Жалпы генетика негiздерi Тақырып Моно- жӘне полигенді



бет18/72
Дата02.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#132427
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72
Байланысты:
2 и 3 раздел каз

3

4

5

6

Шешесі



II / A/

IV /AB/

N

MN

M

RH+

Баласы



I /O/

II /A/

M

N

MN

Rh-

Есеп 5. Адамда интерферонның синтезделуі 2 генге байланысты, оның біреуі 2-ші хромосомада, ал екіншісі 5-ші хромосомада орналасқан.
а) осы гендердің өзара әсерлесу түрін атаңыз.
б) өрсетілген гендер бойынша гетерозиготалы ерлі-зайыптылардан интерферон синтездеуге қабілеті жоқ баланың туылу мүмкіндігін анықтаңыз.
Eсеп 6. Адамның бойының ұзындығы бір-бірімен тіркеспеген полимерлі әсері бар 3 жұп гендермен анықталынады. Популяцияда бойы аласа адамдар (150 см) тек рецессивті, ал бойдың (180 см) биік болуы доминантты гендермен анықталынады. 3 жұп гендері бойыншада гетерозиготалы адамдардың бойларын анықтаңыз.
Есеп 7. “Бомбейлік феномен” бойынша әкесінің қаны I, ал шешесінің қан тобы III, осы жанұяда генотипінде IB генінің болуына қарамастан қаны I-ші топты қыз бала дүниеге келген. Ол қыз бойжетіп II қан топты гетерозиготалы ер адамға тұрмысқа шығады. Олардан I ші және IV қан тобы бар 2 қыздар туылады. Бұл құбылыс IA және IB гендері көрініс берулеріне басымдылық көрсететін сирек кездесетін эпистаздың f геніне байланысты. Осы гипотезаны ескере отырып жанұя мүшелерінің генотиптерін анықтаңыз.
Есеп 8. Аутосомды доминантты генмен анықталынатын көздің торлы қабатының ангиоматозының пенентранттылығы 50% . Осы белгі бойынша гетерозиготалы ерлі зайыптылардан ауру балалардың туылу мүмкіндігі (процентпен) қандай?
Есеп 9. Шизофренияның кейбір түрлері швед генетиктерінің мәліметтері бойынша аутосомды-доминантты белгі түрінде тұқым қуалайды. Гомозиготтарда геннің пенентранттылығы 100%, ал гетерозиготтарда 20%. Гетерозиготалы ата-аналардан ауру балалардың туылу мүмкіндігін анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет