«Жалпы және жас ерекшелік психологиясы» пәні бойынша Жалпы және жас ерекшелік психологиясы туралы жалпытүсiнiк


Кабылдаудың негiзгi касиеттерiнiң әртүрлi өмiрiндегi және кәсiби жағдайларындагы керiнiстердiн мысалдарын келтіріңіз



бет5/48
Дата26.12.2022
өлшемі346,9 Kb.
#59754
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
общая и воз сессия жауап (копия)

5. Кабылдаудың негiзгi касиеттерiнiң әртүрлi өмiрiндегi және кәсiби жағдайларындагы керiнiстердiн мысалдарын келтіріңіз.
Қабылдау- бұл заттар мен құбылыстардың, объективті дүниенің интегралды жағдайларының сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін қасиеттері мен бөліктерінің жиынтығында бейнеленуі.Қабылдауда заттардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы және басқа қасиеттері тұтас күйінде бейнеледі.Қабылдаудың физиологиялық негізінде бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған.Сонымен қатар белгілі философиялық ережелерге сүйене отырып отызыншы жылдардың басында кеңестік психологтар Б.Г.Ананьев , П.Я Гальперин, А.Н. Леонтьев, А.Р Лурия, Б.М.Теплов қабылдаудың субъективті қызметінің сипатына байланыстылығын зерттеуге кіріскен.Әр түрлі анализатордың шегінде пайда болатын байланыстар И.М.Сеченов зат пен кеңестікті қабылдауды көру, сипап сезу , кинестезиялық , есту және т.б түйсіктердің ассоциациясымен түнсіндіреді.
Қабылдаудың негізгі қасиеттері.
1)тұтастық
2) мағыналылық
3)таңдамалығы
4)тұрақтылығы
5)Иллюзия
6) Апперцепция
Өмірдегі және кәсіби жағдайлардан мысалдар :
Қабылдаудың тұтастығын алып қарайтын болсақ ол әр түрлі элементтерді біріктіреді. Мысалы : " Дудар-ай" операсындағы Мәриям әнінің басталуын ғана құлағымыз, ал осы әннің мазмұнын тұтастай қабылдаймыз . Қабылдаудың мағыналығы ол объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше, белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша , ол толық қабылданбайды. Мәселен өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген сөздерді мүлде ұқпайтын болсақ, азын аулақ хабарымыз бар тілді шала шарпы қабылдаймыз. Қабылдаудың таңдамалығы-толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз. Мысалы , кітап оқығанда ондағы бірер сөз қате жазылған болса да байқамай оқып кете береміз. Егер кітаиа «Университет » деген сөз «унверситет» деп 4ате жазылса да біз оны дұрыс оқып кете береміз. Себебі біз кітаптың мазмұнына ерекше көңіл бөліп, ондай қателер көзге түспейді. Қабылдаудың тұрақтылығы- сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан , заттардың кецбір қасиеттерінің бірқалыпты болып қабылдануы. Мәселен, ақ қағазға қызыл лампочканың жарығы түссе де , жасыл лампочканың жарығы түссе де бәрі бір ақ болып қабылдана береді.
Қабылдаудағы Иллюзия сан алуан себепке байланысты пайда болады. М/ы : шайы құйылған стаканға салынған қасықтың "сынған"құсап тұруы. Үш бағанның биіктігі бірдей дейік ал көріп тұрған кезінде олардың ең әрідегісі бәрінен үлкен сияқты болып көрінуі. Қабылдаудағы Апперцепция адамының жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұны. Мәселен «түбір» деген сөзді әр адам түрліше қабылдайды, ал тіл мамандары сөздің түбірі жайлы айтқысы келеді.
Қорытынды
Сөйтіп, қабылдау - түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес , бірнеше анализатордың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Бірақ, қабылдау міндетті түрде түйсіктерге негізделеді. Екеуінің де пайда болуы үшін дүниедегі заттар мен құбылыстар адамның сыртқы сезім мүшелеріне әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет