Жалпы генетика негiздерi Тақырып Моно- жӘне полигенді



бет22/72
Дата02.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#132427
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72
Байланысты:
2 и 3 раздел каз

б) сабақтың тақырыбы бойынша:
1. Өзгергiштiк, олардың типтерi мен түрлерi.
2. Фенотиптiк өзгергiштiк. Реакция нормасы. Фенокопиялар.
3. Генотиптiк өзгергiштiк, анықтамасы, классификациясы:
а) комбинативтiк өзгергiштiк;
б) мутациялық өзгергіштік.
4. Мутагендiк факторлар. Мутагенез және канцерогенез.
5. Генетикалық материалдың репарациясы.


Ақпараттық-дидактикалық блок:
Өзгергiштiк - бұл тiрi ағзалардың орта факторларының әсерінен жаңа белгiлерге ие болу қасиеті. Өзгергiштiк фенотиптiк (тұқым қуаламайтын) және генотиптiк (түқым қуалайтын) болып бөлінеді.
Фенотиптiк (модификациялық) өзгергiштi генотиптiң өзгеруiнсiз фенотиптің өзгеруімен байланысты, бұл белгiлер тұқым қуаламайды, ағзаның тiршiлiк ету ортасына бейiмделуiн қамтамасыз етедi. Модификациялық өзгергiштiкке фенокопиялар жатады. Фенокопиялар деп - сыртқы орта әсерiнен, басқа генотипке тән белгiлердi қалыптасуын айтады. Фенокопиялардың себебi әртүрлi болады:
1. Дәрі – дәрмектер /мысалы: талидомидтiң әсерiнен аяғы-қолы жоқ балалардың туылуы мүмкiн. Ал бұндай ақаулар кейбiр тұқым қуалайтын ауруларда да кездеседi.
2. Эндокриндік өзгерістер /мысалы, зобтың себебі қандай да бір генетикалық мутацияның нәтижесінде қалқанша без гормондарының синтезделмеуі немесе ішуге пайдаланатын суда йодтың болмауы/.
3. Құнарсыз тамақтану /семіздіктің себебі тұқымқуалаушылық пен немесе тамақтанудың дұрыс болмауына байланысты болады/ .
4. Ішімдік жиі пайдалану пен темекі шегу /қиын босану, өлі туу, түсік тастау және т.б./.
5. Жүктілік кезіндегі әртүрлі инфекциялар және т.б.
Фенокопиялар тұқым қуаламайды. Дәрiгер тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын ауруларының табиғатын ажыратып, дұрыс ем қолдану керек.
Тұқым қуалайтын аурулар әртүрлi аллелдi емес гендерге байланысты болуы мүмкiн. Бұларды генокопиялар деп аталады. Мысалы, гемофилияның бiрнеше түрi болады. Гемофилия тек Х-хромосомамен тiркескен емес, аутосомды доминантты, аутосомды-рецессивтi де болады. Сонымен бірге қант диабеті, ақыл-ес кемістігі және т.б. мысал бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет