Жалпы географиялық әдістер


Мемлекеттік шегаралардың бөлуші функциясы



бет47/64
Дата07.09.2023
өлшемі301,56 Kb.
#106470
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64
Байланысты:
Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау-emirsaba.org

Мемлекеттік шегаралардың бөлуші функциясы елдер арасындағы адам, тауар және басқа қозғалыстарын шектеумен анықталады. Мысалы, адамдардың қозғалысын шектеу және тоқтату үшін шегара бойында арнайы жабдықталған тосқауылдар қою, ақылы визалық режім орнату, маятникті миграцияға жол бермеу шаралары жүргізіледі.
Шегаралардың жалғастырушы функциясы көршілес мемлекеттердің шаруашылық байланыстарын нығайту, шегаралық аудандарда бірлескен жобалар жасау, табиғат ресурстарын бірлесіп пайдаланудан көрінеді. Мысалы, Қазақстанның Қытаймен шекаралас бөлігінде ауданы 560 га болатын «Қорғас» шегара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталыты құрылған. Оның қазақстандық жағының жалпы көлемі 217 га, қытайлық жағы 343 га құрайды. Орталықты құру Алматы облысында экономиканың қарқынды дамуына, инженерлік, көлік және туристік инфрақұрылымдардыжетіл діруге, жүк айналымын арттыруға, және жұмыс орындарын ашуға, тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге мүмкіндік ашуда.
Шегаралардың жалғастырушы функциясы дүниежүзінің көптеген аймағында елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беруде.
Шегаралардың сүзгілік функциясы елдің аумағына келетін қауіп-қатерді, теріс ағымдар мен тиым салынған тауарларды, адамдар легін өткізбеу мақсатын көздейді. Осылайша елдер өз аумағын есірткі, контрабандалық тауарлар мен лаңкестік ұйымдардың әрекетінен, босқындар легінен қорғайды.
Мемлекеттік шекаралардың түрлері. Көп жағдайда мемлекет аумағының негізін этностың қоныстану ауданы құрайды. Мемлекеттік шегаралардың қалыптасуына әртүрлі факторлар әсер етеді. Осы тұрғыда, мемлекеттік шегараларды табиғи және жасанды деп бөледі.
Табиғи шегаралар елдердің аумақтарын бөліп жатқан табиғи шептер (теніз, өзен, кел, тау жоталары және т.б.) арқылы әтеді. Геосаяси тұрғыдан алғанда, табиғи шегаралар сенімді болады.
Жасанды шегаралар адам қолымен жасалған арнайы инженерлік құрылғылар көмегімен белгіленеді.
Сипатына байланысты мемлекеттік шегаралар құрлықтық және теңіздік болып бөлінеді. Теңізбен шектесуі мемлекеттің геосаяси және стратегиялық орнын анықтайды. Сол себепті елдерді теңізге шығу мүмкіндігіне қарай да бағалайды. Дүниежүзі бойынша 44 ел теңізбен шектеспейді, ал 36 мемлекеттің мүлде құрлықтық шегаралары жок. Теңізге тікелей шыға алмайтын мемлекеттерге басқа елдердін аумағы арқылы еркін өту берілген. Құрлықтағы шегаралары ұзын болатын мемлекеттер арасында Қазақстан 5-орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет