Жалпы генетика негiздерi Тақырып Моно- жӘне полигенді



бет14/72
Дата02.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#132427
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72
Байланысты:
2 и 3 раздел каз

Комплементарлық: Аллельді емес 2 гендердің өзара әрекеттесуінен жаңа белгінің жарыққа шығуы. Адамның қалыпты есту қабілеті аллельді емес Д және Е гендердің комплементарлық әрекеттесуінен қалыптасады. Д гені иірім түтігінің, Е-гені есту нервінің қалыпты жетілуін анықтайды. Рецессивті гендер бойынша гомозиготаларда (dd) иірім түтігі, ee-генотиптілерде-есту нервтері дамымайды. D-ee, ddE және ddee генотипті адамдар естімейді. Адамның жынысы аллельді емес гендердің өзара комплементарлық әрекеттесуі бойынша анықталынады. Алғашқы қалыптасқан жыныс бездері болашақ ұрпақтың жынысын толық анықтай алмайды. Жыныс бездері мен жыныс мүшелерінің жіктелуі құрсақта дамудың 4-12 аптасында және осы этапта толығымен екінші жыныс хромосомасына тәуелді дамиды. Ағзадағы 2-ші Х-хромосомасының болуы алғаш қалыптасқан жыныс безі мен жыныс жүйесінің дамуын әйел типіне сай қалыптасуына бағыттайды.
Ал аталық жыныстың дамуы У-хромосомасына байланысты, аталық ұрық безі мен сыртқы аталық жыныс мүшелері қалыптасады. Егер екінші жыныс хромосомасының Х не У хромосомаларының болмаған жағдайда жыныс бездері жіктелінбейді, туылған балада оның орнына дәнекер ұлпалар қалыптасып, ішкі және сыртқы жыныс мүшелері әйел типіне ұқсап, бірақ жетілмеген күйінде қалады. Аталық жыныстың қалыптасуына ағзадағы У-хромосомасының және жыныс бездерінің жіктелуі мен аталық жыныс гормоны - тестостеронның синтезделуін анықтайтын У- хромосомамен тіркес гендердің болуы жеткіліксіз. Бұл үшін аталық жыныс гормонына жасушалардың сезімталдығын қамтамасыз ететін басқа геннің өнімі - белок рецептор қажет. Белок- рецептордың синтезіне Х хромосомада орналасқан ерекше ген жауап береді. Кейбір жағдайда адамда рецессивті гендік мутация нәтижесінен белок-рецептор түзілмейді. Соның салдарынан аталық жыныс белгілер дамымай қалады, ондай жағдайда аналық жыныс белгілері басым болады. (Моррис синдромы немесе тестикулярлық феминизация синдромы: генотип ХУ, фенотип бойынша әйел).
Сонымен адамда аталық жыныстың қалыптасуы 2 аллельді емес гендердің комлементарлы әрекеттесуінің : аталық жыныс гормоны -тестостеронға жауап беретін ген мен белок-рецептордың синтезіне жауап беретін геннің өзара әрекеттесуінің нәтижесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет