Геосаясаттағы физикалық-географиялық және экономикалық факторлардың маңызы Геосаясаттағы физикалық-географиялык факторларға баға беру.
Геосаясатқа ықпал ететін табиғи факторлар
Геосаясаттағы экономикалық факторларға баға беру. Әлемдік саясаттың аса маңызды факторларының бірі - мемлекеттің экономикалық қуаты. Геосаясаттағы экономикалық факторлардың маңызын британдық географ Питер Тейлор зерттеген. Геосаясатқа ықпал ететін экономикалық факторлар: елдің экономикалық қуаттылығы, әлемдік экономикадағы орны, экономикалық ынтымақтастығы, әлемдік экономикалық деңгейге кірігу деңгейі, елдің экономикалық стратегияларының саяси мүдделерге сәйкес келуі.
Әлемдік саясаттағы көшбасшылар - экономикасы дамыған, жаңа технологияларға негізделген өндірісі бар елдер.
Кез келген мемлекеттің экономикалық куатын, әдетте, жиынтық ішкі өнім көлемімен анықтайды. Халықаралық валюта қорының тізімі бойынша соңғы жылдары әлемдегі ең қуатты ел Қытай деп есептеледі. Әлемдік экономикалық көшбасшылар ірі ұлтаралық бірлестіктері арқылы, әлемдік экономиканың дамуына ықпал ету арқылы геосаяси басымдылыққа да не болады.
Геосаясаттағы әлеуметтік және демографиялық факторлардың маңызы Геосаясаттағы әлеуметтік факторларға баға беру. Әлеуметтік факторлардың геосаяси ортаға ықпалы: қоғамдағы әлеуметтік даму, қоғамдағы құбылыстар мен үдерістер, халықтың ұлттық, діни құрамындағы ерекшеліктер, әртүрлі әлеуметтік топтардың ықпалы, мемлекет басшылары мен қоғамдық ұйымдардың беделі.
Саясаттың халықтың қоныстану сипатымен, ұлттық менталитетпен де байланысы бар. Мемлекеттің ұстанған сыртқы саясатына идеология да ықпал етеді. Қоғамның әлеуметтік жіктелуі. халықтың өмір салты мен өмір сүру деңгейінің әркелкілігі, саяси, мәдениет деңгейінің ала-құлалығы уақыт өткен сайын тереңдеп, шиеленіскен сипат алуы мүмкін.
Әлеуметтік жағдайдан туындайтын қақтығыстар негізінен әртүрлі діндер тоғысқан аумақтарда орыналады. Мысалы, Таяу шығыстағы араб-израиль жанжалы. Үндістан мен Пәкістанның шекаралық даулары және т.б. қақтығыстар.
Әлеуметтік факторлар ықпалынан жікшілдік немесе сепаратизм пайда болуы мүмкін. Жікшілдікке белгілі бір халықтардың діни топтар мен шағын ұлт өкілдері құқықтарының бұзылуы себеп болады. Жікшілдік пайда болған аудандарда этностық қана емес, діни фактордың да маңызы артып отыр. Бұл католиктер мен протестанттар (Квебек, Солтүстік Ирландия), ислам мен православие (Косово, Солтүстік Кипр), ислам мен индуизм (Кашмир) арасындағы жікшілдік түрінде көрініс берген. Көп ұлтты және тарихы тереңге кеткен Қытай мемлекетінде де жікшілдік орын алған. Мұнда Тибет, Маньчжурия, Шығыс Түркістан. Ішкі Моңғолия тәрізді тарихи құрылымдар бар. Жалпы алғанда, дүннежүзі бойынша жікшілдіктің 50 шақты негізгі ошағы бар, олардың 20-ға жуығында қарулы қақтығыстар болып тұрады. Жікшілдік ошақтары жалпы 12,7 млн км2 аумақты алып жатыр. Мұнда 220 млн халық тұрады.
Қазақстан Республикасында 1995 ж. 1 наурыздағы Жарлығына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) құрылған болатын.