Жалпы географиялық әдістер



бет46/64
Дата07.09.2023
өлшемі301,56 Kb.
#106470
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64
Байланысты:
Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау-emirsaba.org

Саяси-географиялық орны мемлекет аумағының саяси тұрғыда маңызды нысандарға қатысты анықталады.


Мемлекеттерді аумағының морфологиялық ерекшеліктері бойынша жіктеу
Мемлекет аумағының морфологиялық ерекшеліктері бойынша елдерді бірнеше типтерге бөліп қарастыруға болады.
Созылыңқы пішіндегі мемлекеттер (Чили, Норвегия, Швеция, Вьетнам, Италия, Панама, Того, Гамбия). Бұл көптеген аудандардың елдің әкімшілік орталығынан шалғай жатуына әсер етіп, аумақты басқаруға кедергі келтіреді.
Біртұтас аумақты алып жатқан мемлекеттер (Франция, Испания, Польша, Венгрия және т.б.). Олардың аумағы квадрат немесе дөңгелек пішінді болып келеді. Бұл шеткі аудандардың ел орталығына шамамен бірдей қашықтықта орналасуына, мемлекеттік шегараларының салыстырмалы түрде қысқа болуына, қатынас жолдарының неғұрлым жақсы тарамдалуын аумақтың экономикалық дамуына және баскарылуына колайлы жағдай жасайды.
Шашыраңқы мемлекеттер (Индонезия, Филиппин сияқты аралдық мемлекеттер, екі бөліктен тұратын Малайзия, АҚШ және т.б.). Аумағы біртұтас емес, бірнеше бөліктерден тұратын мұндай мемлекеттерде басқару және қорғаныс, қатынас жолдары, экономикалық байланыстар бойынша қиындықтар туындайды. Оқшауланған аумақтарда мемлекеттін ішкі бірлігін бұзуға әрекеттену кимылдары. әртүрлі ішкі кикілжіңдер, ел астанасының орнына катысты таластар туындауы мүмкін.
Құрамында анклавтар бар мемлекеттер. Анклав жағдайындағы аудандар қатарына Ресей Федерациясы кұрамына енетін Калининград облысы, Испания құрамына енетін, бірақ Мароккода жатқан Сеута мен Мелилья және г.б. анклавтар жатады. Анклавтар жалпы алғанда мемлекеттің стратегиялық жағдайына қолайлы әсер еткенімен, елдің әскери жағынан осал, экономикалық байланыстарға қолайсыз аудандар болып табылады.


Мемлекеттік шегара
Мемлекеттік шегаралардың функциясы, түрлері. Мемлекеттік шегаралар - мемлекеттің қауіпсіздігі мен егемендігін сақтап қалудың аса маңызды шарты. Өз шегараларының тұтастығын қамтамасыз етуге қабілеттілігі мемлекеттің қуаты мен халықаралық беделін көрсетеді. Мемлекеттік шегаралар бөлуші, жалғастырушы және сүзгілік функциялар атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет