Жалпы генетика негiздерi Тақырып Моно- жӘне полигенді


- Бiлiм деңгейiн қортынды бақылау



бет11/72
Дата02.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#132427
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72
Байланысты:
2 и 3 раздел каз

- Бiлiм деңгейiн қортынды бақылау
2- тапсырма.

  1. Мына аталған аурулардың қайсылары жыныспен тiркес болады:

а) Клайнфельтер синдромы,
б) Шерешевский– Тернер синдромы,
в) Дальтонизм
г) Гемофилия,
д) Гюнтер синдромы
ж) Трисомия
е) Саңырау–мылқаулық
2) Генотиптерiн жазыңыз: Дальтоник – бала, гемофилия генiн тасымалдаушы қыз.
3) Мына кариотиптерден дальтонизм және гемофилиямен ауру адамдардың кариотиптерiн бөлек жазып алыңыз:
46 Хd Уd , 46 Хd Хd, 46 Х dУ, 46Хd Хd, 46 Хh ХH, 46 Хh У, 46Хd Хd, 46Хd У.
4) Анализдеушi шағылыстыру Аа Вв х аа вв нәтижесiнде 1:1 арақатынасында екi особьтер алынған. Осы белгiлердi анықтайтын гендердiң орналасуы жөнiнде не айтуға болады? Бiрiншi ұрпақтағы будандардың генотиптерiн жазыңыз.
5) Гендердi тiркес топ құрайтын екi гетерозиготалы ағзалар шағылыстырылса, фенотиптерi бойынша, қандай ажырау жүрген болар едi?
6) Мына гендердiң қайсылары тiркес тұқым қуалайды?
а) С; б) К; в) СК; г) АВ
с к ск ав

7) АДМ тiркес тобы берiлген. Осындан А–а, М–м бөлiктерiнiң


адм
жекеленген кроссинговерiн және осы екi бөлiктiң қосарланған кроссинговерiн жүргiзiңіз. Кроссинговерлi гаметаларды жазыңыз.

Тақырып 10. Гендердің Өзара Әрекеттесуі


Тақырыптың өзектілігі (дәйектілігі): Қалыпты және патологиялық (тұқым қуалайтын аурулар) сыртқы белгілердің (фенотиптің) жарыққа шығуы, бір жағынан гендердің өзара күрделі әрекеттесуінің, екінші жағынан генетикалық факторлар (генотиптің) мен сыртқы орта факторларының әсерлесуінің нәтижесі болып табылады. Басқаша айтқанда генотип пен фенотиптің арасындағы байланыс әртүрлілігімен сипатталады. Ең алғаш рет бұл жағдайға дат генетигі В.Иогансен көңіл аударған. Иогансен бойынша генотип – тіршілік барысында өзгеріске ұшырамайтын тұқым қуалайтын генетикалық құрылым. Қазіргі кездегі түсінік бойынша генотип – хромосомалар жиынтығы – кариотип түрінде жасушаларында орналасқан тұқым қуалайтын бастамаларының жиынтығы болып табылатын ағзаның генетикалық конституциясы. Иогансен бойынша фенотип – ағзаның сыртқы белгілерінің: морфологиялық, физиологиялық және т.б. жиынтығы. Ол тіршілік барысында өзгеріске ұшырап отырады. Фенотип генотиптегі тұқым қуалайтын ақпаратқа сәйкес дамиды. Осы мәліметтерге сәйкес гендер және жалпы генотип белгілердің дамуына тек ғана мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік ген аралық әрекеттесулердің барысында және қоршаған ортаның белгілі бір жағдайларында іске асырылады.
Клиникалық практикада осы материалдарды білу және түсіну тұқым қуалайтын патологиялардың алуан түрлі көріністерінің механизмдерін дәрігерлік талдау жасаудың негізі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет