Жалпы генетика негiздерi Тақырып Моно- жӘне полигенді



бет15/72
Дата02.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#132427
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   72
Байланысты:
2 и 3 раздел каз

Эпистаз: Бір аллельді емес геннің екінші бір аллельді емес генмен басылуы: доминантты әсер көрсететін гендер эпистатикалық немесе супресссор гендер деп аталады. Бұл жағдайда эпистаз доминантты болып табылады.
Доминантты эпистазға тауықтардың қауырсындарының түстері мысал бола алады. Доминантты С-гені түрлі түске, доминантты аллельді емес I гені супрессор және С-I генотипті тауықтардың түсі ақ болады. Ал рецессивті эпистазға “бомбей феномені ” мысал бола алады : Анасынан алған I В аллеліне қарамастан қыз балада фенотипі бойынша I (О) қан тобы болып анықталынған. Зерттеу барысында I В генінің әсері (эритроциттағы В генінің синтезі) гомозиготталық жағдайда эпистатикалық әсер ететін өте сирек кездесетін рецессивті генмен басылынатындығы анықталған.
Әр түрлі аллельді жұптардың гендері әсерлесіп, бірін-бірі толықтырып, бір белгіні анықтайтын гендерді полигендер немесе полимерлі гендер деп атайды. Мұндай әрекетесу құбылысын полимерия дейді. Белгілердің жарыққа шығуы дәрежесі домианантты аллельдер санына байланысты. Бұл белгілер сандық көрсеткішпен сипаталынатын белгілер. Мысалы адам бойының ұзындығы, дене салмағы, артериялық қысым терінің түсі және т.б. белгілер. Генотиптегі доминантты гендердің саны неғұрлым көп болса, белгінің айқын көрініс беруі соғұрлым жоғары болады. Әрі ол сыртқы ортаның әрекеттесуіне де байланысты. Адамда бірқатар ауруларға: гипертониялық аурулар, қан диабеті, семіздік шизофрения т.б. бейімділушілік байқалады. Бұл белгілер ортаның қолайлы жағдайында көрініс бермеуі де мүмкін. Бұл полигендік тұқым қуалайтын белгілерді моногендік белгілерден айырмашылығын көрсетеді. Сыртқы орта жағдайдарын өзгерте отырып және аурудың алдын алатын жұмыстар жүргізе отырып, бірқатар мультифакториальдық аурулардың жиілігімен фенотиптік көрініс беру дәрежесінің көрсеткіштерін төмендетуге болады. Полимерлі гендердің “дозасы” және сыртқы ортаның әсері сандық өзгерістердің үздіксіз көп болуын қамтамасыз етеді. Полимерлі гендердің минималдық санымен анықталған белгінің көрініс беруін шектік эффект деп атайды.
Геннің әсерінің генотиптен жүйе ретінде тәуелділігінің ерекше типі орын әсері деп қарастырылады. Орын әсерінің мәні геномдағы доминантты геннің әсерінің оның геномдағы орнының ауысуына байланысты өзгеруінде. Орын әсерінің мысалы ретінде Rh жүйе інің қан топтарын қарастыруға болады. СDE/сДe гендік комплексі және СДe/сDE гендік комплексі бар адамдарда бірдей гендер бар. Бірақ алғашқыда антиген Е көп, С антигені аз, ал екіншісінде керісінше С көп, ал E аз. Бұл бірінші жағдайда С және E гендері бір хромосомада болса, екінші жағдайда ол әртүрлі хромосомаларда орналасуымен түсіндіріледі.
Геннің қызметінің генотипке тәуелділігінің көрсеткіші-экспрессивтілік пен пенентранттылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет