6. Жас ерекшелік психологияның әдістері. «Даму», «оқыту>> терминдерiне түсініктеме. Жас ерекшелік психологиясы дегеніміз : адамның психикалық процестерімен психологиялық қасиеттерінің уақытқа қарай өзгеру онтоногенезін зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы фундаменталды теориялық пән бола отырып, мынадай мәселелерді қарастырады: адамның психологиялық және жекелік даму деңгейлерін,олардың статистикалық жас ерекшелік даму нормаларына сәйкестігін, әр түрлі факторлардың психика мен адамның жасаралық дамуына әсерін талдау, онтогенездегі әр түрлі өмір этаптарындағы адамның психикалық даму жолын болжау.ХІХ ғ.соңында балалар психикасы ретінде қалыптасқан жас ерекшелігі психологиясы жас ерекшелігі қазіргі кезде психология ғылымының дербес саласы болып табылады.
Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістері.
Жалпы психологияның теориялық және практикалық зерттеу әдістерінің негізгілері жас ерекшелігі психологиясына да тән.Олардың негізгісі – бақылау әдісі мен эксперимент.
Бақылау-таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп, психикалық әрекеттерінің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттау. Бұл әдісті бұрын ұйымдастырған жағдайда адамның іс-әрекеті, қылығы туралы объективті мәліметтер алуға болады. Бақылаушы зерттеушінің өзінің тіршілік әрекетін өзін табиғи түрде ұстайды. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңде - ойын үстінде, мектеп оқушысын - сабақ барысында, ересек адамды - мамандық іс-әрекетінде т.б. бақылай отырып, психолог сол адамның айтқан сөздері, қылықтары, іс-әрекеті туралы мәлімет алады.Бақылау әдісі арқылы алынған фактілер өте бағалы. психолог В.Штерн өз қыздарының дамуы барысын бақылау нәтижесінде сөздің даму жайында екі томдық зерттеуін дайындап шығарған. Ал,1925 жылы Ленинградта .М.Щеловановбасқаруымен балалардың қалыпты даму клиникасы құрылды. Ол жерде баланы күніне 24 сағат бойы бақылаған.
Бақылау әдісінің кемшілігі-зерттеуші өзі күткен көрінісін ұзақ уақыт тосуға тиіс, ал ерекшелігі-адамның психологиялық көріністерінің табиғи сақталуын қадағалайды.
Психологияда эксперимент табиғи және лабораториялық болып екіге бөлінеді.Табиғи экспериментті алғашқы ұсынған орыс ғалымы А.Ф.Лазурский (1874-1917)болса, эксперименттің лабораториялық түрін ғылымға 1979 жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920) енгізген болатын. Эксперимент түрлі құрал – жабдықтардың көмегімен арнайы лабораторияда өткізілуі тиіс. Эксперимент сондай-ақ констатациялық және қалыптастырушы болып бөлінеді. Зерттеудің бұл түрлері жас ерекшелігі психологияда кеңінен қолданылып келеді.
Аталған әдістермен қатар жас ерекшелігі психологиясында егіздер әдісі, анкета, іс-әрекет нәтижелерін талдау , биографиялық әдістер елеулі орын алады.
Қазіргі заманымызда зерттеу әдістерін төрт топқа бөліп қарастырады.
Бірінші топ ұйымдастыру әдістері деп аталады. Бұған салыстырмалы, лонгитюдты және комплексті әдістер жатады.
Екінші топқа эмпирикалық әдістер (тест, анкета, сұрақ жиынтығы, социометрия, интервью, әңгімелесу) жатады.
Үшінші топты мәліметтерді өңдеу әдістері (статистикалық талдау, сапалық талдау) жатады.
Төртінші топты интерпретациялық әдістер құрайды. Оларға генетикалық (даму деңгейлерінің «вертикалды» байланыстарын қарастырады) пен құрылымдық (даму деңгейлерінің «горизонталды» байланыстарын қарастырады) әдістер жатады.
"Даму" денгіміз - адам организмінде сандық өзгерістердің жинақталуы.
Ескінің жойылып, жаңаның пайда болуы, түрлі факторлардың әсерімен уақыт ішінде адам организміндегі сандық және сапалық өзгерістер. Жеке адамның психикалық дамуын, өмір тіршілігінде қалыптасу зандылықтарын танып білуге көмектесетін психология ғылымының дербес саласы.
"Оқыту" дегеніміз - қоғамдық-тарихи тәжірибені мақсатты жеткізу, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруді ұйымдастыру процесі.
Баланы оқыту мен дамытудың арақатынасы мәселеснің шешімін түрлі зерттеушілер әртүрлі тәсілдермен іздестіреді:
— Д.Б.Эльконин мен В.ВДавыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін іздестіру керек деи есептеді,
Н.А.Менчинская, Д.И.Богрявленская, Е.А.Кабанова-Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл-ой іс-әрекеттірінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдеді.
Қорытынды
Психология ғылымының бір саласы бола отырып жас ерекшелік психологиясы ғылыми талдауға ұшырауы мүмкін. Психологиялық фактының бақылау мен экспериментті алудың негізгі екі әдісін пайдаланады.
Алайда, психологиялық- педагогикалық зерттеу пәнінің ерекшелігі аталған әдістерді пайдалануда айрықша өзгерістер тудырады. Мәселен, жас ерекшелігі психологиядағы бақылаулар , көбінесе, бала психологиясының дамуын дәлелдейтін фактілер жүйелі тіркеуді сыйпатына күнделікті жазу түріне ие болады. Бала психологиясы, былайша айтқанда, ерте сәбилік шақ психологиясы тек бақылауға негізделеді. Соңғы жылдары педагогикалық және жас ерекшелігі психологиялық эксперименттің рөлі айтарлықтай өсті.