Жалпы географиялық әдістер


Салыстырмалы-географиялық әдіс



бет4/64
Дата07.09.2023
өлшемі301,56 Kb.
#106470
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау-emirsaba.org

Салыстырмалы-географиялық әдіс географиядағы қолданбалы зерт- теулерде аумақтар мен елдердің көрсеткіштерін салыстыру арқылы ерекшеліктерін анықтау, оларды топтастыру мен жіктеу, болжам жасау мақсатында қолданылады.
Географиядағы салыстыру ережелері
Бір нысанның әртүрлі уақыт кезеңдері бойынша (диахронды) қасиетте-рі мен көрсеткіштерін салыстыру арқылы нысанның, үдерістің өзгерістері анықталады.
Нысандарды салыстыруды синхронды (бір уақыт аралығында) түрде жүргізу арқылы белгілі бір құбылыстың аумақтық ерекшеліктері туралы білім алуға болады.


Географиядағы сандық әдістер
Географиядағы сандық әдістердің маңызы. ХХ ғасырдың екінші жартысында география ғылымдарына математикалық зерттеу әдістері қарқынды ене бастады, оны ғалымдар «сандық революция» деп атады. Географияның «математикалануы» компьютерлік техника мен технологиялардың жылдам дамуына да байланысты.

Географияның математикалану себептері
Географиядағы сандық әдістер. Географиялық жүйелердің өзгерістерін талдауда математикалық статистика әдістері қолданылады. Әдетте, зерттелетін құбылыс пен нысанның жай-күйі мен өзгерістерін сипаттау үшін мерзімдік қатар құрастырылады.
Үдерістер мен құбылыстардың өзгеру зандылықтарын зерттеуде трендті, яғни дамудың жалпы тенденциясын анықтаудың маңызы зор.
Қазақстандағы халық санының мерзімдік қатары
Өзгерістер қатарын үлгілеудегі басты міндет - зерттелетін құбылыстың даму тенденциясының сипаты мен бағыттарын анықтау.
Теңгерім әдісі өзгермелі жүйелердегі кіріс пен шығыс арасындағы тәуелділіктерді есептеу арқылы талдау жасауға, болжауға мүмкіндік береді. Мұндай жүйелерді сипаттау үшін шығыс кіріс, өндіру - тұтыну сандық көрсеткіштері есептеліп, талданады.
Қазіргі географияда кеңінен қолданылатын математикалық әдістердің бірі - географиялық жүйелерді математикалық үлгілеу.
Сандық модельдер бейнелеу тәсілі бойынша таңбалы деп аталады.
Нысандарды сандық деректері бойынша топтастыру үшін рангтерге жіктеу әдісі қолданылады. Бұл әдіс дүниежүзі елдерінің әртүрлі көрсеткіштер жиынтығы бойынша жасалатын рейтингтерін құрастыруда қолданылады. Әдетте, рейтинг бойынша топтастыру кезінде жоғары, орташа және төмен рангтер анықталады. Мысалы, әлем елдерінің туу коэффициенті бойынша топтарын анықтап көрейік. Ең алдымен, статистикалық көрсеткіштер тізбесі алынады. Осы тізбеден туу коэффициентінің ең жоғары (46%) және ең төмен (8%) көрсеткіштерін табамыз. Ендігі кезекте формула бойынша топтардың айырмасын көрсетіп тұратын интервал анықталады:
,
мұндағы mах - көрсеткіштің максимум шамасы, min - көрсеткіштін минимум шамасы, х - интервал. Осы формула негізінде анықталған интервал шамамен 12,6-ға тең болады. Енді интервалды қосу арқылы топтардың көрсеткіштерін анықтайық:
1) 8 - 20,6 (туу деңгейі төмен);
2) 20,7 - 33,3 (туу деңгейі орташа);
3) 33.4 - 46 (туу деңгейі жоғары). Осылайша дүниежүзіндегі 195 елді туу коэффициентінің көрсеткіші бойынша 3 топқа бөлдік. Статистикалық деректерді пайдаланып, қай елдің қай топқа енетінін анықтау қиын емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет