«Жалпы және жас ерекшелік психологиясы» пәні бойынша Жалпы және жас ерекшелік психологиясы туралы жалпытүсiнiк


Психикалык процестер мен психикалык касиеттер



бет27/48
Дата26.12.2022
өлшемі346,9 Kb.
#59754
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
31.Психикалык процестер мен психикалык касиеттер
Психология—адамның дара тұлғалық психикасын,өзінің сан−алуан сезім, аффективтік,интеллектуалды,басқада туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым,кей-кезде адам мінез құлығын зерттеу деп те анықталады.Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады,қолданбалы бағыттары да саналуан: терапевттік,қоғамдық,кәсіпкерлік,кей жағдайда саясаттық және теологиялық.Психологияның негізгі мақсаты—психиканы cубьективттік структураның,сыртқы ортаны байымдаумен,елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу. Ғалымдар Психология"терминінің бірінші қолдануы 1590жылы Неміс схоластик пәл сапасышы Рудольф Гөкельге беріледі.Алайдаоданалтыға сыр бұрын Хорват гуманисті-Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған.Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін,бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі. Ғалымдар 1879жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт(1832- 1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты. Вильям Джеймс,америка пәлсапасышысы өзінің"ПсихологияПринциптері" (1890)атты жемісті кітабын жариялап,келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады. Психикалық процестер мына түрлері болады Танымдық Эмоцианалды Еріктік Танымдық процестер-бұл қоршаған ортадан ақпаратпен білімді алуды, сақтауды қамтамасыз ететін психикалық процестер. Танымдық процестерге түйсік,қабылдау ойлау,сөйлеу және қатынас,қиыл,ес кіреді. Эмоциялар-адамның түрлі органикалық қажеттеріне байланысты туып отыратын жағдаятты көңіл күйлері Эмоцианалды процестерге сезім;Эмоция;Аффект;Стресс кіреді Адамның қиындықтарды жеңуді талап ететін мақсатты әрекеттермен қылықтарды жүзеге асыру қабілетінен көрінетін сананың реттегіштік жағы– ерік болып табылады. Еріктік процестерге Мақсатқұмарлық;Табандылық;Жауапкершілік;Сенім; Жігерлік;Батылдық
32.Өмірде және кәсіби жағдайларда әртурлi ес түрлерiнiн көрiнiстерiн келтiрiнiз (әртүрлі классификация бойынша).
Ес дегеніміз – бұрын қабылдыған заттар мен құбылыстарды есте сақтап , есте қалдырып, еске түсіріп және қайта жаңғыртуды айтамыз. Адам өзінің өмірде көріп, естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.
Ғалымдар
Іс-әрекет ретінде адамның есін зерттеудің басталуы француз ғалымдарының жұмыстарымен, оның ішінде П.Жаненің еңбектерінде негізі салынды
Есті зерттеуге өзінің белгілі үлесін қосқан П.И.Зинченко мен А.А.Смирновты ерекше атауға болады. Олар ырықты және ырықсыз есте қалдырудың практикалық іс-әрекетті ұйымдастыруға және басқа жағдайларға тәуелді екендігін жан-жақты зерттеді.
Естің түрлері.
Естің түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:
1.Психикалық белсенділікке қарай 4-ке бөлінеді: 1)қозғалыс есі 2)сезімдік 3)бейнелік ес 4)сөз логикалық
2.Мақсатқа қарай 2- ге бөлінеді: ырықты және ырықсыз.
3.Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай 3-ке бөлінеді: 1)қысқа мерзімді ес 2)ұзақ мерзімді ес 3)оперативті ес.
Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз-ойын, спорт, еңбек, оқу әрекетіне байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып. Оларды қайта жаңғыртып отыру. Мысалы, коньки тебу, машинада жазу, өлең сөздерді жаттау, қой қырқу т.б. Естің бұл түрлі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады.
Бейнелі- көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады.Осыған орай бейнелі- көрнекелік ес- көру, есту, сипау, иіс, дәм естері болып та бөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшесту есі мен көру есінің маңызы зор болса,ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері (түйсіктердің осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.
Сөздік- мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік- мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Бұрын қабылдаған нәрселерді қажнт кезінде бір сөз, не олардың мәнін еске сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің қызметі басым болса, сөздік- мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән- жайын есте сақтау логикалық- мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу- механикалық түрде есте қалдыру делінеді. Сөздік- мағыналлық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарынесте сақтауында жетекші мәнге ие. Естің бұл түрлері адамның әрқилы іс- әрекеттерінің алмасып отыруына, ниет-тілегіне, мақсат- мүддесіне орай түрлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет