Жалпы геология емтихан сұрақтары


Температураның тез өзгеруінен



бет8/19
Дата26.09.2022
өлшемі69,33 Kb.
#40405
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Температураның тез өзгеруінен жыныстар шытынап жарылады, одан соң бөлшектеніп кетеді. Тау жыныстары, әсіресе жарықтарға су кіргенде тез бұзылады. Жарыққа кірген су, қатқаннан кейін өзінің көлемін үлкейтіп, жарықты кернейді, соның салдарынан жыныс қақ айырылады.
Қираған жыныстар салмағымен тау беткейімен төменге сырғып түседі. Климаты құрғақ аймақтарда таудың төменгі беткейін және етегін орасан зор үйінділер басып жатады.


Физикалық үгілу жер бедерін қатты өзгертеді. Оның әсерінен тау бастары біртіндеп бұзылып, аласарады. Беткеймен түскен жыныстар ойыстарды толтырады. Сөйтіп таулар бірте-бірте тегістеліп, жазыққа айналады.
27. төрттік дәуірдегі құрлықтарды мұздың басуы, оның себептері.
ТӨРТТІК ЖҮЙЕ, антропоген жүйесі (кезеңі) – Жердің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан кезеңі және стратиграфиялық шкаланың соңғы жүйесі.
Төрттік жүйе кезеңінің ұзақтығы шамамен 0,6 – 1,0 млн-нан 2,5 – 3,5 млн. жылға дейін созылады.
Адам баласы пайда болғанға дейін жер бетінде геологиялық төрттік дәуір кезеңінде бірнеше рет мұз басу жүрді. Төрттік мұз басу жер бетінің барлық бөліктерін тұтас қамтиды, мұз тек Орталық Азия мен Қазақстан аумағының биік таулы аудандарын ғана жапты. Тұран ойпаты мен Каспийдіңдалалы аудандарында ауа райы алғашқы адамдардың өмір сүруіне қолайлы болған. Сонымен қатар өмір сүруге аса қолайлы саналған Қаратау аймағында алғашқы адамдардың тұрақтары ежелгі тас дәуірінен бастап неолитке дейін ешбір үзіліссіз кездесіп отырады.
28 Сынықты шөгінді тау жыныстары, олардың жіктелуі, өкілдері.
29. Химиялық үгілі, оның топырақ түзудегі маңызы.
Химиялық үгілу — тау жыныстарының минералдық құрамы жыныстар мен ауадағы заттардың, яғни оттегінің, көмір қышқыл газының және басқалардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде, әсіресе әртүрлі су ерітінділерінің әсерінен өзгеріп отырады. Химиялық үгілу су мен ауаның әсерінен жүреді. Тау жыныстарының ішіне су сіңіп, оларды ерітеді және тау жыныстарын және оларды құрайтын минералдарды күрделі химилық өзгерістерге ұшыратады. Химиялық үгілудің ең маңызды факторлары: Су, көмірөттек газы және оттек.
30. Артезиян сулары, оның халықшаруашылығындағы маңызы.
Артезиян сулары, оның халықшаруашылығындағы маңызы. Артезиан суы — су өткізбейтін қабаттардың, немесе жарықтардың және қатты жыныстардың қуысындагы жер асты суы. Ол жер астындағы қысымда тұрады. Бұл — сапасы жағынан да жақсы су. Сондықтан сол аймақтагы елді сумен қамтамасыз етудің ең қолайлы көзі болып саналады
Артезиан суы — су өткізбейтін қабаттар арасында кездесетін арыны күшті жер асты суы. Латынша Artesіum; Францияның Артуа провинциясында мұндай су 12 ғасырдан бастап шыңырау құдық арқылы алынуына байланысты осылай аталған артезиан суы антропогенге дейінгі шөгінділерде жиналып, платформалар мен ойпаттардың, таулы өлкелердің синклинальді құрылымдарында артезиан алабын немесе беткейін құрайды. Мыңдаған метр тереңдікте жатуы мүмкін. Ұңғыма бұрғыланғанда, артезиан суы сулы қабаттың деңгейінен едәуір жоғары көтеріліп, жер бетіне төгіледі, кейде фонтанша атқылайды. Грунт суымен салыстырғанда артезиан суының режимі тұрақты, минералдылығы әркелкі, сапасы көбінесе жоғары болады. Тау бөктерінде артезиан алаптарының шет жақтарында артезиан суы тұщы келеді, су минералдылығы 1 г/л-ден аспайды, ал оның орталық бөлігінде, әсіресе тұзды шөгінділер арасында судың минералдығы 260 – 320 г/л-ге жетеді. Ал температурасы 20ӘС-тан 100ӘС-қа дейін болады, кейде одан да асады. Қазақстанның көптеген аудандарында Артезиан суының мол қоры бар. Ол су көздері елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге, мал жайылымдарын суландыруға, егін суаруға кеңінен пайдаланылады. Артезиан құдығы – жер астынан артезиан суын алу үшін бұрғыланған ұңғыма немесе қазылған құдық. Артезиан құдығы біздің заманымыздан бұрынғы Мысырда, Қытайда пайдаланылған. Қазақстанда артезиан құдығы 19 ғасырдан бастап қазылды. Қазіргі кезде арнаулы қондырғылармен бұрғыланады және оның тереңдігі жүздеген метрге жетеді. Су арыны әлсіз болып, өздігінен шықпаса, артезиан құдығына сорғы орнатылады. Жер асты қабаттары берік тау жыныстарынан тұратын болса, артезиан құдығының қабырғасы шегенделмейді. Борпылдақ, сусымалы жыныстардағы (қиыршық тас, құм, малта тас, т.б.) артезиан құдығының қабырғалары темір, темір-бетон құбырлармен немесе ағашпен шегенделеді. Суды механикалық қоспалардан (лай, саз, т.б.) тазарту үшін артезиан құдығының түбіне түрлі сүзгілер қойылады. Олар тоттанбайтын материалдардан жасалады.
АРТЕЗИАН СУЫ - жер бетіне өздігінен ағылып төгілетін, кейде бұрқақтап атқышайтын, су өтпейтін қабаттар арасындағы арыңды жер асты сулары.

31. Магмалы және шөгінді тау жыныстарына байланысты кен орындары.


32. Биологиялық үгілу оның топырақ түзудегі маңызы.
33. Вулканизм, бұл құбылымның негізі, вулкан өнімдері.
Вулканизм— жалпылама түсінікте: магма және олармен сабақтаса түзілетін газды-булы өнімдердің жер қойнауындағы қозғалыстарын, олардың жер бетіне шығу барысындағы барша процестер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым. Алайда бұл термин нақтылы жанартау атқылауы мен оның фумаролды әрекетінен туындайтын құбылыстардың жиынтығы деген түсінікті шектеулі мағынада да біршама жиі қолданылады.

34. Агрономиялық кендер, олардың жіктелуі, ауылшаруашылығында пайдалану.


Агрономиялық кендер, кентастар – минералдық тыңайтқыштар алынатын шикізат (құрамында фосфор, калий, азот, т.б. элементтер бар) немесе өңделмеген күйінде қолданылатын тау жыныстары мен минералдық түзілімдер.

35. Өзендердің геологиялық іс-әрекеті.


Еңіске қарай арнамен тынымсыз ағып жатқан суды өзен деп атайды. Өзендерінің қоректену көзіне байланысты өзендер жаңбыр, қар, мұздық және жер асты суынан қорек алатын болып бөлінеді. Бір өзеннің арнасына барлық судың жиналатын ауданы өзеннің бассейіні деп аталады. Өзен ағыны геологиялық жұмысының негізгі тау жыныстарын бұзу және оларды басқа жерге тасымалдау және борпылдақ жыныстарды апарып шөгіну саналады. Құрлықтан теңіздерге суды әкеліп құятын тек өзендер ғана. Сондықтан ішкі теңіздер мен көлдерге суын құятын немесе болбыр тау жыныстарына сіңіп жоғалатын өзендерді континентальды, ал мұхиттар мен теңіздерге құятындарды мұхиттық өзендер деп атайды
Өзен алқабының негiзi болып - өзеннiң арнасы, жайылмасы, беткейi, террасы, түпкi жағы саналады
36. Үгілу мен топырақ түзілу. Үгілудің топырақ түзудегі маңызы.
үгілу және топырақ түзілу.Топырақтың түзілуі үшін, ең алдымен қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстарына айналуы керек. Жер бетінде қатайған тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте – бірте қирап, бұзылып қопсыған жыныстарға айналады. Бұл құбылысты үгілу деп атайды.
Үгілудіңфизикалық, химиялық және биологиялық түрлері бар. Тау жыныстарының физикалық жолмен үгілу деп – оның химиялық құрамы өзгермей тек әртүрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет