Жалпы географиялық әдістер


Географиялық мониторинг әдістері



бет3/64
Дата07.09.2023
өлшемі301,56 Kb.
#106470
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау-emirsaba.org

Географиялық мониторинг әдістері геологиялық, сейсмикалық, геоморфологиялық, гидрологиялык, геоботаникалық, климатологиялық, ландшафтылық зерттеу әдістерін біріктіреді.
Физикалық-химиялық әдістер зерттеу ауданында алынатын сынамаларға физикалық және химиялық өлшеулер мен талдамалар жасауға негізделеді .
Биологиялық әдістер арқылы қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтап, зерттеуге болады. Биоиндикация әдісі қоршаған ортадағы өзгерістерді кейбір өсімдік немесе жануар түрінің таралуы арқылы аныктайды. Мысалы, тауларда «қызыл қардың» пайда болуы климаттың ғаламдық жылынуының әсерін көрсетеді. Бұл құбылыс жылыну әсеріне байланысты біржасушалы қызыл түсті балдырлардың (хламидомонада) көбеюінен болады.
Деректерді өңдеу әртүрлі әдістермен жинақталған географиялық ақпаратты талдау әдістерін қамтиды. Дешифровка әдісі қолданбалы маңызға ие: қазіргі заманғы карталар ғарыштық түсірілімдер негізінде жасалады. Статистикалық әдістер, математикалық модельдеу деректерді жүйелеуге мүмкіндік береді.


Географиядағы салыстыру әдістері
Салыстыру географияның барлық саласында ерте кезден бастап колданылып келе жатқан, ең кең тараған әдістің бірі. Салыстыру әдістерін қолдану арқылы зерттеу нысандарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары, кеністіктік әркелкілігі анықталып, зерттеледі.
Салыстыру әдістері бұрынғы деректерде де кездеседі. Бірақ дәл қазіргі ұғымындағы салыстыру әдістерін география ғылымында алғаш рет XIX ғасырда неміс ғалымы A. Гумбольдт колданды. А. Гумбольдт салыстыру әдістері арқылы Жер шары қабықтарының заңдылықтарын зерттеп, физикалық географияның негізін қалады. Салыстыру әдістерін оның замандасы К. Риттер де қолданды. Ғалымның «Табиғат пен адам тарихына қатысты жертану» немесе «Жалпы салыстырмалы география». «Салыстырмалы жертану туралы идеялар» атты әйгілі еңбектері бар.
Бастапқы кезде нысандар мен құбылыстарды сыртқы көрінісі бойынша салыстыру жүзеге асырылатын. Кейінірек олардың өлшемдері, сыртқы белгілерінің (морфология) ерекшеліктері салыстырлатын болды. ХХ ғасырда геохимиялық, геофизикалық, әуе-ғарыштық әдістер көмегімен алынған мәліметтер салыстырыла бастады. Қазіргі кезде салыстырулар орасан зор сандық, сапалық көрсеткіштерді қамтуға мүмкіндік беретін математикалық әдіс пен ГАЖ технологиялар арқылы жүзеге асырылады.
Салыстыру әдістерінің бірі баламалау әдісі. Мысалы, ежелгі грек оқымыстысы Платон Жер шарын тірі ағзаға теңеген. Қазіргі кезде де ғалымдар Азия экономикасын адамға теңейді: Жапония экономикасы – оның басы, Қытай мен Үндістан – аяқтары, жаңа индустриялық елдер – қолдары, мұнай экспорттайтын елдер – жүрегі және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет