Алдыңғы тармактан:
1. Шайнау нерві, п. massetericus, сыртқа бағытталып, шықшыт буынына бір-екі жіңішке тармақтар береді, кейін төменгі жақсүйектің тілігі аркылы, m.masseter, ішкі бетіне өтіп, оны нервтендіреді.
2. Терең самай нервтері, nn.temporales profundi, екеу мөлшерінде, кішісі - артқы, үлкені - алдыңғы, олар латералді қанат бүлшыкетінің жоғарғы жиегі мен, crista infratemporalis, арасындағы саңылауға бағытталып, самай бұлшыкетінің ішкі бетіне жоғарыдан бұрылып, бұлшықет қалыңдығында тармакталады.
3. Латералді канаттәрізді нерв, п. pterygoideus lateralis, жиі ұрт нервпен бірге тармақталатын қысқа нерв латералді қанаттық бұлшықетке ішкі жағынан кіріп, оны нервтендіреді.
4. ¥рт нерві - n.buccalis, осы топтың ішіндегі ең ірі сезімтал нерв. Ол латералді қанаттық бүлшықеттің бастары арасымен өтіп, ұрт бүлшықетінің латералді бетімен алға жүріп, теріде және ұрттың шырышты кабығында аякталады және ауыз бұрышының терісін нервтендіреді.
Артқы тармактан:
Медиалді канаттәрізді нерв, п. pterygoideus medialis, арткы тармактың ішкі бетінен басталып, медиалді қанаттық бұлшыкетке барып, оны нервтендіреді. Нерв өз жолында құлақтық түйіннің сәйкес нервтерімен қосылатын екі тармак береді: а) Таңдай пердесін катайтатын бүлшықет нерві, n.tensoris veli palatini, жұмсак таңдайды нервтендіреді. б) Дабыл жарғағын қатайтатын бұлшықет нерві, п. musculi tensoris tympani, жоғары және артқа бағытталып, аталмыш бұлшыкетті нервтендіреді.
2. Құлак-самай нерві, п. auriculotemporalis, құрамы бойынша аралас. Оның қүрамында сезімтал және құлактық түйіннен келетін секреторлык талшыктар бар. Нерв төменгі жаксүйек нерві сабауының арткы бетінен екі түбіршігімен басталып, артка бағытталып, a. meningea media-ны орайды, кейін төменгі жаксүйектің processus condylaris-т'щ ішкі бетімен жүріп, шықшыт буыны капшығымен артка және жоғары бағытталып, шықшыт буынының астында, есту жолының алдында орналасады. Кейін жоғары бағытталып, самай аймағы терісінде аякталады. Құлақ-самай нерві - оз жолында бірнеше катар тармактар береді: а) Буындык тармактар, rr.articulares, екі үш жіңішке нервтер, сабаудан буын маңында басталып, шыкшыт буыны кабына жетеді. б) Шыкшыт тармақтары, rr.parotidei, құлак-самай нервтің без паренхимасынан өткесін тармакталып, бет нервтің самайлык тармағымен косылады. Бұл тармақтардың құрамында алғашында құлак-самай нерв, кейін бет нерві тармақтарының кұрамында жүретін секреторлык талшыктар бар. в) Сырткы есту өтісінің нерві, п. meatus acustici externi, екеу мөлшерінде, сүйектік және шеміршектік бөліктері арасындағы шекарада сыртқы есту түтігінің кабырғасына кіріп, сыртқы есту түтігі терісін нервтендіреді. г) Алдыңғы құлақ нервтері, nn.auriculares anteriores, екеу мөлшерінде құлақ қалқаның алдыңғы бөліміне бағытталып, құлақ бүртігі мен шиыршық бөлігі терілерін нервтендіреді. д) Беткей самай тармактары- rr. temporales superficiales, құлак-самай нервтің соңғы тармактары. Олардың бет, маңдай жэне үлкен шүйде нервтері тармактарымен қосылатын дәнекер тармактары бар және самай аймағы терісінде тармакталады.
3. Төменгі үяшықтар нерві - п.alveolaris inferior, өзінің сипаты бойынша аралас нерв. Ол ipi сабау, алдымен латералді канаттык бүлшықеттің медиалді бетімен төмен бағытталып, қанаттык бұлшықеттердің арасында өтеді және медиалді канаттық бұлшыкеттің латералді бетінде жатады. Төменгі жақсүйек тесігі арқылы төменгі жақсүйек өзегіне кіріп, алға бағытталады, өзекте аттас артерия мен венамен бірге жүріп, бет бетіне иек астындағы тесіктен шығады.
Төменгі үяшыктар нерві өз жолында бірнеше катар тармактар береді: а) Жаксүйек-тіласты нерві, п.туіоһуоіdeus,
Достарыңызбен бөлісу: |