Жерінің ауданы 30 мың -ден аспайтын микромемлекеттергеЕуропадағы «ергежейлі» мемлекетін және Мұхит аралдары мемлекеттерін жатқызуға болады: Ватикан, Монако, Лихтенштейн, Мальта Андорра, Мальдив Республикасы, Науру, Тувалу және т.б. Ұсақ мемлекеттердің алып жатқан аумағы адам қоныстанған құрлықтың бар болғаны 1,3%-ін құрайды.
Мемлекетке аумағы бойынша баға беруде оның игерілу деңгейі де ескеріледі. Мысалы, Аустралия Одағының 1/3 бөлігін шөлдер алып жатыр. ал 3/5 бөлігі табиғаты катал аудандар болып табылады. Сондықтан аумаққа баға беруде, ең алдымен, тимді аумақтар ескеріледі.
Аса ірі мемлекеттердің жекелеген бөліктерін игеруде қатал табиғат жағдайлары, көлік қатынасы және әлеуметтік-экономикалық құрылымдарды салуға көбірек шығын жұмсалады. Мысалы, Ресей Федерациясының еуропалық бөлігі азиялық бөлігіне қарағанда, күшті дамыған. Мемлекеттердің географиялық орнының ерекшіліктері. Физикалық-географиялық тұрғыдан алғанда мемлекет аумағының координаталар торындағы және нақты физикалық-географиялық кеңістіктегі орны анықталады. Мысалы, экватор сызығы 13 елдің аумағын кесіп өтеді. Физикалық-географиялық орны бойынша елдер батыс немесе шығыс, солтүстік немесе оңтүстік жартышарда орналасуы мүмкін.
Аумағының экономикалык-географиялық орны бойынша елдерді бірнеше топка бөледі: орталық елдер, перифириялық елдер, транзиттік елдер, ішкері елдер, теңіз маңы елдері.