Көзбұршақ, lens, екі жағынан шығыңқы линза пішінінде болады. Көзбұршақтың артқы беті, facies posterior lentis, біршама шығыңқы, шынытәрізді денеге жанасады, ал алдыңғы беті, facies anterior lentis, нұрлы қабыққа бағытталынады. Көзбұршақтың алдыңғы және артқы белдеулерін, polus anterior et posterior lentis, айырады, бұл оның алдыңғы және артқы беттерінің айтарлықтай шығыңқы орталық нүктелері. Көзбұршақтың алдыңғы және артқы белдеулерін қосып тұратын сызықты көзбұршақ білігі, axis lentis, деп атайды, ол орта есеппен 3,5 мм тең. Көзбұршақ заттегі, substantia lentis, мөп-мөлдір және шынытәрізді дене тәрізді мұнда тамырлар мен нервтер мүлдем болмайды. Көзбұршақтың негізгі массасы үзынынан тартылып тұрған алты қырлы эпителиалді жасушалар түріндегі көзбұршақ талшықтарынан, fibria lentis, тұрады. Көзбұршақтың шеткері бөліктері оның алдыңғы және артқы беттерінен көзбұршақ тысымен, capsula lentis, көмкеріліп жабылған. Көзбұршақ тысы гомогенді, көзбұршақтың алдыңғы бетінде калыңырақ мөлдір кабық, оның астында эпителиалді жасушалар қабаты орналасады.
3. Көз алмасының көмекші аппараты.
Көз алмасының косымша аппаратына (немесе қорғаныс аппаратына) қабақтар мен көзжас аппараты жатады.
Қабақтар жоғарғы және төменгі, раіpebrae superior et inferior, алдынан көз алмасын шектеп тұратын тері қатпары. Қабақтар жабылып тұрғанда, көз алмасын толығымен жабады; ашық тұрғанда олардың шеттері қабақ саңылауын, rima palpebrarum, шектеп тұрады; жоғарғы қабақ төменгіден үлкен. Әр қабақта қабақтың тек, яғни алдыңғы және артқы беттерін, facies palpebrarum anterior et posterior, және екі шетін: қабақтың көз саңылауын, rima palpebrarum, кұрайтын көз шетін, margo orbitalis palpebrae, мен қабақтың бос шетін, margo liber palpebrae, айырады.
Қабақтың алдыңғы беті, facies anterior palpebrae, жоғарғы, сондай-ақ төменгісі да шығынкы әрі терімен жамылған, онда көп мөлшерде май және тер бездері болады. Жоғарғы қабақ қаспен, supercilium, шектеледі. Қас көзұянын жоғарғы шетінде жататын толқынтәрізді тері төмпешігі. Ол медиалді бөлікте шығыңқылау және сыртына карай жіңішкереді. Қас беткейі қысқа шаштармен жамылған. Жоғарғы қабақ тартылған күйде болғанда оның көзұяның жоғарғы шеті деңгейінде тұрады да, анық көрінетін жоғарғы көзұялық-қабақтық жүлге кұрайды, sulcus orbitopalpebralis superior. Төменгі қабақ ұрттан әрең білінетін қабақ-ұрт жүлгесімен, sulcus palpebralis, бөлектеледі. Төмен қараған қабақ күйінде оның терісі көзұяның төменгі шеті деңгейінде, жоғарғы қабақ маңындағыдай төменгі көзұялық-қабақтық жүлге, sulcus orbipalpebralis inferior, құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |