Жалпы географиялық әдістер


Геосаясаттағы демографиялық факторларға баға беру



бет43/64
Дата07.09.2023
өлшемі301,56 Kb.
#106470
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64
Байланысты:
Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау-emirsaba.org

Геосаясаттағы демографиялық факторларға баға беру. Демаграфиялық жағдай – геосаясаттың ажырамас бөлігі. Елдегі халық саны, оның сапалық және сандық құрамы – аса маңызды геосаяси ресурс.
Халық саны көп елдердің геосаясаттағы басымдылықтары адам ресурстарының жеткілікті болуымен түсіндіріледі. Бұл елдерде қарулы күштерді жинақтау мүмкіндігі ете жоғары. Елдің халықаралық ұйымдардағы өкілдер саны да халық санымен анықталады.
Елдің геосаяси басымдылығына халықтың білім деңгейі мен кәсіби біліктіліктері де ықпал етеді. Ал елдегі халық тығыздығының геосаяси жағдайға қолайлы немесе қолайсыз ықпал етуі мүмкін.

Геосаясаттағы саяси, әскери және технологиялық
факторлардың маңызы
Геосаясаттағы саяси, әскери факторларға баға беру. Геосаясатқа ықпал ететін факторлар арасында әсіресе саяси, әскери факторлардың орны ерекше. Қазіргі заманғы саяси факторлар әртүрлі аумақтық деңгейлерде (жергілікті сипаттан халықаралық деңгейге дейін) түрліше географиялық. экономикалық, әлеуметтік, тарих факторлардың кешенді ыкпал етуінен қалыптасады.
Қазіргі уақытта елдегі биліктің сипаты манызды саяси ресурс болып есептеледі. Елдің бейтарап бейбіт саясат ұстануы, әлемдегі және аймақтағы беделі мен көшбасшылыққа ұмтылысы оның геосаяси жағдайын нығайтады. Елдің саяси ресурстары қатарына бірнеше факторларды жатқызуға болады.
Мемлекеттің өз аумағындағы ғана емес, көршілес аймақтардағы саяси факторлар да оның геосаяси жағдайына ықпал етеді. Мысалы, көршілес аймақтардағы саяси тұраксыздық елдің шегаралары арқылы бүлікшілердің еніп кетуіне, босқындардың ағылуына алып келуі мүмкін. Керісінше. көршілес аймақтардағы саяси жағдайдың тұрақтылығы елдің геосаяси жағдайын нығайта түседі.
Қазіргі кезде мемлекеттің әскери қуаттылығы теңіз, әуе, ядролық, ғарыштық және ақпараттық әлеуетімен анықталады. Ядролық мемлекеттер бұл алапат қару түрін саяси мақсатта, яғни қарсыласын тежеу үшін ғана пайдаланады. Ядролық қару - мемлекеттің қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ететін геосаяси ресурс.
Саяси және әскери факторлар өзара байланысты. Әскери әрекеттердің болу мүмкіндігі әсіресе ұлы державалар ыдыраған кезеңге сәйкес келеді. XX ғасырды 90-жылдарында көпұлтты мемлекеттер болып саналатын КСРО мен Югославия ыдырады, әсіресе соңғысында қарулы қақтығыстар орын алды. 1992 жылдан бері дүниежүзі елдерінің 1/3-інде этностық негіздегі шиеленістер болды. Мұның өзі көптеген елдердін геосаяси жағдайына кері ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет