Вулканизм — жалпылама түсінікте: магма және олармен сабақтаса түзілетін газды-булы өнімдердің жер қойнауындағы қозғалыстарын, олардың жер бетіне шығу барысындағы барша процестер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым.
Алайда бұл термин нақтылы жанартау атқылауы мен оның фумаролды әрекетінен туындайтын құбылыстардың жиынтығы деген түсінікті шектеулі мағынада да біршама жиі қолданылады. Жер бетіндегі вулкандар құрлықтық және су асты вулкандары болып
бөлінеді. Құрлықтық вулкандар әдетте тектоникалық ірі және терең жарықтардың бойында мұхит жағалаулары мен аралдық дөғалар тізбегін бойлай орналасады. Ал су асты вулкандары мұхит түбінде және мұхиторталық жоталарда кездеседі. Кейде вулкандық атқылау кезінде (лавалардың өте көп мөлшерде бөлініп шығуына байланысты) вулкандық аралдар пайда болады (Гавай аралдары).
43. Байырғы кездегі толқымалы қозғалыстар, оларды зерттеу әдістері.
44. Жер сілкіну. Жер сілкінуді зерттеу әдістері.
Жер сілкіну, жер сілкінісі (араб тілден ескірген сөз зілзала араб.: زلزال ,ағылш. Earthquake) — жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды. XIX ғасырдың ортасына қарай жер сілкіну құбылыстарының белгілі бір аудандарда ғана қайталанып отыратындығы айқындалды. Бұл жағдай ғалымдарға жер сілкіну каталогын (тізімін) жасау жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік туғызады. Ресей территориясын, Элицентр қамтитын ең алғашқы каталог авторларының қатарында И. В. Мушкетов пен А. П. Орловтың есімдерін атауға болады. XIX ғасырдың соңында жер сілкіну құбылыстарын тіркеуге арналған арнаулы құрал-жабдықтар жасалына бастады (Ресейде — Б. Б. Голицын, П. М. Никифоров; Германияда — А. В. Вихерт) және геофизиканың бір саласы сейсмология (грекше “сейсма” — сілкіну) жер сілкіну әрекеттерін зерттейтін өзінше бір жаңа ғылыми бағыт болып қалыптасты. Сейсмологияда қолданылатын негізгі ұғымдар: жер сілкіну ошақтары немесе гипоцентр (жер сілкіну фокусы деп те аталады), оның жер бетіндегі проекциясы эпицентр, сілкіну күші бірдей нүктелерді (бір-біріне) қосатын сызықтары изосейст, сілкіну күші ең жоғары (тах) аймақтары плейстосейст деп аталады.
45. Әлем мұхиттары туралы түсінік және жер өміріндегі ролі.
Мұхит — гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит — мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен). Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл Жер бетінің ¾ бөлігі немесе 361 млн. км² тиеді.Жер шарында төрт мұхит бар:
Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида Мұхитты зерттеу және оны қорғау - адам баласының маңызды міндеті. Мұхитты зерттеуде экспедициялық кемелердің маңызы зор. Олар ғылыми-зерттеу лабораторияларымен жабдықталған (мысалы, француздық Жак-Ив Кусто "Калипсо" кемесі). Арнаулы аппараттар, батискафтар үлкен тереңдіктерге зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді. Мұхит зерттеушілерінің қарамағында тереңдікті анықтауға мүмкіндік беретін компьютерлік және басқа да күрделі құралдар бар (мәселен, "Алвин" сүңгуір кемесі ғалымдарды 4500м тереңдікке децін апарады.маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі.
46. Жер бедерінің қалыптасуындағы экзогенді үрдістердің әсері.
Экзогендік процестерге атмосфера газдарының, жел, жауын-шашынның, организмдерінің әрекеттерінен туатын, бір-бірімен тығыз байланысты физика-химиялық, геохимиялық, физикамеханикалық, гидродинамикалық, гидрохимиялық, биохимиялық, биогеохимиялық, т.б. процестер жатады. Жер бетінің әр бөлігінде экзогендік процестердің белгілі тобы басым келеді.
Экзогендік процестер әсерінен барлық түпкі тау жыныстарының минералдары мүжіліп үгіледі, әр түрлі жылдамдықпен ыдырайды, үгілген материал бастапқы орнынан жылжып көшеді, жаңа орынға келіп жиналады. Сөйтіп, жаңа физика-географиялық, геохимиялық жағдайларда жаңа минералдар мен тау жыныстары түзіледі. Экзогендік процестерден үгілу қыртысы, тотығу белдемі, жер бетінің борпылдақ (континенттік) тау жыныстары, су айдындарында түрлі құрамды тұнбалар және бұлармен байланысты пайдалы қазбалар қалыптасады. Экзогенді процестер жер бедерін жер бетіндегі сулардың әсерінен, гравитация күшімен қар мен мұз әсерінен, еріген мұз суларымен, теңізді, көлді және жер астындағы сулардың, мәңгі тоң, жел, жануарлар, өсімдіктердің адамның әсерінен құрылады. Экзогенді процестерге және топырақ эрозиясына мыналар жатады: топырақтың мүжілуі, дефляция, көшінді топырақтардың бір жерден екінші
жерге жылжуы және жиналуы, карст, суффозия, жоғарыдан төмен қарай топырақ жылжуы; құбылыстар: солифлюкция, термокарст, экзарация, нивация, лавиналар, курумдар, абразия, су толысуы, су тасқыны, топырақтың көп мөлшерде сулануы және батпақтануы, топырақ тұздануы т.б.
47. Геоморфология картасы, оның мазмұны мен мақсаты.
ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА – топографиялық негізде белгілі бір масштабта бедер құрылысын бейнелейтін карта: бедердің пішінінен – морфографиясынан, генезисінен және жасынан тұрады.
Кейбір жағдайларда Геоморфологиялық картада таужыныстарды, сондай-ақ террасаларды, жолақтарды, жазықтарды және т.б. құрайтын төрттік түзілімдерді де көрсетеді.
Геоморфологиялық картада бедер пішіндері, олардың әр түрлі ерекшеліктері шартты белгілер кешені арқылы көрсетіледі. Қойылған мәселелерге байланысты әр түрлі болады: жалпы геоморфологиялық карталар (шолулық — масштабы <1:1 ООО ООО түсірулік - > 1:1 00 ООО) –негізгі элементтері: бедердің генезисі, морфографиясы және жасы; арнайы геоморфологиялық
карталар — негізгі элементтері: морфологиялық, болжаулық, дефляцияның қарқындылығы, жылжымалардың дамуы, жыралар, топырақ эрозиясы, карст, морфоқұрылымдық, палеогеографиялық, қазіргі геоморфологиялық процестер, бедер энергиясы және т.б. Бұл аталғандардың барлығы типологиялық карталарға жатады. Сонымен қатар геоморфологиялық аудандау карталары жасалады.
48. Жер асты сулары, олардың пайда болуы, жіктелуі.
Жер асты суы – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су.
Ол шөгінді және борпылдақ тау жыныстары бөлшектерінің арасын, ұсақ кеуектерін, магмалық және метаморфтық жыныстардың жарықтары мен жіктерін, гипс, доломит, әктас жыныстарындағы карст қуыстарын толтырып жатады. Жер асты суы қалыптасу жағдайына,
тереңдігіне, арын күшінің мөлшеріне қарай қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді.
Қалқыма су – кішігірім ойпаттарда, құм-шағылдар арасында жауын-шашын немесе тасыған өзен, көл суларының топыраққа сіңуінен уақытша пайда болған, жер бетіне ең жақын жатқан арынсыз жер асты суы. Оның қорына, химиялық құрамы мен температурасына ауа райының өзгерістері үлкен әсер етеді. Сондықтан су қорын құрайтын негізгі көз жойылғанда, бұл су құрғап қалады.
Жауын-шашын мол жылдары, өзен қатты тасығанда, қыста қар қалың жауғанда қайтадан пайда болады.
Жауын-шашын мол жылдары, көктемде қар ерігенде, күзгі көп жауын кезінде бұл судың деңгейі едәуір жоғары көтеріледі, ал құрғақшылық жылдары, қыс пен жаз айларында оның деңгейі төмендеп, тереңдеп кетеді.
49. Тарихи геология нені зерттейді, оның мақсаты және негізгі тәсілі.
Тарихи геология Ол Жердің тарихын зерттеуге арналған және планетаның пайда болуынан қазіргі жағдайына дейін қамтитын геологияның бір бөлімінен тұрады. Тарихи геология физика, химия, стратиграфия және палеонтология сияқты басқа ғылыми салалар қосқан білімді пайдаланады.
Сол сияқты тарихи геология жер қыртысының тасты материалында жазылған биологиялық және геологиялық оқиғаларды жан-жақты талдауға негізделген. Демек, бұл литосфераның эволюциясын және оның биосферамен, гидросферамен және атмосферамен байланысын зерттейтін пән.
50. Төрттік дәуірдің шөгінділері және оларға қысқаша сипаттама.
шөгінділер — төрттік жүйенің шөгінділері. Бұл бұрынғы КСРО-да мұздық мореналар (түптік және шеткі), флювиогляциальды шөгінділер басқан белдеуде кездеседі, ал мұздық белдеу сыртында ол суайрықтарды жауып жатқан балшық, лёсс, лёсті саз балшық түрінде кездеседі. Мұздану дәуірлері арасында болған теңіз трансгрессиясынан теңіздік төрттік шөгінділер қалыптасты; өзендер мен көлдерден пайда болған ескі аллювиальды шөгінділер мен төрттік көл шөгінділері қазіргі адам өмірінде өте маңызды: олардан топырақ пайда болады да, құрылыс материалын береді және жер асты сулары жиналып тұрады.0. Төрттік дәуірдің шөгінділері және оларға қысқаша сипаттама
51. Кайнозой эрасына сипаттама.
Кайнозой эрасы – жер дамуының соңғы 60-70 млн. жылын қамтитын ең жаңа (кембрийге дейінгі дәуірден есептегенде үшінші) эрасы; үш кезеңге — палеоген неоген кезеңдеріне және төрттік кезеңге — жіктелед
52. Орогенез олардыңбедерді және пайдалы қазбаларды қалыптастырудағы маңызы.
Орогенез, орогенезис, орогендік қозғалыстар – қуатты түрде жүретін қатпарлар мен жарылыстар түзілу, тау жаралу процестерінің жиынтығын білдіретін геологилық термин. Бұл терминді ғылымға 1890 ж. американдық геолог Г.Джильберт енгізді (1843 – 1918). Ол Орогенезді баяу төмендеулер және көтерілулермен сипатталатын, құрлықтар мен мұхиттардың жаралуына себепші болатын эпейрогендік қозғалыстардан бөлді. Француз геологы 1907 ж. Э.Ог (1861 – 1927) Орогенезді тек геосинклиналдық облыстарға ғана тән деп санады. Неміс геологы 1919 ж. Х.Штилле (1876 – 1966) Орогенезді қысқа уақыт ішінде, дүркінді түрде үлкен күшпен тек белгілі орогендік облыстарда ғана өтетін процесс деп қараумен бірге қатпар түзілуді тау жаралудың негізгі нәтижесі деп санады. Тау жаралудың жер қыртысын тербеуші қозғалыстармен байланыстылығының анықталуына және кеңес ғалымдарының тектоникалық классификацияларына байланысты мазмұны біраз көмескілеу “Орогенез” термині сирек қолданылатын болды, ал “тау жаралу” терминін тек таулардың өздерінің қалыптасу процестеріне ғана қолдана бастады. Сондай-ақ, Орогенезді “қатпарлы қозғалыстар” терминінің синонимі ретінде қолдану қате.
53. Жердің әлем кеңістігіндегі орны, жердің пайда болуы туралы негізіг көзқарастар.
54. Геологияның зерттеу тәсілдері.
Геологиялық үрдістер қайталанбайды, неғұрлым дәуір ескі болса, соғұрлым ол қазіргі кезден өзгеше.
Достарыңызбен бөлісу: |