Генотиптiкөзгергiштiк- бұл генотиптiң өзгеруiнен болатын өзгергiштiк, сыртқы ортаға тәуелсіз тұқым қуалайды. Генотиптік өзгергiштiк комбинативтiк және мутациялық деп екi топқа бөледi.
Комбинативтiкөзгергiштiк генотиптік өзгергіштің бір түрі, бұл жағдайда бір түрге жататын ағзалар бір бірінен генотиптегi гендердiң басқаша топтасуының нәтижесінде ажыратылады. Бұл ата анасына тән емес жаңа белгілердің пайда болуына алып келеді. Мысалы, ата-аналарының қан топтары 2 мен 3 болса, баласының қан тобы 4 болуы мүмкін.
Комбинативтік өзгергіштіктің механизмдері: 1. Гаметогенез кезінде мейоздың анафазасында әр гомологты жұптардан аталық және аналық хромосомалардың тәуелсіз ажырауы;
2. Кроссинговердің нәтижесiнде генетикалық материалдың рекомбинациясы;
3. Ұрықтану кезiнде гаметалардың кездейсоқ қосылуы.
Комбинативтік өзгергіштіктің биологиялық маңызы өте зор, себебі ол бір түрге жататын даралардың генетикалық әртүрлілігін, оның өкілдерінің тірі қалуын қамтамасыз етеді.
Мутациялық өзгергіштік– жасушаның генетикалық аппаратына сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен пайда болатын өзгергіштік. Бұл жағдайда генотипте, фенотипте өзгереді, мутация нәтижесінде пайда болған белгілер ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
Мутациялардыңжiктелуi: 1. Пайда болу орнына байланысты:
а) генеративті мутациялар – олар жыныс жасушаларында мейоз немесе зиготаның бөлшектену кезеңінде митоздың бұзылуының нәтижесінде пайда болады және олар тұқым қуалайды;
б) сомалық мутациялар – олар ағзаның онтогенез барысында дене жасушаларында пайда болған мутациялар, бұл белгілер тұқым қуаламайды. Сомалық мутацияның нәтижесінде бүкіл ағза өзгермейді, өзгеріс тек мутацияға ұшыраған жасушалардың бөлінуінен пайда болған бөліктерде байқалады.
2. Ағзаның тіршілік қабілетіне әсер етуіне байланысты::
а) ұрықты эмбриональды даму кезінде өлімге әкелетін летальдық мутациялар (мысалы, қысқа саусақтық гені гомозиготалы жағдайда өлімге әкеледі);
б) ағзаның тіршілікке бейімділігін төмендететін сублетальды мутациялар не жартылай летальды мутациялар (гемофилия).
3. Пайда болу себептеріне байланысты:
а) спонтандық немесе табиғи мутациялар адамның қатысуынсыз, табиғи факторлардың әсерінен пайда болады;
б) индукциялық немесе жасанды мутациялар ағзаға арнайы бағытталған мутагендік факторлардың әсерінен пайда болады. Мутагендік эффект тудыратын сыртқы орта факторлары мутагенді факторлар деп аталады. Олар: физикалық (иондаушы, рентген, ультракүлгін сәулелері, жоғары температура т.б.), химиялық (альдегидтер, қышқылдар, спирттер, кейбір дәрілер т.б.), биологиялық (гормондар, вирустар, бактериялар, паразиттік құрттардың тіршілік нәтижесінде пайда болатын улы заттар т.б.) факторларға бөлінеді.
4. Генетикалық материалдың өзгеруіне байланысты мутациялар геномдық, хромосомалық және гендік болып жіктеледі.