«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар


Термопластикалық пластмассалар



бет28/34
Дата15.03.2023
өлшемі1,6 Mb.
#74668
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34
Термопластикалық пластмассалар- сызықтық полимерлер, олар жеңіл балқиды, қайта балқыту арқылы әр түрлі пішімге келтіруге болады. Термопласты полимерлер қыздырғанда қасиеттері біртіндеп, баяу өзгереді және белгілі бір температураға жеткенде тұтқыраққыш күйге ауысады. Балқыған термопласты суытқан кезде полимер алғашқы қалпына келеді және де мұндай өзгерістердің нәтижесінде полимердің химиялық табиғаты өзгермейді, сондықтан бұл процесті бірнеше рет қайталауға болады. Термопластикалы полимер болып полиэтилен, полистирол, поликапролактам сияқты полимерлер есептеледі.
Термореактивті пластмассалар- торлы құрылымды полимерлер. Жеке молекулалы тізбектері арасында берік байланыстары бар, қиын балқиды, қайта қалпына келмейді. Термореактивті полимерлерге қыздырып артынша суытқанда бастапқы қалпына келмейтін полимерлер жатады. Мұндай полимерлердің тізбегінде бос функционалды топтары болады немесе қанықпаған байланыстары болады, сондықтан олар қыздырғанда макромолекулалар арасында химиялық байланыстар пайда болады да, олар торланған құрылымды полимер түзеді. Мұндай полимерлерге фенолформальдегидті, мочевинальдегидті полимерлер жатады.
Өнеркәсіпте тығыздығы төмен полиэтилен (ТТПЭ) (920-930 кг/м3) құбырлы реакторда немесе автоклавта этиленді полимерлеу жолымен үздіксіз әдіспен алынады.
Қазіргі уақытта ТЖоғарыПЭ өндіру үшін екі негізгі әдіс — суспензиялық және газ фазалы қолданады.
Суспензиялық әдіс бойынша ТЖПЭ кешенді металл органикалық катализаторлардың қатысуымен органикалық еріткіштің (гексан, бензин және т.б.) ортасында алынады.



  1. Химиялық талшықтар өндірісі. Талшықтардың медицинада қолданылуы.

Химиялық талшық, жасанды талшық — табиғи органикалық және синтездік полимерлерден алынатын талшықтар. Шикізатқа байланысты оның синтездік - синтездік полимерлерден және жасанды - табиғи полимерлерден жолмен алынатын түрлері болады. Кейде бейорганикалық қосылыстардан (шыны, металл, базальт, кварц) алынатын талшықтарды да химиялық талшық деп атайды. Жасанды химиялық талшыққа ацетат, вискоза, мыс-аммиакты талшық, штапель, т.б., ал синтездік химиялық талшыққа полиамид, полиэфир, полиакрилнитрил, полипропилен, т.б. көптеген талшықтар жатады. Химиялық талшық өнеркәсіпте моноталшық, штапель талшық, филамент жіптер түрінде шығарылады. Филамент жіптің қолдануына қарай тоқыма және техникалық немесе арқан сияқты түрлері шығарылады.
Химиялық талшықты әр түрлі заттардан (желім, шайыр) алу мүмкіндігі жөнінде 17 және 18 ғасырларда түрлі пікірлер айтылған, бірақ 1853 жылы ағылшын ғалымы Аудемарс шексіз жіңішке жіпті нитроцеллюлоза ерітіндісін спирттің эфирдегі қоспасына араластыру арқылы алу әдісін ұсынды. 1891 жылы француз инженері И. де Шардонне осындай жіпті өндірістік көлемде шығаруды алғаш ұйымдастырды. Қазіргі кезде химиялық талшық өндіру күшті дамып келеді. Қазір кең қолданылатын синтездік полиамид талшығы 1940 жылы (АҚШ) шығарылды. 1954 — 60 жылы полиэфир, полиакрилонитрил және полиолефин синтездік талшықтары өндірілді.
Химиялық талшық — берік, өзінің пішінін сақтайтын, ылғал, жарық әсеріне тұрақты зат. Химиялық талшыққа жаңа тоқыма бұйымдарын дайындау үшін табиғи талшық қосуға болады. Химиялық талшық арнайы ерітінді немесе балқыма дайындау, қалыптау, талшықты өңдеу процестері арқылы өндіріледі. Арнайы ерітінділер дайындау үшін бастапқы полимерді тұтқыр-аққыш күйге келтіріп, ерітінділерді механикалық қоспалардан, ауа көпіршіктерінен, т.б. тазартады және оған жылу мен жарыққа тұрақтылығын арттыратын әр түрлі заттар қосылады. Арнайы ерітінді металдан жасалған көп тесікті кішкене қалып — филер арқылы өткізіледі. Қолданылуына қарай филердің диаметрі, тесіктер саны әр түрлі болады. Қалыптау процесінің жылдамдығы жуандығына, қалыптау әдісіне байланысты. Бұдан кейін талшық әр түрлі реагенттермен өңделеді. Құрамындағы кіші молекулалы қосылыстар, еріткіштер кетіріледі, қышқылдар, тұздар, т.б. заттардан жуылып, тазартылады және кептіріледі. Химиялық талшық өнеркәсіптің әр түрлі саласында жібек, жүн, мақта талшықтарының орнына қолданылады. Қазақстанда Қостанай қаласында мыс-аммиакты жасанды штапель талшығын өндіретін зауыт бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет