯЦИЯЛЫҚ ГЕНЕТИКАНЫҢ НЕГІЗДЕРІ


Тақырыптың өзектiлiгi (дәйектiлiгi): Тұқым қуалайтын аурулардың жиiлiгiне және генетикалық гетерогендiгiне әсер ететiн әр түрлi популяциядағы генетикалық заңдылықтарды зерттеу бұл аурулардың келесi ұрпақтарда таралуын болжауға мүмкiндiк бередi. Популяциялық генетиканың негiздерiн бiлу қалыпты аллельдердiң арасында патологиялық генотиптердi тудыратын мутациялық аллельдердiң (тұқым қуалайтын патологиялық күйлердiң) таралуын түсiнуге, сонымен бiрге популяция деңгейiнде олардың мөлшерiн азайту және алдын алу шараларын жоспарлау және iске асыру үшiн қажет.


Сабақтың мақсаты: Популяциялық генетиканың негiздерiн, популяциялардың генетикалық құрылымының динамикасына әсер ететiн факторлар, сонымен бiрге популяция деңгейiнде тұқым қуалайтын патологиялардың таралу механизмдерiн оқып үйрену.


- Студент бiлу керек:
Популяцияның генетикалық құрылымын. Оның қалыптасуына әсер ететiн факторларын. Популяциялық генетиканың негiзгi терминдер және түсiнiктерін. Популяцияның генетикалық жүгiнiң қалыптасу механизмдерiн.


- Студент үйрену керек:
Харди-Вайнберг заңын популяциялардағы аллельдердiң және генотиптердiң /қалыпты және патологиялық/ жиiлiктерiн есептеуге пайдалану. Модельдiк популяциядағы генотиптер арақатынасын анықтау.
Өзiндiк дайындалуға арналған сұрақтар:
а) бастапқы бiлiмдерi бойынша:
1. Белгiлердiң тұқым қуалауының негiзгi заңдылықтары. Тұқым қуалау типтерi. Өзгергiштiк. Эволюциялық iлiмнiң негiздерi.
б) сабақтың тақырыбы бойынша:
1. Адам популяциясы. Популяцияның демографиялық және
генетикалық сипаттамалары.
2. Адам популяцияларының типтері.
3. Харди-Вайнберг заңы, математикалық теңдеуi, эволюциялық
маңызы.
4. Популяцияларда жүретiн элементарлы эволюциялық процесстер,
олардың маңызы.
5. Генетикалық полиморфизм және оның формалары.
Популяциялардың генетикалық жүгi және оның медициналық
маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет