35. Кабылдаудың негiзгi касиеттерiнiн әртүрлi өмiрiндегi және кәсiби жағдайларындағы көрiнiстердiн мысалдарын келтiрiнiз Қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің
мәнін түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге
түсіру.
Қабылдау– ми қыртысындағы талдағыштар (анализатор) жүйесінің бірлескен анализдік – синтездік қызметінің нәтижесі. И.П. Павлов қабылдауды мидағы «қатынас рефлексінің» жұмысы. Сӛйтіп қабылдау түйсіктегідей бір анализатордың қызметі емес, бірнешеуінің қызметі. Мысалы: киноны кӛру 2 анализатордың (кӛру, есту) ӛзара байланысып жұмыс істеуінен болады.
Қабылдаудың қасиеттері:Тұтастығы: Заттарды қабылдағанда біз оны белгілі бір құрамға ие тұтас зат деп түсінеміз. Мысалы: телефон арқылы сӛйлескенде кейбір дыбыстарды шала естісек те, әңгіменің мағынасын түсінеміз. Егер «Қыз Жібек» операсындағы «Гакку» ариясының бір бӛлшегін құлағымыз шалса да біз «Гакку» әнін толық қабылдайтын боламыз. Төрт аяқты столдың суретте 3 аяғы салынса да, оның 4-ші аяғын елемей, 4-аяқты стол есебінде қабылдаймыз.
Қабылдаудың мағыналылығы. Адам өзі үшін белгілі маңызы бар заттарды қабылдағанда, мысалы: өзіміз түсінбейтін тілде сӛйлеген сӛзді мүлдем ұқпайтын болсақ, азын – аулақ хабарымыз бар тілді шала – шарпы қабылдаймыз. Мысалы: кӛпшілік арасынан таныс адамды бірден тану, көп киімнің ішінен ӛз пальтоңды бірден тану оңай болдаы. Әрбір жеке заттарды немесе құбылыстарды қабылдаумен бірге біз оларды жалпылап, ұқсас заттардың тобына енгізіп, жіктеп, топтап отырамыз. Мысалы: біз шортанды қабылдағанда, оның балық екенін еске алып, балық тобына қосып қабылдаймыз.
Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы).Константтылық деп сыртқы жағдайдың ӛзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бірқалыпты болып қабылдануын айтады. Мысалы: ақ қағазға жасыл лампочканың жарығы түссе де, қызыл лампочканың жарығы түссе де бәрі бір ақ болып қабылдана береді.
Апперцепция. Қабылдаудың мазмұны мен бағыт – бағдарының адамның тәжірибесіне, білім байлығына байланыстылығын апперцепция деп атайды
(Апперцепция – латынның апперцептио деген сӛзінен алынған, қазақша қабылдауға қосымша деген мағынаны білдіреді).Мысалы: «түбір» деген сӛзді әр адам түрліше қабылдайды. Тіл маманы «сӛздің түбірі», ал ботаник «шӛптің түбірі», математик «санның түбірі» деп қабылдайды.
Қорытындылай келетін болсақ адам өмірінде қабылдаудың орны ерекше. Себебі адам өмірінде түрлі жағлайлар болады және өзінің тандаған мамандығы болады осы жағдайларды адамның қабылдау процессі көмектеседі. Себебі біз түсінген дүниены тек түсіп қана емес оны апы қарай анализ деп синтездеп қабылдаймыз және өмірде қолданамыз. Егер адамда қабылдау процесс дұрыс жұмыс дасамаса өмірі мәнсіз болады.