Жалпы генетика негiздерi Тақырып Моно- жӘне полигенді


Молекулалық-генетикалық әдiстер



бет49/72
Дата02.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#132427
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72
Байланысты:
2 и 3 раздел каз

Молекулалық-генетикалық әдiстер - бұл ДНҚ қүрылысындағы түрлi өзгерiстердi, тіпті бірінші реттік нуклеотидттiк қатарына дейiн анықтауға мүмкiндiк беретiн әр түрлi әдiстердiң үлкен тобы. Молекулалық-генетикалық әдiстердiң негiзгi кезеңдері мен түрлерi:
1. ДНҚ (немесе РНҚ) кесiндiлерiн алу барлық әдiстердiң бастапқы кезеңі. ДНҚ-ны барлық ядролы жасушалардан алуға болады: перифериялық қан лейкоциттерi, хорион, амнион жасушалары, фибробласттар, ұрттың клегей қабығының қырындысы, бiрнеше шаш баданасы және т.б. Бүл аз мөлшердегі материалды қолдануға болады. Алынған ДНҚ-ны барлық әдiстерге пайдалануға болады және тоңазытылған түрiнде көп мерзiмде сақталады. Жиi, ауруды немесе гетерозиготалы тасмалдаушылықты табысты диагностикалау үшiн қысқа ДНҚ кесiндiсiлерi(фрагменттері) жеткiлiктi болады. Керектi кесiндiнi көп мөлшерде көбейтiп (амплификациялап) алу полимеразалық тiзбектiк реакция (ПТР) арқылы жүргізіледі. ПТР дегенiмiз - бүл in-vitro жағдайында ДНҚ-ны амплификациялау әдiсi. Ол үшiн кесiндiнiң нуклеотидтiк ретін бiлiп, сол арқылы екi олигонуклеотидтiк праймер (бастауыш) синтездеу керек. Амплификациялау процессi үш сатыдан тұрады:
- ДНҚ-ны қыздыру арқылы денатурациялау (ДНҚ-ның екі тізбегін бірі бірінен ажырату)  праймерлердiң бiр тiзбектiк молекулалардың комплементарлық бөлiктерiмен байланыстыру (жасыту)  байланысқан праймерлер аралығында полимераза арқылы полинуклеотидтiк тiзбектердi синтездеу (4 сурет).
Осы циклды бiрнеше рет қайталау арқылы белгiлi ДНҚ бөлiгiн миллион, немесе одан да көп рет көбейтуге болады.



4 сурет. ПТР циклінің сатылыры

2. ДНҚ-ны кесінділерге бөлшектеу (рестрикция) молекулалық диагностикалауда керектi кезең. Бүл кезең бактериялық эндонуклеазалар тобына жататын рестриктаза ферменттер арқылы жүргiзiледi. Адам генетикасында екi тiзбектiк ДНҚ-ны 4-6 жұп негiздерден тұратын нуклеотидтiк ретті белгілі бір аймақтарда кесетiн оншақты әр түрлi рестриктазалар қолданылады. Әр түрлi рестриктазалар әр түрлi тiзбектердi таниды, яғни олардың рестрикция сайттары әртүрлі болады. Соған байланысты, рестриктазаның әр түрiне сай, әртүрлі ұзындықты ДНҚ-ның кесiндiлерi пайда болады. Рестриктивті кесінділердің ұзындығының полиморфизмі (РКҰП) әдісі әртүрлі ағзалардың туыстық дәрежесін анықтау үшін кеңінен қолданылады (5 сурет).


3. ДНҚ кесiндiлерiн электрофорездеу - агарлық немесе полиакриламидтiк гельдiң бетiнде ДНҚ кесiндiлерінің мөлшері бойынша орналасуын қамтамасыз етеді. ДНҚ кесiндiлері мөлшеріне байланысты тұрақты электр өрісінде жылдамдылықпен теріс полюсiнен оң полюсiне қарай жылжиды. Әр бөлiктiң ұзындығын, оның өткен жолын мөлшері белгiлi ДНҚ стандартты үлгісінің өткен жолымен салыстыру арқылы бiлуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет