«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»



бет11/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

Бас сүйектен өтетін жері: n.trigeminus бассүйек ішінде үш ірі тармаққа бөлінеді және олардық өтетін жерлері:
1-Көз нерві (n. ophthalmicus )
2- Жоғарғы жақсүйек нерві (n. maxillaris )
3- Төменгі жақсүйек нерві (n. mandibularis )
Жоғары жақсүйек нерві, n.maxillaris (117-121, 123-суреттер Атлас 162 стр), сезімтал. Үшкілдік түйіннен тармақталып, үңгірлі қойнаудан тысқары өтіп, бассүйек қуысынан дөңгелек тесік аркылы шығып, қанат-таңдай шұнкырына кіреді және сол жерде негізгі тармактарға бөлінеді.
1.Көзұяасты нерві (n.infraorbitalis), сезімтал- жоғарғы жаксүйек нерв тармақтарының ішіндегі ең ірісі және оның тікелей жалғасы болып саналады. Нерв қанат-таңдай шұнкырынан көзұя қуысына көзұяның төменгі саңылауы аркылы кіреді.Алдымен көзұя астындағы жүлгеде жатады,кейін көзұя астындағы өзек арқылы өтіп, ит шұңқыры аймағындағы беттің алдыңғы бетіне көзұя астындағы тесік арқылы шығып, тармақтарға шашырайды,
а) Төменгі кабақ тармақтары, rr. раіpebrales inferiores, төменгі қабақ пен көз бұрышы аймағы терілерін нервтендіреді.
б) Мұрындык тармактар (сырткы), rr. паsales, көптеген, мұрынның бүйір қабырғасы терісін нервтендіреді.
в) Жоғарғы еріндік тармақтар, rr.labiales superiores, жоғарғы ерін, иек және мүрын қанаттарының шырышты кабықтарына және терілеріне бағытталады.
Көзұя астындағы нервтен жоғарғы жақсүйектің тістеріне келесі тармақтар кетеді:
а) Жоғарғы арткы ұяшыктар тармактары, rr.alveolares superiores posteriors, көзұя астындағы нерв сабауынан екі-үш мөлшерінде басталып, аттас тесіктер аркылы төменгі жақсүйек төмпесіне бағытталып, көп бөлігімен сүйек қалыңдығында орналасқан өзектерге, жоғарғы жақсүйектің үш үлкен азу тістері түбіріне жакындайды.
б) Жоғарғы ортаңғы үяшықтар тармағы, - г. alveolaris superior medius, көзұя астындағы нервтен көзұя астындағы жүлгеге баратын ең ірі сабауы. Нерв төмен және алға бағытталып, жоғарғы жақсүйек қойнауының сыртқы қабырғасы қалыңдығында тармақталып, жоғарғы арткы және алдыңғы ұяшықтар нервтерімен анастанноз түзіп, жоғарғы жақсүйектің кіші азу тістеріне барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет