«Жалпы және жас ерекшелік психологиясы» пәні бойынша Жалпы және жас ерекшелік психологиясы туралы жалпытүсiнiк


«Қиял түрлерi мен формалары>> кестесiн кұрастыру



бет4/48
Дата26.12.2022
өлшемі346,9 Kb.
#59754
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
общая и воз сессия жауап (копия)

4. «Қиял түрлерi мен формалары>> кестесiн кұрастыру.
Қиял дегеніміз-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субьективтік образдарын қайтадан жаңартып өңдеп бейнелеуде көрінетін тек адамға ғана тән психикалық процесс.
Қиял екіге бөлінеді:актив және пассив.
Активті қиял дегеніміз-шиялдың шарықтап дамуының жоғары сатысы,адамның шығармашылық әрекетімен байланысты түрі.
Пассивті қиял дегеніміз-адамның сергек қалпындада кездеседі,өз алдына ешбір мақсат қоймай,өз ойының тізгінін босатқанда пайда болады.
Активті қиял 3 ке бөлінеді:
Қайта жасау қиялы адамға өзінің суреттеуіне толықтай сәйкес келетін обьектіні жасау қажетгілігі туған кезде пайда болады. Қиялдың бұндай түрімен, географиялық орын немесе тарихи оқиға туралы суреттеуді оқыған кезде әдебиет кейіпкерлерімен танысу кезінде кезігеміз. Қиялдың бұл формасы тек қана көрумен ғана емес, сонымен қатар есту, т.б. сияқты процеспен байланысты. А.С.Пушкиннін «Полтава» атты поэмасын оқи отырып, біз атылған оқтың даусын, солдаттардың айқайын, барабандардың соғуын айқын көз алдымызға елестетеміз.
Қиялдың ерекше түрі – арман. Қиялдың бұл түрінің мәні -жаңа образдарды жеке өзінін жасауы. Арманнын шығармашылық қиялға қарағанда бір қатар айырмашылыктары бар. Біріншіден, арманда адам өзі тілеген образды жасайды, ал шығармашылық қиялда адам әрқашан өзі қалаған нәрсесін жасай бермейді. Арманда адамды өзіне тартатын, өзі тырысатын белгілі бір тілек жатады. Екіншіден, арман – шығармашылық іс-әрекетке қосылмаған қиял процесі, яғни көркем шығарма ғылыми ашулар, техникалық ойлау, табу т.б. түріңдегі тез арада және тікелей объективті өнім бермейді.
Шығармалық қиял – өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа өнімдер беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, ғалымның, композитордың т. Б. Қиялы шығармалық қиялга жатады. Шығармалық қиял — қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай мен Құнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Шығармалық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің т. Б. Осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады.
Пассивті қиялдың түрі:
Түс көру-ұйқыдағы мидың фантазиясы.(Өмірде ешбір көрмеген,ұстамаған,дәмін татпаған нәрселер түске кірмейді)
Қиялдың фармалары:
Аглютинация-басқа бейнелердің бөліктерінен жаңа кескін жасау
Гипербализация-зат пен оның бөліктерін үлкейті немесе кішірейту
Схематизация-обьектіні толықтай қабылдау барысында сондай маңызды емес детальдар мен бөліктерді ұмыту және ұқсастықтарын айқындау.
Типтендіру-біртекті құбылыстарда қайталанатын маңызды ерекшеліктер.
Ақын-жазушылар қиялы арқылы өзінің келешек кейіпкерлерін «көреді», олардың мінез-құлықтарын «елес етеді», сөзін «естиді». Сонымен қатар, ақын-жазушылар өз геройларымен бірге өмір сүреді, олардың ойын, көңіл күйін «сезіп», қоян-қолтық араласып жүргендей болады. Мәселен, француз жазушысы О. Бальзак егер жеңі жыртық біреудің көшеде кетіп бара жатқанын көрсе, өзін сол адамға үқсататындығы соншалық,- өз жеңім де жыртық емес пе екен деп, еріксіз өз қарына қолын жүгіртіп, тесікті жаппақшы болады екен.

Қиял! Мұнсыз ақын да, философ та… тіпті адам болуы да мүмкін емес.


Д. Дидро


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет