«Жалпы және жас ерекшелік психологиясы» пәні бойынша Жалпы және жас ерекшелік психологиясы туралы жалпытүсiнiк


Мектепке дейiнгi балалык шактын психологиясы



бет30/48
Дата26.12.2022
өлшемі346,9 Kb.
#59754
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
36.Мектепке дейiнгi балалык шактын психологиясы.
3 пен 6-7 жас аралығындағы балаларға есі кірген, мектепке дайындық жасындағы балалар ретінде қарауымыз керек. Өйткені дәл осы аралықта олар жетілудің маңызды сатысынан өтеді. Айналаны танып, психологиялық тұрғыдан дамиды. Сол себепті баланы дәл осы 3 жастан бастап балабақшаға беру керек деген пікір қаперде болсын.Баланың 3 жасында қиял процессі қалыптаса бастайды. Бала бұл уақытта ойыншықтарды тірі деп ойында елестетіп түрлі батырларды немесе зұлымдарды елестете отырып ойнайды. Бұл уақытта балада балабақшада басқа балалар мен қарым қатысқа түседі. Осы уақытта бала ойын процессі жақысы дамып отырады. Ойын арқылы бала айналасындағы дүниемен, құбылыстарды таниды, таным әрекетті (қиял, ойнау, қабылдау, сөйлеу, т.б) дамиды. Осы уақытта мінез-құлық қасиеттері қалыптасады. 3-4 жасында балаңыздың алғашқы достары пайда болады. Өзін көпшілік ортада тұлға ретінде сезіне бастайды. Олар бір-бірімен ойнау барысында рөлге ену, әңгімелесу арқылы танымын кеңейтеді. Бірінің айтқан ақпаратын бірі қабылдайды. Демек бүлдіршін өсіп келеді.5 жасқа таяғанда бала ұстамды, сабырлы бола түседі. Үлкендердің сөзін тыңдап, айтылған әңгіме төңірегінде ой түйетінін аңғарасыз. Сөйтіп ол өзінің мектепке әзірлігін көрсете бастайды.Мектепке бару бұл – баланың есеюге қадам басуы. Бұрын отбасымен, балабақшадағы, ауладағы балалармен ойнап жүрсе, енді жаңа ортамен, сыныптастарымен танысады. Бірте-бірте мектептің еркелікті көтермейтін орын екенін байқайдыБалаңыздың одан кейінгі әрекеті сізді бұрынғыдан да таң қалдыруы мүмкін. Жинақы, сөздерін ойланып барып айтады. Яғни, орта оның қалыптасуына, есеюіне ықпал етіп жатыр. Жақында аузынан «Мен өзім!» деген сөзді естіп жатсаңыз түсіністікпен қараңыз.
37.Кіші мектеп окушысынын психологиялык және физиологиялык негiздерi.
Кіші мектеп оқушысының физиологиялық ерекшеліктері
XVII ғасырдан бері физиология ғылымының даму тарихында адам ағзасының қызметтері туралы өз еңбектерін- Гиппократ, Аристотель, К.Гален, А.Везалий, В.Гарвей, М.Мальпиги, Р.Декарт, И.М.Сеченов, И.П.Павлов т.б. жазып, зерттеулер жүргізді. Физиология ғылымының бір саласы ретінде жас
ерекшелік физиологиясы ғылымы – ағзаның бүкіл өмір бойындағы физиологиялық функцияларының қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттеп, сонымен қоса ұрпақтың денсаулығын қорғау және алдын- алуға бағытталған гигиеналық шаралар жасау жағдайларын зерттейді.. Бұл кезеңде оқушының физиологиялық дамуы мен психологиялық ерекшеліктері тығыз байланыста болғандықтан, екеуі де түпкілікті өзгеріске ұшырайды. Қазіргі кезеңде физиолог ғалымдардың ерекше назары бастауыш сынып оқушыларын дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану арқылы балаларды одан әрі оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты үйретуге мүмкіндіктер туындайды.
Бұл уақытта балалар ағзасының қарқынды биологиялық дамуы жүреді (орталық және вегетативті жүйке жүйелері, сүйек және бұлшықет жүйелері, ішкі ағзалардың қызметі). Осы кезеңде жүйке процестерінің қозғалғыштығы артады, қозу процестері басым болады және бұл бастауыш сынып оқушыларының эмоционалды қозғыштығы мен мазасыздығының жоғарылауы сияқты сипаттамаларын анықтайды. Бұлшықеттің дамуы мен оны басқару әдістері синхрондалмағандықтан, осы жастағы балаларда қозғалысты ұйымдастырудың ерекшеліктері бар. Үлкен бұлшықеттердің дамуы кішкентайлардың дамуынан озып кетеді, осыған байланысты балалар кішкентай және дәлдікті қажет ететін жұмыстарға (мысалы, жазу кезінде) қарағанда оңай және нақты қозғалыстарды жақсы орындайды. Кіші мектеп оқушысының психологиялық ерекшеліктері Бастауыш мектеп жасындағы жетекші қызмет-оқу. Негізгі қажеттіліктер мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінен туындайды, атап айтқанда: ойынға деген қажеттілік сақталады, оның ерекшелігі-бұл кезеңде баланың өзі ойнай алады, іс жүзінде сәтсіздікке ұшырайтын позицияға ұмтылады( мысалы, "жақсы" оқушының рөлі, егер іс жүзінде керісінше болса); мектепте бастауыш сынып оқушыларының демалысын ұйымдастыру қажет, олар үзіліс кезінде өздерін "шаршатпауы қажет", мысалы, қоңырауда жүгіріп ойнауы.
Бастауыш сынып оқушысының өмірлік жағдайының ерекшелігі-баланың мектепке түсуі, нәтижесінде баланың бүкіл өмір салты өзгереді. Қарқынды психикалық белсенділіктен қосымша шаршау пайда болады. Баланы әдетте мектепке оқуға дайындаса да, мектептегі жағдайдың өзі стрессті және оған бейімделу үшін балаға біраз уақыт қажет. Мұндай стресстік реакцияның көрінісі баланың мінез - құлқындағы күрт өзгеруінде байқалады:арқашан қуанышты жүретін балалар депрессияға ұшырауы мүмкін, ал сабырлы балалар тым қозғалысқа бейім болып кетуі мүмкін. Мектептегі үлгермеу себептерінің ішінде А. Н.Леонтьев, А. Р. Лурия және А. А. Смирнов оқушылардың жеке ерекшеліктерімен анықталатын объективті және субъективті
Қорытынды
Бастауыш сынып оқушысы физиологиялық тұрғыда әлсіз, бірақ қабылдауы өте жоғары. Ендеше, осы ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім мазмұнын игерту қажет. Бастауыш мектеп жасындағы кезеңі – ерекше кезең, себебі кез келген білім мазмұны бастауыш сатыда қаланатынын ескеріп, жас ерекшелігі категориясына қатаң назар аударылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет